Ежелден қалған аңыздар бойынша, шахматты ең алғаш болып біздің эрамызға дейін 1000 жыл бұрын Үндістандық математик ойлап тауыпты.
Шахмат ойынының тұңғыш аты «чатуранга».Шығыста ел билеуші патшаны шах деп атайды. Ал «мат»-«өлді» деген сөз екен. Сонда «шахмат» сөзін: «Қарсыластың патшасына (короліне) өлім келсін!» - деп аударуға болады. Шахмат тақтасы ақ және қараға боялған бірдей бірдей 64 шақпаққа бөлінеді. Ойынның мәні де осында, мұнда «ақ жағы» мен қара жағының» екі армиясы 64 шаршылы тақта үстінде шайқасады. Ойынды заңды түрде 2 ойыншы ойнайды.