Шайбаева Мақпал
Мектеп педагог-психологі
5-сынып оқушыларын жаңа білім деңгейіне бейімдеу психологиясы
Мектеп педагог-психологтарына арналған
Авторлық бағдарлама
Түсінік хат
Қазіргі педагог-психологтың алдына: болашақ өркениетті, дәстүрлі демократиялық мемлекетті құратын жас ұрпақтың ең әуелі адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, содан кейін оның жан сапасын, тән сапасын арттырып, техникалық прогреске сәйкес жан-жақты қолданбалы білім беру міндеттері қойылады.
Осы тұрғыда педагог-психологтың қызметіне оқушылар тұлғасының үйлесімді дамуы, олардың көңіл-күй тұрақтылығын психологиялық сүйемелдеу мен қорғау, әлеуметтік және психологиялық салауаттылығының алдын алу мен ауытқушылықтарды жеңіп шығуына көмектесу проблемалардың себептерін анықтап, оларды шешудің жолдары мен құралдарын іздеу үшін қолайлы жағдай жасау сияқты әрекеттер жатады.
Бала бастауыш мектеп жасынан орта мектеп жасына өтуде психологиялық өзгерістерге ұшырайды. Тек бір ғана мұғалімге, бір кабинетке, тұрақты қалыпқа үйренген бала орта сыныпқа келген кезінде бірнеше мұғалімдер сабақ беруі, сабақ кестесінің ауысуы, жаңа мұғалімдермен қарым-қатынас жасауы оқушының оқу мотивациясына әсер етеді. Балада мазасыздық, сенімсіздік пайда болады, сыныптастарымен, мұғалімдермен қарым-қатынаста қиындық сезеді. Осы төрғада мектеп психологінің қолдауы өте маңызды .
10-11 жастағы балалар аңқау, ашық, алаңсыз келеді. Орта буында «Мен үлкен болдым» деген сезіммен үлкендердің көңілін өзіне аударғысы келеді, таң қалдыру сияқты сезімдер байқалады, сынып жетекшіге еркелеу, жабысу невротизмнің белгілері байқалады. Осы қиындықтардың түрлерінің әсерінен туындаған жағдайды жеңу үшін қандай көмек көрсете аласыз? Сол себепті де, оқушылардың бейімдеу психологиясын дер кезінде анықтап, тузету жұмыстарын жүргізу мақсатында бағдарлама жасалынды.
Өзектілігі: Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды. Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу мәселесі бар. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Сондықтан бағдарламада жоспарланған іс-шаралар жеке тұлғаның жаңа ортада дамуы және орта буындағы тәртіп ережесіне жеңіл қалыптасуына бағытталған.
Ерекшелігі: Бағдарлама еліміздегі психолог мамандардың бірі Төлебек Қалыбай айтқан сөздеріне негізделуімен ерекшеленеді. Ол: «Адамның рухани дүниесін зерттеу ісі – бұл, өзге ғылымдардағы зерттеулерге қарағанда, аса үлкен ерекшеліктерге ие. Өйткені, рух пен руханият көрінбейтін, өлшенбейтін болғандықтан, оларды жанама жолмен, яғни, тән, тіл және дін білімдерін үйлестіре пайдалану арқылы зерттейміз» - деген.
Жаңашылдығы: Бесінші сынып оқушыларына жаңа білім деңгейіне бейімдеу барысында жеке көмек беру үшін педагогикалық-психологиялық зерттеуді жүзеге асыру, психодиагностика жасау, қазіргі мектептегі білім берудің нақты жағдайына сай психологиялық білімді қолдану түрлері мен әдістерін дамыту,
Достарыңызбен бөлісу: |