Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет113/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
-176- 


АТА КӨКЕК
 
 
Қарасайдың
аузындағы ескі қой қора әлдеқашан шатырсыз қалған.
Жалаңаш тас қалау 
аспанға қарап ашылған
алып ауыз құсап аңқайып тұр. Шатыры жоқ болған соң, жауын суы 
қабырғаға қалаған тастардың арасын кіріктірген балшықты шайып кетіп, арса
-
арса
болған тас 
қалаудың өн
-
бойы —
сансыз саңылау, жыпырлаған қуыс
-
қуыс.
Жылда
көктем шығып, Қарасайдың жылға
-
жылғасынан қарғын су қаптап аққанда тас қораға 
алыстан —
жылы жақтан екі көкек қанаттары талып ұшып жетеді.
Биыл да сөйтті. Екеуі
ентелеп зорға жеткен тас қалаудың күнгей бетінің шығыс жақ 
бұрышындағы томардай тастың үстіне
жалп
-
жалп етіп қона кетті. Біраз отырып солығын басқан 
соң ата қораз: «Көкек, көкек», —
деп жан
-
жаққа жар салды. Мекиен көкек: «Піш
-
ш, піш
-
ш», —
деп ұшып, былтырғы ұя салған қуыстың аузына барып қонып, дереу ішіне еніп кетті.
Ата көкектің көңілді үні тас
қора қалауына қонудан қорқатын қалың шымшықты лезде шексіз 
қуанышқа кенелтті.
Бір үйір шымшық қора үстінен дүркіреп
ұшып өтіп, түстік қапталдағы дәу 
қара тастың үстіне барып қонып, жыпырлап отыр, бәрінің екі көзі тас кора жақта. Торғайлардың 
күтіп
отырғандары —
қара шұбар жыландар.
Тас қораның жылы қуыстарына қыстап шығып, суық денелерін күн қыздыра бастаған 
жыландарға енді көкек күн көрсетпейді.
«Кө
-
кек, кө
-
кек!» —
деген көңілді үн қара шұбар жы
-
ландардың миын тесіп, жүйкесін жұқартады.
Кө
-
кек, кө
-
кек!
Қара шұбар жыландар тас қораның өздеріне мекен болған қуыстарынан сусып шығып
жылғадан өтіп, торғайлар отырған қара тастың етегіндегі қорымға кіріп, көзден ғайып болды.
Ата көкек
айналада не болып жатқанының бәрін көріп отыр.
Жуаңдығы білектей, ұзын қара 
шұбар жылан қорым тас шетінде ата көкекті зәрдей суық екі көзімен атып, жатып алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет