Байланысты: 100 proektov malogo biznesa kaz 020819
о
Жұлық
Табанның беткі бетін жабатын аяқ киім үстінің сыртқы бөлшегі. Тоқыма бөлшектермен күшейтілуі мүмкін. Аяқ киімді пайдалану барысында жүлық (алды) көптеген қайталанбалы майысудан қатты зақымдалады және дәл осы себептен аяқ киімнің үстіңгі жағының маңызды бөлшегі болып табылады.
Қоныштар
Табанның сыртқы беткі қабатын жабатын аяқ киімнің үстіңгі бетінің сыртқы бөлшектері. Қонышта баулар немесе ай- ылбасы бар белдіктер болады. Аяқ киімді пайдалану барысында қоныштар жүлыққа қарағанда аз қарқынды механикалық әсерге үшырайды.
Төсеме
Өсімдікпен иленген былғарыдан жасалған аяқ киімнің үстіңгі жағының ішкі бөлшегі - ол тікелей табанмен жанасады және ауа жіберуге қабілетті, барынша жүмсақ болуы тиіс. Төсеме мүрындық және өкше бөліктерінде аса қарқынды тоза- ды.
Қатты сірі
Ішкі сірі - аяқ киімнің үстіңгі бетінің екі бөлшегін артқы біріктіруге негізделетін элемент. Сірінің жүмсақ қабаты мен сірі арасында орналасқан. Өкше бөлігі пішінінің түрақтылығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар, аяқты сыртқы механи- калық әсерлерден қорғаныс үшін қызмет етеді және аяқ киімде аяқтың орнығуына әсерін тигізеді. Табиғи тоқым былға- рыдан, термоқабаттан, былғары қатты қағаздан, гранитольден жасалады.
Табан
Тікелей жермен жанасатын аяқ киімнің төменгі бөлшегі. Сәнді аяқ киімде оның қалыңдығы шамамен 5 мм, төзімді де - тиісінше, қалыңырақ болады. Ол табанды топырақпен жанасудан сақтайды, жүру, жүгіру, секіру барысында меха- никалық әсерлерді жеңілдетеді, аяқ киімді тозудан, оған су және кір кіруден, сонымен қатар, белсенді орта әсерлерінен қорғайды. Үстіңгі беттің сыртқы бөлшектерімен бірге, табан дизайны да аяқ киімнің сыртқы түрін қалыптастыруға қаты- сады. Протектор суреті (табанның жүру қабаты) аяқ киімнің үйкеліске төзімді (тайғанауға қарсы) қасиеттерін анықтайды. Аяқ киімді кию барысында табан қарқынды әсерлерге - топырақтан шөгілуге, қысылу және майысу барысында көпте- ген зақымдалуға, ылғалдануға және кебуге, температураның ауысуына үшырайды. Табанның сапасына аяқ киімді кию үзақтығы байланысты болады.
Салынатын ұлтарақ
Негізгі үлтарақтың пішініне сәйкес келетін аяқ киімнің бөлшегі. Аяқ киімнің эстетикалық, қолайлылық және гигие- налық сипаттарын жақсарту үшін қызмет етеді. Табанның төменгі қабатымен жанасатын аса жүмсақ былғарының қаба- тынан түрады.
Негізгі - қондырма ұлтарақ
Аяқ киімнің үсті мен асты жабыстырылатын, табанның барлық үстіңгі қабатының астында орналасқан аяқ киімнің астының бөлшегі. Аяқ киімді пайдалану барысында үлтарақ көптеген майысу және қысылуға үшырайды, салынбалы үл- тарақ болмаған жағдайда - терлетуге, табан жағына қажауға үшырайды. Ұлтарақ дайындау үшін қолданылатын матери- алдар осы әсерлерге төзімді болуы тиіс, терді жақсы сіңіруі, шегелерді, жіптерді мықты үстауы тиіс. Аяқ киімде былғары (дара немесе екі қабаттан жабыстырылған), аралас (былғары қабатынан және жасанды үлтарақ материалынан немесе арнайы қатты қағаздан) үлтарақтар қолданылады.
Төсеме
Аяқ киімнің үстіңгі жағын қалыпқа тарту барысында пайда болатын қуыстарды толтыру үшін қызмет етеді.
Супинатор
Көтергіш үлтарақ ішіне бекітілетін аяқ киім бөлшегі. Ағаштан (көптен қолданылмайды) немесе болаттан жасалған серіппеден (10x1,5 см немесе одан жоғары) түрады. Өкше ортасынан алқымға дейін орналасады. Түрақты тірек береді және өкшенің майысуына жол бермейді.
Өкше
Табанның өкшелік бөлігін белгілі бір биіктікке көтеруге арналған аяқ киімнің астыңғы жағының жауапты бөлшегі. Жоғары жылдамдықпен қозғалуға мүмкіндік береді, жүру барысында соққыларды үстайды, бастапқыда аяқты үзеңгіде бекітуге арналған.
Тұмсық (Мүйізше)
Табанның саусақтарының сыртқы беткі қабатын жабатын аяқ киімнің бетінің сыртқы бөлшегі. Аяқ киімді кию бары- сында түмсыққа ең көп механикалық және физикалық-механикалық әсерлер келеді, соның нәтижесінде онда сызықтар, кір қалады.
Қоныш
Жіліншікті, кейде оның бөлігін жабатын аяқ киімнің үстінің сыртқы бөлшегі; санға дейін жетуі мүмкін.
Тіл
Баутесіктен зақымдалудан және баулардың қысымынан табанды сақтау үшін қоныштардың алдыңғы бөлігінің астын- да орналасқан бәтеңкенің үстіңгі қабатының сыртқы бөлшегі.
Аяқ киім өндіру технологиясы
Өнеркәсіптік ауқымдарда аяқ киім өндірісінің технологиясы бірнеше кезеңдерден түрады:
Аяқ киімді өндірудің бірінші кезеңі барлық қажетті техникалық қүжаттаманы әзірлеумен аяқ киімнің бастапқы үлгісін қүруды көздейтін жобалау болып табылады. Жобалау кезеңі кәсіби суретші-модельерлер және қүрастырушылар көме- гімен аяқ киімді үлгілеуден және қүрастырудан түрады.
Екінші өндірістік кезең бастапқы үлгіге сәйкес партиямен аяқ киім өндірісін көздейді. itkk^™■ 1432services.atameken.kz қысқы нөмір 1432 www.atameken.kz91