Ш. юлдошева, А. Нисанбаева



бет9/18
Дата05.11.2016
өлшемі3,38 Mb.
#1023
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

Сабақтың тақырыбы: "Ел бірлігін сақтаған бабаларым".

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға қазақтың шешен де тапқыр, ақылгөй аталарымыз туралы мағлұмат беру;

ө) оқушыларға билердің ел аузында айтылған өсиет әңгімелері туралы айтып беру;

б) оқушыларға отаншылдың тәрбие бере отырып, олардың ой-өрісін дамыту.

Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі: Билердің суреттері мен өсиеттері жазылған плакаттар, бүктеме қағаздары.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.



II. Кіріспе
Баяндама оқу

"Үш кемеңгер дүлдүлім, сақтаған ел бірлігін".



III. Негізгі бөлім.
1-оқушы:

Ойдың қозғап жасынын

Қайта туған ғасырым.

Төле би мен Қазыбек,

Әйтеке би - асылым.

2-оқушы:


Айбын болған еліме,

Айдын болған көліме.

Айналайын үш биім,

Пана болған жеріме.

Елдік туын ұстаған,

Ел намысын ұштаған.

Қалық қазақ пір тұтар

Қасиетті үш бабам.

4-оқушы:

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім.

Ұқпаса айтқан сөз жетім.

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

5-оқушы:

Атадан жақсы ұл туса игі,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Көшінің соқы болады.

6-оқушы:


Сөз атасы - бірлік,

Анасы - шындық.

7-оқушы:

Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын.

Бауырмал болса, інің жақын,

Инабатты болса, келінің жақын.

8-оқушы:


Алтын ұя - Отан қымбат,

Құт-береке - атаң қымбат.

Кіндік кескен жерің қымбат,

Туып өскен елің қымбат.

9-оқушы:

Арадан шықңан, жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын

Тыныштықпен өмір сүрмесе,

Бәрінен де сол қиын.

10-оқушы:

Ниеті жаманның иманы кетер,

Әйелі жаманның мейманы кетер.

Ерден баң таярда, қатыны құтырады,

Елден бақ таярда, иті құтырады.


  1. Қорытынды бөлім.

Сабақтың тақырыбы: "Үш би". Сабақтың мақсаты:

А. Балаларға, үш би - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би өмірімен таныстыру.

Ә. Балаларды халқымыздың бір туар перзенттерін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Б. Балалардың мәтінді мәнерлеп оқу және мәтін бойынша түсінгендерін баяндап беру дағдысын қалыптастыру.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Көрнекілігі: Үш бидің портреті, мақал жазылған плакат, қосымша тапсырма.

Өткен сабақты сұрау.

Жаңа сабақты түсіндіру.

- Балалар, бүгін біздер үш би тақырыбымен танысамыз. Қазақ халқы ертеде үш жүзге бөлінген, ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Ұлы жүзді - Төле би, Орта жүзді -Қазыбек, кіші жүзді Әйтеке би басқарған. Осы үш би елдің ауыртпалығын көтеріп, елге құрметпен қарап
отырған үш дана. Олар ақылды, қайырымды, сөзге шебер үш бабамыз. Төле би Алматы, Жамбыл, Оңтүстік жақтарын, ал Әйтеке би Орал, Ақтөбе, Атырау батыс өңірлерінің халқын басқарған.


  • Балалар біз қай жүзге жатамыз?

  • Кіші жүз.

  • Дұрыс-ақ, балалар!

Оқулықпен жұмыс. ;

- Енді балалар, Оқулықтың 171-бетін ашып, "Үш би" өлеңін жүргізіп отырамыз. Өлеңді өзім оқып шығамын, сосын оқушыларға оқыттырамын. Мазмұны бойынша жұмыс. Төле би ақылды, әділ адам болған. Қаз дауысты Қазыбек тапқыр, батыл, шешен атанған. Әйтеке би шешендігіне қоса ел басқарған. Қазақтың үш биі – халық қамын ойлаған адамдар.



МАҚАЛ

Шешен сөз бастар,

Батыр қол бастар. /Мақалды түсіндіру/.

Жаттығумен жұмыс

117-жаттығу

Біздің сыныпта... оқушы бар? Сыныпта... парта тұр. Әр партада... баладан отырады.



  • Балалар, Бұл жаттығу сын есімдерге берілген.

  • Кәне, кім тақтаға орындайды?

Қосымша тапсырмалар:

Үшінші, екі, бесінші, төрт.



  • Балалар, мына сөздерге мысал келтірейік.

  • Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солғабұрылдым,
Егеменді ел көрдім.

Ұлы шешендер

Шешендік өнерді ұстанған адамдарды шешен деп атаған. Шешен адамдар ел ішіндегі даушарға араласып, шешімін таппай жатңан әр түрлі жанжалдарды, ру, жүз арасындағы қиын мәселелерді шешіп отырған.

Шешендер көп жағдайда қазылық, билік еткен. Тарихта өткен атаңты билердің барлығы - осы шешендік өнерді жетік меңгерген, біртуар, дарынды жандар.

Шешендер билік айтқан кезде қарасөзбен емес, тақ-пақтап, мақалдап сөйлейтін болған. Әрі ақын, әрі шежіреші, тарихшы, жыршы - жыраулық қасиеттерге бай би-шешендер хандардың ақылшы, кеңесшілері ретінде мемлекеттік мәселелерге де араласып отырған.



Мысалы: әз Жәнібек ханның кеңесшісі - Жиренше шеніен, Асанқайғы, ал әз Тәуке, Қасым хан, Абылай хандардың кеңесшілері - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Бүқар жыраулар болған.

Шешендер — ұлттың салт-дәстүрлерін жетік білетін, тарихқа, халық шежіресіне жетік, сауатты да білімді, ең бастысы, ойын көркем де үтымды айта білетін адамдар. Олар — сонымен қатар, керемет дипломат әрі қоғам қайраткерлері. ("Елаузынан").

Тәрбие сағатының тақырыбы: " Ел бірлігін сақтаған бабаларым"

Мақсаты: а) Оқушыларға қазақтың шешен де тапқыр, аңылгөй аталарымыз туралы мағлұмат беру.

ә) Оқушыларга билердің ел аузында айтылған өсиет әңгімелері туралы әңгімелеу.

б) Оқушыларға отаншылдың тәрбие бере отырып, олардың ой-өрісін дамыту.

I Кіріспе: Баяндама оқу

"Үш кемеңгер дүлдүлім, сақтаған ел бірлігін"

II Негізгі бөлім:

1-оқушы:


Ойдың қозғап жасынын, Қайта туған ғасырым. Төле би мен Қазыбек, Әйтеке би асылым.

2-оқушы:


Айбын болған еліме,

Айдын болған көліме.

Айналайын үш биім,

Пана болған жеріме.

3-оқушы:

Елдік туын ұстаған,

Ел намысын ұштаған.

Қалық қазақ пір тұтар

Қасиетті үш бабам.

4-оқушы:


Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім,

Ұқпаса айтқан сөз жетім,

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

5-Оқушы:


Атадан жақсы ұл туса игі,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Көшінің соқы болады.

6-оқушы:

Сөз атасы-бірлік, анасы-шындың

7-оқушы:

Тату болса, ағайын жақын.

Ақылшы болса, апайың жақын.

Бауырмал болса, інің жақын.

Инабатты болса келінің жақын.

8-оқушы:


Алтын ұя-Отан қымбат,

Құт-береке - атаң қымбат,

Кіндік кескен жерің қымбат,

Туып өскен елің қымбат.

9-оқушы:

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын,

Тыныштыңпен өмір сүрмесе,

Бәрінен де сол қиын.

10-оқушы:

Ниеті жаманның иманы кетер,

Әйелі жаманның мейманы кетер.

Ерден бақ таярда қатыны құтырады,

Елден бақ таярда иті құтырады.

IV. Қорытынды бөлім: Қазақ халқы ертеде үш жүзге бөлінген:

Ұлы жүз,орта жүз, кіші жүз.Ұлы жүзді- Төле би, орта жүзді -Қазыбек, кіші жүзді Әйтеке би басқарған.

Осы үш би елдің ауыртпалығын көтеріп, елге құрметпен қарап отырған үш дана. Олар ақылды, қайырымды, сөзге шебер үш бабамыз. Төле би Алматы, Жамбыл, оңтүстік жақтарын, ал Әйтеке би Орал,Ақтөбе, Атырау, батыс өңірлерінің халқын басқарған.

Сұрақтар мен тапсырмалар:


  1. Шешендік сөздердің тарихы.

  2. Шешендер мен билер.

  3. Бастауыш сыныпта шешендік сөздердің оқытылуы.

  4. Шешендік сөздерді сынып сайын талдап, дәптеріңе түсір.

8-тақырып.Бастауыш сынтарда мақал-мәтел, жұмбақтарды оқыту

Мақал - сөз анасы. Әдемі үйқасты, үйлесімді ырғақты, өлеңді әрнекпен не шешендік қара сөзбен айшықталған қысқа да нұсқа айтылған нақыл сөздердің мәйегі.Көбінесе екі тармақтан құрылады. Бірінші тармағында ойдың түп нұсқасы пайымдалады, екіншісінде ой қорытындыланып түйінделеді. Мақал сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.

Мәтел-мақалға ұқсас, бірақ мақалдай екі-үш тармақты емес, өлең сипатында құрылатын ықшамды, кестелі нақыл сөз. Ұмытылмай ұрпақтан-ұрпаққа жат өнеге, үлгі, өсиет сөздердің киелі түзілімі. Бастауыш сыныпта мақал-мәтелдер тақырып сайын және әр бөлім сайын оқытылады. Олар арнайы сағат ретінде де өткізіледі.

Жұмбақ - халық шығармаларының ең көне түрінің бірі және барлық жұрттың фольклоріне ортақ тұр. Ерте заманда пайда болғанымен жұмбақ бергі заманда да, тіпті, бүгінгі біздің дәуірімізде де маңызын жойған жоқ.

Қай кезді алсақ та жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған. Жұмбақты халықтың өзге тапқырлық сөздері мен бірге саяси құрал есебінде жауға қарсы қолданған.

Сырт қарағанда, соңғы уақыттарда жазба әдебиеттің күшейуімен "Жұмбақ азайған шығар. Жаңадан жасалмайтын шығар" деген ойлар болушы еді. Анығында бұл теріс боп шықты. Жұмбақ қазақ халқы мен қатар басқа халықтардың арасында да әлі күнге, өмір сүріп, дамып келеді. Олай болса халықтың жұмбақ қорын жинап, зерттеу қажет.

Жалпы, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындыңтың ұрығы - дәні тәрізді.Біздің уақытымызда жұмбақ өз бағасын жойған жоқ, оны мектеп балалары тілді ұстарту мақсатымен оқып, жаттайды.

Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, еңбек - кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер -білім, техника, т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы болуымен қатар, мазмұнына айналды. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ әлеміне енгенде, әрқайсысы жалпылама емес, бөлшектене, жекелене алынады.

Мақал-мәтелді қазақ тілі сабағында көптеп қолдануға болады.

Мысалы: Сын есімді өткенде: Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. Бейнетің қатты болса, татқанық тәтті болады. Бұлттан шықңан күн ащы, жаман кісінің тілі ащы,-деген сияқты сан есімдерді өткенде:

"Ел құлағы елу.

Қырықтың бірі - қыдыр.

Қызға қырық үйден тыю.

Ұлға отыз үйден тыю.

Алыстан алты жасар бала келсе,

Алпыстағы шал келіп сәлем берер.

Бірінші байлық - денсаулық,

Екінші байлық - ақ жаулық,

Үшінші байлық - он саулық деген сияқты есімдіктерді өткенде:

Кісі еліне сұлтан болғанша,

Өз еліңе ұлтан бол.

Бұлай тартсақ, өгіз өледі,

Олай тартсақ, арба сынады.

деген мақал-мәтелдерді қолдану, олардың мағынасын ашу жоғарыдағы қойылған мақсаттардың кейбірін іске асырады. Мұндай сабақтарда оқушыларға да тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді жазып келуге тапсырма беруге болады.

Мұны оқушылар ынтамен орындайды, өйткені, мақал-мәтелдер - сөз мәйегі, әрі қысқа, әрі нұсқа, оқушылардың жаттауына да жеңіл, әрі балалардың тілін дамытып, ой-өрісін өсіре түсері сөзсіз. Тиісті жерде тыныс белгілерін қойғызып, оларды сөйлем мүшелеріне талдауды оқушылардың қызығушылығын туғызып, сауаттылығын арттырады.

Балалардың тіл байлығын, сөздік қорын молайту және де сауаттылығын нығайту мақсатында қазақ тілі пәнінен 3-сыныпта "Жалпы және жалқы есімді" қайталау сабағының бекіту бөлімінде оқушыларды 3 топқа бөліп мақал сайысын өткізуге болады.

I бөлімінде: Еңбек туралы мақал айтып жарысу.

II бөлімінде: Мақалдың соқын жалғастыру және мәнін-мағынасын айту.

III бөлімінде: Белгілі тақырыпқа байланысты мақал айту.

Мысалы: Ат айналып қызығын табар,

Ер айналып елін табар.

Тіліңмен жүгірме

Біліммен жүгір.

Адам баласының ең жаманы

талапсыз.

IV бөлімінде: Әр топқа белгілі тақырып беріліп, сол тақырыпқа байланысты мақал айтып жарысу. Мысалы:

I топқа: "Оқу білім туралы мақал"

Ақыл азбайды, білім тозбайды.

Қына тасқа бітеді.

Білім басқа бітеді.

II топқа: Мал жөнінде:

Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл көсір.

Ат ерінді келеді,

Ер мұрынды келеді.

III топқа: Тіл өнері туралы мақал:

Өнер алды қызыл тіл.

Өнер - ердің қанаты.

Сонымен қатар "Әрі қарай жалғастыр" жарысында топ басшыларына арналған өлең шумағын жалғастыру.



1. Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы

М.Мақатаев.



2. Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай мақтанба.

А. Құнанбаев.

3. Кел балалар оқылық,

Оқығанды көңілге ыңыласпен тоқылық.

Ы. Алтынсарин.

Бұл жарыста III топ басшысы толық жауап беріп жеңіске жетті.

Мақал-мәтелдер әр бөлімнің, әр тараудың соңында беріледі.

Оқушылар сабаққа белсенді түрде қызығушылықпен қатысады.

Қорыта келгенде, халықтың педагогиканық тарам-тарам жолдарын орынды пайдалана білу әр мұғалімнің өз үлесінде. Тек оқушыларымыздың ұлттық санасын оятып, жүргеніне жол таба білсек болғаны.

Халықтық педагогика қағидаларын игеруге айлар емес, жылдар керек. Оның үстіне жинақталып, кітап болып басылып ғылыми тұрғыдан жүйеленбеген, сараланбаған қазынаны тауып алу оңай емес. Сондықтан ел аузындағы есті сөздерге құлақ түре жүру, ата-бабалардың баспа сөз бетінде жарық көрген ұлағаттарын тере жүру тәрбие тұтқасындағыларға тартымды да татымды білім олжасы. Өзің пісірген астың дәмді болатыны сияқты, өзің терген сөздің қадір-қасиетін де тере бойлай танисың, тәжірибеңде тиімді, ұтымды, орынды пайдаланасың.

Өз педагогикасын тудырған халық әр дәуірде ақылды сөзбен, парасатты мінезбен ұрпақтарын игілікке тәрбиелеген. Осы тұрғыдан К. Ушинскийдің "Қандайда тарихи тірлік жасаушы халық - жер бетіндегі ең тамаша жаратылыс, тәрбиеге тек қана осы бай да таза қайнар көзден керектіні ала білу керек!" - деген даналық ойына құлақ асу әр ата-ананық парызы. Өйткені халық педагогикасының ғылыми тәрбиеге кесе-көлденең келер сәті жоқ, қайта керісінше қоян-қолтық қабысып, тигізер себебі көп.

Сұрақтар мен тапсырмалар:


  1. Мақал-мәтел, жұмбақтың тәрбиелік мөні.

  2. Бастауыш сыныпта оқыту ерекшеліктері

  3. Жұмбақ, оның тақырыптары.

  4. Мақал-мәтел, жұмбақтар-бойынша дәптеріңе шығармашылық жұмыс жаса.


ГРАММАТИКА ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ

1-тақырып. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың мәні

Бастауыш мектептерде тілді оқыту барысы мынадай мәселелерді қамтиды:

а) оқуға үйрету;

ә) сөздік қорын, оқушылардың логикалық жүйелілікті қамтитын байланысын сақтап сөйлеуін дамыту;

б) фонетиканы, сөз құрамын және грамматиканы (морфология, синтаксис) меңгерту;

в) графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру.

Оқыту ісі барысында қолданып жүрген негізгі әдістар төмендегідей:


  1. Мұғалім сөзі;

  2. Әңгіме әдісі (сұрақ-жауап);

  3. Тілдік фактілерді талдау грамматикалық талдау;

  4. Жаттығулар орындату;

  5. Көрнекті құралдарды пайдалану (сызбалар, кестелер, суреттер, компьютер, т.б.);

  6. Кітаппен жұмыс істеткізу;

  7. Топ серуен;

  8. Тест өткізу.

Бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгерту үшін түсіндіргенді қайталап айтып беруге баулу әдісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл әдіске машықтанған оқушылар көбінесе грамматикалық ұғымдарды жаттап, еске сақтауға бейім болады.

Ал жаттап алынған білім мен дағды көп уақыт өтпей-ақ ұмытылады.



Грамматикалық материалдарды пайдалану

Грамматикалық ұғымдарды ұмытпау үшін:



  1. Оқушылардың белсенді ойлау қызметін іске қосу, яғни проблемалық әдістерді пайдалану. Кез келген грамматикалық ұғымды меңгерту барысында оқушылардың психологиялық-физиологиялық қабылдау мүмкіндіктеріне қарай проблемалық жағдай туғызу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Әсіресе берілген грамматикалық ұғымды пысықтау үшін орындалатын жаттығуларды немесе топтамаларды қызықты әрі түрліше етіп пайдалануға болады.

  2. Өтілген грамматикалық ұғымның айқын және көмескібелгілерін меңгерту. Мысалы, "Кім? Не?" сұрақтарына жауап беретін сөздер тақырыбын өткенде, оқушылар бұл сұрақтарды нақтылы заттардың немесе адамдардың атын білдіретін сөздерге дұрыс қолдануда, дерексіз атаулар кездескенде шатастырып қалады. Мысалы: уақыт, жел, күн, дауыл, т.б. "Немесе? Не істеді? Неғылды? Қайтті?" сұрақтарына жауап беретін сөз-дер" тақырыбын өткенде нақтылы қимыл байқалатын сөздерге бұл сұрақтарды қоймайды. Сондықтан осындай дерексіз сөздердің белгілеріне арнайы тоқталып өту қажет.

  3. Жаңа меңгерген грамматикалық ұғымды бұрын өтілген ұғымдар жүйесімен байланыстырып отыру. Бұл әдісті берілген білімді жинақтап отыру әдісі деп те айтуға болады. Мысалы, "Сөз таптарын" оқып-үйрену барысында негізгі есімдердің (төмендегідей) сызбасын оқушылардың естеріне салып қою керек.

  4. Жаңа грамматикалық ұғымды түсіндіру үшін оқушылардың бұрынғы білімдері мен дағдыларына сүйене отыру. Жаңа тақырыпты меңгертудің Бұл әдісі, оқушылардың өткен сабақтардағы мағлұматтарды ұмытпауына, оны жаңа ұғыммен байланыстыра білуіне жағдай туғызады. Және жаңа тақырыпты игеруді жеңілдетеді.

5. Грамматикалық ұғымдарды көрнекі құралдар кө-мегімен меңгерту. Бұл әдіс те мұғалімнің ерекше шеберлігін талап етеді. Тақырыптың сипатына байланысты көрнекі құралдарды түрлендіріп пайдалану қажет. Көрнекі құралдар қандай мақсатқа арналса да, айқын, әдемі, қолдануға ыңғайлы болғаны дұрыс.

Емле ережесін түсіндіру

Емле ережесін түсіндіруде мүмкіндігінше оқушылар-ы мысалдарды талдауға, қорытынды шығаруға еркін қатыстырып отыру керек. Ол үшін мұғалім, мысалдар мен көрнекі құралдар дайындап, қорытынды шығару үшін Оқушыларға қоятын сұрақтарды әзірлеп келуге тиіс.

Бір грамматикалық құрам төңірегіндегі сөздерді фонетикалық және графикалық ерекшеліктеріне қарай екшелуі тиіс. Мысалы: тәуелдік жалғауларына байланысты алдымен жалғау жалғанғанмен, түбірдің өзгермейтіні өтіледі, содан кейін түбірдің соңындағы қ,к,п дыбыстарының ғ,г,б 6олып өзгеріп айтылып, өзгеріп жазылатыны түсіндіріледі. Оқушыларға емле ережесін есте сақтауға мынадай жаттығулар ұйымдастыруға болады.


  1. Өтілген емле ережесіне қатысты, объектілерді жеке беріп, оқушылардан оның қиыншылығын сұрау.

  2. Берілген сөйлем ішінен жаңа өтілген емле объектілерін тауып, жазылу ережесін түсіндіру, тексті көшірту.

Оқушылардың өздеріне өтілген емлеге сай мысал таптырып, оларды жаздыру, жазылу ережесін айтқызу.

Емлені меңгерту бірнеше кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең - емле ережесін тану, білу.

Екінші кезең - емле ережесін жазу кезінде пайдаланып, жаттығу.

Үшінші кезең - емле ережесін пайдалануда еркін, ырықсыз әрекет дәрежесіне жеткізу, яғни ережені оқушы автоматты түрде пайдаланатын ету.

Емле ережелерін есте саңтап, сауатты жазуға машықтандыру үшін, қателер бойынша жұмысты дұрыс ұйымдастыра білу керек. |Қате бойынша істелетін жұмыстардың түрлері:



  1. Қате жіберген сөзді көшіртіп, қате жазылған әріптің, буынның астын сызғызу.

  2. Қате жіберген сөзді көшіртіп, сөзді дұрыс жазуға қатысы бар емле ережесін қайталату, ауызша айтқызу, оқулықтан қайталату.

  3. Қатені түзетпей, тек астын сызып көрсетіп, оны оқушылардың өзіне жөндету, емле ережесін айтқызу.

Қазақ тілінен мектепте сабақ оқытудың аса жауапты кезеңі оқушыға жаттығу, талдау материалдарын таңдаудан басталады деуге болады. Жаттығу материалдарын таңдауға мынадай талаптар қойылады:

Біріншіден: жаттығу материалдары мазмұнды болуға тиіс: материалдағы жеке дыбыстар, әріптер, буындар сөз ішінде, сөздер, сөз тіркесі сөйлем ішінде алып талданады. Осы мақсатпен алынған мысалдар мен мөтіндер ойдан шығарылған сөйлемнен құралмай, мүмкін болғанша, Көркем әдебиеттен алынған сөз, сөз тіркесі, сөй-лем, үзінділер болуға тиіс. Қалайда олар балаға дұрыс тәрбие беру нысанасын бағдарлауы керек.

Екіншіден, әрбір мысал, үзінді, әңгіме, өлең, сөз, сөйлем тіл (стиль) жағынан мұлтіксіз, әдеби норманы ұстауы тиіс. Сонда олар баланы әдеби тілдің жүйесін меңгеруге, өз тілін дамытуға көмекші бола алады. Мұндағы басты талап - балаға грамматикадан, орфографиядан білім беру кезінде оның тіл мәдениетін де арттыруға көзделуі тиіс.

Үшіншіден, алынған жаттығу, тағы басқа материалдар құрамынан керекті сөздер мен дыбыстар, әріптер, грамматикалық тұлғалар жиі кездесетін болсын. Жаттығу материалдарын талдауда негізгі көз тігетініміз осы талап тұрғысынан болғанмен, алдыңғыларсыз мүның са-пасын дұрыс бағалауға болмайды.

Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінін ұғына ал алдымен тақырыпқа көңіл аударылады. Оқушылар әрбір тақырыптағы тақырыпшалардың мәнін, тақырыпшалардағы әрбір абзацтың мәнін аңғарып, сол әрбір абзацтағы айтылған мәселелердің негізгі ойы тақырыпшаны, әр тақырыпшалардың барлығына ортақ негізгі ойдың тақырыпты құрастырып тұрғанын айыра алатындай болуы керек. Грамматикалық ережелердің көпшілігі оқулықтарда анықтама ретінде беріледі. Оқушыларға осы сияқты анықтамалардың әрқайсысының қандай бөліктерден тұратынын көрсеткен жөн:


  1. Әрбір анықтаманық міндетті түрде термині болады.

  2. Әрбір анықтамада сол ұғымның өзіне тән басты белгісі көрсетіледі. Бұл басты негізгі белгі арқылы ол ұғым басқа ұғымдардан ерекшеленеді.

  3. Кей анықтамаларда түсіндірілетін ұғымның қандай топқа жататыны көрсетіледі.

  4. Анықтамаларда әрбір категорияның негізгі мағыналарынан басқа формалық белгілері де көрсетіледі.

Формалық белгілерді жинақтап, топтап сол категорияның басқалардан семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін көрсету үшін пайдалану керек.

Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру үшін мұғалім:



  1. Оқушының грамматика оқулықтарынан ғана мысал келтіріп қоюымен қанағаттанбай, өз ойынан немесе "Ана тілінен", оқыған кітаптарынан ойланып мысал айтуын талап етеді.

  2. Анықтама өтілгеннен кейін дайын мәтін береді де, соның ішінен анықтама бойынша қажетті сөзді немесе сөз тіркестерін тапқызады, кейде өздері ойлап тапқан мысалдарды талдатқызу арқылы пікірлерін дәлелдеуді талап етуге де болады.

  3. Анықтама бойынша берілген ұғымның негізгі белгілерін санап беруді ұсынады.

  4. Анықтамалар мен ережелерді дәл, анық, толық айтуға үйретеді.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Грамматика мен жазуға үйрету әдістемесі қандай ғылымдармен байланысты.

  2. Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқытуға қандай талаптар қойылады?

  3. Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқытуға қойылатын талаптарды қалай іске асыруға болады?

  4. Грамматика мен жазу сабақтарында берілген ережелер мен ұғымдарды оқушылардың қаншалықты түсінгендігіне бақылау жүргізіңдер.

  5. Оқулықтарда грамматикалық ережелер қалай берілген? Бұл сұраққа жауап беру үшін 1-4 сыныптарға арналған "Қазақ тілі" оқулығындағы ережелермен танысыңдар.

  6. Грамматикалық материалдар қалай пайдаланылады?

  7. Бір сөз табының анықтамасын мысалға келтіріп, қандай бөліктерден тұратынына талдау жаса.

  8. Бір категория бойынша қандай түсінік берер едің, мысалмен дәлелдеп айтып бер.

  9. Оқушылар материалды саналы түсінуі үшін мұғалім қандай талаптар қояды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет