6-тақырып. Бастауыш сыныпта мысалдарды оқыту
Балаларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуде көркем шығарманық маңызы зор. Балалардың ой-санасын дамытуға, мінез-құлқын қалыптастыруға, дүние-танымын кеңейтуге көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкердің өмірі мен іс-әрекеттері үлкен әсер етеді. Әсіресе, бастауыш сыныптың балалары өздерінің жас шамаларына қарай ертегі, аңыз-әңгімелерді, батырлар туралы шығармаларды, мысалдарды сүйсініп оқиды. Ондағы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне еліктейді, тәтті қиялдарға беріледі, өзінше қорытынды жасауға тырысады.
Ана тілі сабағындағы мысалдарды оқи отырып, оқу-шылар мәнерлеп және түсініп оқуға тәсіледі. Дауыс ырғағына көңіл бөліп, шығарманық мазмұнын ұғына білуге үйренеді. Мысалды мәнерлеп оқу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мәнерлеп жатқа оқу шәкірттерді қызықтырады, олар өз ұстазына еліктеп, мәнерлеп айтуға ұмтылады.
Әдебиеттің мысал түрінің арғы анасы - халық. Баяғы заманнан бері халық жасаған мысалдар оның керегіне жарап, күні бүгінге дейін тозбай сақталып келеді.
Әдебиеттің бұл мысал жанры - ең қысқа ықшам жанр. Ертегі ұзақ, шытырман оқиғалы, сан қырлы, бұлтарысты, қолтарысты болып келсе, мысал оқиғаны табан астынан, төтесінен туғызып, шұғыл қайырады. Негізгі әдісі - меңзеу. Сондықтан көңілден тез орын теліп, ұмытылмайды.
Бұрынғы халық мысалдарында да, онан соң туған жеке авторы бар, жазба мысалдарда да айтайын деген көкейкесті, түйінді пікірін көбінесе аңдар, хайуанаттар, құстар, құрт-құмырсқалар, ағаштар, тастар тағы-тағыларды адамша шендестіру, адам дәстүрінше сөйлестіру, уаждастыру арқылы береді.
Мысал үрдісі ерте заманнан бар. Ежелгі грек әдебиетінде - Эзоп, Рим әдебиетінде Федр - әйгілі мысалшылдар. Үнді әдебиетінің белгілі шығармасы - "Панчатантара" да (ІІІ-ІV ғасыр) мысалдар жинағынан құралған. Орыс әдебиетіндегі мысал жанрын биік сатыға көтерген жазушы - И.Крылов. Оның көптеген ұлы мысалдарын Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов қазақ тіліне аударып, Қазақ өдебиетінде мысал үлгісінің туып, өркендеуіне жол ашты. Қазақ әдебиетінде мысал жанрын дамытуда С.Дөнентайұлы, А.Тоқтамағанбетов, С.Көбеев, С.Жүнісов, С.Торайғыров, Ш.Смаханұлы және т.б үлес қосты.
Қазақтың реалистік әдебиеттерінде мысал жанрының өз алдына жеке жанр ретінде қалыптасып, дамуы Д.Бабатайұлының есімімен байланысты. Ол ауыз әдебиетінің адамгершілікке үндеп, емеурінмен білдіретін өсиеттік жанры-мысалды өлеуметтік сатира дәрежесіне көтерді, оның кейіпкерлеріне реалистік, типтік сипат дарытты. Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев, XX ғасырдың бас кезіндегі демократ ақын-жазушылар: С.Көбеев, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, орыс әдебиетінен мысал өлеңдер аударып, қазақ халқына жеткізуде көптеген еңбек етті.
Осы аудармалар негізінде қазақ балалар әдебиетінде мысал өлеңдердің төл үлгілері пайда бола бастады.
Мысал өлеңдерде көбіне жануарлар немесе басқа да жансыз нәрселер арқылы адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті. Осылайша астарлап, тұспалдай суреттеуді аллегория деп атайды.
Мысалдарда еңбек сүйгіштік, әділдік, адалдың, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды, жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады.
А.Байтұрсыновтың И.А.Крыловтан аударып құрастырған, 1909 ж. Петербург қаласында жарық кәрген "Қырық мысал" кітабы ұлттық сана-сезімін оятуға септігі тиді.
Абай аударған Крыловтың "Шегірткемен құмырсқа" мысал өлеңінің, әсіресе төменгі сынып оқушылары ұғымына сай болуымен қатар, олардың мінез-құлқын тәрбиелеуде маңызы зор. Мұнда еңбек етуді сүймейтін, той-думанның еркесіне айналған жалқаулар мен сәнқойлар, тоғышарлар ащы сыналады. Шырылдауық шегіртке, Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған.
Крыловтың Абай аударған "Есек пен бұлбұл" мысалында дарынды өнер иелері дәріптеледі, мақталады, олардың өнеріне халық сүйсінеді, қадір түтады. Ал өнерден түйсігі жоқ топастық сын садағына ілінеді. Өздерін өмірдің билеп-төстеуші, көркі мен сәні деп үғатын үстем тап окілдерін ұлы мысалшы есекке теңейді: Екенсің ән салуға сен-дағы епті, Сен біраз әтеш әнін үйрен, - депті. Бұл сыңылды сыншының созін естіп, Көз көрмеске бұлбұл да ұшып кетті. Сондай-ақ, "Қарғамен түлкі" мысалы да өмірдің ащы шындығын арқау етеді. Сондықтан да ол әсіресе балалардың қызыға оқитын дүниесіне айналды.
Өлеңде түлкінің қарғаны мақтаған айлакерлігі былай суреттелген:
"Қарағым, неткен сұлу ең!"
Деп тақырқап таңданды.
"Неткен мойын, неткен көз,
Осыдан артық дейсің бе,
Ертегі қылып айтқан сөз?
Қалайша біткен япырмай,
Мұрныңыз бен жүніңіз!
Періштенің үніндей,
Деп ойлаймын үніңіз.
Осы кәрікпен, Бұл жүнмен,
Әншілігің білінді.
Ұялмай, қалқам, бір сайра,
Біз де алалық үлгіні.
Құс тәресі біздерге,
Сіз боларсыз бір күні.
Қарғанық аузындағы ірімшігін алдап алу үшін түлкінің жасаған мұндай айлакерлігі мен зұлымдығы балаларды мол күлкіге кенелдіреді. Ал, күлкі соқы оларды үлкен ойға шомдырады:
Басы айналды қарғанық
Сұмның айтқан сөзіне.
Қуанғаннан бүтіндей
Бір мастық кірді өзіне.
Өзіне біткен өңешпен,
Аямастан қарқ етті,
Ірімшік жерге салп етті,
Іс бітті, қу кетті.
Баланы ойға қалдыратыны - осы түлкінің айлакер-лігі, қарғанық мақтан сүйгіш, аңғалдығы. Ал, ойлану -оларды мұндай мәселелер айналасында белгілі бір қорытынды жасауға үйретеді. Мысалы, өлеңдердің балаларға эстетикалық тәрбие беруде пайдасы зор. Ондағы көркем образдардың нақтылығы, диалогтарының дәлдігі, оқиғаларының күлкілі тартыстарға құрылуы, тілінің өткірлігі мен көркемділігі – жас өспірімдерді үлкен қуанышқа кенелтіп, ой-санасын өсіріп, өзіндік көзқарасын қалыптастырады.
Абай сияқты Сұлтанмахмұт Торайғыров та мысал өлеңдер жазды. 1912 жылы Сұлтанмахмұт татардың халық ақыны Ғабдолла Тоқайдан "Екі тышқан" деген мысал өлең аударып, өзі "Арыстан мен тышқан" деген мысал өлең жазды. "Екі тышқан" атты мысал өлеңде бірліктің, ынтымақтың болмауы кімді болса да алған бағытынан адастырып, қолда барынан айырып, баңытсыздыңқа душар ететінін көрсеткен.
Мысал өлеңдер көбіне белгілі кейіпкерлері бар қызықты оқиғаларға құрылады. Кейіпкерлер арасындағы тартыстар Оқушыны еліктіре тартып, бірден өзіне баурап алады. "Екі тышқан" мысалындағы оқиғабылай басталған:
Даладан екі тышқан май тауыпты,
Шығынсыз екеуі де жай тауыпты.
Жанжалдасып бұл майды бөлісе алмай,
Маймылға бөлдіруге көңілі ауыпты.
Мұндай оқай олжаға маймыл қалай қызықпасын. Майды бөлуге кіріседі.
Өлшепті бір жағына майды салып,
Ар жағы көтерілді босқа қалып.
Бос жағы мен май жағын теңгеруге,
Маймыл тықты аузына майдан алып.
Ақырын жеп бітіріп майлы басын,
Безбеннің тегістепті екі басын.
Безбеннің бірдейлігін көзбен кәріп,
Тышқан кетті ағызып көздің жасын.
Бастауыш сынып оқушылары мысалды оқығанда суреттелген оқиғаның тартымдылығына қызығады, оны шындық деп қабылдайды. Сондықтан мысалды оқып шығысымен, автордың ондағы суреттеп отырған жан-жануарлары кімдердің бейнесі, оны кім деп түсінесіңдер дегендей, сұрақ қою қателік болар еді. Өйткені, жұмыты мұндай әдіспен жүргізу - оқушылардың мысалды оқығанда алған әсерін жояды. Сондықтан балалардың алған әсерлері әлсіремей, қайта күшейе түсетіндей, мысалдағы кейіпкерлердің іс-әрекетін тереңірек ұғына түсуіне жағдай жасайтын әдіс-тәсілдер қарастырылады. Ол үшін алдымен мысалдағы суреттелген оқиғаны, қатысушы кейіпкерлерді шындық, өмірде болғандай етіп түсіндіру керек. Ал мысалда суреттелгендер шындық, болмыс жөнінде қате түсінік беретінінен, мысалы, баллардың қарға, түлкінің сөйлемейтінін білетіндігінен қауіптенудің қажеті жоқ. Олардың сөйлемейтінін балалардың өздері де жақсы біледі, сонда да оны шындың сияқты қабылдайды. Мысалы, балалар тіпті 4-сыныптың өзінде де қылыштасу, атысу ойындарын беріліп ойнайды. Олар таяқтың қылыш, найза еместігін әрине жақсы біледі, бірақ өздерінше шын найза, қылыш деп есеп-ейді. Немесе қыз балалардың кейбіреулері әлі де қуыршақпен ойнайды, оның сөйлемейтінін біле тұра, шын кісі деп есептеп, онымен сөйлесіп отырады. Сол сияқты мысалдағы оқиғаны да бастауыш сынып оқушылары шын қабылдайды.
Бұл айтылғаннан шығатын қорытынды: мысалдарды оқығанда көңіл қоятын жай - оқушыларға оның мазмұнын қабылдату және ондағы кейіпкерлердің іс-әрекетш талдау.
Мысалдардағы аллегорияны ашу жұмысын 4-сыныпта мынадай тәсілмен іске асыруға болады. Мұнда мысалда суреттелген оқиғаға ұқсас оқиға іздестіріледі. Айталық, И.А.Крыловтың "Қарғамен түлкі" мысалы оқылғаннан кейін, біреудің қолындағы нәрсесін алдап алу өмірде кездесе ме дегендей сұрақ қою керек. Сонда мысалдағы негізгі ойды түсіндіру жеңіл болады. Кейбір жағдайда мысалда суреттелген оқиғаға өмірден құсас оқиға табу жұмысы мысал оқылмас бұрын, алдын ала дайындық әңгіменің барысында жүргізіледі.
Мысалдың басты ерекшелігі - онда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мәні бар қорытынды пікір болатындығы. Ол қысқа түрде мәтіннің басында немесе аяғында беріледі. Мысалы, "Қарға мен түлкі" мысалынан шығатын қорытынды мәтіннің басында берілген:
Жұрт біледі, күледі,
Сұрқия тілдің жаманын.
Қошеметшілердің амалын,
Сонда да солар қайда жоқ,
Есептеп айтса, ересің,
Артынан өкінсең де пайда жоқ.
Мысал оқытуда осындай қорытынды пікірді пайдалану керек. Құрғақ сөзбен "мұндай жаман мінез -құлықтан, іс-әрекеттен аулақ болу керек" деудің бастауыш сынып оқушыларына әсері шамалы. Ондай үгітті тіпті, сол оқылып отырған мысалдан үзінді келтіре отырып айтқанда да, кішкене балалардың санасына бірден қона қояды деу қиын. Сондықтан мысал оқытуда онда айтылатын үгітті табуға тырыспай, оның кейіпкерлері мен сол кейіпкерлердің іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы, бір-біріне айтқан сөздеріндегі ой ашылуға тиіс. Осыған орай, мысалдан шығатын қорытынды - пікірді оның мазмұны талданып болғаннан кейін оқу керек.
Мысал оқытудың үшінші ерекшелігі - оны дауыстап оқу тәсілінде. Мысалдағы айтылатын сөз автордың атынан айтылмай, кейіпкердің атынан баяндалатын болса, сол кейіпкердің басындағы ерекшеліктеріне қарай, дауыс сазы даңүбылып отырады. Мысалы, "Шал мен малай", "Қарға мен түлкі" бір ырғақпен оқылмайды. Тіпті бір кейіпкердің сөзін Оқу мәнері де оның қылығына қарай түрлене береді. Шалдың: "Бауырым, түгеншежан, айыршы!" дегені жалынышты үнмен оқыса, "Әумесер, ақылық жоқ, ит доқыз" - деген сөздері жекіру, ұрсу мәнерінде, ал малайдың:
Ұрсасың, неге, шалым, маған, - деді.
Сөккендей не істедім саған? - деді.
Жазғаным менің сені аю жаудан.
Айырып алғаным ба аман? - деді сөздері тақырқаған шарасыз дауыспен оқылады.
"Қарға мен түлкі" мысалында автор сөзі бір әуенмен оқыла келе, түлкінің сөзі, басталған кезде дауыс құбылып отырады. Кейіпкерлердің мінез-құлқы іс-әрекетіне орай, дауыс ырғағының құбылуы балалардың ынтасын арттырып, мысалдың кейбір жолдарын бір-екі оқығанда-ақ жаттап алуларына жағдай жасайды.
Қорыта айтқанда, мысалды төмендегідей жолдармен оқытуға болады:
Оқылатын мысал жөнінде мұғалім алдын ала әңгіме өткізеді, онда балаларға түсінуі ауыр сөздердің (сол мысалдың ішінде кездесетін) кейбіреулерін кірістіре отырып, олардың мағыналарын аша кетеді.
Мұғалім мысалды әуелі нақышына келтіре өзі оқиды, сонан кейін оқушыларға оқытады.
Мысалдың мазмұны талданылады.
Мысалдың кей жерлерінен үзінді келтіре отырып, ондағы негізгі ойдың не екенін қорытындылап әңгімелейді.
Мысалдың мазмұнына құсас өмірде кездесетін іс-әрекеттерден мысалдар келтіріледі.
Рөлге бөліп оқытылады.
Бұл көрсетілгендер өзгеріссіз осы күйінде үнемі сақталып отырылсын деген ой тумау керек. Мысалдың мазмұны мен сипатына қарай, бұл айтылғандардың кейде қысқартылуы немесе толықтырылып отырылуы да мүмкін. Дегенмен мысал оқытуда негізінен осы принципті ұстаған жөн.
Сабақтың тақырыбы: "Түлкі мен қырғауыл".
Спандияр Көбеев.
Мақсаты: I танымдық: Оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиға, идеяны ұғындыру. Түлкі, қырғауыл, (аңдар жайлы) білімдерін нығайту;
дағдылық: Ой қорғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйрету;
дамытушылық: балалардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, болжау стратегиясын пайдаланып, дәләлді сөйлеуге, дискуссия жүргізуге үйрету;
тәрбиелік: жаман адам мен жақсы адамды ажырата білуге, құлық пен арамдықтан бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ түсіндіру. Сабақтың түрі: дамыта оқыту.
Сабақтың әдісі: ассоциациялық әдіс, дөңгелек үстел, дискуссия, ой қозғау стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: сюжетті сурет кесте.
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Қазір біз жаңа сабақ өтеміз. Жаңа сабаққа кіріспес
бұрын бірнеше тапсырмаларды талқылаймыз.
1. Қызығушылықты ояту. Ой шабуылы. I топ тапсыр-масы: а) Жамандық дегеніміз не? ә) Абайдың қандай нақыл сөзімен қорытындылауға болады? (топ талқылап пікірлеседі). II топ тапсырмасы: Қырғауыл туралы біл-гендерін қағазға түсіреді. Бір парақ қағаз оқушыларды аралап жүреді.
Оқушы қырғауыл туралы білгенін қағазға жазады да, келесі оқушыға береді. Ол оқушы алдыңғы жазылғандарды қайталамау керек. Соңынан оқушы жазылғандарды оқиды.
III топ тапсырмасы: Ассоциациялық аймақ құру. "Түлкі" сөзінен ассоциациялық аймақ құру.
2-сурет кестемен жұмыс.
Түлкі - қырғауыл.
Аң - құс.
Қызғылт - қоңыр.
Жыртқыш - жыртқыш емес.
Орман - дала.
- Білгенімізді топтастырдық. Суреттегі қырғауыл және түлкінің не жайлы әңгімелесіп жатқанын бүгінгі өтетін мысалдан оқып білеміз.
II. Жаңа сабақ
- Балалар, дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазайық. Бүгін С.Көбеевтің "Түлкі менқырғауыл" атты мысалымен танысамыз. Бұл мысалда жауыздық пен арамдықты, жамандықты сынайды. Мысал қара сөзбен жазылған. Оның авторы бізге "Еңбекпен ел көгерер"
атты әңгіме-ертегіден белгілі.
Мәтінмен жұмыс:
а) мұғалімнің оқуы.
ә) сұрақтар қою.
Түлкі мен қырғауыл не жайлы әңгімелесіп жатыр екен?
Түлкі қырғауылды не деп алдады?
Қырғауыл қандай тапқырлық көрсетті?
Қырғауыл қалай аман қалды?
Оқулықпен жұмыс: рөлге бөліп оқыту. Ой қорыту. Өмірмен байланыс. - Мысалдан қандай ой түйдің?
Өмірде жақсы адамдар да болады.
Ақылды, сабырлы, тапқыр, шешім қабылдай білу керек деген ой түйдік.
Сабақты бекіту:
Ой-толғаныс. Сын тұрғысынан ой қозғау.
I топ. Дискуссия.
Түлкіге мінездеме беру.
Сендер түлкіге құсағыларың келе ме?
Неге?
II топ. Пікір.
Сендерге қырғауыл үнай ма?
Несімен ұнайды? Неге?
III топ. Ситуация. - Үйде сенен басқа ешкім жоқта сен танымайтын алыста тұратын туыстарың келді. Сен не істейсің? Ата-анаң "ешкімге есік ашпа" деген.
Үйге тапсырма:
"Аңқау қырғауыл түлкіге жем болды, - деп қырғауылға кері сипаттама беріп, мысалды қалай аяқтар едің? Әңгіме жазып келу.
Бағалау:
Сабақтың тақырыбы: Абай - аудармашы. И. А.Крыловтан аударған "Шегіртке мен құмырсқа" мысалын оқыту.
Сабақтың мақсаты:
а) Абай аудармалары жөнінен мағлұмат беру, мысал өлеңнің мазмұнын түсіндіру.
ө) Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу.
б) логикалық ойлау, түсіну қабілеттерін дамыту, сауатты және мәнерлеп оқуға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, Абай аудармалары, кезеңмен салынған сурет.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын өткен сабақтармен байланыстыра сұрақ-жауап арқылы тексеру.
Абай Құнанбаев кім?
Абайдың жыл мезгілдеріне арнап жазған қандай өлеңдері бар?
Абай атындағы қандай мәдени орындарды білесіңдер?
III. Жаңа сабақ
1) Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Оқушылар, біз бүгін Абай атамыздың аудармасы "Шегіртке мен құмырсқа" деген мысал өлеңін оқимыз. Қазақ халқын жер бетіне танытқан да, ұлы халықтың еңбегін қазаққа таныстырған да Абай атамыз болған. Ол орыс ақындарының өлеңдерін Қазақшаға аударды. Көбіне ол Крыловтың мысалдарын қазақшаға аударды. Олар: "Қарға мен түлкі", "Бақа мен өгіз", "Есек пен Бұл-Бұл", "Шегіртке мен құмырсқа".
Мысал - қызықты қысқа шығарма. Ол өлеңмен де, қара сөзбен де жазылады. Тек адамдар ғана емес, хайуанат-жәндіктер де, түрлі зат нәрселер де мысал қаһарманы болып әрекет етеді, бірақ бұған қарап оны ертегі деуге болмайды.
Мысал жазушы жануарды, құстар мен өсімдіктерді суреттегенде адамға тән қасиеттерді дарытады, сол арқылы адамдар бойындағы кемшілікті, мінді күлкіге айналдырып, жақсылықты, адамгершілікті дәріптейді. Мысалдың әрбір кейіпкерлері белгілі бір қасиеттің иесі, бейнесі ретінде алынады. Мысалы, түлкі - қу, екі жүзді алдамшының, қасқыр - қара жүрек қатыгездің, ашқараң жауыздың, есек - топас, дүлейдің, қой - момынның, жуастың бейнесінде кәрінеді. Әр мысалдың басында не аяғында түйін болады. Мысал дегеніміз - өнеге айту сипатындағы шағын шығарма. Мысал жазудың шебері И.А.Крыловтың шығармасында Абайдың зор ынта қойып Қазақ тіліне аударуы тегін емес. Мысалдарда сыналған жайлар, мәселен надандық, жалңаулық, мақтаншақтық, т.б. қазақ топырағында да аз емес еді.
2) Мәтінмен таныстыру.
"Шегіртке мен құмырсқа".
Абай бұл аудармасында құмырсқа мен шегірткені салыстыра отырып, адамның өмірін бостанбосқа өткізбей, өзіне пайдалы еңбектенуге шақырады.
3) Сөздік дәптермен жұмыс.
- Балалар, осы мысалда кездесетін мағынасы таныс емес сөздерді теріп жазайық. Көгал - көк шөп. Гөлайттап - қыдыру, сайраңдау.
Мысалды рөлдерге бөліп оқыту.
Алған білімдерін тексеру.
Оқушыларға карточкалар таратып, жаңа сабақ бойынша түсінгендерін байқау.
1. Абайдың қандай аудармаларын білесіңдер?
"Шегіртке мен құмырсқа" мысалының идеялық мазмұны қандай?
Шегіртке мен құмырсқаға сипаттама бер.
6) Оқушылар, енді осы мысал өлеңді бөлімдерге бөліп, әр бөліміне ат қояйық:
1. Сауықшыл шегіртке.
Өкініш.
Шегірткенің құмырсқаға жалынуы.
Құмырсқанықжауабы.
7) Тіл дамыту жұмысы.
Кезеңмен салынған суреттер бойынша оқушыларды сөйлету.
8) Енді, оқушылар "Абайтану" дәптерімізді алып, Абайдың еңбек, достық туралы айтқан нақыл сөздерін жазып алайық.
"Еңбек қылмай тапқан молдәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар ".
"Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей".
9). Сабақты қорытындылау.
Өлеңді мәнерлеп оқуға қойылатын талаптар мысалды оқуға да қойылады. Бірақ мысалды оқудың стилі басқаша. Ол ауызекі сөйлеу тілінің айтылу сазымен оқылып, ырғақ әуені сюжетіне бағынады, мысал аллегория тілімен жазылады. Әдетте мысалда қысқа өсиет-өнеге айтылады. Мұндай қорытынды, меңзеу, нұсқау мысалдың идеясын немесе қосалқы мөнін ашады. Кей кезде балдырғандарға астарлы мәнді өсиет-өнеге түсінікті бола бермейді. Кейіпкерлері хайуанаттар болғандықтан ұғынады. Егер мысалдың сюжеті түсінікті болса, қосалқы мәнін ашып айту міндетті емес.
Балаларға көркем образдарды нақтылап беру керек. Өйткені, сәбилердің айналадағы өмір тіршілігі жайлы түсініктері әлі қалыптаспаған, сондықтан олардың үғымына көрнекілік, түжырымдылық қажет. Мұғалім шығарманы оқыр алдында балалардың оны қабылдау шама-шарқын ескереді, шығарма мазмұнын біртіндеп же-телей отырып түсіндіруді көздейді, неге баса көңіл ау-дару керектігін анықтап алады. Көркем образдарды нақтылауға, тұжырымдауға заттардың өзі немесе бейнелері пайдаланылады.
"Арсыз аю".
Аю көріп: (арғымақтың әсем, жұмыр тұяғын),
- Қарашы оның, - деді.
Күліп - тұяғының сияғын!
Саусақтарын сала-сала, тіпті,
Сәнді тырнағымды
Тұяғына теңеуге,
Қалай төзіп қиямын?
Бұл мысалды дауыстап оқу сарыны сөйлем мазмұнына қарай құбылады. Автордың баяндауы орташа дауыс сарынымен оқылады. Ал "аю" сөзі төменгі сарынмен шығу керек. Өзінен басқаны жаратпайтын менмен, қара күш иесі, топас аюдың күлкіңізді келтіретін:... "Қарашы оның, тұяғының сияғын! Сәнді тырнағымды теңеуге қалай қиямын?!"сияқты сөздерін сайңымазақ дауыс сазымен, айрықша сыңақ сарынымен оқу керек".
Бірінші шумақтан соңғы қойылған психологиялық кідіріс, дауыс толасы тыңдаушыларды бұған енді қандай жауап болу керек деп елеңдетіп, ойландырады. Соңғы шумаңтың аяғында келген психологиялық кідіріс ой толасымен қатар түсіп, мысалдың мазмұнын, ішкі ойын меңзетіп, аңғартады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Мысал-аллегориялық шығарма.
Мысал өлеңді оқыту тарихынан түсінік бер.
Мысал оқытудың ерекшеліктерін анықта.
Мысалды менерлеп оқу жолдарын көрсет.
1-4 сыныптардағы мысалдарды топтастыр.
Мысалдарды оқытудың тәрбиелік маңызы.
7-тақырып. Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқыту
Шешендік сөздер 1-4 сыныптың оқулығына да енгізілген. Шешендік өнерге оқушыларды баулу бағытында би-шешендердің қысқаша өмірбаяндары мен ел аузында қалған өсиет сөздері берілген. Шешендік өнер тарихы халық арасында ауыз әдебиеті үлгісінде дамып келген болса, бұл күнде мектеп бағдарламасына арнайы енгізіліп, оқушылардың жас ерекшелігіне, білім деңгейіне сәйкес шешендік сөздер оқулық беттерінен кәрініс тапқан. Шешендік сөздер сынып жоғарылаған сайын күрделеніп, көлемі ұлғаятүскен. Мысалы: 1-сыныптың ана тілі оқулығы интегративті оқулық болғандықтан, қазақ тіліне байланысты "Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер" деген тақырыпқа Н.Оразалиннің "Үш би" өлеңі берілген. Осы сабақтың барысында мақал-мәтел шешендік өнердің қайнар көзі болғандықтан, сан есімдерді қайталау жұмыстарына мынадай ұсынбалар қолдануға болады:
Жеті атасын білген үл, Жеті жұрт тың қамын жер.
Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі.
Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.
Екі айнасы бар, екі найзасы бар. Сыртылдаған тұяғы бар, бір желпуіш сияғы бар.
Еңбек - адамның екінші анасы.
2-сынып оқулығында шешендік сөздер, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз, ертегілермен ұжымдас-тырылып берілген. Төле бидің "Ана арқасы мамыңтай", "Жақсы жігітбелгісі", "Кедейлік неден?", "Қазыбектің Төле бимен кездесуі", Әйтеке бидің "Жігіттің жақсысы" сияқты шешендік сөздері осы 2-сыныптың оқулығында берілген.
Әйтеке бидің "Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін". Қазыбек бидің "Не қымбат?" өлеңі оқушыларға жаттығу жұмысын орындауға берілген.
3-сыныптың оқулығында шешендік сөздер "Сарқылмас қазына" деп аталатын үлкен бөлімге енгізілген. Бұл жолы шешендік сөздер қазаң халқының ұмытылмас асыл мұрасы айтыс және аңыз әңгімелерімен байланыстырылып берілген. Бұл сыныпта шешендік сөздер саз пәнімен пәнаралық байланыс жасайды. "Абылай хан", "Төле бидің тәрелігі", "Қазыбектің шешендік сөздері", "Бала Әйтекенің билігі", "Әнет баба" - деп аталатын ел аузынан алынған мазмұнды мәтіндер мақал-мәтелдер-мен жалғастырылып берілген.
3-сыныптың ана тілі оқулығы шешендік сөздермен аяңталған болса, 4-сыныпта "Арнайы Бұлақ - асыл сөз" деген тақырып төл оқулықтың беташары болып тұр. 4-сыныпта шешендік сөздер кең ауқымды, күрделі түрде берілген. Олар 1-3 сыныптағы шешендік сөздерді толық қайталап өтеді. Бастауыш сынып Оқулықтарындағы шешендік сөздер 4-сыныптың бірінші тоқсанында қорытындыланады.
Сонымен қатар, бірінші сынып оқулығына енген мына ертегілерден шешендік сөз үлгілерін анық байқауға болады. "Ақымақ қасқыр" ертегісіндегі ешкінің тапқырлығы. "Менің билейтін өнерім бар еді" - деп өзінің қулығын асырып, сөз тапқыштығының арқасында қасқырдың улы тырнағынан аман қалады. Немесе ел аузынан алынған "Зеректік" әңгімесіндегі жолаушылардың сөз тапқырлығы, сол сияқты Ыбырай Алтын-сариннің "Әке мен бала" әңгімесіндегі "Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен де құр қаларсың", - деген нақыл сөздері бала жүрегіне ізгілік ұялатып, жігерлендіре түседі.
Сонымен қатар 1-сыныпта Оқушылар халық ауыз әдебиетінің үлгілері тарауын өткен кезде Бөлтірік шешен, Досбол, Қожанасыр, Алдар Көсе сияқты кейіпкерлермен жақын танысып, олардың тапқырлықпен айтқан аңыз әңгімелерін оқып біледі.
1-сыныпта шешендік өнерді танытуда мынадай ш-шендік сөздерді қолдану арқылы оқушы жүрегіне жол табамыз. Мысалы, мен "Шаңырақ шуағы" тарауында өтілген "Ана" туралы материалдарды игеру барысында ананық қамқоршы, қорғаныш, ардақты екенін айта келіп, Ғ.Мүсіреповтың "Ана" повесінен: "Адамдане қасиет болса, бәрі ананық сүтімен, күннің көзінен алынған қасиет", - деген үзінді жаздырып, жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды таптыра отырып, Төле бидің мына "Бауырыңның жылуы кетпесін" шешендік сөзін қолдандым.
Әңгіменің мазмұны мынадай:
"Жаугершілік ойраны тынышталған соң бір күндері ел-жұрт малын, бала-шағасын іздестіре бастапты. Жұртта қалған бір кемпір үш айлық нәрестені тауып алып, бауырына басып көш ізімен жүре береді. Бәрі бір ауылға келіп бас қосқан кезде жалаңаш нәрестеге екі әйел таласып, ұрыс-жанжал шығарады. Кемпір болса бөбекті ешқайсысына бермей, екеуін биге ертіп келіпті.
Төле би шырқырап жатқан сәбиді әуелді аққүбаша келіншекке ұсынады. Ол баланы бетінен сүйіп, арқасынан қанша қаққанмен бала жылауын тоқтатпайды. Енді би баланы қараторы келіншекке береді. Бұл ке-ліншек баланы құйрығынан шөпілдетіп сүйіп, бауырына баса бергенде бала лезде жылауын қойыпты. Сонда Төлеби:
- Емшегіңнің сүті кетпесін,
Бауырыңның жылуы кетпесін", - деп баланы анасымен қайта қосыпты. Немесе "Не тәтті?" мәтінін түсіндірген кезде "Жиренше шешен 2-ші баланық жауабына не себептен риза болды? Сендер қай жауапты қалайсың дар? " деп сұрау беру арқылы баланық ойын толық, жауабын нақты алу арқылы.
Туған ананық күтімі жылы,
Туған үйдің түтіні жылы.
Еңащыда-тіл,
Ең тәтті де - тіл.
Ең жұмсақ та — тіл.
Ең қатты да - тіл.
Балалы үй базар.
4. Балалы үйдің ұрлығы жатпас - деген сияқты мақал-мәтелдерді қолдана келе Ф.Оңғарсынованық "Ең жақын адам" өлеңімен қорытындылау керек.
Оқушыларға ана туралы толық мағлұмат беруге бо-лады. Осы сабақтан кейін "Ана" туралы мазмұндама жаздырылды.
Сондай-ақ " Ата кәрген оқ жонар..." тарауындағы " Ақ-сақалдың ақ батасы" өлеңін өткізуде Төле бидің Қазыбек биге берген батасын қолдандым:
Атасызға ата бол!
Батасызға бата бол!
Арып-ашқан ғаріптің
Жел жағына жота бол!
Панасызға пана бол,
Кек сақтамас бала бол!
Дос сүйініп, қас сыйлар,
Асу бермес, дана бол.
Осындағы ата, бата, дана сөздерінің мағынасын түсіндіре келіп, оқушылардан, өздері білетін баталарын сұрау арқылы тақырыпты ашып алуға болады.
Сондай-аң төмендегі сабақ жоспарының үлгісі, тәрбие сағаты, тапсырмалар мен тест сұрақтары, көрнекіліктер осының айқын көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |