Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019



бет32/111
Дата08.02.2023
өлшемі3,33 Mb.
#167962
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   111
Байланысты:
100 proektov malogo biznesa kaz 020819

Әлеуметтік және зейнетақы аударымдары
ЖК үшін әлеуметтік салық: 7 500 000 теңге *3% *0,5= 112 500 теңге, ЖК үшін әлеуметтік аударымдар: 42500 теңге (1ЕТЖ) *10*3.5%*12ай= 178 500 теңге (егер ай табысы 10ЕТЖ жоғары болса, онда әлеуметтік аударымдар 10ЕТЖ есепте- луі керек). ӘС=0, ЖК ӘА: 112 500 теңге (д.а. ӘА>ӘС, онда ӘС=0, ал ӘА=ӘС), салық салудың жеңілдетілген жүйесіндегі ЖК үшін ӘА ӘС аспауы тиіс, егер ӘА ӘС қарағанда жоғары болса, онда ӘА=ӘС. ӘА төлемі 112 500 теңге, ал ӘС нөлге тең. ЖК үшін зейнетақы аударымдары: 42500 теңге (1ЕТЖ) *10% = 4250теңге *12ай=51000 теңге. Қызметкерлердің әле- уметтік аударымдары міндетті зейнетақы салымдарын алып тастаған жалақы сомасының 3.5 % тең: (720 000теңге (ҚА)

  • 72 000 (МЗС))*3.5% = 22 680 теңге.

Салықтар және бюджетке төлемдер.
Жоба аясында салық салудың жеңілдетілген жүйесі бойынша корпоративтік табыс салығы, түсімнің 3% төленетін болады - 225 000 теңге (7 500 000 теңге*3%). Оның ішінде ЖК ЖТС 225 000 теңге *0,5= 112 500 теңгені құрайды.


31. КИІЗДЕН ӨНІМДЕР ӨНДІРУ





Жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жоба мақсаттары: киізден өнімдер жасау.
Қызметтері:
тұтынушылар үшін киіз өнімдерін сату.
Жоба құны: 2 847 780 теңге.
Жоба тұжырымдамасы
Бизнес-идея тұтынушыларды киіз өнімімен жабдықтау үшін киізден өнімдер жасау қызметін ұйымдастырудан тұрады.
Киіз - қойдың иленген жүні. Ата-бабамыз киіз жасаудың керемет технологияларын ойлап шығарған, жүннің табиғи қасиеттерін - жұмсақтығын, жылылығын, икемділігін және төзімділігін дұрыс пайдалана білген. Сарапшылардың айтуы бойынша, киіз синтетикалық қоспасыз жүзпайыздық табиғи материал. Оның артықшылықтары өте көп. Одан жасалған өнімдер адам денсаулығы үшін пайдалы екендігі медицинада дәлелденген.
Киізден жасалған өнімдер экологиялық таза, ол заманауи тұтынушы үшін өте маңызды. Киім және аяқ киім өндірісін- де синтетикалық біртипті материалдардың гүлдену дәуірінде табиғи материалдар халық арасында аса сұранысқа ие. Олар қауіпсіз, ұстағанға жағымды, жылдың салқын кезінде жақсы жылытады. Киізден жасалған өнімдер тек қыста ғана сұра- нысқа ие деп ойлау қате.
Еуропада табиғи материалдардан жасалған өнімдер үлкен сұранысқа ие, ал жасанды материалдардан жасалған киім- дерді көбінесе халықтың нашар қамтамасыз етілген топтары киеді.
Статистикаға сәйкес Республикада өзінің сувенирлік өнімі нарықтың тек төрттен бірін алады. Киізден жасалған өнім- дер көркемдік және тұрмыстық салада үлкен әлеуеті бар және әсіресе ауылды жерлерде табыс көзі және өзін өзі жұмыспен қамту құралы бола алады. Жыл сайын қолөнершілердің 60 пайыздан астамы республикалық және халықаралық көрме- лерге қатысады. Жақын уақытта шеберлер өзбек, қырғыз, ирандық, түрік, қытайлық және ресейлік өндірістің сувенирлік өнімдеріне бәсекелестік құруға ниетті.
Киіздің шексіз мүмкіндіктері өте көп. Бұл экологиялық таза материал сәнді киім, аяқ киім, әшекейлер мен интерьер заттарын дайындау үшін танымал, жоғары сұранысқа ие шикізат болуы міндетті.
Қызмет сипаты
Мақсатты тобы жергілікті халық және туристер болып табылады.
Киізден күніне келесі өнімдерді шығару өндірісі жоспарланып отыр:

  • Үй шәркесі - 2 жұп (1 жұпқа 500 гр жүн)

  • Әйелдерге арналған тауарлар:

  1. сөмкелер - 1 дана (1 бірлікке 400 гр жүн),

  2. қалпақтар - 1 дана (1 бірлікке 350 гр жүн),

  3. мойынорағыштар -1 дана (1 бірлікке 300 гр жүн),

  4. моншақтар -1 дана (1 бірлікке 150 гр жүн).




Атауы

барлығы, теңге



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет