Шаймерден Қосшығұлұлы Көрнекті Алаш қайраткері, діндар Шаймерден Қосшығұлұлы



Дата04.11.2016
өлшемі77,4 Kb.
#222
Шаймерден Қосшығұлұлы

Көрнекті Алаш қайраткері, діндар  Шаймерден Қосшығұлұлы  1874 жылы  Ақмола облысы Көкшетау уезі Қотыркөл болысында туған.



Жас шағында ауыл молдасынан хат таниды, кейін Көкшетаудағы Науан хазірет медресесінде және Бұхарада оқиды. Мұнан соң осы қалада 1886 жылы жұртшылық қаржысымен салынған, Мезгіл болысының азаматы Наурызбай (Науан хазірет) Таласұлы ұстаған мешіт жанындағы интернаттың мұғалімі болады. Бұл кезде ол ұстазымен бірігіп, Ресейдің шоқындыру саясатына ашық қарсы тұрады. 1903 жылы Абай Құнанбайұлы сынды қазақтың білікті, сыйлы азаматтарына патшалық режимнің оспадар әрекеті туралы және осыған байланысты бас қосу жөнінде екі мәрте хат жазады. Осы күресі үшін имам Н.Таласұлы екеуі абақтыға жабылады. Жандармерия тексергенде, Көкшетау мешітінен «цензура» өткізбеген 164 кітап және күмәнді қолжазбалар шығады. Ақыры патша өкіметі 1903 жылы шілдеде Шаймерденге - 5 жыл, Науанға - 3 жыл кесіп, Үркіт генерал-губернаторының бақылауына Батыс Сібірге жіберіледі. Бұл жерден оларды Якутияға жер аударады. Осы заңсыздықты Ә.Бөкейхан мен М.Сералин жауапты орындарға, орыс зиялыларына дәлелдеп айта жүріп, бірнеше министрдің қабылдауында болып, оларды 1905 жылы наурызда босатып алады. Осы жылы М.Тынышбайұлы, С.Шипабекұлы секілді қайраткерлермен бірге Петерборға барып, патша өкіметіне қарсы шеруге қатынасады. Сонан соң Нижний Новгородта ашылған жалпыресейлік мұсылмандар сиезіне қатысады. Елге келген соң күрескер азаматты халық 1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға депутат етіп сайлайды. Бірақ ол бүл жолы «орыс тілін білмейді» деген желеумен депутаттыққа тіркелмеген. Ресми өкімет, халықты сатып жүрген тілмаштар қайраткер туралы неше түрлі алыпқашпа сөз таратқан. Бұл шақта қайраткер Балықты көлдегі алты бөлмелі ағаштан қиып салған үйін мектепке айналдырып, орыс мұғалімін жалдап, балалардың оқу шығынын өзі көтерген. I Мемлекеттік Дума таратылған соң, патша II Думаға сайлау жарлығын шығарғанда қайраткерді халық тағы да парламентке ұсынады. Ол Петерборға аттанады. Дума мүшесі болады. Бұл Дума да таратылғанда қайраткер өз қаржысымен астанада татардың «Улфат» (Бірлесу) газетіне қосымша ретінде «Серке» газетін шығарады. Қазақтан кісі сайланбаған III Думаға «Жер туралы» Заң жөнінде сұрау (запрос) салады. 1907 жылы Алаш көсемі Ә.Бөкейханның тапсырмасымен Түркияға барып, үкімет, парламент басшыларымен кездеседі. Түріктің бір газеті арқылы II Николайға мәлімдеме жасайды. Діндар 1917-1919 жылдардағы Алаш қозғалысынан да шет қалмайды. Кеңес өкіметі оны 1931 жылы Петропавл түрмесіне жабады. Әбден қиналған, саясаттан теперіш көрген қайраткер 1932 жылы Омбы жерінде қайтыс болады.

Наурызбай Таласовтың есімі ел ішінде және тарихта Науан Хазрет деп танылған. Кеңес уақытында ол туралы көп айтылмаған. Негізінде Науан Хазрет - біз білуіміз керек болған нағыз тарихи тұлғалардың бірі. Наурызбай Таласовтың туған жылы мен тұған жері туралы мәліметтер әртүрлі. Көбінесе, Науан Хазрет Көкшетаудағы Жылкелді ауылында 1843 жылы дүниеге келген деп айтылады. Оның дүниеден өткен жылы туралы деректер де түрліше. Қ.Абуевтің мәліметіне сүйенсек, Науан Хазрет Көкшетау қаласында 1916 жылы қайтыс болған. Науан Хазрет туралы мәліметтер Көкшенің ұлы тұлғаларының бірі Ақан серінің өлең шумақтарында, Әлихан Бөкейхановтың «Киргизы» кітабында, М.Жұмабаевтің очерктерінде, Сәбит мұқановтың «Аққан Жұлдыз» романында т.б мақала-газеттерде айтылған. Қазіргі уақытта Науан Хазреттің өмірбаяны мен атқарған қызметтері жөнінде соңғы зерттеулерді жүргізгендердің қатарында Қ.Әбуев пен С.Ақтаевтің еңбектерін ерекше айтып кетуге тиіспіз.

Науан Хазрет қарапайым ауыл мектебінде оқып кейін Петропавл қаласындағы медресені бітіреді. Науан Хазрет 25 жасында Қожахмет Ишанұлымен Бұхараға қарай жол тартады. Ол жерде Көкалташ медресесінде Убайдолла Хазреттен 15 жыл бойы оқиды.

         Көкше тұрғындары Науанды, өз елінде көп уақыт тұрмаса да, оны тек жақсы жағынан ғана танитын. Кейіннен халық Науан Хазретті өлкенің бас имам қызметін атқаруына лайықты деп шешім қабылдайды. 1886 жылы Науан Хазрет Көкшетаудың өкіл имамы болып тағайындалады. Н.Таласовтың бастамасымен, мұсылман жамағатының садақасымен Көкшетауда жаңа мешіт бой көтереді. (Бүгінгі күні Көкшетауда «Науан Хазрет» атындағы сол мешіт жұмыс істеп тұр). Қазақ халқының соның ішінде жергілікті Көкшеліктердің діни әрі дүнияуи сауаттылығының таяз болуы, білімі терең Науан Хазретті алаңдатпай қоймайды. Ол әсіресе өскелең жас ұрпақ балалардың білім деңгейінің өсуіне баса назар аударды.

Науан Хазрет пен оның артынан ерген шәкірттері, кеңес патшалығының қазақ даласын христиандыру, орыстандыру, отарлау саясатымен күресудің сауатты жолын таңдады. Яғни, ол өз шәкірттерімен бірге ашық дұшпандық, тікелей қарсы шығуды емес, керісінше қорғану тәсілін пайдаланды. Нақты айтсақ білім-ғылым жолын тандады. Ол медреседе діни дәріс оқытумен қатар дүниәуи ғылымдарды да үйретуді басты назарда ұстады. Білім ордасында жас балаларға ислам діні ілімдерімен қоса, жазу-сызуды, есептеуді, араб, орыс, парсы, өзбек тілдерін, әрі шығыс классикалық әдебиеттерін оқытты. Алайда соған қарамастан да, 1903 жылы Көкшетау учаскесінің подполковнигі Троицкий Н.Таласов пен оның шәкірті Шәймерден Қосшығұлұлын қамауға алады. Науан Хазрет пен оның шәкіртінің қамауға алынып, кейінен жер аударылуына екінші бір себебі бар.

         Деректерге сүйенетін болсақ, Н.Таласов медреседе көп шәкірттер оқытып шығарған. Олардың арасында толық оқып бітіріп шыққандары да бар, бекітілген бағдарламаны толық аяғына дейін аяқтамай жарты жолда қалдырып кеткендері де жоқ болмады. Бірақ Науанның медресені толық тәмамдаған шәкірттері аз. Науан Хазіреттің шәкірттерінің арасында ұлдар да, қыздар да сауаттарын ашқан.

         1904 жылдың желтоқсан кезінде Н.Таласов жер аударылуға жіберілгенде, онымен бірге әйелі Хуснулбанат, қызы Ғазиза, ұлы Ғалымтай, шәкірті Әлиасқар Айтқожаұлы бірге еріп барады. Қазақ интеллегенттері оны түрмеден босату үшін біраз іс-әрекеттер жасайды Көкшедегі Атығай елі қаражат жинап, Петерборга Ресей патшалығына, жер аударылып кеткен Науанды босатып елге қайтаруға  рұқсат алуына, Жанбатыр қажы Бабаназарұлын  келіссөздер жүргізуге жібереді. Нәтижесінде Н.Таласов пен оның шәкірті Ш.Қосшығұлов 1905 жылы тұтқыннан ақыры босатылады. Оның түрмеден босатылуында қазақ зиялыларының көбісі белсене қатысады. Солардың қатарында Ә.Бөкейханов пен М.Сердалиндер де бар еді. Ал енді, осы Науан Хазреттің жер аууы жайында кеңінен зерттеп, біраз мағлұмат жинаған Дадет деген кісі 1965 жылдың маусым айында Бурабайда С.Ғылманиге кеңінен баяндап берген көрінеді.

         Көкшенің ұлы тұлғаларының бірі Ақан серінің өлең шумақтары, Әлихан Бөкейхановтың «Киргизы» кітабы, М.Жұмабаевтің очерктері, Сәбит мұқановтың «Аққан Жұлдыз» романы арқылы Науан Хазреттің діндар адам болғаны мәлім болды.

Наурызбай Таласов 1916 жылы дүниеден озып, Көкшетаудың өзінде жерленеді. Осылайша, қазақ жері тағы бір рухы биік, білімі терең, парасатты да білікті, діндар, аспандағы шоқ жұлдыздай болған ұлы тұлғаларының бірінен айрылады. Ендігі мақсат-міндетіміз: әрі қарай да Науан Хазреттің өзінен кеін бізге мұра етіп қалдырған рухани құндылықтарды, патриоттық ұстанымды, діндарлық пен білім-ғылымға деген құштарлықты ұғынып, бойымызға сіңіріп оны еліміздің игілігіне айналдыру.

Құнанбай Өскенбайұлы

Құнанбай Өскенбайұлы, Құнанбай қажы (1804, бұрынғы Семей облысы Шыңғыстау, Ақшоқы қыстауы — 1886, сонда) — би, аға сұлтан Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. Құнанбай жасынан палуан, найзагер болды, қатал да әділдігімен ерекшеленіп‚ әкесі Өскенбайдың тәрбиесінде ел билігіне араласты. 1834 ж. әкесінің орнына Күшік-Тобықты болысының старшындығына сайланады. Осыдан 1856 жылға дейін билік тізгінін қолынан шығармаған. 1846 ж. генерал Вишневскийдің ұлы жүз қазақтарын Ресейдің боданы ету мақсатында жүргізген арнайы экспедициясына қатысты. Экспедиция құрамында болған поляктың саяси қайраткері А.Янушкевич сапарнамалық күнделігінде Құнанбайдың қайраткерлік тұлғасы туралы: “Құнанбай өңірге аты жайылған адам, қарапайым қазақтың баласы. Ғажайып ақыл-ес және жүйрік тілдің иесі. Іскер, аталастарының игілігі туралы қам жейді, дала заңдары мен Құран қағидаларының жетік білгірі, қазақтарға қатысты ресейлік жарғыларды бес саусағындай біледі, қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман. Жұрт пайғамбардай сыйлайды. Одан ақыл сұрауға жас та, кәрі де, кедей де, бай да шалғай ауылдардан келіп жатады”



Құнанбай “Ескі там” деген жерде мектеп ашты. Патша өкіметіне адал қызметі үшін оған 1846 ж. хорунжий атағы берілді. 1849 — 52 ж. Қарқаралы округінің аға сұлтандығына сайланды. Бірақ Шыңғыстың бөктеріндегі қыстау үшін Бөжейге жасаған қысымына байланысты тергеуге тартылып‚ Омбы қаласында мырзақамақта (қамауда) жатады. Қамаудан Дала генерал-губернаторының қазақ істері жөніндегі кеңесшісі, полковник Шыңғыс Уәлихановтың кепілдігімен босанып шығады. Аға сұлтан кезінде Қарқаралы қаласында мешіт салдырды.  Омбы архивіндегі “Құнанбай Өскенбаевтың қылмыстық ісі” деген көлемі 1700 беттік тергеу ісінің соңына 1862 ж. Құнанбайдың қажылыққа кетуіне байланысты “істі жабу” туралы Mинскке жолданған хаты тіркелген. Кей деректерде Құнанбай қажыға 1874 ж. барды делінеді. Меккеде 2 жылдан астам уақыт тұрып‚ құдайға құлшылық етушілерге арнап тәккия (қонақүй әрі медресе қызметін атқарған үй) салдырады. Құнанбай — аса күрделі тұлға, билік тізгінін ұстаған кезіндегі қайраткерлігі қарама-қайшылықтарға толы. Ол би, болыс, аға сұлтан кезінде биліктің үш тұтқасын — қазақтың дәстүрлі заңын, патша өкіметінің “Сібір қазақтарына арналған низамын”, шариат жолын қатар ұстанды. Қазақ дәстүрінің негізіне сүйене отырып, оңтайлы шешімдерді жүзеге асырды. Қатал да әділ билік елді тезге салып, жөнге келтіреді деп білді. Барымтаға, ұрлыққа, дінбұзарлыққа, зинақорлыққа қатаң тыйым салды. Заманның ауқымын аңдап, ертеңін болжай білді. Балаларын орысша оқыта отырып‚ мұсылмандықты уағыздады. Медресе салдырып, Әуез, ұабитхан, Кішкене молда секілді шариат білгірлерін аулына көшіріп әкеліп, бала оқыттырды. Сырттай Кенесары қозғалысына қарсы күрескер ретінде көрінгенімен, оған астыртын қолдау жасап, көмек берді. Балаларының ішінде Абайдың болашағынан ерекше үміт күтіп‚ оны 13 жасынан қасына ертіп, билікке баулыған.

Әкесінің 40 жасынан асқан шағында дүниеге келіп, оның соңғы 40 жылдық өмірін өз көзімен көріпөскен Абай 1895 ж. баласы Әбдірахман дүниеден қайтқанда шығарған «Арғы атасы қажы еді...» деген жоқтау, жұбату өлеңдер Құнанбай туралы бар шындықты айтып, әкесінің ел суйсінерлік ерен тұлғасын жасады. Абайдың суреттеуінше де Құнанбай - ізгі істерімен артына өлмейтін атақ қалдырған, мұнды: шерлі жоқ- ‘’жітіктердің қамқоршысы болған, ақылды, адал, жомарт, әділ адам’’. Құнанбайдың қоғамдық қызметіндегі игілікті қызметінің бірі – оның оқу-ағарту ісіне ерекше мән бергені. Ол өзі дінді мықтап ұстанып қана қоймай, қаратанудың, сауаташудың, ескіше ғана емес, орысша оқудың заман ағымына ете қажетті екенін ұғынып, өз аулынан қазақ балаларына тіл үйретіп, білім беретін училище ашпақ болып, 1845 ж. шекара басқармасына қазақша-орысша сөйлей алатын жазабілетін орыс мұғалімін жіберуді сұрап, хат жолдайды. Шекара бастығы Құнанбайдың бұл тілегін мақұлдайды. Бірақ,екі тілді бірдей білетін мұғалімнің жоқ екенін айтып, тобықты еліндегі тілмәшті қызметтен бос уақытында еңбекақы төлеп, бала оқытуға пайдалануға кеңес береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет