Байланысты: 100 proektov malogo biznesa kaz 020819
Инвестициялық жобаның мщсаттары: керамикалық тығын кірпіш өндірісін ұйымдастыру. Жоба құны: 70 600 000 теңге. Өзін өзі ақтау мерзімі: 35 ай. Жоба тұжырымдамасы Жоба тұжырымдамасы Солтүстік Қазақстан облысында керамикалық тығын кірпіш өндірісін ұйымдастыруды көздей-
ді. Кірпіш зауытының қуаттылығы жылына шартты кірпіштің 3 500 000 данасын құрайды. Құрылыс материалдары өнеркәсібінің өнімі Қазақстанның өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінде 5% астамын ала-
ды. Сала кәсіпорындарында цемент, шифер, асбестоцементті құбырлар, жұмсақ жабын материалдары, линолеум, сани-
тарлық-құрылыс фаянсы, едендерге және ғимараттарды қаптауға арналған қаптама керамикалық плиткалар, іріпанелді үй
құрылысына арналған панелдер мен өзге конструкциялар, қағаз өнеркәсібіне арналған коалин, радиаторлар, конвектор-
лар және бірқатар басқа құрылыс материалдары мен конструкциялары шығарылады. Республика құрылыс материалда-
рын шығару үшін алуан түрлі шикізаттың жеткілікті қорларына бай. Қазіргі уақытта Қазақстанның құрылыс саласында
шоғырлану үрдісі байқалуда, ол ұзақ мерзімді келешекте саланың дамуына қолайлы әсерін тигізеді. Инфрақұрылымды
салу және баспаналық құрылысты қалпына келтіру де құрылыс саласының (жабдықтау байластырылған базасымен бірге)
болашақта өсуіне мүмкіндік береді. Құрылыс материалдарының нарығы бірнеше нақты санаттарда ұсынылған - ең алдымен бұл цемент, левкас, кірпіш,
бетон қоспалары секілді негізгі материалдар. Отандық өндіріс құрылыс материалдары - әк, асбест, ғаныш, саз табиғи
шикізаттан дайындалатын салаларда басымды. Мұнда жергілікті нарықтың сұранысы 75-100% шамасында қанағаттан-
дырылған. Осымен қатар, әрлеу материалдарылактар, бояулар, түсқағаздар, еден жабындылары, сондай-ақ, құралдар
қазақстандық сөрелерге Еуропадан, Азиядан, ТМД елдерінен түседі. Мамандардың айтуы бойынша - Кедендік Одақ
құрылғалы бері Ресей мен Беларусьтен тауарлар түрлері айтарлықтай кеңейтілді, ал Қытай, Түркия өндірушілері жеткізу-
ді төмендетті. Өнім сипаты Жаңа өндірістерді дамыту үшін жоспарланған бағыттарға қызметтің келесі түрін жатқызу
қажет: керамикалық тығын кірпіш өндіру және өткізу. Өнім түрінің сипаты төменде кестеде келтірілген.
Шығарылуы жоспарланған өнім түрлері
Атауы
Сапа стандарты
Сипаты
Тығын кірпіш
МЕМСТ 530-2012 «Керамикалық кірпіш жэне тас. Жалпы техникалық талаптар.»
Бұл стандарт ғимараттар мен құрылыстардың салмақ түсетін, салмақ өзіне түсетін жэне салмақ түспейтін қабырғаларын жэне өзге элементтерін қалау жэне қаптау үшін қолданылатын керамикалық кірпішке жэне тасқа (бұдан эрі - өнімдер), сондай-ақ, үлкен жүктемеге ұшырайтын іргетастарды, жабындарды, қабырғаларды қалау үшін қолданылатын клинкерлік кірпішке жэне түтін мұржаларын, өнеркэсіптік жэне тұрмыстық пештерді сыртқы қалауға арналған кірпішке таратылады.
Маркетинг жоспары және нарықты талдау Кірпіштің қолданыстағы нарығын талдаудан келесі қорытындылар жасауға болады:
Қазақстандық кірпіш нарығында өндіріс құрылымындағы ең үлкен үлес керамикалық құрылыс кірпішіне тиесілі. Өнімге негізгі сұраныс тұрғын үйлер құрылысының сегментінде шоғырланған.
Қазақстандық кірпіш нарығы құрастырылған және әлсіз шоғырланған, ал кірпіш өндіретін кәсіпорындар СҚО басқа барлық облыстар бойынша барынша бірлей бөлінген. Елдің әрбір облысы, көбінесе жеке өңірлер тұрақты таңдауы, өн- дірушілері және тұтынушылары бар қалыптасқан жеке нарықтан тұрады.
Біздің елде кірпіш өндірісімен көптеген кәсіпорындар айналысады. Дегенмен, соңғы жылы кәсіпорындар санының азаю тенденциясы байқалуда. Кірпішті тек қана мамандандырылған зауыттар емес, сондай-ай, кен қазу салаларының ме- таллургиялық, машина құрылысы, химиялық кешендерінің кәсіпорындары, сонымен бірге, тыңайтқыштарды өндіру ком- бинаттары шығарады. Ереже бойынша, кәсіпорындар жергілікті шикізат базасын қолданады, ал өнімді өндіріс орнынан кем дегенде жүздеген километр радиуста өткізе.
СҚО кірпіш нарығындағы қазіргі жағдайды ескере отырып, керамикалық тығын кірпішін данасы үшін 45 бойынша өткізуді жүзеге асыру жоспарланып отыр. Маусымдылық құрылыс жұмыстарына тендерлер жарияланғанына тікелей байланысты болады. Тендерлерді жария- лау мерзімдері жылдан жылға әртүрлі. Тек жазғы айларға күш салу өзгеріссіз қалуда. Маусым емес кезең әрбір жылдың қаңтарынан бастап наурызға дейін болып табылады. Технологиялық үрдіс. Кірпішті қалыптастыру қоспаға белгілі қалып пен көлем беру, дәлірек, өнім үлгісін (жартылай дайындалған өнімді) алу үрдісін айтады. Үлгі құрылымы айтарлықтай шамада өнімнің күйдіргеннен кейін құрылымы мен сипаттарын анықтай- ды. Қалыптастыру барысында кептіру мен күйдіруде отыруын төмендету үшін қатты фазаның құрамын барынша ұлғай- туға тырысады. Саздардың иілгіштігі ерекше деформациялық сипаттар - аз жабысқақтық және тұрақсыздыңтың барынша жоғары шегімен түсіндіріледі. Қоспаларды қалыптастыру сипаттарының көрсеткіштері сыртқы және ішкі үйкелу арасындағы арақатынас болып та- былады. Егер қоспаның ішкі үйкелуі (когезия) машинаның қалыптастыру органына үйкелуінен (аутогезия) жоғары болса, қалыптастыру мүмкін деп есептейді. Иілгіш қалыптастыру қоспасының негізгі сипаттары қатты фаза бөлшектерінің минералды құрамына, пішініне және көлемдеріне, уақытша технологиялық байланыстың түріне және көлеміне, бөлшектердің беткі қабатында гидратты қа- баттардың пайда болу қарқындылығына байланысты болады. Сұйық фаза құрамы ұлғаюмен ішкі үйкелу коэффициенті максимумнан асып өседі. Өзге көрсеткіштер әртүрлі қарқындылықпен бірқалыпты төмендейді. Бұл әрбір қоспа үшін қа- лыптастыру ылғалдылығының оітайлы мағынасын таңдауға мүмкіндік береді. Ең жақсы қалыптастыру сипаттар жүйеде бос су барынша аз болғанда байланысқан судың барынша дамыған қабаттары бар салмаққа тиесілі. Өнім пішіні қаншалықты күрделі болса, оның қалыптастыруын соншалықты жоғары ылғалдылықта жүргізеді. Оны жеңілдету үшін кейде қоспаға жоғары иілгішті монтмориллонитті саздарды қосады. Итеру қатты құрылыс керамикасы (кірпіш) өнімін қалыптастырудың соңғы операциясы және жаю және тығыздау алдында иілгіш жұқа керамикалық қоспаны қайта өңдеудің аралық кезеңі болып табылады. Итеру көлденең және тік болады. Оны иірмек вакуумды тығыздағыштарды орындайды. Иірмек тығыздағышта қоспа қозғалысы барысында күр- делі көлемді-кернеулі жағдай туындайды. Иірмек қалақтары қоспаға түсуші және айналмалы қозғалысты хабарлайды, ал тығыздағыш корпусының қабырғалары оларға жақын тұрған қабаттарға қоспаның ауысуын баяулатады. Қоспа тығы- здағыш басына жылжыған сайын оның айналуы баяулайды, бірақ перифериялық қабаттар үлкен жылдамдықпен жылжи- ды. Қоспаны иірмектің соңғы орамы барынша нығыздайды. Оған ішінара айналуды хабарлай отырып, қоспаны цилиндр- ден тығыздағыш басына түрлі жылдамдықтармен итереді. Қалыптастырылған кірпіш бұдан әрі кептіріледі. Жартылай дайындалған өнімді кептіру деп ылғалды керамикалық жартылай дайындалған өнімнен немесе шикізат- тан суды буландырумен шығаруды айтады. Пластикті қалыптастыру немесе шликерлік құюмен дайындалған және сазды құрамдастардың үлкен көлемінен тұратын шаруашылық және құрылыс керамикасы өнімдерінің жоғары ылғалды жарты- лай дайындалған өнімін кептіру аса жауапты болып табылады. Керамикалық өнімдерді кептіру үрдісі оның құрамындағы суды сұйық қалыптан бу тәріздес қалыпқа айналдыру және оны қоршаған ортаға бұдан кейінгі жоюдан тұрады. Сонымен бірге, кептірудің қажетті шарты өнімді жылытатын сыртқы жылу көзінің болуы болып табылады. Пластикті қалыптастыру дайындалған шаруашылық және құрылыс керамикасы өнімдерінің жоғары ылғалды жартылай дайындалған өнімін кептіру аса жауапты болып табылады. Кептірудің қарапайым түрі өнімді ауада кептіру болып табылады, онда материалдан ылғалдың шығуы күннің жылу энергиясынан болады. Қазір- гі уақытта өнімдерді кептіру арнайы қондырғылардан алынатын жылу есебінен жүзеге асырылады. Кептіру қоршаған орта параметрлеріне (температура, ылғалдылық және жылутасығыштың қозғалыс жылдамдығы), ылғалдың материалмен байланыс нысанына, жартылай дайындалған өнімнің құрамына, құрылымына, ылғалдылығына және температурасына байланысты. Егер кептіру жартылай дайындалған өнім және орта арасындағы температураның аз өзгеруінде, жылу тасығыштың төмен жылдамдықтарында және жоғары ылғалдылығында жүргізілсе, онда жартылай дайындалған өнімнің ылғалдылығы бастапқыдан баяу төмендейді, ал температура ылғалды термометр температурасына дейін жоғарлайды. Үлгінің ортасы беткі қабатқа қарағанда баяу жылиды.
Кептіру барысында судың булануы диффузиялық жолмен жүреді. Қозғалыс күші жылу тасығыштың беткі қабатын- дағы және көлеміндегі будың парциалдық қысымының әртүрлілігі болып табылады. Үлгінің сыртқы қабаттарындағы ылғалдықтың төмендеуі оның көлемінде ылғалдылық градиенті пайда болуымен сүйемелденеді, ол үлгі көлемінен беткі қабатқа тамшылы сұйық судың диффузиясын тудырады. Суды шығару барысында үлгі кеуектерінде сұйықтықтың иілген тегіршіктері туындайды. Капиллярлық қысым ұлғая- ды, сұйықтық қабаттарының қалыңдығы төмендейді, қаңқа жасап, бөлшектер жақындайды. Сыниға жақын ылғалдылықта капиллярлық күштер үйкелу күштерімен теңеседі, бөлшектердің жақындалуы мен үлгінің отыруы тоқтатылады. Ылғал- дылықтың бұдан әрі төмендеуі көлемдерін өзгерусіз кеуектер көлемі босатылу есебінен жүреді. Сыни ылғалдылық және отыру көлемі кептірудің режіміне байланысты. Теңестірілген жағдайларда кептірілген үлгілер аса жоғары отырады. Жылу тасығыштың температурасы қаншалықты жоғары және ылғалдылығы төмен болса, отыру соншалықты аз. Үлгі көлеміндегі ылғалдылық градиентінің өсімі іс жүзіндегі және барынша болжамды отыру арасындағы айырмашылықты ұлғайтады. Бұл айырмашылық (жіберілмеген отыру) механикалық кернеудің пайда болуына әкеледі. Егер соңғысы материалдың төзімділік шегінен асса, онда үлгі денесінде сызат пайда болады. Кептірудің төмендеуші жылдамдығы кезеңінде отыру болмайды, сол себептен, жылу тасығыштың қозғалыс жылдамдығы мен температурасын арттырып, кептіру жетілдіруге болады. Кептіру барысында әртүрлі ақаулар туындауы мүмкін. Үлгі денесі арқылы өтетін үлкен сызаттар кептірудің бірінші кезеңінде ылғал өткізушілік коэффициенті төмен үлгіні жылытудың жоғары жылдамдықтарынан болады. Ортасындағы сызаттар ылғалды орталық бөліктердің отыруын болдырмайтын үлгі жиектеріндегі бөлшектердің қатты қаңқасы пайда болған соң пайда болады. Шет жақтарын ылғал оқшаулаушы заттекпен (маймен, сульфитті-спиртті барда немесе поливи- нилді спирт ерітіндісімен) жағып, шеткі және орта сызаттардың пайда болуына жол бермеуге болады. Жақтау сызаттары отыру үрдісінде үлгінің қойғышқа үйкелу барысында пайда болады. Ақаудың бұл түрі пластикті қалыпты кірпіш үшін сипатты. Мұның алдын алу үшін өнімді бір шетінен екінші шетіне ауыстырып тұрып, сепкіш (құм, жоңқа, төзқыш) қол- дану керек. Шағын сызаттар мен шашты сызаттар кептірілген жартылай дайындалған өнімнің түтінді газдарынан немесе ауасынан суды сыртсіңірту барысында туындайды. Ақаудың бұл түрін болдырмас үшін осы температурада материалдың ең жоғары ылғал көлемдігінен бірталай жоғары ылғалдылықта кептіруді тоқтату керек. Өнім сапасын қамтамасыз ететін маңызды физикалық-химиялық үрдістер жартылай дайындалған өнімді күйдіру барысында болады. Керамикалық кірпішті күйдіру үрдісі шартты түрде төрт кезеңге бөлінуі мүмкін: 200°С дейін жылыту және соңына дейін кептіру-саздан физикалық суды жою;
«взвар» - 980-1000 °С күйдіру температурасына дейін - сүйектің пісуі;
салқындату, «қатыру» - баяу 500°С дейін және жылдам 500 бастап 50 °С дейін күйдірілген өнім.
Осындай кезеңдерге өндірістік бөлу күйдіру барысындағы керамикалық қоспадағы реакциялардың мәнін ашпайды. Керамикалық өнімдерді өндірістік күйдіру барысында ешқашан термодинамикалық теңестіруге қолжеткізілмейді. Сүйекті қалыптастыру барысында туындайтын үрдістерге әсер ететін пештегі газдық орта маңызды рөл атқарады, сол себептен, ол күйдіру режімін реттеуі тиіс. Бұл орта қышқылды, нейтралды және қалпына келтірілген болуы мүмкін. Материалды пісіру - күйдіру үрдісінің маңызды сәті, себебі осы уақытқа керамикалық өнімнің қалыптастырылуы аяқталады. Өнімнің пісуінің аяқталуы оның отыруының тоқталуымен сипатталады. Піскен материалдың шартты көрсет- кіштері оның су жұтуы болып табылады. Керамикалық сүйекті қалыптастыру үрдісіне келесілер әсер етеді: шикізаттың химиялық және гранулометриялык құрамы, қоспадағы құрамдауыштар қатынасы, сонымен қатар, күйдірудің температуралық-газды режімі. Бұл үрдіс келтірілген үлгіден айтарлықтай күрделірек, ол пісірілетін бөлшектердің қалпы, көлемдері және олардың арасындағы байланыстардың конфигурациясының алуан түрлілігімен; өзге туындау көздерінің болуымен және бос орын- дардың жиналуымен; тек қана көлемді емес, сондай-ақ, беткі диффузияның болуымен түсіндіріледі. Қатты құрылыс керамикасының өнімдерін күйдіру жеңіл балқитын бірігудің ең төменгі көлемі пайда болғанға дейін жүргізіледі, ол саз тудыратын минералдардың дегидратталған бөлшектері мен кварц өзектерін байластырады, нәтижесін- де өнімдердің жеткілікті механикалық төзімділігін қамтамасыз етеді. Күйіп қалған өнімдерді салқындату - маңызды операция болып табылады. 800-780°С температурасында құрылыс керамикасы өнімінің сүйегі пиропластикті жағдайда болады және қатты қалыпқа ауысады, сондықтан, жергілікті ажы- рағышпен (сызаттармен) заряды бітуі мүмкін кернеулердің пайда болуын болдырмас үшін салқындатуды төмендету ке- рек. Сонымен қатар, 650- 500°С учаскесі қауіпті деп санайды. Осы айтылғанның негізінде, күйдірудің температуралық режімін таңдау үлкен мағынаға ие деп қорытындылауға бо- лады. Саз құрамындағы жеке құрамдауыштардың дегидраттау, декарбондау, қышқылдану және қалпына келтіру реак- циялары тез балқитын эвтектиктің пайда болу реакциясына араласпауы тиіс. Бұл реакциялар бірінен кейін бірі жүруі тиіс, бірақ іс жүзінде керамикалық қоспалардың күрделі құрамының салдарынан сұйық бірігулердің пайда болуы әдетте декарбондау, қышқылдану аяқталғанша басталып қояды. Бизнесті жүзеге асыру үшін қажетті материалдар арасында керамикалық тығын кірпіш өндірісінің аясында ерекше орынды қоңыр және ақ саз, көмір және су алады. Шикізаттың барлық түрлерін облыс шетінен шықпай ақ, өңірде алуға болады. Бір жеткізушіден екінші жеткізушіге өту құны көп емес. Шикізат пен бастапқы материалдардың дифференциаци- ялау дәрежесі жоғары емес, себебі шикізаттың барлық түрлері барлық жеткізушілерде бірдей. Бұған қоса, Жоба басшысының кірпіш зауытына тікелей жақын орналасқан саз және балшықтың Затон кен орнында кен қазу құқығы бар. Қорлардың қалдығы 3 000 000 м3 құрайды.
Лауазымы
Адам саны
ЕТҚ айына, мың теңге
ЕТҚ жылына, мың теңге
Әкімшілік-басқару қызметкерлер құрамы
Директор
1
150
1 800
Бас есепші
1
100
1 200
Цех бастығы
1
100
1 200
Механик
1
100
1 200
Қойма меңгерушісі
1
100
1 200
Барлығы:
5
550
6 600
Инженерлік-техникалық қызметкерлер құрамы
Жүк артқыш
1
80
960
Шихташы
1
80
960
Іріктеуші
1
80
960
Басқару пультінің операторы
1
80
960
Құюшы
1
80
960
Тығыщдағыш операторы
1
80
960
Автомат-қалаушы операторы
1
80
960
Бос вагоншаны айдаушы
1
80
960
Жүкті вагоншаны айдаушы
1
80
960
Тиеу арбасының операторы
1
80
960
Кептіргіш
3
180
2 160
Жүк түсіру арбасының операторы
1
80
960
Бақшылары
6
360
4 320
Пешке салушы-шығарушы
2
160
1 920
Күйдіргіш
3
180
2 160
Дайын өнімді шығарушы
6
360
4 320
Көмір езгіш
1
80
960
Қосалқы жұмысшы
2
160
1 920
Электрик
2
160
1 920
Темір ұстасы
1
80
960
Дэнекерлеуші
1
80
960
Қаптаушы
1
80
960
Экскаваторшы
1
80
960
Барлығы:
39
2 840
34 080
Қосалқы-көмекші қызметкерлер құрамы
Жинаушы
1
50
600
Күзет
6
360
4 320
Барлығы:
7
410
4 920
ЖАЛПЫ:
51
3 720
45 600
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы келесі негізгі ұйымдық бірліктерінен тұратын болады:
Директор. Оның міндеттеріне компанияның ағымдағы қызметін басқару, керамикалық кірпіштің үзіліссіз өн- дірісін және өткізуін қамтамасыз ету кіреді. Директор жұмысы кірпіш зауытының жұмысын тиісті деңгейде ұстау үшін барлық қажетті әрекеттерді жүргізуін бақылаудан және кірпіш өндірісі үшін қажетті құрасындарды жеткізу графиктерін қатаң сақтауды бақылаудан тұрады. Оның тікелей басқаруына: бас есепші, цех бастығы, механик және қойма меңгерушісі кіреді.
Бас есепші. Оның міндеттеріне кәсіпорынның бухгалтерлік және салық есебін жүргізу кіреді.
Компанияның барлық қызметкерлерін біліктілік талаптар тұрғысынан үш үлкен топқа бөлуге болады:
Әкімшілік-басқару қызметкерлер құрамы;
Инженерлік-техникалық қызметкерлер құрамы;
Қосалқы-көмекші қызметкерлер құрамы.
Атауы
ЖАЛПЫ, мың теңге
Жабдық жэне үй-жайларды жөндеу
9 000
Күйдіру пешін қалпына келтіріп жөндеу
29 200
Кептіру күйдіру вагоншаларын дайындауға арналған материалдардың бөлшектерін сатып алу
13 100
Жаңа жинақты трансформаторлық кіші стансаларды (ЖТС) сатып алу жэне орнату
4 000
УАЗ-220695-460-04 маркалы автокөлігін сатып алу
5 300
Инвестициялық жоба аясында айналымды капиталды құрастыру
10 000
БАРЛЫҒЫ
70 600
ЖШС салық салудың жалпы орнатылған жүйесі бойынша жұмыс істейді. Осыған байланысты, корпоративтік табыс салығы болжамдау барлық кезеңіне салық салынатын табыстан 20% көлемінде қабылданды. ЖШС ҚҚС төлеушісі болып табылады. Осыған байланысты, болжамдық есептерде болжамдаудың барлық кезеңіне 12% көлемінде ҚҚС есептеумен табыс алу және шығындар бөлігін тапсыру (жалақы, жалақыдан аударымдар, салық ауда- рымдары бойынша шығындар және сыйақы шығындарынан басқа барлық шығындар) көзделді. Сатудан түсім
Жалпы және әкімшілік шығындардың барлығы (ҚҚС есептемегенде)
35 443
67 725
71 237
75 114
79 367
Қарыз бойынша сыйақы
3 511
3 726
3 072
2 421
1 769
Қаржыландыру шығындарының барлығы (ҚҚС есептемегенде)
3 511
3 726
3 072
2 421
1 769
Өзге шығындар
240
514
549
588
629
Тауарлар мен қызметтер үшін төленген ҚҚС
26
55
59
63
67
Өзге шығындардың барлығы (ҚҚС есептемегенде)
214
459
490
525
562
САЛЫҚ САЛУҒА ДЕЙІНГІ ТАБЫС
6 325
38 859
43 714
48 763
54 007
Табыс салығы
1 265
7 772
8 743
9 753
10 801
ТАЗА ТАБЫС
5 060
31 087
34 971
39 010
43 206
№
Атауы
Құны, теңге
1
Инвестициялар
6 000 000
Жеке қаражат
0
Несиелік қаражат
6 000 000
% қатынаста
Жеке қаражат
0
Несиелік қаражат
100%
Барлығы:
6 000 000
Өнім сипаты. Матрац немесе матрас - қатты қаңқалы немесе қаңқасыз кереуетке арналған жұмсак
төсек. Қажетті каттылықты дәне ыңғайлылықты қамтамасыз ету үшін толытырылған,
серіппелі болуы мүмкін. Матрастардің бірнеше түрлері болады:
Ортопедиялық. Матрастардың негізгі түрі. Дененің әртүрлі бөліктерін ұстап тұруы-
ның арқасында омыртқаға салмақты төмендетеді және қан айналымын жақсартады.
Балалар матрастары. Ересектер матрасынан көлемімен ерекшеленеді - 120x60 см.
Ойылуға қарсы. Төсекке таңылған адамдар үшін медициналық мақсаттарда қолда-
нылады.
Гельді. Гельді пайдалану есебінен ұйықтайтын адамның пішіндерін барынша сақта-
уға қол жеткізіледі. ■ Топперлер - ескі матрас немесе диван үстіне төселетін жұқа матрас (4-8 см). Матрастар жоғары сапалы материалдар мен кұрамдауыштардан жасалады. Компанияда жұмыс жасайтын кәсіпқойлар тобының қолынан тіпті ең күрделі тапсырыстарды орындау келеді. Компания мақсаты - өндірісті кеңейту, жаңа техноло- гиялар әзірлеу және матрастардың жетілдірілген үлгілерін ойлап табу, шетелге экспорттау. Компания тобының пікірі бойынша, сапалы матрастар сатып алушылардың тек шектелген тобына ғана қолжетімді астамдық болмауы тиіс. Дәл осы мақсатпен заманауи технологиялар, еуропалық кұрамдауыштар және шетелдік әріпте- стердің жетекші тәжірибелері тиімді қолданылуда. Компания әртүрлі көлемдердегі ортопедиялық матрастарды өндіреді. Нарық және бәсекелестер туралы мәліметтер. Қазақстанда матрас өндірісімен тек қана бірнеше компания айналысады. Негізгі үлесті Қытай, Ресей, Белоруссия, Еуропа және басқа елдерден әкелінген өнім алады. Қазақстандық өндірісті келесі компаниялар ұсынады: «Рамазан» сауда белгісімен «Фирма Йылдыз» ЖШС (Қостанай қ.); «Новая реальность сна» ЖШС (Қостанай қ); UFUK / УФУК ЖШС (Астана қ).
№
Тауар атауы
Сату бағасы, тг
Тауар немесе қызметтерді өткізу көлемі
1
Ортопедиялық матрастар 80/200
28 800
20 дана
2
Ортопедиялық матрастар 100/200
36 000
10 дана
3
Ортопедиялық матрастар 140/200
46 200
10 дана
4
Ортопедиялық матрастар 160/200
52 800
30 дана
5
Ортопедиялық матрастар 180/200
59 400
27 дана
6
Ортопедиялық матрастар 200/200
66 000
9 дана
Орналасқан жерінің және инфрақұрылым талдауы. Бүкіл өндіріс жалға алынған үй-жайда орналасқан. Жалға алу құны 147 000 теңгені құрайды. Үй-жай өндірістік талап- тарға сай келеді: тиісті жарық, су құбыры, канализация, жылу, ауа тарту. Сатып алынатын активтер тізімі: