4-тапсырма
|
7-сынып. Берілген сөз тіркестерін толықтырып сөйлем құрау, сан есімнің мөлшерін анықтау.
|
8-сынып. Төмендегі сөз тіркестерін қатыстырып, жай сөйлемдер құрау.
|
(Бір шымшым) ... тұз
(Бір жайым)... нан
(Бір шөкім) ... бұлт
(Бір қайнатым)... шай
(Бір асым) ... ет
|
5-тапсырма
|
7-сынып. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, сан есімдердің түрленуіне талдау жасау.
1. Ағайын – ... , ана – ... .
2. ... үні шықпас.
3. ... түсін білгенше, ... атын біл.
4. ... орда бұзбаған, ... қамал алмайды.
5. Жетелі келіннің ... – ... құрбысы болады.
6. Білекті ... жығады, білімді ... жығады.
7. ... ала болса, ауыздағы кетеді, ... түгел болса, төбедегі кетеді.
Керекті сөздер: жалғыздың, алтау, біреу, отызында, жеті-жетіден, жүздің, қырқында, отызында, бірдің, бірді, мыңды, алтау, төртеу.
|
8-сынып. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыру.
Жай сөйлем
|
Жайылма сөйлем
|
Ол ұйықтады.
|
|
Терезеден қарады.
|
|
Айман күлімсіреді.
|
|
Сәби оянды.
|
|
Олар дос еді.
|
|
Сендер орындайсыңдар.
|
|
Дәрігерлер тексерді.
|
|
Әжем күрсінді.
|
|
Қыздар бітіріп қалып еді.
|
|
|
ІІІ КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
БЕКІТУ КЕЗЕҢІ
|
6-тапсырма
Кестедегі тапсырманы орындау.
|
Сөйлемдер
|
Мағы
ннасы
|
Құрамы
|
Түрле-нуі
|
Сөйлемдегі
қызметі
|
ддара
|
ккүр-делі
|
Екі құзғын таласса,
бір қарғаға жем болады.
|
Есеп-тік
|
+
|
|
|
|
Екі батыр егессе,
екеуінің бірі өлер.
|
|
|
|
|
|
Олар дереу екінші жолға өтті.
|
|
|
|
|
|
ХХІ ғасыр –білімділер ғасыры.
|
|
|
|
|
|
Оқушылар дереу төрт-бестен топтаса қалды.
|
|
|
|
|
|
Ол қаржысының үштен екісін бауырына салды.
|
|
|
|
|
|
Батырдың қырыққа келген кезі еді.
|
|
|
|
|
|
1913 жылдың көктемі еді.
|
|
|
|
|
|
Он шақты күнде оралды.
|
|
|
|
|
|
|
Жай сөйлем
|
Жақты сөйлем
|
Жақсыз сөйлем
|
Жалаң сөйлем
|
Жайылма сөйлем
|
Ауылға барғым келеді.
|
|
+
|
|
+
|
Әзілдесіп отырдық.
|
|
|
|
|
Енді сізге айтуға тура келді.
|
|
|
|
|
Бүгін алтыбақан құрамыз.
|
|
|
|
|
Елбасының Жолдауына халық сенім артады.
|
|
|
|
|
Астанаға жастар көптеп келуде.
|
|
|
|
|
Ғалымжан отауға кірді.
|
|
|
|
|
Оған қарсы тұруға тура келді.
|
|
|
|
|
Қар түнімен жауды.
|
|
|
|
|
|
Оқушыларға өзін-өзі бағалау парағы беріледі
|
Үйге тапсырма
|
Сан есімі бар мақал-мәтелдер жазып келу.
|
79-жаттығу
|
8-кесте – 3-сабақ жоспарының үлгісі
Сабақтың тақырыбы:
|
7-сынып
Есімшенің түрленуі.
|
8-сынып
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары туралы түсінік.
|
Сабақтың мақсаты:
|
1. Есімше туралы білімдерін жүйелеу арқылы түрлену жолдарын түсіндіру.
2. Оқушылардың ізденім-паздық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Білімге жетелеу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
|
1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ізденім-паздық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Білімге жетелеу, ұйымшыл- дыққа тәрбиелеу.
|
Сабақтың көрнекілігі:
|
компьютер, сызбалар (слайд).
|
Оқыту әдістері:
|
түсіндірмелі, баяндау, ойталқы.
|
І КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
Ұйымдастыру кезеңі
Екі сыныптың оқушыларына сөйлем талдауға тапсырма беріледі.
Сержан асыға ауылға жеткенде, Гүлнар да оқуға кетіп те қалыпты.
|
Мұғалім басшылығымен орындала-тын жұмыс.
7-сынып. Сөйлемге морфологиялық талдау жасау.
7-сынып оқушылары өздері талдаған сөздерден есімше жұрнағы бар сөздерді бөліп алады. Мысалы, жеткенде етістігін талдаған соң, есімшенің түрленетіні мына сызба арқылы түсіндіріледі.
|
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.
8-сынып. Сөйлем мүшелеріне талдау жасау.
Сөйлем мүшелеріне талдаған соң, салалас құрмалас сөйлем секілді баяндауыштың тиянақты еместігі анықталады. Жаңа тақырып құрмалас сөйлемнің бір түрі – сабақтас құрмалас екені айтылады да, оқулықтағы сызба бойынша түсіндіріледі.
|
ІІ САРАЛАНҒАН БӨЛІМ
Оқулықпен жұмыс
|
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.
7-сынып. 183-жаттығу (қарамен жазылған есімшелерді тұлғасына қарай талдау) мен 185-жаттығуды (тәуелденген есімшелерді қатыстырып, сөйлем құрастыру) орындау.
|
Мұғалім басшылығымен орындала-тын жұмыс.
8-сынып. 120-жаттығу (мәтіндегі құрмалас сөйлемдерді салалас пен сабақтасқа жіктеу, сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу. Бағыныңқы мен басыңқылардың астын сызу) мен 122-жаттығуды (көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді тауып, жарыспалы, не көп бағыныңқылы екенін анықтау) орындау.
|
Оқулықтан тыс тапсырмалар
Терме диктант
1-тапсырма
|
Мұғалім басшылығымен орындала-тын жұмыс.
7-сынып. Көп нүктенің орнына есімшенің жұрнағын және сол есімшеге тиісті жалғауды жалғап, есімшенің түрленуіне түсінік беру.
|
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.
8-сынып. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына түсінік беру.
|
1. Ауылдағы Айбаршаға Дәулеттің көзі тез жетпе... (есімше, көмектес септік), көңілі тез жетті.
2. Күн тез жылын... (есімше, жатыс септігі), өзеннің арыны қалпына кел... (есімше) еді.
3. Бекетке пойыз ұзақ тоқта... (есімше, жатыс септігі), жолаушылар түсіп үлгер... (есімше) еді.
4. Төре аулы кел... (есімше, жатыс септігі), сары бала сондай қуан... (есімше).
|
2-тапсырма
|
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.
7-сынып. Төменде берілген есімше-лерге зат есімді тіркестіріп жазу.
Үлгі: еңкейген қарт
|
Мұғалім басшылығымен орындала-тын жұмыс.
8-сынып. Төменде берілген есімше-лерді қатыстырып сөйлем құрау.
Үлгі: Әріптесімді мен танығаныммен, ол мені аса тани алмады.
|
Еңкейген, сөйлер, бітер, оқитын, айтпас, көретін, кездескен.
|
Сурет бойынша жұмыс
«Мұражайда» тақырыбындағы суретпен жұмыс
|
Мұғалім басшылығымен орындала-тын жұмыс.
7-сынып. Сурет бойынша құраған әңгімелерінен есімшелерді түрлендіріп қолданып, түрленуіне талдау жасау.
|
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.
8-сынып. Сурет бойынша әңгіме құрап, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы, басыңқы сыңарларын ажырату.
|
3-тапсырма
|
7-сынып. Берілген сөз тіркестеріндегі етістіктерді есімшеге айналдыру (қандай өзгеріс байқадыңдар?)
Үлгі: Қоңырау соғылды – соғылған қоңырау
|
8-сынып. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, құрмалас сөйлем жасау.
Үлгі: Қоңырау соғылды – Қоңырау соғылғанымен, ешкім бөлмеден шықпады.
|
Қоңырау соғылды, егін орылды, шам сөнді, құс ұшты, ас пісті, су ақты, кітап оқыды.
|
III КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
БЕКІТУ КЕЗЕҢІ
|
7-сынып. Берілген есімшелердің түрленуін кесте арқылы белгілеп көрсету.
Мысалдар
|
Тәуел-
дік
|
Көп-тік
|
Сеп-тік
|
Жік-
тік
|
Жазғанын
|
|
|
+
|
|
Көргенің
|
|
|
|
|
Айтармын
|
|
|
|
|
Көрерің
|
|
|
|
|
Жапқансың
|
|
|
|
|
Жазғандар
|
|
|
|
|
Естігенге
|
|
|
|
|
Сайлағанмын
|
|
|
|
|
Жүретіндер
|
|
|
|
|
Аларыңыз
|
|
|
|
|
Өндірме-гендер
|
|
|
|
|
|
8-сынып. Кестедегі сөйлемдердің салалас не сабақтас екенін ажырату.
Сөйлемдер
|
Құрмалас сөйлем
|
Сабақтас
|
Салалас
|
Ол жалтармақ болды, бірақ денесі икемге келмеді.
|
|
+
|
Жақсының басына іс түссе, ашынар, ашылар.
|
|
|
Сен жақсы жігітсің, бірақ кейде оңай лапылдайтының бар. (С.Е.)
|
|
|
Оспан сайлауда құлады да, Күнту болыс болып шыға келді. (М.Ә.)
|
|
|
Олар көмек көрсетпегенде, біз жұмысты мерзімінде аяқтай алмас едік.
|
|
|
Сонан араға талай күнді салып оралғанда, Ұлмекеннің елден көшіп кеткенін естіді.
|
|
|
|
Оқушыларға өзін-өзі бағалау парағы беріледі
|
Үйге тапсырма:
|
187-жаттығу
|
121-жаттығу
|
6.2 ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ пәнінен біріктірілген 6, 8-сыныптарға арналған мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту сабағының үлгілері
9-кесте – 1-сабақ жоспарының үлгісі
|
6-сынып
|
8-сынып
|
Сабақтың тақырыбы:
|
А.Байтұрсынұлы. «Анама хат», «Қара бұлт» өлеңдері.
|
М.Дулатов. «Шешенің балала-рын сүюі» өлеңі.
|
Сабақтың мақсаты:
|
1. Оқушыларға қазақ халқының біртуар ақыны А.Байтұрсынұлының ақындық шеберлігін таныту; өлеңдері-нің мазмұнын ашу.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау дағдыларын қалып-тастыру, ақын өлеңдеріндегі басты ойды түсіндіру, ұлттық рухын ояту.
3. Оқушыларды отансүй-гіштікке тәрбиелеу, адамгер-шілік қасиеттерді бойына сіңіру.
|
1. Оқушыларға қазақ халқы-ның біртуар ақыны М.Дулатов туралы толық мағлұмат беру; өлеңді оқыта отырып, анаға деген махаббатын оқушы сезімімен ұштастыру.
2. Өзіндік ой қорыту, шығар-машылық жұмыстарға баулу арқылы таным-түсініктерін арт-тыру.
3. Оқушыларды аналарын сүюге, құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.
|
Сабақтың көрнекілігі:
|
қосымша материалдар, ақынның портреті, үлестірме қиындылар, мақал-мәтелдер жинағы, «Бес арыс» кітап көрмесі.
|
Оқыту әдістері:
|
сұрақ-жауап, топтастыру, талдау.
|
Сабақ барысы
І КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім жаңа сабақ түсіндірмес бұрын 6, 8-сынып оқушыларына ортақ төмендегі жұмбақты жасырады:
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұздай бесік таянған.
- Балалар, мына өлең жолдары кімге арналған?
- Аналарға.
- Дұрыс айтасыңдар. Бұл өлең жолдары аналарға арналған екен. Ана – әрбір адамның ең жақыны, жанашыры. Адам бойындағы ізгі қасиеттер алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны бізді әлдилеп жұбатады.
- Балаларын көзінің қарашығындай қорғап, аяғынан тік тұрғызатын кім?
- Ана.
- Жер бетінде бүкіл адамзатқа ең қымбат жан кім?
- Ана.
- Дұрыс, ананың орнын ешкім баса алмайды. Анаға өлең арнамаған ақын, ән-күй жазбаған сазгер-күйші жоқ шығар. Ендеше, бүгін біздер А. Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының аналарға арнаған өлеңдерімен танысамыз. Өлеңмен таныспас бұрын оның авторлары туралы не білеміз? Қане, еске түсіріп көрейікші.
- А.Байтұрсынұлы кім?
- Алдыңғы сыныптарда оның қандай шығармаларымен таныстыңдар?
- А.Байтұрсынұлының мысал өлеңдерінен жатқа үзінді айта аласыңдар ма?
- Өлеңдерінде адам бойындағы қандай қасиеттерден жирендіреді?
- М.Дулатов туралы не білесіңдер? (Оқушылардың жауаптары.)
(Оқушылардың берген жауаптарынан соң мұғалім хронологиялық кесте бойынша екі ақынның өмірбаянымен таныстырып өтеді.)
|
ІІ САРАЛАНҒАН БӨЛІМ
Оқулықпен жұмыс
|
Мұғалім басшылығымен орындала-тын жұмыс.
1. «Анама хат» өлеңін оқып, мазмұнымен танысу (алдымен мұғалім оқиды, содан соң 1-2 оқушыға оқытады) .
2. Өлеңнің мазмұнын талдау:
а) Ақын өлеңді кімге арнаған екен?
ә) Өлең мен ақын тағдырының арасында қандай байланыс бар?
б) Намыс туралы не білесіңдер?
в) Адамға тән намыс пен ұлт мүддесінен туындаған ұлтжандылық өлеңде қалай көрініс тапқан?
3. Түсініксіз сөздерді дәптерге теріп жазу, талдау.
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.
«Қара бұлт» өлеңін оқып, мазмұнымен танысу.
1. Ақын қара бұлт арқылы қандай адамдарды бейнелеген?
2. Қара бұлттың мақтаншақтығы мен қайырымсыздығын көрген тау қалай тебіренді?
3. «Сай – сайға құяды, бай байға құяды» деген мәтелді қалай түсінуге болады?
4. «Қайырымдылық дегеніміз не?» тақырыбында шағын шығарма жазу.
|
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.
1. Өлеңді өз бетінше оқып, мазмұнымен танысады.
2. Өлеңдегі ақын ойын қарасөзбен жазу.
Мұғалім басшылығымен орындала-тын жұмыс.
Өлеңнің құрылысына сатылай кешенді талдау жүргізу.
1. Авторы.
2.Тақырыбы.
3. Жанр түрі.
4. Идеясы.
5. Шумақ саны.
6. Тармақ саны.
7. Бунақ саны.
8. Буын саны.
9. Ұйқас.
10. Әдеби-теориялық ұғым.
11. Түсіндірме сөздік.
12. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.
|
2-тапсырма
Оқулықтан тыс тапсырмалар
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары
|
Ана туралы өзінің білетінін және өлеңнен түсінген ұғымдарды қосып, «Ана деген кім?» деген сұраққа жауап жазады.
|
«Ананың көңілі балада» тақырыбына шағын шығарма жазу.
|
ІІІ КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
БЕКІТУ КЕЗЕҢІ
|
Тест сұрақтары
1. А. Байтұрсынұлының туған жылы:
а) 1872 ж.; ә) 1873 ж.; б) 1874 ж.
2. Ақынның туған жері:
а) Алматы; ә) Ақтөбе; б) Ақмола.
3. Алғаш атқарған қызметі:
а) мұғалім; ә) журналист;
б) командир.
4. «Қарағым, данагөйім, қамқор анам,
Арнап хат жазайын деп алдым қалам...» деген үзінді ақынның қай өлеңінен алынған?
а) «Ана»; ә) «Анама хат»;
б) «Менің анам».
|
Тест сұрақтары
1. М. Дулатовтың туған жылы:
а) 1885 ж.; ә) 1884 ж.; б) 1883 ж.
2. Ақынның туған жері:
а) Қостанай; ә) Торғай; б) Ақмола.
3. Алғаш атқарған қызметі:
а) мұғалім; ә) аудармашы;
б) басқарма.
4. А.Байтұрсынұлы екеуі бірлесіп шығарған газет:
а) «Айқап»;
ә) «Коммунизм жолы»;
б) «Қазақ».
|
Өзін-өзі бағалау парағы
|
6-сынып
|
8-сынып
|
Тапсырмалар
|
Мұғалім-
нің қойған ұпайы
|
Оқушы-
ның жинаған ұпай саны
|
Баға
|
1-тапсырма
|
8
|
|
|
Оқулықпен жұмыс
|
10
|
|
|
2-тапсырма
|
7
|
|
|
Тест
|
8
|
|
|
Барлығы:
|
33
|
|
|
Бағалау критерийі: 29-33 ұпай – «5»; 24-28 ұпай – «4»; 18-23 ұпай – «3»
|
Тапсырмалар
|
Мұғалім-
нің қойған ұпайы
|
Оқушы-
ның
жинаған
ұпай саны
|
Баға
|
1-тапсырма
|
8
|
|
|
Оқулықпен жұмыс
|
12
|
|
|
2-тапсырма
|
10
|
|
|
Тест
|
10
|
|
|
Барлығы
|
40
|
|
|
Бағалау критерийі: 35-40 ұпай – «5»; 30-34 ұпай – «4»; 25-29 ұпай – «3»
|
Оқушыларға өзін-өзі бағалау парағы беріледі.
|
Үйге тапсырма
|
«Анама хат» өлеңін мәнерлеп оқып, жаттап алу.
|
Өлеңді жаттап алу. «Менің анам» тақырыбына шағын шығарма жазу.
|
10-кесте – 2-сабақ жоспарының үлгісі
|
6-сынып
|
8-сынып
|
Сабақтың тақырыбы:
|
М. Мақатаев. «Қайырлы түн», «Қара өлең» өлеңдері.
|
М. Мақатаев. «Аққулар ұйық-тағанда» поэмасы.
|
Сабақтың мақсаты:
|
1. Ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу: өлеңдерінің тақырыбы мен мазмұнын ашу.
2. Ақиық ақынның жырларымен таныстыра отырып, сөздік қорын дамыту, салыстыра талдай білуге үйрету.
3. Оқушыларды отансүй-гіштікке, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге тәрбиелеу.
|
1. Поэманың мәнін түсіну, әдеби-теориялық талдау, идеясы мен мақсатын ұғындыру.
2. Ақиық ақынның жырла-рымен таныстыра отырып, оқушылардың поэзия туралы таным-түсініктерін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, пікірталасқа түсуге үйрету.
3. Оқушыларды отансүйгіш-тікке, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерге тәрбие-леу.
|
Сабақтың көрнекілігі:
|
ақын портреті, өлең жинақтары, тірек-сызбалар.
|
Оқыту әдісі:
|
қызығушылықты ояту, түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап.
|
Сабақ барысы
І КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім үй тапсырмасын сұраған соң, оқушыларға жаңа сабақтың міндеттерін таныстырады.
Мұғалім сөзі:
Балалар, «Жазылар естеліктер мен туралы», - деп ақиық ақын жырлағандай, Мұқағали әлеміне шолу жасайық. Қазір кім не біледі, соны ортаға салайықшы. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік.
1. Мұқағали кім?
2. Ақын қай жерде дүниеге келген?
3. Алғашқы өлеңі кімге арналған?
4. Шын аты кім еді?
5. Ақынның жары кім?
6. Ақынның үш бақытын атаңдар.
7. Жалынды ақын неше жасында дүниеден өтті?
8. «Өмірде ақындардың бәрі жалғыз» деген сөзі қай өлеңінде айтылған? (Әр сынып оқушылары өз білгендерін баяндайды, мұғалім көмегімен толықтырады.)
- Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымызда ақынның өмірі мен шығармашылығымен толығырақ танысамыз. Мұқағали – жыр еліне ауыз әдебиетінің бай үлгілерінен сусындап, ұлы Абайдың тереңіне бойлап, өзіне дейінгі ақындарды пір тұтып, батыс пен шығыс әдебиеттерінен білім алған ақын. Сырға толы тұнық та, мөлдір жырлары арқылы халықтың жүрегіне жол тапқан. Өз өлеңдерінде ана мұңын, ердің ерлігін, пәк махаббат пен достықты жырға қосқан. Бүгінгі сабақта біз – «Қайырлы түн», «Қара өлең» өлеңдері мен «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен танысамыз.
|
ІІ САРАЛАНҒАН БӨЛІМ
Оқулықпен жұмыс
|
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.
«Қайырлы түн», «Қара өлең» өлеңдері:
1. Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
2. Өлең құрылысын талдау.
3. Мағынасы түсініксіз сөздерді дәптерге жазу.
Мұғалім басшылығымен орындала-тын жұмыс.
- Балалар, жалпы «Қайырлы таң», «Қайырлы күн», «Қайырлы кеш» деген сөздер адамға деген ізгі тілектен туатынын білесіңдер, ал ақынның «Қайырлы түн» өлеңі күллі дүниенің тыныштығын тілеу мақсатында жазылған. Ендеше, «Қайырлы түн» өлеңінің мазмұнын ашып, талдайық.
Өлең шумақтарының мазмұнын талдау:
«Қайырлы түн» өлеңінен қаратпа сөздерді тауып, маңызын түсіндіру.
Қаратпа сөз дегеніміз не?
1. Өлең шумақтарынан кейіптеу, эпитеттерді тауып, дәптерге жазу.
2. «Қара өлең» өлеңінің соңғы шумағын құрылысына қарай талдау.
3. Қара өлең дегеніміз не?
|
Мұғалім басшылығымен орындала-тын жұмыс.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасын (поэманы үйден оқып келгендіктен, талдау сатысына көшу) талдау.
1. Ақын поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не? (Интерактивтік тақтаны қолдану.)
Тақырып
сұлулық зұлымдық
махаббат
2. Сұлулықты неден көресіңдер? (Мұғалім интерактивтік тақтаны қолданады, оқушылар өз ойларын айтады.)
тау аққу
табиғат бұлақ аң,құс елік
ағаш тиін
табиғат
сұлулық ару
гүл
3. Поэманы бөлімдерге бөліп, әр бөлім-ге ат қою.
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.
Сұлу сөзінің синонимін табыңдар.
Сұлулық сөзіне антоним табыңдар.
Зұлымдық дегеніміз не?
Поэманың тіліне талдау жасау.
|
Оқулықтан тыс тапсырмалар
2-тапсырма
|
Берілген ұйқасқа өлең құрау.
1. ... ... ... жерім,
... ... ... белім.
... ... ... елім.
2. Жерім сөзіне фонетикалық талдау жасау.
3. Поэзия дегеніміз не?
|
Дәптермен жұмыс
1. Аққуды неге киелі құс дейді?
2. Тәуіп дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Көл не себепті Жетімкөл деп аталған?
|
ІІІ КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
Бекіту кезеңі
|
Тест сұрақтары
1. Қазақтың қара өлеңіне бас иіп, тәнті болған, қасиетін сезінген ақын кім?
а) Абай; ә) Шәкәрім; б) М.Мақатаев.
2. Мұқағалидың туған жылы:
а) 1931 ж.; ә) 1932 ж.; б) 1933 ж.
3. «Дүбірлетіп сенің ұлы кеудеңді, Таптамасын танктер» деген үзінді Мұқағалидың қай өлеңінен алынған?
а) «Қара өлең»; ә) «Қайырлы түн»;
б) «Есіңе мені алғайсың».
|
Тест сұрақтары
1. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйық-тағанда» поэмасындағы қасиетті аққулар мекендеген көлдің аты:
а) Аққулы көл; ә) Жетімкөл;
б) Айдын көл.
2. Аққуға оқ атқан кім?
а) бала; ә) ана; б) жылқышы.
3. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы қай жылы жарияланды?
а) 1974 ж.; ә) 1972 ж.; б) 1973 ж.
|
Оқушыларға өзін-өзі бағалау парағы беріледі
|
Үйге тапсырма
|
1. «Ел тілегі – бейбітшілік», «Біз бейбітшілікті сүйеміз» деген тақырыптарға шағын шығарма жазу.
2. «Қара өлең» өлеңін жаттап алу.
|
1. «Оятып, дүниені дел-сал қылып» деп басталатын шумақтан «...Аққулар ақ айдынды қалдырды да, Тартты кеп, ана отырған жағалауға» деген тұсқа дейін мәнерлеп оқып, жаттап алу.
|
6.3 Физика пәнінен біріктірілген 8, 10-сыныптарға арналған бірпәндік сабақ жоспарларының үлгілері
11-кесте – 1-сабақ жоспарының үлгісі
|
8-сынып
|
10-сынып
|
Сабақтың тақырыбы
|
Есептер шығару: «Жылу мөлшері. Жылу мөлшерінің бірліктері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы».
|
№1 зертханалық жұмыс. «Метал-дардың молярлық жылу сыйымды-лығын салыстыру»
|
Сабақтың мақсаты
|
1. «Жылу мөлшері» тақыры-бындағы формулаларды пайдала-нып есептер шығару.
2. Оқушылардың ой өрісін, танымдық дағдыларын жетілдіру.
3. Оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
|
1. Металдың молярлық сыйымды-лығын салыстырып, білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
2. Оқушылардың ойлау қабілет-терін дамыту.
3. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Есеп шарты жазылған слайдтар. Формулалар жазылған плакаттар.
|
Калориметр, мензурка, суы бар ыдыс, электр плита, кірлері бар таразы, массалары 50-100 г болатын алюминий, мыс және темір денелер.
|
Оқыту әдістері
|
Сұрақ-жауап, топтастыру, талдау.
|
Сұрақ-жауап, топтастыру, талдау.
|
Сабақтың барысы
|
1. І тарауды қайталау.
2. Есептер шығару.
|
1. Зертханалық жұмыс.
2. Өтілген тарау бойынша есептер шығару.
3. Тестік тапсырмаларды орындау.
|
І КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
Ұйымдастыру кезеңі
|
Мұғалім басшылығымен орын-далатын жұмыс
Тарау бойынша негізгі формулаларды еске түсіру, сұрақтарға жауап беру.
1. Жылу берілудің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Жылуөткізгіштік дегеніміз не?
3. Сәуле шығару қарқындылығы неге тәуелді?
4. Қандай жылу берілуді «конвекция» деп атайды?
5. Еріксіз конвекциядан табиғи конвекцияның айырмашылығы неде?
|
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары
Оқушылар үйде зертханалық жұмыстың орындалу тәртібін дәптерге жазып келеді, сыныпта жұмысты орындап, 2-кестені толтырады.
|
ІІ САРАЛАНҒАН БӨЛІМ
Оқулықпен жұмыс
|
Мұғалім басшылығымен орында-латын жұмыс.
6-жаттығу. № 9,10
1-деңгейлік тапсырма
1. Қандай процесс жылу алмасу деп аталады?
2. Қар немесе мұз жабылған егістіктің қайсысында күздік дақылдар жақсы сақталады?
3. Көлемі 2 л табиғи газ толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?
2- деңгейлік тапсырма
1. Қорғасын жүк қорғасын тақтаға соғылғанда механикалық энергия қалай өзереді?
2. Массасы 5 кг бензин толық жанғанда, қанша жылу мөлшері бөлінеді?
3. 440·107Дж энергияны алу үшін Қарашығанақта өндірілетін табиғи газдың қандай мөлшерін жағу керек?
3-деңгейлік тапсырма
1. Солтүстікте суықтан, ал оңтүстікте ыстықтан қорғанып, теріден жасалған киімдерді киеді. Неліктен олай? Себебін түсіндіріңдер.
2. Массасы 0,5 қорғасын білеуше 150°С-дан 20° С-қа дейін суығанда айналасындағы денелерге қандай жылу мөлшерін береді?
3. Меншікті жану жылуы 4,6·107 Дж/кг, массасы 1,5 кг отынды жағып 1,89·107 Дж жұмыс атқаратын трактордың ПӘК-тін анықта?
|
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.
11-жаттығу. № 3, 4
1-нұсқа
1. Табиғаттағы ең төмен шектік температура неге тең? (-273,15°С)
2. Ішкі энергия дегеніміз не?
3. Термодинамиканың 1-заңы неге тәуелді?
4. Газдың ішкі энергиясын қалай өзгертуге болады?
5. Қандай термодинамикалық процестерді білесіңдер?
2-нұсқа
1. Термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады?
2. Зат мөлшерін азайтса, идеал газдың ішкі энергиясы өзгере ме?
3. Қандай құбылысты жылу берілу деп атайды?
4. Металдардың молярлық жылу сыйым-дылығын немен салыстыруға болады?
5. Изотермалық процесс дегеніміз не?
Сұрақтарға ең көп дұрыс жауап берген оқушы бағаланады.
|
ІІІ КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
Рефлексиялық-бағалау кезеңі
|
Білімді бекіту: 1. «Бой сергіту». Сыныптар екі топқа бөлінеді, әр топқа 2 сұрақтан беріледі, оларды талдауға 6 минут уақыт бөлінеді. Дайын оқушылар жауап береді, қалған оқушылар жауаптың дұрыстығын қадағалап отырады.
1. Жылу мөлшері дегеніміз не?
2. Графиттің меншікті жылу сыйымдылығы 750 Дж/кг °С. Бұл нені білдіреді?
3. Қандай қозғалыс жылулық қозғалыс болып табылады?
4. Мына жағдайлардың қайсысында ішкі энергия өзгермейді?
а) су буға айналады;
б) су шелектен шәйнекке құйылады.
|
Танымдық тапсырмалар
1. Жазда үй ішінің ауасы әртүрлі әдістерімен алынған жылу нәтижесінде қызады:
а) үй қабырғасы арқылы;
ә) ашық терезе арқылы;
б) күн сәулесін өткізетін терезе арқылы.
Көрсетілген жағдай жылу өткізгіштің қай түріне жатады.
2. Темір шегені қолға ұстап тұрып, отқа ұзақ қыздыру мүмкін емес, ал жанып тұрған шырпының жалыны қолыңа жеткенше ұстап тұруға болады. Неліктен? Түсіндіріңдер.
3. Үтіктің тұтқасы неге металдан емес, ағаштан немесе пластмассадан жасалады?
4. Күннің жылуы бізге қалайша беріледі?
5. Заттың ішкі энергиясы нені білдіреді?
6. Пайдалы жұмыс 100% бола ма?
Үйге тапсырма:
§ 9-10. 6- жаттығу № 3, 4.
|
Тест тапсырмалары
1) Жылу берілу кезіндегі ішкі энергияны өлшеуге бола ма?
а) иә; ә) жоқ.
2) Жылу мөлшері неге тәуелді?
а) cm; ә) V.
3) Сыйымдылықтың шамасының формуласын жаз:
а) с=Q/m▲t;
ә) с=Qm▲t.
4) СИ системасындағы жұмыстың өлшем бірлігі: а) кг; ә) Дж.
4) Табиғатта энергия жоқтан пайда бола ма және жоғалып кете ме?
а) өзгереді;
б) ол бір түрден екінші түрге, бір денеден екінші денеге өтеді.
Үйге тапсырма:
§5. 11 жаттығу № 5, 6
|
Бағалау парағы
|
Тапсырма
|
Мұғалім
берген
ұпай саны
|
Оқушы жинаған ұпай саны
|
Баға
|
Сұрақтарға жауап беру
|
5
|
|
|
Деңгейлік тапсырмалар
|
7
|
|
|
Білімді бекіту: «Бой сергіту» ойыны
|
4
|
|
|
Танымдық тапсырмалар
|
5
|
|
|
Барлығы
|
21
|
|
|
Бағалау: «5» -21-19, «4» -19-17, «3» - 17-15
|
|
Тапсырма
|
Мұғалім
берген
ұпай
саны
|
Оқушы жинаған ұпай саны
|
Баға
|
Зертханалық жұмыс
|
5
|
|
|
Есептер шығару
|
7
|
|
|
«Бой сергіту» тапсырмасы
|
4
|
|
|
Тест тапсырма-лары
|
5
|
|
|
Барлығы
|
21
|
|
|
Бағалау: «5» - 21-19, «4» - 19-17, «3» - 17-15
|
|
12-кесте – 2-сабақ жоспарының үлгісі
|
7-сынып
|
8-сынып
|
Сабақтың тақырыбы
|
Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру
|
«Жылу машиналары» тақыры-бындағы өзіндік жұмыс. Есептер шығару.
|
Сабақтың мақсаты
|
1. Үйкеліс күшін анықтауды үйрету.
2. Үйкеліс күшінің техника-дағы әрекетін қарастыру.
|
1. Оқушылардың алған білімдерін қолдана білуге үйрету.
2. Өздігінше жұмыс істеу қабілет-терін дамыту.
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Үйкеліс күшінің тұрмыста және техникадағы қолданылуы туралы бейнефильм, плакаттар.
|
Жылу машиналарының қолда-нылуы туралы бейнефильм, плакаттар.
|
Оқыту әдістері
|
Қызығушылықты ояту, сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру.
|
Қызығушылықты ояту, сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру.
|
Сабақтың барысы
|
1. Мұғалімнің басшылығымен жаңа тақырыпты өту.
2. Есептер шығару. Карточ-камен жұмыс.
3. Білімді бекіту. «Кім алғыр?» ойыны.
|
1. Физикалық диктант.
2. Танымдық тапсырма. Оқулық-пен жұмыс.
3. Білімді бекіту. «Кім шапшаң?» ойыны.
|
І КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
Ұйымдастыру кезеңі
|
Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс
Өткен тақырып бойынша қайталауға арналған сұрақтар.
1. Қандай күш 1Н-ға тең болады?
2. Деформация деп нені айтады?
3. Гук заңы қалай тұжырымдалады?
4. Қандай деформация серпімді деп аталады?
5. Бір түзудің бойымен қарама-қарсы жаққа қарай бағытталған екі күштің теңәрекетті күшін анықтаңдар. Егер F1 = 10Н F2 = 30Н. Оның сызбасын көрсетіңдер.
|
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары
Физикалық диктант
1. Қайсысында ішкі энергия үлкен?
а) температурасы 100°С, 1 кг суда;
ә) осы температудағы, 1 кг су буында.
2. Бірдей температурада қайсысы күштірек күйдіреді ?
а) ыссы су; ә) су буы.
3. Суды жабық ыдыста, 0°С-тан қайнау температурасына дейін қыздырғанда қандай шама өзгереді?
а) массасы; ә) ішкі энергиясы;
б) молекулалар құрамы.
|
ІІ САРАЛАНҒАН БӨЛІМ
|
«Кім жылдам?» ойыны.
1-топ
1. Денелердің өзара әсерлесуін сипаттайтын шаманы атаңдар.
2. Пластикалық деформация дегеніміз не?
3. Бір түзудің бойымен бір бағытқа қарай бағытталған екі күштің теңәрекетті күшін анықтаңдар. Егер F1 = 5Н F2 = 8Н. Оның сызбасын көрсетіңдер.
4. Темір серіппе 110 Н күш әрекетінен 8 мм ұзарды. Серппенің қатаңдығын анықтаңдар.
5. Массасы 300 г. Денеің салмағы неше Ньютонға тең?
2-топ
1. Күш сызбада қалай кескінделеді?
2. Қандай деформация серпімді деп аталады?
3. Бір түзудің бойымен қарама-қарсы жаққа қарай бағытталған екі күштің теңәрекетті күшін анықтаңдар. Егер F1 = 10Н F2 = 10Н. Оның сызбасын көрсетіңдер.
4. Жіңішке спираль серіппелі тірекке вертикаль бекітілген 150Н күш әрекетінен 68 мм ұзарған. Серіппенің қатаңдығын анықта.
5. Екі аттың тарту күші орта есеппен 700Н. Тарту күші 84000 Н-ға тең трактор қанша атты ауыстыра алады?
|
Танымдық тапсырма.
1. Мына көліктерде қандай двигатель орнатылған? Сәйкестендіріңдер.
І автокөлікте
ІІ трамвайда
ІІІ тракторда
ІV пароходта
|
|
1) бу машинасы
2) іштен жану
двигателі
3) бу турбинасы
4) электрдвигатель
|
2. Папен, Уатт кім, олар қандай жаңалықтар ашқан?
3. Іштен жанатын қозғалтқыштың ПӘК-і 35%, ал турбинасынікі 28%. Бұл сандар нені білдіреді?
4. Жылу двигателінің қатарына мылтықты жатқызуға бола ма?
5. Төмендегі жауаптар бойынша әрбір двигательдің жұмыс жасау ерекшелігін түсіндіріңдер.
а) бу машинасы;
ә) іштен жану двигателі;
б) бу турбинасы;
в)электрдвигатель.
|
|
6. Формула бойынша есептеп, кестені толтырыңдар.
η
|
|
33%
|
|
60%
|
|
54%
|
Т1
|
273К
|
80К
|
1000С
|
|
80 0 С
|
1200С
|
Т2
|
800К
|
|
1500С
|
300К
|
600С
|
|
|
ІІІ КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
|
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары
Білімді бекіту. «Кім алғыр?» ойыны.
1. Көк тайғақта тротуар бетіне құм себіледі. Неліктен?
2. Автокөліктердің доңғалақтарын не себептен бедерлі етіп жасайды?
2. Мұз қатқан жолмен жүру неге қиын?
3. Машиналарда, станоктарда қолданылатын подшипниктерді неге майлап тұру керек?
4. Қысқыштың ернеуіндегі оюлардың атқаратын қызметі не?
5. Неліктен майлы қағазға қарындашпен жазу мүмкін емес?
6. Үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіріңдер.
7. Массасы 50 кг жәшікті орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс күші µ=0,3.
8. Массасы 25 кг дене 120Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коффициенті неге тең?
|
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары
Білімді бекіту «Кім шапшаң?» ойыны.
1. Карно циклі дегеніміз не? Олар қайда қолданылады?
2. Қандай процесс дөңгелек немесе циклдік деп аталады?
3. Детонация дегеніміз не?
4. Неліктен отын энергиясының бір бөлігі ғана механикалық энергияға айналады?
5. Бірінші термодинамика заңының математикалық өрнегін жаз.
Q = ?
6. Кафельденген еденге бірдей биіктіктен массалары тең мыс, болат, темір шар түседі. Олардың қайсысы қаттырақ қызады?
7. Термодинамиканың екінші заңы қалай тұжырымдалады?
8. Іштен жану қозғалтқышының жұмысына ауа райы әсер ете ме?
|
Оқушыларға өзін-өзі бағалау парағы беріледі.
|
Үйге тапсырма: §32-33.
14-жаттығу (3-5).
|
Үйге тапсырма: «Жылу қозғалтқыштары» тарауындағы формулаларды қайталау, бақылау жұмысына дайындық.
|
13-кесте – 3-сабақ жоспарының үлгісі
|
7-сынып
|
8-сынып
|
Сабақтың тақырыбы:
|
ІІ тарау. «Заттың құрлысы» қайталау. Есептер шығару.
|
Зертханалық жұмыс «Мұздың меншікті жылуын анықтау»
|
Сабақтың мақсаты:
|
1. Заттардың күйлері және оларды молекулалы-кинетикалық теория негізінде анықтауға үйрету.
2. Есептер шығару дағдысын қалыптастыру.
3. Білімдерін күделікті өмірде қолдана білуін тәрбиелеу.
|
1. Жылу баланысының теңдеуін пайдаланып, мұздың меншікті балқу жылуын есептеу.
2. Эксперименттік жұмысты қорытындылауға үйрету.
3. Табиғат құбылыстарындағы тепе-теңдіктің сақтауға тәрбиелеу.
|
Көрнекілігі:
|
плакаттар, атом модельдері.
|
Таразы, термометрлер, калориметр, мұз кесегі, сүзгіш қағаз, су құйылған ыдыс
|
Сабақтың барысы
|
1. ІІ тарауды қайталау
2. Есептер шығару.
3. Танымдық тапсырмалар
|
1. Қайталау.
2. Зертханалық жұмыс
3. Танымдық тапсырмалар
|
І Кіріктірілген бөлім
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары
Негізгі тұжырымдамалар:
Эксперименттік зерттеулер бойынша атомның өзі күрделі бөлшек екендігі дәлелденген. Оның өзінен де кіші бірнеше бөлшектерден тұратыны белгілі болды. Оларды элементар бөлшектер деп атайды. Атом үш элементар бөлшектен тұрады: электрон, протон, нейтрон. Сұбасын жаса.
Зат құрлысының молекулалы-кинетикалық теориясының негізгі қағидаларын толықтырып жазыңдар.
1. Барлық денелер...................................... ..............тұрады.
2. ........................................ үздіксіз ретсіз қозғалыста болады.
3. Молекулалардың (атомдардың) арасында ................................ әрекет етеді.
4. Заттың қатты, сұйық және газ күйіне тән қасиеттері қандай?
5. Температура нені сипаттайды?
|
Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс
«Бәйге» ойыны. Оған жүйрік, бапталған атпен шабандоздар қатысқан. Ал біздің мақсатымыз: қойылған сұрақтарға дұрыс жауап алу.
1. Бір стакан жылы суға, мұз кесегін салсақ, онда не байқар едіңдер?
2. Зат қандай температурада балқиды?
3. Меншікті балқу жылуы ең көп, ең аз болатын заттарды атаңдар?
Зертханалық жұмысты орындаңдар.
1. Калориметрдің ішкі ыдысын таразыға тартып өлшеңдер: m к.
2. Оған су құйыңдар, содан кейін су бар калориметрді өлшеңдер: m су = m − m к .
3. Суы бар калориметрдің ішкі ыдысын, сыртқысының ішіне орналастырып, судың tсу температурасын өлшеңдер.
4. Суды термометрмен араластыра отырып, калориметрдегі ең төменгі температураны белгілеңдер.
5. Калориметрді қайтадан таразыға тартып өлшеңдер және суға салынған мұздың m мұз массасын анықтаңдар.
6. Өлшеулер нәтижесін кестеге жаз.
m к ., кг
|
m су, кг
|
t су= tк
|
t
|
m мұз
|
|
|
|
|
|
Q1 + Q2 = Q3 + Q4 –жылу баланысының теңдеуі.
|
ІІ Сараланған бөлім
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары. Танымдық тапсырмалар
|
1. Сутек атомы мен уран атомында қанша элементар заряд бар? Олардың таңбалары қандай?
2. Қыстыгүні өзен мен көлдің бетін қалың мұз басқанда судағы балықтардың қырылып қалатынын қалай түсіндіруге болады?
3. Егер кальмарға шабуыл жасалса, ол өзін қорғау үшін қошқыл көк түсті сұйықты шашып жібереді. Неліктен боялған кеңістік бірнеше уақыттан кейін мөлдір түске бөленеді?
|
1. Суық күнде істен шыққан жылу радиаторларындағы суды ағызып тастау қандай мақсатқа негізделген?
2. Мұз бен қардың меншікті балқу жылуының бір шама зор болатыны табиғатта жыл мезгілдерінің ауысуында қандай роль атқарады?
3. Автомобиль 1 сағатта 5кг бензин жағады, ол осы уақытта 6,9 · 107 Дж тең толық жұмыс істейді, бензиннің жану жылуы 4,6 · 107 тең. Двигательдің ПӘК анықтаңдар.
|
ІІІ Кіріктірілген бөлім
|
Білімдерін бекіту. «Кім шапшаң?».
1. Заттар қандай күйде болады?
2. Денелердің температурасы өзгерген сайын, молекулалар қозғалысының жылдамдығы өзере ме?
3. Қияр, балық тағы басқа тамақтарды тұздау қандай құбылысқа негізделген?
5. Бактерия жасушасының ұзындығы
0, 000 003м-ге (3 ·10 -6 м) тең.
Оттек (О2) молекуласының орташа диаметрі
0,0000000003 (3·10 -10 м). Бактерия жасуша-шының ұзындығы оттек молекуласының диаметрінен неше есе үлкен?
|
Білімдерін бекіту. «Ой жүгірту»
1. Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама.
2. Электромагниттік толқындар көмегімен бір денеден екінші денеге берілу процесі.
3. 4,6·107 Дж/кг қандай сұйықтың меншікті жану жылуы?
4. Қанша мөлшерде жылу керек екенін көрсететін физикалық шама?
5. 0,25·105Дж/кг қандай заттың балқу жылуы?
6. Сұйықтың немесе газдың ағысы арқалы энергия тасымалдануы?
7. Дене температурасының алмасуы дегеніміз не?
|
Үй тапсырмасы:
7-сынып. ІІ тарауды қайталау. 8-сынып.
Бақылау жұмысына дайындалу. §13-14. 9-жаттығу. (7-8)
|
Оқушыларға өзін-өзі бағалау парағы беріледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
2. Капица С.П., Курдюмов С.П., Малинецкий Г.Г. Синергетика и прогнозы грядущего. - М.: Просвещение, 1997.
3. Пидкасистый П.И. Технология игры в обучении и развитии. М.: Рос.пед.агенство, 1996. – 268с.
4. Құрманова Н.Ж. Қазақ мектебінде сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясы.Монография. – Ақтөбе, 2004. - 168 б.
5. Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения.т.І., 131с.
6. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. – Москва, 1986,
С. 62-64.
7. Занков Л.В. Дидактика и жизнь. – М.: Просвещение, 1968. - 175 с.
8. Амонашвили Ш.А. Здравствуйте, дети! – М.: Просвещение, 1983. –
208 с.
9. Педагогический энциклопедический словарь. – М.: БРЭ, 2003. – 142 с.
10. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – Б. 142-143.
11. Скаткин М.Н. Активизация познавательной деятельности учащихся в обучении. - М., 1985.
12. Подласый И.П. Педагогика начальной школы. – М.: Владос, 2004. –
395 с.
13. Алтынсарин Ы.Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку. // Сытдыков Ә. Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі. - Алматы, 1969. - 258 б.
14. Выготский Л. Педагогика. Т.1. М., 1983.
15. Исаев С., Қосымова Г. Қазақ тілі. 7-сынып. – Алматы: «Атамұра» баспасы, 2007.
16. Аманжолов С., Аманжолов А., Қосымова Г. Қазақ тілі. 8-сынып. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2010.
17. Ісләмжанұлы К., Тілешова С., Әрінова Б., Баттал Р. Қазақ әдебиеті.
6-сынып. – Алматы: «Атамұра» баспасы, 2002.
18. Мақпырұлы С., Құрманбай Г., Қыраубайқызы А. Қазақ әдебиеті.
8-сынып. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2010.
19. Башарұлы Р., Тоқбергенова У., Қазақбаева Д. Физика және астрономия. 7-сынып. – Алматы: «Атамұра» баспасы, 2012.
20. Дүйсембаев Б.М., Байжасарова Г.З., Медетбекова А.А. Физика және астрономия. 8-сынып. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2012.
21. Кронгарт Б., Кем В., Қойшыбаев Н. Физика. 10-сынып. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2012.
22. Лукашник В.И. Физическая олимпиада. – Москва: «Просвещение», 1997.
Мазмұны
|
Алғысөз..................................................................................................
|
3
|
|
Шағын жинақты мектептегі бірпәндік сабақтардың дидактикалық принциптері.............................................................................................
|
5
|
|
Біріктірілген сыныптардағы бірпәндік сабақтың құрылымы...............
|
12
|
|
Біріктірілген сыныптардағы бірпәндік сабақтарды ұйымдастырудың
әдіс-тәсілдері.............................................................................................
|
17
|
|
Бірпәндік сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы........................................................................
|
21
|
|
Бірпәндік сабақтарды ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесі..............
|
23
|
|
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы бірпәндік сабақтардың әдістемелік үлгі жоспарлары............................................
|
26
|
6.1
|
Қазақ тілі пәнінен біріктірілген 7, 8-сыныптарға арналған сабақ жоспарларының үлгілері (1-қосымша)...................................................
|
26
|
6.2
|
Қазақ әдебиеті пәнінен біріктірілген 6, 8-сыныптарға арналған сабақ жоспарларының үлгілері (2-қосымша)...................................................
|
34
|
6.3
|
Физика пәнінен біріктірілген сыныптарға арналған сабақ жоспарларының үлгілері (3-қосымша)..................................................
|
39
|
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................
|
46
|
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында
бірпәндік оқыту принциптері
Әдістемелік құрал
Басуға 19.04.2013 ж. қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 3,0.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК
010000, Астана қ., Достық көш., 20, 13 қабат.
Достарыңызбен бөлісу: |