биіктігі бойынша аралықтар осі арасындағы қашықтық - 150 мм; егер тосқауылда ересектердің тек шектелген саны айналысатын болса, биіктігі бойынша аралық осьтері арасындағы қашықтықты пайдаланушылардың дене бітіміне сәйкес 220-260 мм ұлғайтуға болады, 150-220 мм диапазоны анатоми- ялық және физиологиялық тұрғыдан «жабық», жаттығу жасау қиын болады; ересектер үшін аралық диаметрі 40 мм және әртүрлі жастағы балалар үшін 24-30 мм (үй спорттық бұрышының құрылғысы туралы материалдарды қараңыз); еденнен төменгі аралық қашықтығы - 150-220 мм; аралық саны - 12-18 ересектер үшін және 10-15 балалар үшін. Тіпті баяу қарқындағы ең қарапайым жаттығулар барысында спорттық жабдықтарға жаттығушының салмағынан көп асып түсетін қарқынды жүктемелер келеді. Балалардан статикалық жүктемелер төменірек, ал қарқындылары ересектерге қарағанда, бала денесінің салмағынан салыстырмалы түрде жоғарырақ. Сондықтан ересектердің толық жаттығулар кешені үшін швед тосқауылы өз конструк- циясының бұзылуынсыз және келесі салмақтағы аралықтардың кез келгенінің ортасына ілінген жүктің құрылыс кон- струкцияларына бекітусіз 20 мин ішінде ұстауы тиіс: 180 кг - күн сайын ересектердің 2-3 және одан көп ауысымда тұрақты жаттығулардың толық кешені үшін; 150 кг - үй немесе балалардың спорттық жарыстары үшін; 120 кг - балаларға арналған үй швед тосқауылы. Технологиялық тұрғыдан швед тосқауылы ағаштан, темірден және мықты пластиктен жасала алады. Ағаш тосқауыл ұстауға жағымды. Болат тосқауыл сүйенішпен жасалатын жаттығулардың күшейтілген кешеніне қолайлырақ. Пластик- тікті тосқауыл - мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін. Ағаштан жасалған швед тосқауылынан бастаймыз, себебі оның жұмысы аз және әмбебап болып келеді. Маркетингтік жоспар Қазақстандық нарықта келесі сатушылар жақсы беделге ие:
Effect-Sport - швед тосқауылдары мен спорттық жабдық сатуға мамандандырылған дүкен. Бренд философиясы - сапаға назар аудару: үздік өндірушілермен ынтымақтастық, міндетті көпдеңгейлі алдын ала бақылау.
Мұнда сатып алушыларды қолжетімді бағалар, үлкен ассортимент және кепілдіктер күтіп тұр.
Inter Atletika - сатып алушыларға бір жылдан 10 жылға дейін спорт құрал-саймандарына қолжетімді бағалар, жеңіл- діктер және кепілдіктер ұсынатын танымал маркалардың жабдығын сатушы. Бұл жерде тренажерлер, швед тосқауылда- рын, спорттық тағам, мүгедектерге арналған жабдық, массаж конструкцияларын табуға болады.
Kampfer - клиенттерге ерекше жағдайлар: жеңілдіктер, тартымды бағалар, даналап сатып алу мүмкіндігі (тұрақты клиенттерге), есеп айырысудың барлық түрлерін ұсынатын, танымал маркалардың спорттық және массаж жабдықтарын көтерме сатушысы.
Karusel - компания балалар орталықтары мен алаңдарына арналған жабдықты (батуттар, лабиринттер, аттракцион- дар) сатуға маманданған. Бірақ ассортиментінде сапалы швед тосқауылдары және спорттық кешендер (көше конструкци- ялары басым, үй жабдығы да бар) бар.
Leader - спорттық кешендер сериялары бірінші кезекте балаларға арналған, дегенмен 100-150 кг дейінгі салмаққа есептелген. Бұл қосымша жабдық жинақтамасын ұсынатын әртүрлі көлемдегі сапалы қауіпсіз конструкциялардың бай ассортименті. Тауарды спорттық дүкендердің ресми сайттарында сатып алуға болады.
Midzumi - ассортименті жоғары сапамен және үлгілерінің алуан түрлерімен ерекшеленетін, үйге және далаға ар- налған балалар және әмбебап кешендер өндірушісі. Бренд көптеген дүкендерде кеңінен ұсынылған.
Pioneer - өндірушінің мамандануы - мектептер, балабақшалар, дала алаңдары үшін оқулықтар мен жабдық жеткізу.
Romana - ассортименті үй спорттық кешендерінің алуан түрлі үлгілерінен тұратын ойын және спорттық жабдық зауыты; өнім қауіпсіздігімен ерекшеленеді және МЕМСТ сай келеді.
Негізгі тұтынушылар Астана қаласының және елордаға жақын жатқан елдімекендердің тұрғындары. Тұрғын үй құрылысының, елорда халқының өсуінің заманауи қарқындарын, сонымен қатар, сыртқы және ішкі туризмнің дамуын ескере отырып, өнімнің аталған тізбесіне үлкен сұраныс болатынына үміт артамыз. Біздің елімізде «Қазақстанда жасалған» жалпы атауымен отандық тауарларды сату патриоттық қозғалысы кеңінен да- муда, осы қатарда спорттық профильдегі тауарларды да көру керемет болушы еді. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, осы бағыттағы бизнестің дамуы уақытылы деп санаймын. Ұсынылған өнімдерге жоспарланған бағалар: Әмбебап 1 - 70 000 тг. Үйге арналған спорттық-ойын кешені 1 - 40 000 тг. Жеткізу-орнату - 3 000 тг. Өткізуді ынталандыру және жарнамалық қызмет Бастапқы кезеңде осындай өнімді өткізу жарнаманы және клиенттерді іздеуге шығындарды талап етеді: БАҚ, интернет арқылы жарнамалық кампания.
Таныстар арқылы тапсырыстар іздеу.
Дизайнерлерге, кеңсе орталықтарына тарату үшін бүктемелер дайындау.
Қалталы адамдарға тікелей ұсыныстар.
Интернет-сайт құру.
Бұл ретте тұтынушыларға назарды аударатын және біздің тауарымыздың сапасы мен артықшылықтарын атап өтетін жүгіну мәтініне ерекше назар аудару жоспарланып отыр. 3
Түтынушылар назарын тарту үшін түтынушылармен жеке байланыстар маңызды рөл атқарады. Бүл шара жарнама секілді тиімді болуы мүмкін. ЖК дамуы және жоғары сапалы өнімдерді шығаруы бойынша «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы бойынша саты- латын тауарлар қатарында болу үшін күш жүмсалатын болады. Қызметті (жарнамалық қызметті) жылжытуға жүмсалатын қаражаттар көлемін жоғарыда аталған тәсілдердің әр- бірімен тартылған түтынушылар санын салыстыру негізінде ай сайын түзету қажет. Клиенттер ағынын үлғайту үшін клиенттерді іздеуге және тартуға қосымша күш және шығындар қажет болады. Ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер құрамы ЖК шағын бизнес субъекттері үшін жеңілдетілген салық салу режімінің негізінде арнайы салық режімін қолданумен жүмыс жасайды. ЖК жалпы алаңы 70 м2 үй-жайды үзақ мерзімді негізде жалға алуды жоспарлайды. Үй-жайдағы сумен жабдықтау, канализация орталық коммуникациялардан жүргізілген. Осы жобаны іске асыру кәсіпкерге жергілікті деңгейде инновациялық өндіріс жүргізу және шағын цех қызметін үй- ымдастыру мүмкіндігін береді, ол қызметтің әртараптандыруын, кәсіпорын табыстылығын және бәсекеге қабілеттілігін үлғайтуды қамтамасыз етеді. Кәсіпорынды жалпы басқаруды директор жүзеге асырады. Еңбек төлеміне шығындарды есептеу, мың тг.