STATUS PRAESENS COMMUNIS
Жалпы жағдайы: орташа ауырлықта
Төсектегі қалпы: белсенді
Санасы: айқын
ТЕРІ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ
Тері бозғылт түсті, ылғалды, серпімді, жылы. Бөртпелер, тыртықтар, қан кетулер, жаралар, пигментациялар, депигментациялар жоқ. Тері тургоры қалыпты. Дене температурасы-37,5 С.
ТЕРІ АСТЫ ШЕЛ МАЙ ҚАБАТЫН ТЕКСЕРУ
Тері асты шел май қабатының дамуы қалыпты. Бетінде, санында, аяқтарында, иық аймағында, ішінде біркелкі таралған, ісінулер жоқ. Перефериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынусыз.
БҰЛШЫҚЕТ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ
Бұлшықет қалыпты, симметриялы түрде дамыған, бұлшықет тонусы мен бұлшықет күші сақталған. Пальпация кезінде бұлшықеттер ауырсынусыз, құрысулар, діріл жоқ.
ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ
Мұрын арқылы тыныс алу бітелуіне байланысты қиындаған. Тыныс алу беткей, ритмді, тыныс алу әрекетіне кеуде қуысының екі жартысы да қатысады. Мұрыннан бөлініс жоқ. Экспираторлы сипаттағы ентігу байқалады. Бадамша бездердің, таңдай доғаларының, жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабаты сәл гиперемияланған. Жабындылар жоқ. ТЖ-46 /мин .
Кеуде пальпаторлы ауыртпалықсыз, серпімді. Салыстырмалы перкуссия кезінде ашық өкпелік дыбыс. Топографиялық перкуссия көрсеткіштері қалыпты.
Топографиялық перкуссия:
|
Оң өкпе
|
Сол өкпе
|
l.medioclavicularis
|
VI қабырға
|
не определяют
|
l.axilaris anterior
|
VII қабырға
|
l.axilaris media
|
VII қабырға
|
IX қабырға
|
l.axilaris posterior
|
IX қабырға
|
l.scapularis
|
Х қабырға
|
l.paravertebralis
|
Кеуде омыртқасының XI жоталық өсінді деңгейінде
|
Кеуде омыртқасының XI жоталық өсінді деңгейінде
|
|
Оң өкпе
|
Сол өкпе
|
Өкпе ұшы биіктігі
|
3 см
|
3 см
|
Кренинг кеңістігі
|
4 см
|
4 см
|
Өкпенің төменгі шегінің экскурсиясы
Сызықтар
|
Оң жақ
|
Сол жақ
|
Бұғанаорта сызығы б-ша
|
5 см
|
-
|
Алдыңғы қолтық сызығы б-ша
|
6 см
|
6 см
|
Жауырын сызығы б-ша
|
5 см
|
5 см
|
Аускультация: өкпенің үстінде пуэрильді қатқыл тыныс, екі өкпеде құрғақ сырылдар естіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |