Таза пайда нормасы
|
49%
|
76%
|
84%
|
Әкімшілік шығындар
|
210 000
|
360 000
|
210 000
|
Операциялық қызметтен табыс/шығын
|
797 500
|
10 520 000
|
10 307 500
|
Операциялық табыс нормасы
|
39%
|
74%
|
82%
|
Пайда салығына дейінгі пайда
|
797 500
|
10 520 000
|
10 307 500
|
Салықтар (3%)
|
61 875
|
429 000
|
375 375
|
Таза пайда
|
735 625
|
10 091 000
|
9 932 125
|
Таза пайда нормасы
|
36%
|
71%
|
79%
|
ӨСПЕЛІ ҚОРЫТЫНДЫМЕН ТАЗА ПАйДА/ (ШЫҒЫН)
|
735 625
|
10 826 625
|
20 758 750
|
Тәуекелдер
Тәуекелдер - белгілі бір қызметті орындау барысында күтілгеннен басқа нәтижені, жағдайдың қолайсыз даму немесе залалдар алу мүмкіндігі. Тәуекел әрдайым әлеуетті жағымсыз немесе оқиғаларды нашарлататын жағдайдың туындауымен байланысты. Тәуекелдерді төмендету үшін тиімді шараларды уақытылы қабылдау үшін болжамдау және бағалау керек. Осы мақсатпен аса маңызды тәуекелдерге сапалы жеке бағалау жүргізіледі және оларды төмендету тәсілдері анықталады.
Бизнесті бастау тәуекелі.
Кез келген кәсіпорынның қызметін бастауда туындайтын тәуекел. Бұл тәуекел жаңа кәсіпорын өзінің қызметінің басында бизнесте тұрақты байланыстары мен қатынастардың, мәселелерді және тауындайтын проблемаларды шешу тәжірибесінің, жеткізушілермен және сатыпалушылармен, әкімшілік және бақылау органдарымен тұрақты қатынастар- дың, қалыптасқан беделінің және несиелік тарихының болмауына, заманауи жағдайларда бизнесті жүргізу қиындығына байланысты. Бұл тәуекел жобаны мұқият дайындау арқылы, кәсіби даярланған өндірістік және басқару қызметкерлер құрамының болуымен, жобаның өзектілігімен және сұранысқа ие болуымен төмендетіле алады.
Жобаны қаржыландыруы болмау (толық қаржыландырмау) тәуекелі.
Бұл тәуекел барынша маңызды болып табылады, себебі жоба бойынша оны іске асырудың кез келген кезеңінде қаржы- ландырудың болмауы немесе жетіспеуі оң нәтиже алуға күмән тудырады. Осы тәуекелдің болу ықтималдылығын жоба- ның мұқият және кешенді қаржылық талдауын жүргізу арқылы төмендету мүмкін. Жобаның өтелімділігі, инвестициялар қайтарымына бағытталған қаражаттардың жеткілікті көлемі, сонымен қатар, жоспарланған пайда көлемі жобаның әлеу- етті инвесторларын қызықтыруы тиіс.
Коммерциялық тәуекелдер (түсім көлемдерінің төмендеу тәуекелдері және жоспарлық көрсеткіштермен салысты- рғанда алынбаған пайда). Бұл тәуекелдер ассортименттік және баға саясатын мұқият пысықтаумен және орындаумен, жарнамалық кампаниялар мен акцияларды сауатты ұйымдастырумен, нарық сұраныстарын жедел бақылаумен, операци- ялық шығындарды сапалы бақылауын және қолайсыз жағдайларды дұрыстау жөніндегі уақытылы шараларды қабылда- уын ұйымдастырумен төмендетіледі.
77. БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
Жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жоба мақсаттары: балаларды мектепке дайындау, ұзартылған курстар, ағылшын тілін, орыс тілін, математиканы, психологияны үйрету жөніндегі орталық ашу және қажетті жабдықтар және құрал-сайманмен жабдықтау. Өнімі: ағылшын тілін, орыс тілін, математиканы, психологияны үйрету жөніндегі қызметтерді ұсыну.
Жоба құны: 3 300 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 36 ай.
Жоба тұжырымдамасы
Жоба тұжырымдамасы білім беру саласындағы қызметтерді ұсынатын кәсіпорынды құруды көздейді.
Кәсіпорын қызметінің мақсаттары біздің болашақ ұрпағымызды тәрбиелеу саласында сапалы және кәсіби қызметтер көрсету болып табылады. Жоспарланған кәсіпорынның мақсатты тобы табысы орта отбасылар болып табылады.
Білім беру балалар орталығында балалардың жалпы саны 80 бастап 100 дейін адам жинаумен 6 кабинет ұйымдастыру жоспарлануда. Балалардың осындай санына сәйкес білім беру орталығының түсімі айына 80 бала*12 000 теңге= 960 000 мың тг құрайды.
Мектепке дейінгі ұзартылған курстар.
Мына пәндер бойынша:
ағылшын тілі
орыс тілі
математика
психология.
Кәсіпорын толық қызметтер кешенін ұсынатын болады - тәрбиелеу және білім беру. Қызметтердің ұсынылған түрлері және нысандары:
Икемді жұмыс кестесімен жыл бойы жұмыс істейтін режім;
Сабақтар: Ағылшын тілін, орыс тілін, математиканы, психологияны үйрету, дайындық курстары;
Күн режімінің алуан түрлілігі;
Балалар мерекерелері мен таңертеңгіліктерді өткізу.
Тамақтану
Демалыс
Қызметтердің осы спектрі балалар ата-аналарына ұсынылады, олар өздерінің қалауы бойынша балаларға керектігін таңдай алады.
Қызметтерді осы салада жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар, өз ісінің білікті мамандары көрсететін болады.
Идея сәтті іске асқан жағдайда, осындай білім беру орталықтарын басқа да аудандарда ашу жоспарланып отыр.
8
services.atameken.kz atomekeh қысқы нөмір 1432
№ р/р
|
Лауазым атауы
|
Саны
|
Сағат саны
|
Жалақы
|
1
|
Басшы
|
1
|
-
|
-
|
2
|
Бастауыш сыныптар мұғалімі
|
2
|
78
|
78000
|
3
|
Математика мұғалімі
|
1
|
26
|
26000
|
4
|
Орыс тілінің мұғалімі
|
1
|
26
|
20800
|
5
|
Ағылшын тілінің мұғалімі
|
1
|
26
|
26000
|
6
|
Психолог-мұғалім
|
1
|
8
|
12800
|
7
|
Аспазшы
|
1
|
26
|
50000
|
8
|
Тех.қызметкер
|
1
|
26
|
30000
|
9
|
Әкімгер
|
1
|
26
|
50000
|
Жоба бойынша жалпы жұмыс орны
|
10
|
242
|
293600
|
Маркетингтік жоспар
Енді басталғалы жатқан бизнес бойынша қызметтердің негізгі тұтынушылары 6 және 12 жас аралығындағы бала- лар болады. Білім беру қызметтеріне сұраныстың маусымдылық сипаты жоқ, дегенмен осы қызметтерге сұраныс көлем- дерінің айналымдық өзгерістері болады. Көбінесе бұл ауытқулар табиғат жағдайларына байланысты. Кәсіпкер осы өзгері- стер туралы қажетті деректерге ие және олар қаржылық түзетулерге енгізілген.
Ағылшын тілін үйрету секілді қызмет бүгінгі таңда сұранысқа ие. Бұл «іскер адамдардың тілін» білу әртүрлі деңгей- дегі мамандарға керемет келешекті ашатынымен түсіндіріледі. Табысты жұмысқа орналасу мүмкіндіктері артады, шетел- дік әріптестермен және серіктестермен іскерлік байланыстарды бапқа келтіру және жұмыс сәттерін талқылау мүмкіндігі пайда болады. Аудармашылар қызметтеріне қажеттілік керек болмайды, ол ағылшын тілді шетелдіктермен қатынасты айтарлықтай жеңілдетеді.
Кәсіпкер балалар мен оқушылар үшін жарамды классикалық бағдарламадағы ағылшын тілінің курстарын өтуді ұсы- нады.
Ағылшын тілі
Бүгін ағылшын тілін білу қажеттілігіне ешкім күмән тудырмайды. Дәл осы себептен ата-аналар балаларын ерте жастан немесе тіпті туыла сала ағылшын тіліне үйрете бастайды. Бірақ бала үшін аса тиімдірек және қолайлырақ болуы үшін қалай жасаған жөн? Үйретуді қай жастан бастаған және қандай әдісті таңдаған дұрыс?
Көптеген мамандардың пікірі бойынша, баланы ағылшын тіліне үйретуді барынша ерте бастаған дұрыс. Бала өмірінің алғашқы жылдарында тілдерді үйренуге мүмкіндік беретін ерекше қабілеттері - ғажайыпқа тең. Дегенмен, кейбір ата-ана- лар ағылшын тілін ерте үйрену баланың шаршауына әкеледі деп қорқады. Бірақ іс жүзінде барлығы осылай ма? Балалық шағынан бірнеше тілдерді меңгерген балалар мысалындағы көптеген зерттеулер керісіншесін көрсетеді.
Іс жүзінде барлығы үйрету тәсіліне және әдістеме таңдауға байланысты. Сауатты үйрету және амал барысында, нәти- желері сізді қатты қуандырады. Ағылшын тілін туылғаннан бірінші жылдары үйрету пайдасына бірнеше сәттер:
Шет тілін үйрену ересектерге қарағанда, балаларға әлдеқайда жеңілірек. Үйренуді кешірек бастаса, есте сақтау үрдісі ұзағырақ және табысы азырақ болуы мүмкін;
itkk~©™ і 1432 services.atameken.kz қысқы нөмір 1432
Ерте жастан ағылшын тілін үйренген балалар өзінің қатарластарынан озады, олар өздерінің ойын жақсырақ жеткі- зеді, олар алғыр келеді, есте сақтау қабілеті жоғары;
«Ерте билингвалардың» (туылғаннан екі тілде араласатын балаларда) жүйке жүйесі төзімдірек, әрекет ету жылдам- дығы жоғарырақ, мұндай балалар белсендірек өмір салтын ұстанады, алға қойған мақсаттарына жеңілірек қол жеткізеді;
Көптеген зерттеу көрсетіп отырғандай, билингвалар жақсы оқиды, олар дәлдік және гуманитарлық ғылымдар жеңілірек игереді, Торонтодағы Йорк университетінің мамандары ұзақ жылдар бойы қдағалаудан кейін билингвалардың ересек жасында да алғыр ақылға ие екені туралы қорытындыға келді.
Бұдан басқа, екі тілді еркін меңгеру жұмыс пен мансапта қосымша артықшылықтар береді.
Билингвизм артықшылықтарын ғылыми растауға қатысты АҚШ ғалымдарының зерттеулерінен мысал келтіруге бо- лады, қарт адамның миына қос тілділік әсерінің салдардарын зерттеу барысында билингвалар қарттық жасында ақыл қабілеттерін баяу жоғалтатыны анықталды. Сонымен, қарт адамдардың ақыл реакцияларының жылдамдығын өлшей оты- рып, ғалымдар - 60 жастан асқан билингвалар бір тілді жастардың реакция жылдамдығын көрсететіні туралы қорытынды жасады. Әзірше екі тілде сөйлеу қабілеті ми қызметтерін сақтауға қалай көмектесетіні нақты анықталмаған. Кейбір са- рапшылардың болжамдары бойынша, билингвалардың үнемі артық ақпаратты алып тастау және тек маңызды тітіркендір- гіштерге әрекет ету қажеттілігіне байланысты болуы мүмкін.
Орыс тілі
Бастауыш мектепте орыс тілінің үйірмесі - аса танымал пән үйірмелерінің бірі. Сынып сабақтарынан үйірмеге қаты- судың басты ерекшелігі - бұл оқушылардың өздерінің қызықты тақырыптарының негізінде құрылатын бағдарлама. Орыс тілінің үйірмесіне қатыса отырып, балалар грамматика бойынша өз білімін тереңдетеді, аса білімқұмар және жауапты болады. Әрине, көп нәрсе мұғалімнің орыс тілі үйірмесінің жұмыс жоспарын құруға байланысты болады.
Орыс тілінің үйірмесі балаларға орыс тілінің бүкіл байлығын түсінуге көмектеседі. Сыныптан тыс сабақтарда ор- фографияны зерттеуден басқа, балалар қызықты үйлестіктерді жүргізуге, дұрыс ұқсастықтарды ойластыруға үйренеді. Осының арқасында балалар орыс тілінің қаншалықты ерекше және алуан түрлі екенін түсінеді. Сонымен қатар, балалар ауызекі тілдің мәнерлілігіне назар аударады, ол олардың сөздік қорын жақсы кеңейтеді.
1 сыныпта орыс тілінің қосымша сабақтары әдетте «Қызықты грамматика, 1 сынып» үйірмесі ретінде белгіленеді. Бастауыш мектептің басқа сыныптарына да қатысты. Бірақ ойын-сауық секілді сабақтар болмайтынын түсіну қажет, қы- зықты деген - өзекті, қызықтырғыш, еліктіргіш мағынасын білдіреді.
Орыс тілі үйірмесінің жоспары әр сабақ балалардың сөйлеуін дамыту және оқушыларды жаңа біліммен байыту мақ- сатында жасалуы тиіс. Орыс тілі үйірмесінің мұғалімдері алдарына қоятын басты міндеттерінің бірі - бұл орыс тілінің байлығына қызығушылықты ояту. Мәнерлі түрде сөйлей бастаған бала - мұғалімнің дұрыс ойластырылған жұмысының үздік дәлелі.
Маркетингтік амал нарықты талдау және тұтынушылық ниеттерді қалыптастырудың арнайы техникасын пайдалану- мен тұтынушыға әсер ету әрекеттерінің кең қатарын қамтуда. Нарық сұранысы - оның даму тенденцияларын сипаттай- тын көрсеткіштерді қамту, себебі нарықтағының барлығы түпкісінде келешекті білумен анықталады. Соңғы жылдары адамдардың, соның ішінде, біздің қаламыздың тұрғындарының әл-аухаты жақсарды. Сонымен қатар, білім беруге және білімге сұраныс ұлғайды. Білім беруге және білімге сұраныс ұлғаюымен ұсынылатын қызметтерге талаптар да жоғар- лады. Сондықтан ең жаңа оқыту әдістемелері мен технологияларын пайдалану қызметтерді тұтынушылардың барлык халықаралық талаптарына сәйкес келетін, сонымен қатар, білім көлемін арттыра отырып, оның шығындарын төмендете отырып барынша сапалы қызметтер ұсынуға және білім беру нарығында бекітілуге мүмкіндік береді.
Білім нарығын күшейту және кеңейту үшін қызметтер тұтынушыларын тарту және олар бізге қайта-қайта келгісі ке- летіндей етуіміз керек. Бұл үшін білім беру орталықтарының санын ұлғайту,қолайлы оқу кестелерін жасау, қажетті сала- ны оқытуға тапсырыстар қабылдау және қажетті негізгі құралдармен жабдықтау қажет. Қызметтер тұтынушыларының қолайлығы үшін жеке сабақтарды жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, тұтынушылардың қолайлылығы үшін қызмет- тердің интернет-жазбасын қосуға болады.
Қызметтер тұтынушыларын тарту үшін оқу орталықтарының жанында қызметтер спектрі көрсетілген стенд жасау, кәсіпорын және ұсынылатын қызметтер туралы ролик жасау және TV көрсету үшін телевидениені тарту, әлеуметтік же- лелерге жарнама жариялау қажет.
Маркетинг жүйесінде ерекше орынды кәсіпорынның бағалары, баға қалыптастыруығ баға саясаты алады. Баға сатушы сатқысы келетін, ал сатып алушы тауарды (қызметті) сатып алуға дайын ақша сомасын білдіретін экономикалық санаттан тұрады. Баға - күрделі экономикалық санат. Ол әрдайым тұтынушының таңдауын білдіретін негізгі фактор болған. Бірақ соңғы жылдары тұтынушылық таңдауда баға факторлары, жекелеп алғанда, өткізуді ынталандыру, әртүрлі клиентура үшін қызметтерді бөлуді ұйымдастыру қарқынды көріне бастады. Баға қалыптастыру үрдісіне көптеген факторлар әсерін тигізеді. Фирманың маркетингтік мақсаттары мен шығындары біздің қызметтерімізге баға белгілеу үшін тек шамаланған бағдарлар болып табылады. Соңғы бағаны орнатпас бұрын, фирма сұраныс деңгейін және қарқынын, бәсекелестік сипа- тын ескереді.
Ашудың бірінші кезеңі - жарнама, екінші кезеңі - телефон арқылы сату, бір ай бұрын жазылу, үшінші кезең - деңгей- ді анықтау үшін тестілеуге шақыру, оқу бағдарламасы туралы және оқу орталығы туралы тұсаукесер. Соңғы кезең - ең бастысы, білім беру курстары, тарту, ұстау, кейінгі деңгейлерді жалғастыру.
Кәсіпорын есебінен әдебиет курс құнына кіргізілген, себебі бұл ыңғайлы және бәсекелестер арасында артықшылык береді. Кесте бекітілетін болады. Барлық жұмыс күндері, қосымша сабақ үшін сенбі, жексенбі, сағат 20.00 дейін.
№р/р
|
Қаржыландыру көзі
|
Сомасы, теңге
|
Үлесі, %
|
1
|
Жеке қаражат
|
300 000
|
9%
|
2
|
Грант қаражаты
|
3 000 000
|
91%
|
Жалпы
|
3 300 000
|
100%
|
100%
|
Кезең үшін шығындардың жиынтық сметасы
№ р/р
|
Атауы
|
Айына сомасы, теңге
|
Жылына сомасы, теңге
|
1
|
Коммуналдық қызметтер
|
27 580
|
330 960
|
2
|
Қызметкерлердің ҚАҚ шығындары
|
293 600
|
3 523 200
|
3
|
Қызметкерлердің ҚАҚ аударымдары
|
25 103
|
301 234
|
4
|
Байланыс жэне интернет шығындары
|
6 500
|
78 000
|
5
|
Жарнама шығындары
|
5 000
|
60 000
|
6
|
Жалға алу
|
80 000
|
960 000
|
7
|
Басқа шығындар
|
10 000
|
120 000
|
Жалпы шығындар
|
447 783
|
5 373 394
|
Негізгі құралдарды сатып алу шығындарының негізгі сметасы
№ р/р
|
Шығындар бабының атауы
|
Бір.саны
|
1 бір.құны, теңге
|
Жалпы сомасы, теңге
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |