Шахмардан есенов



бет123/123
Дата31.12.2021
өлшемі0,85 Mb.
#107253
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123
Байланысты:
Шахмардан есенов
@ 5 B - 07, Нурканик сііідддііккк, @ 5 B - 07, @ 5 B - 07, Тау - кен кәсіпорын экономикасы пробное тест (2), Конгитивные обучение, Конгитивные обучение, Конгитивные обучение, англ
«Бір жылы біздер Қырымда бірге дем алдық,--дейді ..........................,-- Шахаң бала шағасымен, жары Кәмиламен келіп жатыр екен. Ара-кідік әңгімелесіп тұрамыз. Бір күні кешкі астан кейін болатын сол кездің дискотекасында кездесіп қалдық. Демалуға келген адамдар емес пе елдің бәрі көңілді, әсіресе, көңілді музыка әйелдер жағын шаттандырып жібергендей. Шаха да жары Кәмила екеуі вальсті біраз билеп тастады. Бір кезде Шахаң микрофонды сұрап алды да орыстың халық әнін ............... бастап кетті. Қандай әуезді айтады. Улап-шулап, дабырлап тұрған ел бір сәтте –ақ тына қалды. Шахаңның ән салғанын бірінші көрген біздер де мәзбіз. Сосын қазақтың халық әні «Бозторғайды» салды. Әнге аударманың керегі жоқ қой, әр ұлттың өкілі сазды әуенге елітіп-ақ қалды. Ән біткен кездегі қол соғыстарын көрсеңіз ғой, тіптен оған ысқырық қосылған кезде көңіл шіркіннің көк кептері әуелеп-ақ кетіп еді. Арқаланып алған Шахаң орыстың орғып билейтін биін биледі. Мұндайда орыстың келіншекттері қалыс қалушы ма еді, біразы орғып ортаға шықты. Шахаң мықты психолог қой, жиналған жұрттың делебесін қоздырырып алды да: «Ал, жолдастар, ендігі кезекті поэзияға берейік деді де Пушкиннің «Евгени Онегинінен» Татьянаның хатын жатқа айтты. Сызылта оқыды, сезімдерді тербей оқыды. Ал, өлең оқылып біткеннен кейінгі күйді мен жеткізе алмаймын, бағанағы қол соғу қол соғу ма, ашық аспан астын дүркіретіп жіберді. Тіптен аспандағы самаладай жарқырап тұрған жұлдыздарға дейін жымыңдап, олар да жердегі адамдар қызығына қызығатындай. Біздің екі езуіміз екі құлағымызға жеткен. Кеудемізді мақтаныш кернеп барады. «Жарайсың, Шах!» деп, дүрмекке қосылып дүркіреп қоямыз. Ішімнен «Міне қазақ! міне Ер!» деп, жан-жағыма жалт-жалт қараймын. Қасымда тұрған бір келіншек: «қайдан келген азият бұл?» деді. Мен жұлып алғандай «Ол Қазақстаннан, қазақ!» дедім. Менің бұл сөзім мақтанышқа тұнып тұр еді. Сол жолы демалушылардың ортасында ең құрметтіміз де, ең мықтымыз да Шахаң болып, біз ол үшін мақтанып, жақсы бір демалып қайтқанбыз-ды. Мен ол күндерді өмірімде ұмытқан емеспін.

Біз білетін Шахаң осындай еді, жүрген ортасын көңілді, жақсы бір жағдайға бөлеп жүретін. Және ол мұнысын қарапайым, жәй ғана жүріп көрсететін. Өзі де біртуар азамат, дара тұлға еді ғой...».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет