Байланысты: 100 proektov malogo biznesa kaz 020819
Инвестициялық жобаның мақсаттары: қаптауға арналған жұмсақ контейнерлерін (бигбэгтерді) өндіру цехін ашу.
Өнімі: қаптауға арналған жұмсақ контейнерлер (бигбэгтер).
Жоба құны: 3 505 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 24 ай. Жоба тұжырымдамасы
Өндіріс жұмсақ контейнерлерді шығаруды көздейді. Өндірістің даму кезеңі - бастапқы. Өндірістің басты мақсаты ұйымдар мен компанияларды жоғары сапалы жақсы және берік ыдысқа сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Бұл мақсат үшін жабдық пен материалдар сатып алуды болжамдаймыз.
Ашудың мақсаты мен міндеті. Қазіргі уақытта қаптауға арналған жұмсақ контейнерлердің (бигбэгтердің) өндірісінде кәсіпорындардың аз көлемі айналысады, дегенмен заманауи әлемде оларды сусымалы материалдар өндіретін көптеген компаниялар, тіпті өнеркісіптік кәсіпорындар пайдаланады.
Бигбегтерге сұраныстың туындау себептері отандық өндірістің ішкі нарығында өндірістік үрдістердің және тауар түр- лерінің жаңартылуы, сонымен қатар, өнімнің қаптамалық заттарының толық қайта бейімделуі.
Өкінішке орай, немесе біздің бағымызға, үлкен көлемді ыдыстармен қамту проблемасы қанағаттандырылмаған. Өткі- зу нарықтары - бұл Қазақстанның барлық ірі қалалары. Көптеген ірі өндірістік компаниялар қағаз ыдыс немесе полипро- пиленнен жасалған қапшықтарды сатып алуға алуан қаражат салады. Бірақ ол олардың көңілінен шыға бермейді.
Осы шығынды бөлікті төмендету үшін ірі компаниялардың сұраныстарын қанағаттандыруға көмектесетін жұмсақ контейнерлердің (бигбэгтердің) өндірісін ұсынамыз.
Қалған өндірушілерге қатысты сапалы ыдысқа сұранысты толық қанағаттандыру үшін біздің кәсіпорнымыз ашылады.
Осы жобаның табыстылығының барлық негіздері төменде бизнес-жоспардардың келесі бөлімдерінде келтірілген. Бұл бизнес-жоспар жоғары сапалы бигбэгтер өндірісін ашу үшін 3 млн.теңге сомасында қаржыландыруды тарту мақсатында ұсынылды.
Сапалы және үлкен ыдысқа сұраныстың жағдаятын, сұранысын және өсу келешегін ескере отырып, өндіріс ашу тура- лы мәселе туындайды:
шағын-цех үшін жабдық сатып алу;
қойма жабдығы;
айына 2000 данадан жоғары деңгейінде өткізу көлеміне, айына 5 000 000 теңгеге шығу;
жеке өткізу желісін дамыту және өнім сатып алушыларымен жаңа сауда байланыстарын орнату.
Осы шараларды іске асыру үшін 3 505 000 теңге көлемінде қаражат қажет. Сонымен қатар, шикізаттың тәуліктік шыға- рылымының 10% (максимум) көлемінде өндірістік шығындары көзделген.
Өндірілген өнім бағасына шикізат бағасының жағдайы әсерін тигізеді.
Бигбэгтер өндірісі үшін қолданыстағы бағаларға сәйкес өндіріс үшін қажетті шикізатты басында Ресейде сатып алу жоспарланып отыр. Шикізатты жеткізу теміржол көлігімен жүргізілетін болады. Сатып алумен бірге Ресейден шикізатты жеткізу 2000000 тг құрайтын болады, тапсырыс үшін кәсіпорынның алдын ала төлемі жеткізу туралы шартқа сәйкес 100% құрайтын болады
Ұйымдастыру жоспары
Қызметтің бұл түрін жүргізу үшін шағын бизнес субъекттері үшін салық салудың жеңілдетілген режімінің негізінде арнайы салық режімін қолданумен ЖШС ұйымдастыру ұсынылады.
Кәсіпорынды жалпы басқаруды директор жүзеге асырады. Қызметкерлер құрамы жергілікті халық қатарынан құрылған. Кәсіпорынның жұмыс режімі: 8-сағаттық жұмыс күнімен 6-күндік жұмыс аптасы.
Шағын-цехтің ұйымдастыру құрылымы құрылған және келесі түрде ұсынылған: Пішушілер, матаушылар, тігіншілер, директор
Лауазымы
Бірлік саны
Жалақы, теңге
Айына сомасы, теңге
Пішушілер
2
40 000
80 000
Матаушылар
1
35 000
35 000
Тігіншілер
2
40 000
80 000
Барлығы:
5
195 000
Өндірісті алаңы 25 ш.м. жеке үйдің үй-жайына орналастыру болжамдалады. Дайын өнімді өндірістік және өнеркәсіптік компаниялармен, қоймалармен алдын ала уағдаластық бойынша өткізу жоспарлануда. Өнідірістік шағын-цех өңіріміздің жеңіл өнеркәсібі нарығында өзінің лайықты орнын алуды жоспарлап отыр. Ұзақ келешекке қатысты, төртжіпті бигбэгтер және жабдықтар мен құралдарға арналған тысқаптар өндірісін ашу жоспарлануда.
қаржылық жоспар
Шағын-цехтің қалыпты қызметінің басты жағдайларының бірі ақшалай қаражатпен қамтамасыз етілуі, оны бағалауға ақша ағындарының талдауы мүмкіндік береді. Ақшалай қаражаттың ағынын тиімді басқару үшін уақыт кезеңі үшін оның айқымдылығы қандай екенін, оларды құрастыратын негізгі элементтері қандай екенін білу керек.
1 бигбэг ыдысының құны 2 500 теңгені құрайтын болады. Ыдыс биіктігі 2,2 м, биіктік сыйымдылығы 1,25 м болады, қажет болған жағдайда тапсырыс берушінің талаптарына байланысты өзге мөлшерлер шығарылатын болады.
Біздің өнімнің бағасын ұстап тұру негізгі жолдарының бірі тауар өніміне үстемені ұстап тұру, өндірістік үрдісті дұрыс басқару және өндірістік шығындарды төмендету болады.
Жыл ішінде шығарылған өнімді өткізуден түсім 6 млн. теңгені құрайды.
1 бигбэгті шығарудың өндірістік өзіндік құны 1152 тг.
Айлық шығарудың толық өзіндік құны 2 304 мың тг/ай.
Пайда жылына 32 млн. теңгені құрайды.
Осылай, кәсіпорын өз қызметінің нәтижесінде табыс өсуіне оң әсерін беретін маркетинг және қаржылық ағындарды басқару бойынша бағытталған жұмысты жүргізетін болса, ақшалай қаражаттың төлемдерден асуын қамтамасыз етуге қабілетті.
Пессимистік болжамда табыстылық деңгейі 32,2% құрайды.
Ақшалай ағындарды тиімді басқару және маркетинг саласында ауқымды жұмыс қажет, ол түсімдердің теңгерілімдігі және ақшалай қаражаттың жаратылуы, ресурстарды басқару үлкен мүмкіндіктерінің есебінен шығындарды оңтайландыру және өтімділігін арттыру тұрғысынан қаржылық және өндірістік икемділік дәрежесін арттырады.
Осы есептеулерге сәйкес, тіпті өңір нарығына 15%-дық қатысумен орташа есеппен 2000 дана/ай өндірісін көздейтін пессимистік сценарий барысында жоба 24 айдан кейін өзін өзі ақтайды.
Сонымен қатар, бизнесті басқару жаңа технологияларын енгізу және өнім шығарудан басқа өнім шығарылуын ұлғай- туға қолжеткізудің негізгі әдісі жақсы жарнама кампаниясы және кәсіпорын қызметкерлерін материалдық ынталандыру болып табылатынын ескеру қажет. Сондықтан келешекте өнімді соңғы өткізу нәтижелерінен бонустарға негізделген сый- ақы беру жүйесін енгізуді ұсынып отырмыз.
Осы көрсеткіштерге қолжеткізу негізгі шарттарының бірі қалыптастырылған өткізу арналары және белсенді жарнама кампаниясын өткізу болып табылады.
Бигбэгтерді өндіру шағын-цехін ашуды қаржыландыру көзі ретінде «Бизнестің даму картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант бөлу қаралуда. Қаражатты пайдалану бағыттары келесі түрде жоспарлануда: