бүк түсіп, аңдыды да жатты. Тарғыл
мысық бірте
-
бірте ұстағанға да көнді, тырнамайтын да болды.
Екі мысық та үй ішіңде еркін жүреді,
Бекежан тарғыл мысықты қанша жұлмалап ойнаса да, ала
мысық түк қызғанбайды.
ҚАРА СИЫР
Қып
-
қызыл Күн көкжиектен иек артып, Аралтөбенің басын жаңа ғана шала бастады. Саздағы
ауыл үсті түнгі шық пен асыға жөңкіген Шу суының ауыр көтерілген буынан тұмантып, буалдыр
тартып тұр. Ауыл алдындағы қыраттан түнгі өрістен қайтқан сиырлар дымқыл жондарында Күн
сәулелерін
жымындатып, бүрсиіп шұбап түсіп жатыр.
Қалың
топтың алдында ішін жарау аттай тартып, қаншырдай катқан қара сиыр ентелей басып
келеді. Кіртиіп, жүдеп қалған екі көзін бұзаулар тұрған қаша жақтан алмайды. Есіл
-
дерті сонда,
басқа жаққа мойын бұрар емес. Қашаға жақындап кеп тұра қалып, бар даусымен өкіріп қоя берді.
Қалың бұзау үздік
-
создық мөңіреп жауап қатты. Бірақ қара сиыр
мың сан дауыс ішінен оп
-
оңай
тани қоятын бір өзіне ғана ыстық үнді ести алмады. Енді өңешін тартып, өкіріп
-
өкіріп алды да,
ауылға соқпай, суат жаққа қарай шеттеп жылжыған қалың сиырға қарай бет түзеді. Қызыл бұзауы
бар
тұлғасымен елестеп, есеңгіреп, теңселіп бара жатыр.
...Осылай екі күн бұрын кешке қарай қара сиыр да өрістен екі бүйірін теңдеп қайтып, қораның
төріне келіп тұрып күйсей бастады. Иесі сауып та бітті.
Еңді желінінің бұрыш
-
бұрышыңда там
-
тұм тамшылар қалды. Қазір Аманкүл қызыл бұзауын босатып қоя береді.
«Қашадан ұмтыла шыққан ол алғашқы екпінімен біраз жерге жүгіріп
барып, жан
-
жағына
аңтарыла қарап тұрып: «Қайдасың, ене?» —
деп мөңірейді. «Мө
-
мө, мен мұндамын», —
дейді бұл.
Бұзауы
жүгіріп келіп, бауырына жабысады. Енді ал кеп сор сорпылдатып, ал кеп сор! Қара
сиырдың
тұла бойы балқып, алпыс екі тамыры жібіп жүре береді. Бұзауының құйымшағын,
бөксесін,
арқасын жалап, жан рақатқа батады.
Міне, қызық, Аманкүл мұны бір түрлі аяғандай
жұмсақ үнмен былдырлады да, анадай жерде
тұрған көк сиырды
Достарыңызбен бөлісу: