Шаги Алгоритм действия



бет4/8
Дата04.06.2020
өлшемі38,67 Kb.
#72262
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Алгоритм для ОСКЭ при травмах

5. Науқастың келісімін алу.

« Иван Алексеевич, сізге шина қай мақсатпен салатынымыз түсінікті ме? Сіз келісіміңізді бересіз бе?»



4

Жалпы ауырсынуды басуды жасау. Стерильді қолғап кию. Қолды өңдеу.

Жалпы ауырсынуды басу мақсатында зақым көруші 10 мг кеторолакты( немесе 100мг кетоналды, немесе 10мг кеторалды)пероралды қабылдау қажет.

« Иван Алексеевич, ауырсынуды басу үшін дәрі қабылдауыңыз қажет. Келісіміңізді бересіз бе?»



  1. Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолғап кию.

Қолды антисептиктер ерітіндісімен өңдеу, стерильді қолғап кию.

Қолғапты кию техникасы:

  1. Сыртқы қаптаманы ашыңыз – жоғарғы жиектеріе әр түрлі бағытта тартыңыз. (Немесе орамның жоғарғы жиегін ақырын жыртыңыз.)

  2. Алдыңызға ішкі қолғабы бар қаптаманы, «L» (сол) және « R» (оң) болатындай етіп қойыңыз.

  3. Ақырындап қаптаманың ішіндегі қолғапқа тиіп кетпей, шеткі жиектерін шетке тартыңыз.Алдыңызда оң және сол қолғап жатады.Осы кезеңнен кейін және қолғап киер алдында , қолыңызды антисептикпен зарарсыздандырып оның толық кебуін күтіңіз.

  4. Көрнекі түрде қолғаптың жыртылмағанына,және «бас бармақтарының» төңкерілмегеніне оңай киілетіндей екеніне көз жеткізіңіз.

  5. Ақырын қолғаптың шеткі бүктелген жағынан (манжетаның жоғарғы шеті) алыңыз ,оның сыртқы (стерильді ) жағына және екінші қолғапқа тиіп кетпеу керек.

  6. Сол қолдың саусақтарын бірге жинап ,қолғапқа кіргізіңіз.Қолғаптың ішінде саусақтарыңызды ашып ,дұрыс бағытта орналастырыңыз. Қолғапты уақытша киіп манжетаның шетін бүктелген қалпында қалдырыңыз.

  7. Қолғап киілген қолыңызбен екінші қолғапты алыңыз, саусақтарыңызды бүктелген жағына ішкі жағына кигізіңіз.Қолғап киілген саусақтарыңыз,екінші қолғаптың ішкі бүгіндісіне тиіп кетпеу керек,сол себепті манипуляцияны ұқыпты жүргізу керек.

  8. Сол қолдың саусақтарын ажыратып,қолғаптың бүктемесін бұзбай қолғапты киіңіз.

  9. Сол қолғаптың бүгіндісін жазыңыз,саусақпен бүгілген шетін астына қарай тартыңыз.

  10. Енді қолғапты қолдың жұмыс істейтін аймағын толықтай жабу үшін, қолғапты тартып киіңіз.

5

Зақымдалған аяқ-қолды орташа физиологиялық жағдайға келтіру.

Шина салардан бұрын зақымдалған аяқ-қолды орташа физиологиялық жағдайға келтіру(жамбас-сан және шынтақ буындарында бүгу, сирақ-табан буындарын 90 градусқа дейін сыртынан бүгу). Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, онда сүйек сынықтарын барынша аз ығысатын қалыпты қамтамасыз ету.

6

Шинаның өлшемі мен түрін анықтау.

Шинаның ұзындығын анықтау (зақымданған орынға қатысты ең болмағанда жоғарыда және төменде жатқан буындарды қамтуы тиіс). Өлшеу керек. Қажетті ұзындықтағы үш түрлі баспалдақты шинаны дайындаңыз (біріншісінің ұзындығы 120 см, ені 11 см және екеуінің өлшемдері 80 см, ені 3см ). Зақымданған аяқтың ұзындығын сау аяқтың контурлары бойынша табанының II башпайының ұшынан сыртқы тобыққа дейін және сыртқы тобықтан мықын сүйегі тарағының сыртқы жиегіне дейін өлшеу. Шинаның түрін анықтау( тасымалдайтын баспалдақты Крамер шинасы)



7

Зақымданған аяқ-қол контурлары бойывнша шинаны құрастыру.

Шинаны таңдаудан соң зақымданған аяқтың артқы беткей контуры бойынша шинаны құрастыру қажет.

8

Сүйек шодырларын астына дәкеден жасалған төсемелер салу.

Сүйек шодырларының ( тобық, тізе буынының) қысылап қалудан және некроздың дамуынан сақтандыру үшін мақтадан жасалған төсеме салу қажет.

9

Қалыпқа келтірілген шинаға зақымдалған аяқ – қолды саламыз.

Көмекшінің көмегімен (егер ол болса) зақымдалған аяқ – қолға, қалыпқа келтірілген шинаны салыңыз. Егер көмекші жоқ болған жағдайда, өкше сүйегінің шығыңқы бөлігінен ұстап иыққа қойыңыз, кейін қалыпқа келтірілген шинаны салып ақырын аяқ - қолды түсіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет