Тәрбие сағаты
|
Сынып
|
5 «Ә»
|
Күні: 1. 12. 2013
|
Тақырып
|
«Менің президентім»
|
Мақсаты:
|
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы туралы мағлұмат бере отырып,тұңғыш президент күні мерекесінің маңызын түсіндіру ;
Оқушы жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, елбасы іс-әрекетінен үлгі алуға тәрбиелеу.
Топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, танымдық қызығушылықтарын арттыру, дарындылық қабілеттерін анықтау.
|
Көрнекілік
|
Интерактивті тақта, слайдтар, бейнебаян, Қазақстан картасы, бүктемелер, елбасы портреті, жапсырма қағаздар, суреттер.
|
Әдіс-тәсіл:
|
СТО әдіс-тәсілдері, топтық жұмыс, тұсаукесер дайындау, диалогтік тәсіл.
|
Күтілетін нәтиже
| |
Тапсырмалар
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
1.Ұйымдастыру.
2. Қызығушылығын ояту
3. Мағынаны тану
4. Ой-толғаныс:
|
Оқушыларды таңдаған эмблемалары бойынша топқа бөледі.
«Ғажайып сұрақтар» береді. Президент күні мерекесінің мағынасын түсіндіреді. (бейнебаян көрсетеді)
Слайд бойынша қысқаша президент өмірбаяны туралы баяндап береді.
«Президент күніне тарту» айдарымен таныстырады.
Қорытындылауға арналған тапсырмалар береді.
|
Өз таңдаулары бойынша топқа бөлінеді және топ атауына байланысты берілген сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбын ашады.
«Менің президентім» тақырыбында жазып келген шығармаларымен таныстырады.
Суреттерімен таныстырады.
Өнерлерін көрсетеді. (ән, күй, өлең оқиды)
1-топ: Әрбір әріп бойынша Президент сөзіне 1 сөзбен тұжырым жасайды.
2-топ: Суретті дұрыс құрастыра отырып, елбасы сөзін шығарады.
3-топ: Ребус шешеді
|
№5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп