Шағымдары құрғақ жөтелге, ентігуге, баланың әлсіздігіне, көп жылап мазасыздануына, ұйқысының бұзылуына шағымданады. Ауру анамнезі



бет5/8
Дата21.11.2023
өлшемі115,17 Kb.
#192705
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сахиев Қамбар 414Б

ЗЕРТТЕУ ЖОСПАРЫ

  1. Жалпы қан анализі

  2. Жалпы зәр анализі

  3. Кеуде қуысының рентнгенографиясы (пневмонияны жоққа шығаруға)

  4. Физиотерапевт консультациясы

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР ЖӘНЕ ИНСТРУМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУЛЕР


1. Жалпы қан анализі: Алынған күні:18.11.2022ж 05:35

Компоненттер, элементтер (Компоненты, элементы)

Нәтижелер (Результаты)

Норма












Гемоглобин

116 г/л

(110-135г/л)










Эритроциттер

4,0 *10/12

(3,6-5,1*10^12)










Гематокрит

34,0

(30-45%)










Түстік көрсеткіш

0,87

(0,85-1,15)










Тромбоциттер

239*10/9

(180-400*10/9)










Лейкоциттер

9,0*10/9

(6,0-12,5*10/9)










Сегмент ядролы
Таяқша ядролы

59
4

(47-72%)
(0,5-5)










Эозонофилдер

4

(0,5-5,0)










Моноциттер

9

(2-9)










Лимфоциттер

28

(18-40)










ЭТЖ

20 мм/час

(2-10)










Қорытынды: ЭТЖ айқын жоғарылауы

2. Жалпы зәр анализі: Алынған күні:18.11.2023ж 05:36



Компоненттер, элементтер (Компоненты, элементы)

Нәтижелер (Результаты)

Норма










Көлемі (Количество)



80,0 мл













Түсі (Цвет)



Сулы

Ашық-сары










Тұнықтығы (Прозрачность)



мөлдір

Мөлдір










Салыстырмалы тығыздығы (Относительная плотность)

1016

1008-1028










Реакциясы (Реакция)



нейтральды

(6,0-6,5)










Нәруыз (Белок)



жоқ

0,00-0,14










Лейкоциттер (Лейкоциты)



2 көру аймағында

0-2 көру аймағында










Эритроциттер (Эритроциты)

0-1 көру аймағында

0-2 көру аймағында










Шырыш (Слизь)



-

Жоқ













Қорытынды:қалыпты

3. Кеуде қуысының рентнгенографиясы. 17.11.2023ж 21:00


Кеуде қуысының рентгенографиясында өкпе түбір аймағында тамырлық суреттің күшеюі анықталды. Көбірек оң жақ бөлікте. Переферияларында екі өкпенің тамырлық суреті өкпе үрілуіне байланысты әлсіреген. Өкпе түбірлері аз құрылымды. Айырша безі үлкейген.
Қорытындысы: Бронхит белгілері.
4. Физиотерапевт консультациясы:
Қорытындысы: 1 э.п. кеуде қуысына УВЧ 5мин. Кеуде қуысыгың постуральді массажы 15 мин.


АЖЫРАТУ ДИАГНОСТИКАСЫ

Критерийлер

Жедел жай бронхит

Пневмония

Туберкулез

Обстуруктивті бронхит

Өкпе рагі



Жалпы интоксикация

Салыстырмалы

Айқын

Айқын

Жоқ немесе салыстырмалы

Жоқ немесе салыстырмалы

Дене температурасы

Қалыпты немесе 37 С қа дейін

38оС тан жоғары

38С тан жоғары

37С-38С аралығында

Жоқ немесе субфебрильді

Ауырсынумен жүретін құрғақ жөтел

Бар

Бар

Жоқ

Жоқ

Бар

Ентігу

Бар

Бар

Бар

Бар

Жоқ

Құрғақ ысқырықты сырылдар

Бар

Жоқ

-

Бар

-

Ылғалды сырылдар

Бар

Бар

-

Жоқ

-



Туберкулинді сынама

Теріс

Теріс

Әрқашан оң

Теріс

Теріс

Рентгенограмма қорытындысы

Өкпедегі тамырлық суреттерді күшейуі

Анық локальді инфильтративті көлеңкелер

Инфильтративті көлеңкелер біркелкі емес, айқын емес

Өкпелік суреттің күшеюі

Ошақты көлеңкелер анық емес, шекаралары тегіс емес.

Бактериологиялық зерттеу қорытындысы

Көбіне вирустық этиология

Көбіне пневмококктар

Туберкулез микобактериясы

Көбіне вирустық этиология

Аномальді клеткалар





КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗДЫ НЕГІЗДЕУ:
-шағымдары бойынша: Құрғақ жөтелге, ентігуге, баланың әлсіздігіне, көп жылап мазасыздануына, ұйқысының бұзылуына шағымданады.
-ауру анамнезі бойынша: Анасының айтуынша 4 күннен бері ауырады. Ауру баланың мұрынның бітелуімен, құрғақ жөтелдің болуымен, мазасызданып жылауымен, баланың әлсіреуімен басталған. Мұрынмен дем алуы қиындап, ентігуі мен тез дем алуын байқаған. Ентігуі ему және жылау барысында күшейеді. Анасы дәрігерге жүгінбеген. Өздігінен үй жағдайында емдеген. Тек кеудесіне, арқасына қыздыратын жақпа майлармен дренажды массаж ғана жасаған.
Сонғы жағдайының нашарлауы 17-қараша күні таңертең баланың әлсіреуі мен мазасыздығы, ентігуі күшейген. Соған байланысты жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдеммен «Беродуал» препаратымен ингаляция жасалынған. Шұғыл түрде «Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» жеткізілген.Анасы баласының ауырып қалуын үйдегі үлкен баласынынын ауруымен байланыстырады.
-өмір анамнезі бойынша:. 3 апта ішінде инфекциялық аурулармен контакт: үлкен баласы үйде ауырған.
-обьективті қарау деректері бойынша: Баланың жалпы жағдайы ентігуге байланысты орташа ауырлықта. Стридор жоқ. Баланың санасы айқын. Бала мазасыз, көп жылайды. Тәбеті төмендеген.
- Тері бозғылт түсті, ылғалды, серпімді, жылы. Дене температурасы-37,5 С
-тыныс алу жүйесінін зерттеу деректері бойынша: Мұрын арқылы тыныс алу бітелуіне байланысты қиындаған. Тыныс алу беткей, ритмді, тыныс алу әрекетіне кеуде қуысының екі жартысы да қатысады. Құрғақ жөтел мазалайды. Экспираторлы сипаттағы ентігу байқалады. Бадамша бездердің, таңдай доғаларының, жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабаты сәл гиперемияланған. Жабындылар жоқ. ТЖ-46 /мин .
Аускультация: өкпенің үстінде пуэрильді қатқыл тыныс, екі өкпеде құрғақ сырылдар естіледі. ЖСЖ-128 соққы/мин
-лабораториялық деректер бойынша: жалпы қан анализінде ЭТЖ айқын жоғарылауы анықталды(20 мм/сағ).
-инструментальды деректер бойынша: Кеуде қуысының рентгенографиясында бронхит белгілері анықталады.
Науқастың шағымдарына, ауру және өмір анамнезіне, обьективті қарау деректеріне, тыныс жүйесін зерттеу нәтижелеріне, лабораториялық деректерге, инструментальды зерттеу деректеріне сүйене отрыра мына клиникалық диагнозды негіздеймін: Жедел обструктивті бронхит, Тыныс жетіспеушілігінің ІІ дәрежесі.

ЭТИОЛОГИЯСЫ
Жедел бронхиттің негізгі және ең көп тараған себебі-вирустық инфекциялар. Көбінесе қоздырғыштар келесі вирустар болып табылады: А және В тұмауы, парагрипп, респираторлық синцитиальды вирус, коронавирус, аденовирус, риновирус және метапневмовирус.
Сирек себепші болып табылады:
бактериялар: көкжөтел, легионелла, гемофильді таяқша, пневмококк, стрептококк, стафилококк және моракселла катаралис;
микоплазма және хламидиоз (5 жастан асқан балалардағы бронхиттің шамамен 10% - ы, әсіресе күзгі кезеңде).
Сондай-ақ, жедел бронхиттің себебі аллергендер (тозаң, шаң және т. б.) және сыртқы тітіркендіргіштер (түтін, ластанған ауа және т. б.) болуы мүмкін.
Бронхит дамуының негізгі факторлары:
Физикалық факторлар: ылғалды және суық климат, радиация, шаң және т. б.
Химиялық факторлар: құрамында көміртегі оксиді, күкіртсутек, аммиак, хлор, қышқылдар мен сілтілер буы, темекі түтіні және т. б. бар мегаполистердің ластанған ауасы.
Қосымша аурулар: жүрек-тамыр жүйесі, ЛОР мүшелері.
Тұқым қуалаушылық: аллергиялық бейімділік, бронх-өкпе жүйесінің туа біткен бұзылыстары, мысалы, мукоцилиарлы клиренстің бұзылуы (патогендік агенттерден жоғарғы және төменгі тыныс жолдарын тазарту процесінің бұзылуы).
Жедел және қайталанатын бронхиттің себебі көбінесе инфекциялық агенттер, сирек-инфекциялық емес факторлар: химиялық, физикалық, аллергиялық. Соңғысы тәуелсіз себеп факторлары және инфекциялық қабыну процесінің дамуына немесе оның ағымын ауырлататын факторлар ретінде әрекет етуі мүмкін. Ауруханаішілік жедел бронхит, пневмококкпен қатар, көбінесе стафилококктар мен грам-теріс микрофлорадан (E. coli және Pseudomonas aeruginosa, клебсиелла және т.б.) туындайды. Бронхит, соның ішінде созылмалы, саңырауқұлақтарға, көбінесе Candida және Аspergillius тұқымдас саңырауқұлақтарға байланысты болуы мүмкін. Көбінесе кандидоз этиологиясының бронхиттері жаңа туған нәрестелерде және өмірдің алғашқы айларындағы балаларда, әсіресе механикалық желдетуде болған шала туылған нәрестелерде, сондай-ақ муковисцидозбен ауыратын балаларда қайталама созылмалы бронхитте кездеседі. Аспергиллез этиологиясының бронхиттері салыстырмалы түрде сирек кездеседі, балалық шақтың барлық кезеңдерінде бірдей жиілікте, негізінен онкогематологиялық науқастарда антибиотикалық терапияны және/немесе цитостатиктерді ұзақ уақыт қабылдаған балаларда жиі кездеседі.

ПАТОГЕНЕЗІ
Ауамен тыныс алғанда ағзаға енген вирус немесе бактерия тыныс алу жолдарының эпителий жасушаларына еніп, көбейе бастайды және оларды зақымдайды. Иммундық жүйенің жасушалары зақымдану орнына шақырылады: арнайы өлтіруші лимфоциттер — NK жасушалары, олар негізінен вирустар жұқтырған жасушаларды жояды. Басқа жасушалар қабыну реакциясының дамуына жағдай жасайтын арнайы заттарды — цитокиндерді шығарады. Цитокиндер қауіп туралы хабарлайды және басқа жасушаларды бронх қабырғасының тосқауыл қасиеттерін тежеу арқылы қоздырғышпен күресуге дайындайды. Қабыну реакциясы бронхтың шырышты қабығының ісінуін тудырады. Бронх люменінде ісіну, бронх бұлшықеттерінің спазмы және шырыштың жиналуы тыныс алу жолдарының тарылуына әкеледі. Нәтижесінде ысқырықты дем шығарумен және жөтелмен шулы тыныс пайда болады
Морфологиялық тұрғыдан бронх ағашының шырышты қабығының бактериялық және саңырауқұлақ зақымдануы серозды-іріңді немесе іріңді экссудациямен, шырышты қабықтың нейтрофилдермен және макрофаг жасушаларымен инфильтрациясымен сипатталады. Басқалары қабыну реакциясы кезінде эластинді бұзатын цитокиндер мен ферменттердің көп мөлшерін шығарады, бұл өз кезегінде бронхтың шырышты қабығының ауыр зақымдалуына ықпал етеді, кейде прогрессивті сипатта болады. Зақымдану сипаты клиникалық көріністің ерекшеліктерін, бронх обструкциясының даму мүмкіндігі мен ауырлығын, қайталану үрдісін анықтайды. Созылмалы бронхит кезінде бактериялар, саңырауқұлақтар және паразиттер аурудың дамуында жетекші рөл атқарады.
Патогеннің енуіне жауап ретінде бронхтың шырышты қабығының гиперемиясы мен ісінуі, цилиндрлік эпителийдің десквамациясы дамиды, шырышты немесе шырышты-іріңді экссудат пайда болады. Инфекциялық агенттің енуіне нейтрофилдер мен альвеолярлы макрофагтардың фагоцитарлық белсенділігінің төмендеуі ықпал етеді.
* Қоздырғыштың әсері мукоцилиарлы клиренстің бұзылуына әкеледі. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларының, өндірістік факторлардың әсері тыныс алу жолдарының эпителий бетіндегі бөлшектердің жойылу жылдамдығын төмендетеді.
* Бронх эпителийінің өлуі және қабыршақтануы, бронх шырышты қабығының ісінуі және бронх бездерінің гиперсекрециясы обструктивті компоненттің дамуына ықпал етеді.
Бронх эпителийі зақымдалған кезде оның регенерациясы 2 апта ішінде жүреді. Егер шырышты қабық зақымдалса және панбронхит болса, қалпына келтіру 3 ай ішінде болуы мүмкін.
Жаппай колонизация кезінде олар өздері қабыну реакциясының пайда болуына себеп болады, яғни олар патологиялық процестің (триггердің) дамуына ықпал ететін инфекциялық фактор ретінде әрекет етеді. Егер обструкция синдромы болса, жедел обструктивті бронхит диагнозы қойылады. Обструктивті бронхит бронхтың шырышты қабығының қабынуы ісіну, шырышты гиперплазия, шырышты гиперсекреция немесе бронхоспазмның дамуы арқылы тыныс алу жолдарының бітелуімен бірге жүретіндігімен сипатталады. Кейбір жағдайларда бронх обструкциясының аралас сипатта болуы мүмкін. Обструктивті бронхит кез-келген жаста дамуы мүмкін, бірақ көбінесе жас балаларда кездеседі.


ЕМДЕУ ЖОСПАРЫ
Медикаментозды емес емдеу:
-диета: нәрестелерге арналған үстел; жиі ана сүтімен емізу.
- төсектік режим;
- санитариялық-гигиеналық режимді сақтау (инфекциялық науқастармен жанасуды болдырмау).
Медикаментозды ем:
-Беродуал 2 тамшы/тәул(0,25мл) небулайзер қолдану арқылы ингаляция х 7 күн бойы күніне 3 рет (8:00; 16:00; 00:00). NaCl 0.9 % ертіндісінде еріте отырып.
-Эуфиллин 1,25 мл көктамыр ішілік иньекция(тамшылатып) х 2 күн бойы 1-ші күні тәулігіне 1 рет, 2-ші күні тәулігіне 2 рет. 5% глюкоза ертіндісіне еріте отырып.
-Зоцеф 350 мг көктамыр ішілік иньекция(тамшылатып) х 8 күн бойы 2 күн бойы тәулігіне 1 рет, 6 күн бойы тәулігне 2 рет. NaCl 0.9 % ертіндісінде еріте отырып.
-Амброксол 1 мл/тәул сироп х 7 күн бойы күніне 2 рет
-Магний сульфаты 1,4 мг/мл көктамыр ішілік иньекция(тамшылатып). NaCl 0.9 % ертіндісінде еріте отырып.


ШЫҒАРУ ЭПИКРИЗІ



1.Науқастың тегі, аты, әкесінің аты: Малик Абылай Даниярұлы

2.Туған күні: 09.09.2022ж


3.Үйінің мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Пожарская көшесі, 36/2 үйі, 77 пәтер.


4.Жұмыс орны және лауазымы: Сәби


5. Күндері:


а) амбулатория бойынша: 17.11.2022
б) стационар бойынша: түсуі 17.11.2022 20:57
в) шығуы 24.11.2022ж

6. Толық диагнозы (негізгі ауруы, қосалқы асқынулар)
Қорытынды диагноз: : Жедел обструктивті бронхит, Тыныс жетіспеушілігінің ІІ дәрежесі.

7. Қысқаша анамнез, диагностикалық зерттеулер, ауру ағымы, жүргізілген ем, жолданғандағы, шыққандағы жағдайы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет