ШАҒЫН КЕШЕНДІАУЫЛ МЕКТЕПТЕРШДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
САБАҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ж.М. Есіркепов
Қорқыт ата атындагы Қызылорда мемлекеттік университеті
В этой статье рассмотрены особенности проведения занятии физической культуры в сельских малокомплектных школах, проблемы физического воспитания и пути их решения.
Кез-келген қоғамнын өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениеттен өзіндік орын алуы оның білім деңгейіне де байланысты. Сондықтан Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап білім беру ісін реформалауға кірісті. "Білім туралы" заң қабылданып, жалпы білім беру жүйесіне бағытталған тұжырымдамалар, мемлекеттік білім стандарты, бағдарламалар және төл оқулықтардың жазылуы мектеп өміріне қатысты реформалардың жүргізіліп жатқандығының айқын куәсі.
Қазіргі өтпелі кезеңде өмір сүріп отырған Республикамыз әлеуметтік-экономикалық дағдарысты басынан кешіруде. Бүл дағдарыс білім жүйесіне, әсіресе ауыл мектептеріндегі білім саласына кері әсерін тигізбей отырған жоқ. Бұрынғы ірі шаруашылықтар ұсақ ұжымдарға, фермерлік шаруа қожалықтарына ұласуына байланысты ауыл түрғындары жұмыссыздыққа ұшырап, қалаға қоныс аударуда. Соның салдарынан орта мектептердің көпшілігі шағын кешенді жинақталған мектептерге айнала бастады.
Соңғы алынған мәліметтер бойынша Республикамызда жалпы білім беретін 8246 мектептің 3906-сы шағын кешенді жинақталған мектептер қатарында. Яғни барлық мектептің 75 пайызы ауылдық, 65 пайызы шағын кешенді мектептер болып отыр. "Өкінішке орай, осы уақытқа дейін шағын кешенді мектептердің педагогикалық-психологиялық, базалық, материалдық мәселелері зерттелмеген, оларға арналған мамандар дайындалмаған. Тіпті көпшілік те, басшылар да ауылдық жерлерде 1-2, 3-4 және 5-6-шы, сондай-ақ 10-11-ші сыныптарды біріктіріп оқытып жатқан мектептердің бар екенін білмейді. [1]
Шағын кешенді мектеп дегеніміз - біріккен сынып құрамында шағын санды оқушылары бар жалпы білім беру мектебі.
Шағын кешенді мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л.Н. Толстой, К.Д. Ушинский өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан жерінде ондай мектептердің пайда болуы Ы. Алтынсаринның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты. Яғни XVIII ғасырдың 60-жылдарында дүниеге келді. Содан бері бүл үлгідегі мектептің өзіндік мәселесі күн тәртібінен түспей келеді [1].
Ауыл мектептерінің материалдық жағдайын жақсартып, оқулык мәселесін шешіп қойғанның өзінде мұғалім шебер, білім деңгейі жоғары, ақыл-ойы, парасаты биік болмаса, алдағы ойлаған мақсатымыздың орындалмасы анық. Қазірде шағын кешенді ауыл мектептерін мүғаліммен қамтамасыз ету үлкен проблема болып отыр. Қазірдің өзінде ауылдық және шағын кешенді мектептерге 4000-нан астам мұғалім жетіспейді. Мұғалімдер заңда көрсетілгендей бір ғана жүктемемен жүмыс істемейді. Олардың ішінде 18 сағаттың орнына 25 сағаттан, яғни екі жүктемемен жүмыс жасап отырғандары да бар. Ондайда сабақтың қандай сапасы болмақ? Сол мұғалім жетіспеген себептен ауылдық жерлердің көптеген мектептерінде дене тәрбиесі сабағын арнайы маман емес мұғалімдер жүргізуде. Бүл деген ауыл мектептерінде жүргізілетін дене тәрбиесі сабағына басқа пәндермен салыстырғанда әлі де мән бермеушілік деген сөз.
Қазірде шамамен 12 мыңнан аса мұғалімнің арнайы білімі жоқ екен. Мал дәрігері де, технолог та мұғалім болып бірнеше жылдан бері сабақ беріп қалғандықтан, оларды орнынан қозғауға құлақ аспай келеді. 1999 жылы қабылданған спорт туралы заңда "Мектептерде дене тәрбиесі сабағын тек арнаулы білімді маман жүргізуге тиіс" деп көрсетілген. Сондықтан осы мәселенің бір тетігін ойластырып, ауыл мектептеріне арнайы педагог мамандарды тарту керек [2].
Шағын кешенді мектептердегі мұғалімнің жұмысы орта мектепте бір сыныппен жүмыс істейтін мұғалімге қарағанда өте ауыр, әрі қиын екендігі белгілі. Сол себепті мұндай мектептерде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру аса шеберлікті қажет етеді. Соңғы кездердегі ғалым-әдіскерлеріміздің жүргізген зерттеулеріне сүйенсек шағын жинақталған мектептердегі бір мезгілде катарынан оқытылатын әр деңгейдегі сынып оқушыларының білім сапасы жалаң оқыған оқушыларға қарағанда терең екендігі байқалады. Олар мұғалімнің басшылығымен әртүрлі өздігімен істейтін жүмыстың түрлеріне төселіп алады. Алайда сынып оқушыларының біріктіріліп оқытылуы деңе тәрбиесі сабағының тығыздығына, жүктемесіне кері әсер ететіндігі белгілі [3].
Соңғы жылдары ауыл мектептеріндегі оқушылардың президенттік сынамаларды тапсыруға дене даярлық деңгейлерінің төмен болуын мұғалім шеберлігінің, білімінің төмендегінен деу керек. Сабақ құрылымы дұрыс ұйымдастырылмауы және сабақ уақытын тиімді пайдаланбаудың әсерінен оқушылар өздеріне қажетті күш, жылдамдық, ептілік, икемділік, төзімділік сияқты дене сапаларын қалыптастыра алмайды. Бүл аталған дене сапалары қимыл-қозғалыстарға, ойындарға қатысу арқылы ғана, әртүрлі күрделі жаттығуларды үзбей, үнемі орындау барысында ғана жүзеге асады.
Қазіргі кезеңде ауыл және шағын кешенді мектептерде "спорт залдары жоқ, құрал-саймандар жетіспейді" - деген сылтаумен дене тәрбиесі сабағын "тоғызқұмалақ", "шахмат", "дойбы" сияқты ойындармен ауыстырып өткізетін фактілер де аз емес. Бұл жоғарыда аталган ойындар ақыл-ойдың логикалык ойлау түйсіктерін жетілдіргенмен, денені шынықтырмайды. Онда кимыл-қозғалыс әрекеттері жоқ. Ал дене тәрбиесі сабағының 45 минуттік сабак өлшемімен алғанда 85-90 пайызы кимыл-қозғалыстан тұруы керек. Дене қимылымен үзбей шұғылдану арқылы денені ғана емес, ақыл ойды да, адамның рухани дүниесін де, эстетикалық талғампаздығын да сұлуландыруға болатынын ескеруіміз керек. Үздіксіз қимылдаған дене ғана бұлшық етті шынықтырып, азғаны сауықтырады және денеде морфофункционалдық өзгерістер пайда болады. Дене сапалары дамып жетіледі. Ал ауылдық жердің көптегең мектептерінде спорт мамандарының тапшылығы салдарынан дене күші сапаларын жетілдіретін гимнастика, күрес сабақтары өз дәрежесінде өткізілмейді. Арнайы қүрал-саймандар жетіспейді. Осындай жағдайлардың әсерінен оқушының дене бітімі нашар дамиды деуге негіз бзр.
Бұл мәселелерге Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің "Дене тэрбиесі және Бастапқы әскери дайындык" кафедрасындағы студенттердің дене әзірлік көрсеткіштерін зерттеу барысында нактылы дәлелдер келтірілді. Жыл сайын I курсқа қабылданатын студенттердің 65-70 пайыздан астамы ауылдық жерлердің жастары. Олардын 40-45 пайызға жуығы өте әлжуаз, әлсіз. Басқа пәндерді айтпағанда әсіресе "гимнастика", "баскетбол", "волейбол" сабақтарында студенттердің берілген жеңіл жүктемелерге шыдамсыздық танытуы, қарапайым жаттығуларды ойын элементтерін игере алмауы, қимыл дағдыларының нашарлығы, дене сапаларының төмендігі, дамымағандығы байқалады. Бүл ауыл мектептеріндегі дене тәрбиесі сабағының өз дәрежесінде жүргізілмеуі нәтижесінде болып отыр. Сол сияқты спорт үйірмелерінің жүргізілмеуі, сабақтағы жүктемелердің төмен болуы бүл мәселені одан әрі қиындата түсуде.
Дене тәрбиесі сабақтарының өз дәрежесінде жүргізілуін жолға қою үшін ең алдымен мектептердің материалдық, кадрлық мәселелерін шешу қажет.
Жалпы жаңа жүйе бойынша окыту жұмысын ұйымдастырғанда төмендегі шарттар ескерілуі керек:
а) Сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы, ал дене тәрбиесі сабағының бағдарламасы әлі өз дәрежесінде бір жүйеге келтірілмеген. Онда ауылдардағы шағын кешенді мектеп сабақтары ескерілмеген
б) Бірнеше сынып материалының бір тақырыптық жүйеге ыңғайластырылуы жүйеленбеген.
в) Көрнекі дидактикалық құралдар және спорттық кұрал-жабдықтар алдын-ала дайындалуы, қамтамасыз етілуі толық шешілуге тиіс.
Шағын кешенді мектеп жұмысын қиындататын, оқушылардың білім дәрежесін төмендететін бірқатар объективтік ерекшеліктер кездеседі. Олар: бір мезгілде бірнеше сыныппен жүмыс істейтін шағын кешенді мектепке арналған оқыту әдістемесінің осы күнге дейін жасалмауы; өздігінше жұмыс істеу әдісі кең тарамағандығы; шағын кешенді мектеп мұғаліміне арнап жазылған әдістемелік жэне көрнекілік оқу қүралдарының аздығы, жоқтығы.
Мұндай мектепте бір мүғалім бір мезгілде екі-үш сыныппен қатар жүмыс істейді. Сабақтың өзіндік ерекшелігі, оқу үрдісі бір мезгілде үш сыныпта бірдей ұйымдастырылады. Мұның өзі мүғалімнің әр сыныпқа сабақ уақытының жартысын ғана жұмсауына мүмкіндік береді. Яғни мұғалім бір сыныпка жаңа материалды түсіндіріп жатқан кезде, басқа сыныптың оқушылары өз бетінше жүмыс жүргізеді [3,4].
Осы тұрғыдан алып қарағанда шағын кешенді мектептерде дене тәрбиесі сабағын жүргізіп, ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеп тұжырымдау, тіпті арнайы бағдарлама жасалуы керек.
Түптеп келгенде, дене тәрбиесі мен спорт өнері мектеп өмірінде тәрбие кұралы ретінде қарастырылады. Ол мектеп жасындағы окушылардың жалпы дене әзірлігін күнделікті өмірде аса қажет болатын дене сапаларын қалыптастырып, дамытуға бағытталған әлеуметтік, шынығушылық, сауықтырушылық міндеттерін шешеді. Осы мәселелерді шешу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Бұл "Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты одан әрі жетілдіру" жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама мазмұнында атап көрсетілген. Мемлекеттік тұрғыдан қаралып отырған осы мәселелер мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін мектептердегі дене тәрбиесі сабақтарында жүзеге асырылады.
Міне осы кедергілер мен олқылықтарды түзету мақсатында шағын кешенді ауыл мектептерінде жүргізіліп, ұйымдастырылатын дене тәрбиесі сабағының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа сипаттағы сабақты өткізу тәсілдерін қарастырып, дене тәрбиесі сабағының тиімділігін арттыру барысында кедергі болатын өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан шешу үшін мына мәселелердің басын ашу керек деп ойламын:
- Шағын кешенді ауыл мектептерінде сабақ өткізудің ғылыми негізделген жүйесін белгілеу;
- Шағын кешенді ауыл мектептерінде оқушылармен жүргізілетін сауықтыру, шынықтыру шараларының түрлерін белгілеу, моделін жасау;
Оқушылардың жас, жыныс, дене әзірлігі мүмкіндіктеріне, ерекшеліктеріне сай физиологиялық жүктеме және жоспарлау жүйесін кұру;
- Сабақта стандартты емес қондырғылар мен жабдықтарды қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру;
- Жергілікті ауыл жағдайындағы сабақ өтілетін орынның аймақтық ерекшелігіне сай сабақты жоспарлаудың тиімді жолдарын белгілеу, ұсыну;
- Сабақта дене тәрбиесі құралдарын тиімді қолдану арқылы сабақтың тәрбиелік мәнін көтеретін модельдер ұсыну;
- Шағын кешенді ауыл мектептеріне арналған, бейімделген "стандартты емес" жабдықтар түрлерін ұсыну.
С. Назарбаева насихаттап жүрген салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін біз ұрпағымызды мектеп жасынан бастап тәрбиелеуіміз керек. Дені сау, шымыр да епті жастың өсуі - біздің барлығымыздың да алдымызда тұрған үлкен мәселе. Ол үшін жоғарыда айтылған кемшіліктерімізден нәтиже шығарылса дүрыс болар еді. Мектептерге жоғары білімді мамандар тартылып, спорттық қүрал-жабдықтармен толық қамтылған жағдайда ғана біз дені сау, салауатты ұрпақ қалыптастыра аламыз.
Әдебиет
1. Беркімбаева Ш. //Қазацстан мектебі, 2002, №4, Б.З. 2. Нүрсеитова С //Қазацстан мектебі, 2002, №5, Б.13.
3. Пензулаева А.И. Физическое воспитание в малокомплектной школе, Москва: Просвещение, 1990, С. 5.
4. Горчакова Л.П. Физическое воспитание в малокомплектной школе, 1982, С. 4-9.
Достарыңызбен бөлісу: |