-
Кеудесінде нең бар, ей? Мыналар көрмей ме, немене? —
деп таңданып,
барлық қимылына
телміре,
қызықтап ішек
-
сілесі қатып күлді.
-
Қайдан
көрсін? Әлі көзін ашқан жоқ қой? —
деді Бекежанның апасы.
Бекежан мысық балаларының көзіне енді зер
салды. Бәрі де көздерін тарс жұмып алыпты.
-
Көзін жұмып алғандары несі? Ашпай ма? —
деді таңданып.
Бекежан ит пен мысықтың балалары көздерін ашпай туып, кейінірек ашатынын білмейді екен.
Апасы соны айтып түсіндірді. Соның үшін де мысықтың баласы соқыр деп аталынады екен.
Мысықтың соқырлары
аз
-
ақ күннің
ішінде көзін ашып, есейіп қалды. Анасы енді сүйікті кәсібі
аңшылыққа шыға бастады.
Ала мысық үйден шығысымен Бекежан жолдас қызы Назым екеуі мысық соқырларының
аузына сүт тосып әуре болады. Өйткені Назым біреуін ертерек үйіне алып кетуге асығатын.
Бекежан да өзінше тамақ беріп асырауды құп көрген біреуін
.
Ала мысық —
өте қызғаншақ. Даладан кіріп келісімен бұларға дөңгелек отты көздерін
қадап,
пыр
-
пыр етіп, соқырларын
тез бауырына жинап алады.
Бекежандар
бұлардың
мойнына
әлдеқашан
-
ақ әр түрлі белгі жіп тағып қойған.
Бір күні Назым өзінің қызыл жіп таққан
ала соқырын бауырына қысып, аялап үйіне алды да
кетті. Бекежан өзінің сүйікті тарғылын төсегінің үстіне жатқызып қойды.
Ала мысық сырттан келісімен Назым әкеткен соқырын мәуілдеп әрі іздеді, бері іздеді,
аласұрды, жоқ. Аяқ астынан бір соқыры ұшты
-
күйлі жоқ болғаны жанына бататын сияқты.
«Бәрінен осылай айрылады
екенмін. Мына балалар бәрін құртып тынады екен», —
деп шошыды
білем, сол түні
-
ақ соқырларын каналдың
арғы жағындағы қалың қамыстың ішіне тасымақ болды.
Каналдан науаның үстімен өту керек. Бұл науадан үнемі су үзілмейді
.
Ұжымшардың
қызылша
егісіне баратын су күні
-
түні бетімен
-
бет болып лүпілдейді де жатады.
Мысықтан епті аң бар ма, әрі талай өтіп үйренген жері, тастай қараңғы түнде науаның жалғыз
қырымен соқырларын біртіндеп тістеп өткізіп, қамыс арасына таси баста
-
-172-
ды. Екеуін
еш қырсықсыз арғы жағаға өткізіп алды. Тіпті каналдың жағасында
тұратын
Назымдардың мысық атаулыға өш Алыпсоқ деген көк төбеті де байқамай қалды. Үшіншісін тістеп
дәл
каналға жақыңдай бергеңде, Алыпсоқ көріп қойып, арсылдап тұра ұмтылды. Не істеу керек?
Науадан жүгіріп өте шығу қауіпті. Суға құлайды. Айбат көрсетпесе, Алыпсоқ қауіпті,
жақындап
қалды. Амалсыздан аузына тістеп алған соқырын канал жағасына тастай салды. Белін бүгіп, арқа
жүнін үрпитіп «ыф» деп иттің бетіне
шапшыды.
Алыпсоқ та, мысық та бір
-
бірінен көз жазбай аңдысып қалды. Осы кезде ала мысықтың соқыры
тырбаңдап жатып, жардан домалап барған күйі каналға шолп ете түсті. Ала мысық екі көзін иттен
алмаған күйі шегіншектеп мияулап
-
мияулап жіберді. Көк төбет те
көңілін
бір демдегендей болып,
жайына жүре берді. Ала мысық екінші бір соқырынан осылай айрылды.
Қамыс
арасынан торғай, тышқан ұстап жеп, ала мысық қалған екі соқырын асырай берді. Қарны
ашқанда үйге де келіп
-
кетіп жүрді. Ол келген сайын Бекежан: «Балаларың қайда? Ертіп кел! Енді
ешкімге бермеймін», —
деп ұрысқан болады. Ала мысық оған түсінбейді, түк көрмегендей көзін
жұмып, пыр
-
пыр етеді.
Өсе
келе ала мысықтың соқырлары өзіндей үлкен мысық болды. Екі соқырының өзіне тартқан
аласы жұқалау, пысық, ал тарғылы
болбыр, бос болып өсті. Тарғыл анасының жанынан шықпай, ал
анау өзінше аң аулап ұзап кете беретін. Анасы қаншама жанынан шығарғысы келмей еміренгенмен,
пысық ала біртіндеп ұзап жүріп, ақыры жатағына қайтып оралмай қойды. «Тісі
шыққан балаға
шайнап берген ас бола ма», жөнін тапты.
Ала мысық барлық жайға енді түсінді. Тарғылынан да айрылатынын білді. Соқырын қаншама
жақсы көргенімен уақыт, табиғат заңы осы. Ешкім баласын қанжығасына байлап жүрмейді.
Бір күні түнде ала мысық жалғыз соқырын үйге ертіп келді. Тарғыл адам көрмей тағыланып
кетіпті. Жүк аяқтың, төсектің астына кіріп, шықпай қойды.
Бекежан жақындаса, екі көзі оттай
жанып тығыла түседі. Бірнеше рет есіктен шыға қашпақ болып еді, ала мысық қақпайлап
шығармады. Есік жақта екі құлағын едірейтіп етбетінен
Достарыңызбен бөлісу: