Шағын жинақталған мектептегі білім сапасын арттыру жолындағы мәсселелерді шешуде жоғарғы оқу орнының алатын орны
Б.С.Қылышпай,
«Қазақ мектебінің даму мәселелері»
зертханасының меңгерушісі,
Қазмемқызпу, Алматы қ.
Г.Ө.Байташева,
«Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы» басшысы,
а/ш.ғ.к., проф.мін.атқ.
Қазмемқызпу, Алматы қ.
Резюме: В статье рассмотрено значение высшего учебного заведения при повышения качества образования в малокомплектных школах.
Аннотация: Мақалада шағын жинақталған мектептегі білім сапасын арттыру жолындағы мәселелерді шешуде жоғарғы оқу орнының алатын орны жайында айтылған.
Summary: The article discusses the importance of higher education institution at improving the quality of education in small schools.
Кілт сөздер: шағын жинақталған мектеп, ынтымақтастық, ұстаздық шеберлік, оқытудың жаңа әдістері, инновациялық технология.
70 жылдан астам тарихы бар қазақтың киелі шаңырағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қызметінде ректор Д.Ж.Нөкетаеваның бастамасымен айтарлықтай сапалық өзгерістер жүзеге асырылуда. Университет жоғары білім (бакалавриат) және жоғары оқу орынанан кейінгі білім беру(магистратура, доктарантура РһД, екінші жоғары, қысқартылған білім) бағдарламасына сәйкес, білім алушылардың білім траекториясын таңдау негізінде жұмылғыштығын қамтамасыз ететін кредиттік жүйе бойынша мамандар дайындайды.
Оқулықтар мен оқу құралдары, оқу-әдістемелік нұсқаулықтар, сондай-ақ оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми мақалалары жиі жарық көреді. Сонымен қатар профессорлық-оқытушы құрамның ғылыми әлеуеті жыл сайын еселеп артуда. Университет басшылары тарапынан қызметкерлер мен студенттерді әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Университет халықаралық деңгейде тартымдылыққа қол жеткізді. Әлемнің маңдайалды Ресей, Түркия, Қытай, Иран, Қырғыстан, Малазия университеттерімен халықаралық қатынастар жөніндегі келісім-шарттар жасалынды және олармен тығыз байланыс орнатылып, екі дипломдық жүйе іске қосылды. Осы келісім-шарттар негізінде шетелдік ЖОО профессорлары университетке келіп, дәріс оқиды. Университет ұстаздары мен магистранттары шет мемлекеттерде ғылыми тағлымнамадан өтеді. Жаңа зертханалар құрылды және қайта жасақталды. Солардың бірі «Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасы. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде қызмет атқарады.
“Қазақ мектебінің даму мәселелері” зертханасы 2006 жылдың қаңтар айының 23 жұлдызында (Бұйрық №8 23.01.2006 ж.) Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында ашылды. Зертхана 2012 жылдың қараша айынан бастап жұмысын қайта жандандырды.
Зертхана Елбасымыздың білім беру жүйесіндегі жаңашыл бастамаларына үн қоса отырып, Болон үдерісі бойынша Еліміздің еуропалық білім кеңістігінің толыққанды мүшесі ретінде Отандық білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіруге ат салысады. Қазіргі таңда «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес шағын комплектілі мектептердің білім мазмұнына негізделген, қосыша оқу құралдары, электрондық оқулықтар шығару көзделген.
«Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасының мақсаты: қазіргі қазақ мектебінің теориялық-әдістемелік мәселелерін зерттеу, оны оқу әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.
Зертхананың зерттеу нысаны - 12 жылдық білім берідегі бастауыш, орта және шағын жинақталған қазақ мектептердің мәселесі. Шағын жинақталған мектептің мұғалімдері мен оқушыларын әдістемелік құралдар және электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету.
Зертхананың міндеттері:
Қазақ мектебінің моделін құру және әдістемелік мәселелерін зерттеу;
Оқу бағдарламаламасының талаптарына сай университетте болашақ педагог-психолог, бастауышты оқыту мамандарын даярлау жүйесіне қажетті қосымша оқу-әдістемелік, электрондық оқу құралдарын даярлау;
Ұлттық мектеп мәселелеріне байланысты республикалық және халықаралық жобаларға қатысу
Қазақ мектебінің білім беру үрдісін мультимедиялық қамтамасыз ету, электрондық білім беру ресурсын дайындау;
Шетелдік ғылыми зерттеу орталықтарынан профессорлар шақыру және бірлесе зерттеу жұмыстарын жүргізу;
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің мәселелеріне байланысты пилотаждық зерттеулер жүргізу;
Қазақ мектебі мәселелеріне байланысты халыаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу және материалдарын жариялау.
«Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасында келесі бағыттары бекітілген:
«Мектептегі мұғалімге әдістемелік көмек»;
«Шағын жинақталған мектептің оқу және тәрбие үрдісі»;
«Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылық»;
«Инклюзивті білім беру», «Жеке тұлғаның психологиялық диагностикасы».
Тақырыптарды зерттеу және оған қажетті материалдарды жинау үшін зертхана Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті кітапханасымен, Қазақ мемлекеттік ұлттық кітапханасымен, Қазақстан Республикасы ұлттық педагогикалық кітапханасымен тығыз байланыстар орнатқан.
Зертхана ҚР республикалық және аймақтық қазақ мектептерімен тығыз байланыста. Шағын жинақталған мектептердің мәселелері бойынша Алматы облыстық білім беру басқармаларымен меморандум бекітті.
Зертхана қызметкерлері сол мектептер мәселелерімен айналысуда. Бір сыныпта бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру, осы тектес мектептерде сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау бір пән, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін дәлелдеу, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау т.с. мәселелерді ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып қарастырады. Семинарлар, панорамалық сабақтар ұйымдастырылып отырады. Ұстаздардың өзара тәжірибемен бөлісуі, өзін-өзі дамытуы, білім жетілдіру мәселелері қарастырылған.
«Өрлеу» облыстық білім жетілдіру институтымен бірлесіп, Алматы облысы мұғалімдеріне арналған тәрбие жұмыстарына байланысты дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Қазақ мектебінің даму мәселелері зертханасының ғылыми қызметкерлері ғылыми-зерттеу жұмысындағы біліктілігін арттыру курстарына қатысып отырады, сонымен қатар ғылыми қызметкерлердің ғылыми еңбектері алыс жақын шет елдегі халықаралық, республикалық конференция жинақтарында, бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) жарияланған мақалалар жарыққа шықты.
«Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 21 мамырында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 70-жылдық мерейтойына арналған ««Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – қазақ мектебін дамыту стратегиясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференцияға Моңғолия, Ресей, Туркия, Қырғызстан, Қытай мемлекеттерінен ғалымдар қатысты.
Конференцияда «Озық тәжірибелер жинағы» ұсынылып, баспадан шықты, олар:
1. Тәрбие жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдері мен түрлері
2. Бастауыш сыныптар бойынша сабақ үлгілері
3.Жалпы білім беретін мектептерде пәндерді оқыту үлгілері
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Өрнек шағын жинақталған мектебінде «Шағын жинақты мектептің білім және тәрбие берудің әлеуметтік-педагогикалық мәселелері» семинар-кеңесін өткізді. Семинарға Еңбекшіқазақ ауданы мектептерінің ұстаздары қатысты.
Семинарда шағын жинақталған мектептердің көкейкесті мәселелері қарастырылып, ұстаздар пікір алмасты. Зертханада жасақталып жатқан электрондық оқулықтардың жобасымен таныстырып, панорамалық сабақтар көрсетті. Семинардың қорытындысы бойынша осы аталған мектептермен «Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасы алдағы уақытта шағын жинақталған мектептердің мәселелерімен бірлесіп жұмыс атқаратын болады.
Семинар қорытындысы бойынша зертханада Шағын жинақталған мектептерде 2, 4-сыныптарда әдебиеттік оқу пәнін оқытуға арналған оқу-әдістемелік қосымша көмекші құрал құрастырылып, университеттің ғылыми кеңесінің 2013 жылғы 31 қазандағы шешімі бойынша баспаға ұсынылып, ШЖМ-да апробацияда. 2014 жылдың мамыр айында «Шағын жинақты мектептерде ана тілін оқыту» атты оқу құралы баспадан шықты.
25 қазан 2013 жылы Іле аудандық Төле би ауылдық шағын жинақталған мектебінде «Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасы университеттің 70-жылдығы қарсаңында «Шағын жинақты мектептердегі оқу және тәрбие үдерісі мәселелері» бойынша ШЖМ саласын зерттеуші ғалым-профессор Қазына Аймағамбетқызымен семинар-кеңес өткізді. Семинар Шағын жинақталған мектептердің оқу үдерісіндегі басты мәселелерді облыс көлемінде талдап бір жүйеге келтіру мақсатында ұйымдастырылды. Онда мемлекеттік тіл мәселесі, оқу орындарында мемлекеттік тілде кәсіби білім берудің жай-күйі, білім беру саласының шағын жинақталған мектептерінде жаңа технологиялармен сабақ өткізу мәселелері талқыланды.
"Қазақ мектебінің даму мәселелері" зертханасының қызметкерлері 2014 жылдың 30-31 қазанында Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылында жаһандану жағдайында тірек мектептер (Ресурстық орталық) қызметін жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылау, шешу жолдарын айқындау, жаңашылдық идеяларды ортаға салу, тәжірибе алмасу мақсатында «Тірек мектептер: қалыптасуы, жаңашылдығы, келешегі» тақырыбында республикалық семинарға қатысты.
«Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасы Алматы облысы Іле ауданының Төле би аулдық №37 шағын жинақталған мектебінде 2015 жылдың 18 ақпан «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушының жеке дарыны мен шығармашылық қабілетін дамыту» атты облыстық семинар өткізді. Семинарда Қазмемқызпу профессоры, биология оқулықтарының авторы Сәтімбеков Рысбай «Биологиялық ілім беруде ұлттық ұғымдар мен тұжырымдардың танымдық және тәрбиелік мәні» атты баяндама жасады. Семинардың қорытынды нәтижесіне сай сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша 8-сыныпқа арналған «Биология» оқу-құралы жинақталып, баспадан жарық көрді. 2015 ж.
«Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасы 2015 жылдың қазан айының 15-ші жұлдызында Алматы облысы, Қапшағай ауданы, Заречный ауылының №12 орта мектебінде өткен «Модернизациялау жағдайында ресурстық орталықтың (РО) оқу-тәрбие жүйесіндегі инновациялық үдеріс» өңіраралық семинарына қатысты.
2016 жылдың сәуір айының 26 жұлдызында «Шағын жинақталған мектептің білім беру үдерісіндегі интеграция мен дифференциация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияда теориялық және практикалық мәселелер, ғылым мен инновацияның жаһандану дәуіріндегі сұрақтар, мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және білім беру үдерісіндегі интегративтік мінез-құлық мазмұнын ашу, шағын жинақталған мектептің жағдайы отандық және шетелдік ғалымдар ЖОО оқытушылары және доктаранттар, магаистранттар мен ШЖМ ұстаздары қатысты.
Негізгі мұғалімдер тәжірибе алмасуына қатысты "Жалпы орта білім беретін және ШЖМ-де оқытылатын негізгі пәндердің сабақ үлгілері" оқу-құралы басылды.
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» басты міндеттерінің бірі және бірегейі еліміздегі педагогтердің мәртебесін көтеру болып белгіленген. Педагогтердің жалақысы, педагогикалық мамандыққа оқуға түсу, педагогтерді әлеуметтік қорғау жағынан оң өзгерістер болуда. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты мен педагог мәртебесі мәселелері бойынша көптеген бағдарламалар жүзеге асуда. Мемлекеттік бағдарламада бұдан басқа, білім мекемелерін қаржыландыру, бейіндік оқыту, білім беру ұйымдарын басқару, оқу процесін автоматтандыру, мектепке дейінгі ұйымдар, 12 жылдық оқыту моделіне көшу, инклюзивті білім беру және тағы басқа мәселелер бойынша жетілдіру жолдары қарастырылған. Біліктілікті арттыру жүйесі, оның ішінде қысқа мерзімді білім арттыру курстары, «Өрлеу» Республикалық ЖОО мұғалімдерінің білім жетілдіру институты жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс атқарады.
«Мектептің жүрегі - жақсы мұғалім» Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қазіргі қоғамдағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын, білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі оның білімінің жан - жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік қабілеті де соншалықты кең болары сөзсіз. [1].
Ұстаздың кәсіби құзыреттілігі өте күрделі процес екені мәлім. Мектептің негізгі міндеті - құзыреттілікті қалыптастыру жолында үнемі ізденіп, өскелең ұрпақты, биік мақсаттарға жетелеу, бойындағы адамзаттық құндылықтары қалыптасқан, өз өміріне өзі басшылық жасап, өзін-өзі дамытатын тұлғаны тәрбиелеу жолында болып саналады. Осы міндетті іске асыру ұстаздарға қауымына тікелей байланысты.
Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің жан жақтылығы, біліктілігі қажет [2].
Қазіргі таңда мектеп оқушылары мұғалімнен аса бір дайындықты күтеді. Оқу түрлері заманауи талаптарға лайық болуы қажет, оқушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны өз іс - әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы керек. Интерактивті тақта бар болған жағдайда, оны оқушылардың тілдік құзыреттілігін, шығармашылық деңгейін дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу - танымдық үрдіс тиімділігін арттырады [3]. Мұғалімның құзыреттілігі, өзін қазіргі заман талабына сай өзгерте алу мүмкіндігі.
Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы; жедел шешім қабылдаушы; ерекше ұйымдастырушылық қабілетті; нақты бағыт – бағдар беруші болып шығуы – бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім – қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интелектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезуіне үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ [4]. Осы нәтижелерге қол жеткізу мәселелерін шешуге Қазақ мектебінің даму мәселелері зертханасының өз үлесі болары сөзсіз. Республика көлемінде зертханамен тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқарып жүрген ұстаздарға, облыстық білім басқармаларына алғысымыз шексіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Құдайбергенова К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. Алматы 2007
Қазбекова Н.Т. Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану 12 жылдық білім журналы 2006 №1
Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық. Алматы 2007
Достарыңызбен бөлісу: |