Шағын жинақталған мектеп және оның ерекшелігі


ШЖМ - тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кемшіліктері, кері жақтары да бар



бет2/3
Дата07.10.2024
өлшемі19,18 Kb.
#205787
1   2   3
Байланысты:
шмж лекция1

ШЖМ - тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кемшіліктері, кері жақтары да бар: -әр жастағы оқушылар ұжымын бір сыныпта оқыту; -әдістемелік және техникалық базаның қамтамасыз етілмеуі;
- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;
- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;
- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;
- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;
- ШЖМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;
Шағын комплектілі мектептегі қиындықтарды жеңу жолдары:
*сабақ оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы; *бірнеше сыныптың материалы бір тақырыптық жүйеге ыңғайластырылуы; *көрнекі, дидактикалық құралдар алдын ала дайындалуы; *сабақ тақырыбындағы өзара байланыс халықтық педагогикаға негізделуі керек.
ШЖМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.
Қазіргі таңда мемлекетімізде ауыл жұртшылығының демографиялық ахуалының өзгеруіне байланысты мектептерде бала саны азайып, шағын жинақты мектептер саны, оның ішінде қосарланған сынып сандары көбеюде. Біздің мектепте де оқушы саны аздығына байланысты, қазіргі таңда бастауыш сынып оқушылары мен ортаңғы буын оқушылары қосарланған сыныптарда оқытылады. Шағын жинақталған мектептердегі қосарланған сыныптарда оқушылардың білім сапасын және шығармашылық қабілеттерін арттыру әр ауыл мұғалімінің көкейтесті мәселесі болып табылып отыр. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Ауыл - бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті, дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы біздің ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауды талап етеді» деп атап көрсетті. Біздің мектептің алға қойған өзекті мәселесі: «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру». Осы мәселе негізінде әдістеме бірлестігі, оның ішінде әр пән мұғалімі өз алдына шешуді қажет ететін өзекті мәселелер қойды. Менің алдыма қойылған өзекті мәселем «Қосарланған сынып жаңашылдық пен шығармашылық әдіс - тәсілдері арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыру, білім деңгейін көтеру». Бұл мәселені шешу үшін мен өз деңгейімді, сонымен қатар оқушылардың деңгейін ескере келе, алдыма мақсат пен міндеттерді қоюды жөн санадым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет