Шағымдары құрғақ жөтелге, ентігуге, баланың әлсіздігіне, көп жылап мазасыздануына, ұйқысының бұзылуына шағымданады. Ауру анамнезі



бет7/8
Дата21.11.2023
өлшемі115,17 Kb.
#192705
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сахиев Қамбар 414Б

Обьективті деректер: Баланың жалпы жағдайы ентігуге байланысты орташа ауырлықта. Стридор жоқ. Баланың санасы айқын. Бала мазасыз, көп жылайды. Дене бітімі дұрыс, дамуы пропорционалды. Дене температурасы-37,5 С. Дене салмағы 4450 г, бойы 56 см. Тәбеті төмендеген.
Тері бозғылт түсті, ылғалды, серпімді, жылы. Бөртпелер, тыртықтар, қан кетулер, жаралар, пигментациялар, депигментациялар жоқ. Тері тургоры қалыпты.Тері асты май қабатының дамуы қалыпты. Бетінде, санында, аяқтарында, иық аймағында, ішінде жақсы дамыған. Біркелкі таралған, ісінулер жоқ. Перефериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынусыз.Бұлшықет қалыпты, симметриялы түрде дамыған, бұлшықет тонусы мен бұлшықет күші сақталған. Пальпация кезінде бұлшықеттер ауыртпалықсыз, құрысулар, діріл жоқ.
Мұрын арқылы тыныс алу бітелуіне байланысты қиындаған. Тыныс алу беткей, ритмді, тыныс алу әрекетіне кеуде қуысының екі жартысы да қатысады. Мұрыннан бөлініс жоқ. Құрғақ жөтел мазалайды. Экспираторлы сипаттағы ентігу байқалады. Бадамша бездердің, таңдай доғаларының, жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабаты сәл гиперемияланған. Жабындылар жоқ. ТЖ-46 /мин .
Кеуде пальпаторлы ауыртпалықсыз, серпімді. Салыстырмалы перкуссия кезінде ашық өкпелік дыбыс. Топографиялық перкуссия көрсеткіштері қалыпты.
Аускультация: өкпенің үстінде пуэрильді қатқыл тыныс, екі өкпеде құрғақ сырылдар естіледі.


Лабораториялық деректер: жалпы қан анализінде ЭТЖ айқын жоғарылауы анықталды (20 мм/сағ), жалпы зәр анализі қалыпты.
Инструментальді зерттеу
17.11.2022ж 21:00 жасалған КҚМ Ргр
Кеуде қуысының рентгенографиясында өкпе түбір аймағында тамырлық суреттің күшеюі анықталды. Көбірек оң жақ бөлікте. Переферияларында екі өкпенің тамырлық суреті өкпе үрілуіне байланысты әлсіреген. Өкпе түбірлері аз құрылымды. Айырша безі үлкейген.
Қорытындысы: Бронхит белгілері


Өткізілген ем:
Диета: сәбилерге арналған үстел Режим: 2б-палаталық.

Беродуал (20 мл, ингаляцияға арналған ерітінді) (0.25 мл ингаляциялық) + натрий хлориді (400 мл 0,9%, ингаляцияға арналған ерітінді (2мл, ингаляциялық) (1 р/д. 1 д.)


Беродуал (20 мл, ингаляцияға арналған ерітінді) (0.25 мл ингаляциялық) + натрий хлорилі (400 мл 0,9%, ерітінді (2мл, ингаляциялық) (3 р /д. 2 д..)
Эуфиллин (5 мл, ерітінді, 20 мг / мл) (125 мл көктамыр ішіне (тамшылатып)) + Глюкоза (5% 100 мл, ерітінді) (20 мл көктамыр ішіне (тамшылатып)) (1 р / д. 1 д.)
Эуфиллин (5 мл, ерітінді, 20 мг / мл) (1.25 мл көктамыр ішіне (тамшылатып)) + Глюкоза (5% 100 мл, ерітінді) (20 мл, көктамыр ішіне (тамшылатып)) (2 р / д. 1 д.)
Зоцеф (750 мг, ұнтақ) (350 мг көктамыр ішіне) + натрий хлориді (400 мл 0,9%, инфузияға арналған ерітінді) (5 мл,көктамыр ішіне) (1 р /д. 2 д.)
Зоцеф (750 мг, ұнтақ) (көктамыр ішіне 350 мг) + натрий хлориді (400 мл 0,9%, инфузияға арналған ерітінді) (3 мл,көктамыр ішіне) (2 р / д. 6 д.)
Амбро (100 мл, Сироп, 15 мг / 5 мл) (1 мл ішке қабылдауға) (2 р/д. 6 д.)
Амбро (100 мл, Сироп, 15 мг / 5 мл) (1 мл ішке қабылдауға) (1 р/д. 1 д.
Эуфиллин (24 мг/мл, 5 мл, көктамыр ішіне ерітінді) (1.1 мг/мл көктамыр ішіне (тамшылатып)) Глюкоза (5%100 мл, ерітінді) (20 мл, көктамыр ішіне (тамшылатып)) (1 р / д 1 д.)
Эуфиллин (24 мг/мл, 5 мл, көктамыр ішіне ерітінді) (1.1 мг/мл көктамыр ішіне (тамшылатып)) + Глокоза (5%100 мл, ерітінді) (20 мл, көктамыр ішіне (тамшылатып)) (2 р / д. 2 д.)
Магия сульфаты (25 %, 5 мл, инъекциялық ерітінді) (1.4 мг/мл көктамыр ішіне (тамшылатып)) натрий хлориді ерітінді инфузия 0,9% (200 мл, инфузияға арналған ерітінді, 0,9%) (10 мл, көктамырішілік (тамшылатып)) (1 р / д. 5 д.)
Орындалған шаралар:
Ультражоғарыжиілікті терапия УВЧ (21.11.22ж; 22.11.22ж; 23.11.22ж)
Қорытындысы: Жағымысыз эффекттер жоқ
Кеуде қуысының массажы (21.11.22ж; 22.11.22ж; 23.11.22ж)
Қорытындысы: Жағымысыз эффекттер жоқ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет