Шағын жинақталған мектеп және оның ерекшелігі



бет3/3
Дата07.10.2024
өлшемі19,18 Kb.
#205787
1   2   3
Байланысты:
шмж лекция1

Міндеті:
- Өзімнің теориялық білімді күнделікті заман талабына сәйкес етіп жетілдіріп отыру.
-Жаңартылған бағдарламаға байланысты жаңаша оқу технологияларының элементтерін тиімді пайдалану.
- Сабақ жоспарлары бойынша түрлендіріп, оқушы білімінің сапасын арттыруға негіздеу.
- Сабақта пайдаланатын қажетті көрнекілік құрал жабдықтардың, сонымен қатар талапқа сай болуын ескеру.
Мақсаты:
- Біріктірілген сыныптардағы әр оқушының алған білім деңгейі мемлекеттік білім стандартына негізделген және бағдарламаға сәйкес болуын көздеу.
- Оқушылардың шығармашылық деңгейін арттырып, өз беттерінше жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Ата аналармен тығыз карым - қатынас құру арқылы оқушылардың саналы да тәртіпті шәкірт болуын қалыптастыру, тапсырмаларын орындау барысында жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындауға жетекшілік етемін. Бұл мәселе, біріктірілген сыныптар үшін оңай емес, қазіргі таңдағы 5 күндік оқуға ауысуға байланысты, 40 минут ішінде екі сыныпқа бірдей білім мазмұнынын толық жақты болуы талап етіледі. Мұғалім, яғни ұстаз өз білімділігімен шығармашылық әрекетін толық көрсетіп, балаға берген білімі мол болса, оқушы да оны қабылдап алуға мүмкіндігі болады. Дәлірек айтсақ, мұғалім сабаққа дайындалғанда өзінің әрекетін ойлаумен шектелмей, деңгейіне қарай оқушының әрекетіне де мән беруі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет.
Шағын жинақты мектептің педагогикалық ерекшеліктерін ескерген мұғалім ғана өзінің шығармашылық жұмысын ұйымдастыра алады. Кез – келген әрекет талдаудан басталады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушыларды талдауға үйретуде тәсілдер жүйесін мақсатты түрде пайдалана білген жөн. Шағын жинақты бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз болғандықтан, оқушылардың сабақ үстінде бір - біріне аландайтындары белгілі. Шағын жинақты мектептің көпшілігіне тән жағдай бір ғана мұғалім басқаратын қосарланған сыныптың сабақ процесі. Мұндай сабақты өткізу мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Сөз соңында өз ойымды белгілі педогог К. Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген пікірмен аяқтауды жөн көрдім.
Пайдаланылған әдебиеттер: Бастауыш сынып журналы
Интернет ресурстар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет