Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Балық шаруашылығы – балықты өндіру және өңдеумен айналысатын тамақ өнеркәсібінің бір саласы. Тамақ өнеркәсібінің бір саласы ретінде балық шаруашылығы ХYII - ғасырда пайда болды. Балық шаруашылығы Қазақстан республикасы территориясында негізінен Каспий және Арал теңіздерінде жүргізілді. Шардара су қоймасында балық аулау 1968 жылдан басталған және 1974 жылы оны өндіру көлемі 400-ден 1652 тоннаға дейін өсті. 80 - жылдардан бастап, балық аулау көлемі күрт төмендей бастады. Шардара су қоймасының пайда болуынан бастап мұнда мекен еткен балықтың 33 түрінен 2001 жылы тек 19 түрі ғана қалды. Оңтүстік Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың маңызы зор. Шардара су қоймасы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы балықты ең көп аулайтын су қоймасы.
Жұмыстың мақсаты: Шардара су қоймасында балық аулаудың тарихы мен қазіргі жағдайына тоқтала отырып, мұнда балық аулаудың облыс экономикасындағы алатын орнын айқындау.
Жұмыстың міндеті: Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасына жалпы сипаттама бере отырып, оның экономикасында тамақ өнеркәсібінің алатын орнын анықтап, Шардара су қоймасында балық аулау шаруашылығының даму жағдайына талдау жасау.
Шардара су қоймасында балық шаруашылығының дамуы мен қазіргі жағдайы туралы көптеген мәліметтерді Қазақстан республикасы балық шаруашылығының ғылыми - зерттеу институтының мәліметіне алуға болады. Бұл мәселемен осы аталған институттың ғалымдары Сариев Б. және Жамалов С. айналысқан.
І-тарау. Оңтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы мен балық шаруашылығын дамытудың алғы шарттары
1.1. Облыс экономикасына жалпы сипаттама
Оңтүстік Қазақстан облысы республика территориясының оңтүстігінде орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың шаршы шақырым. Оңтүстігінде Өзбекстан республикасымен, батысында Қызылорда облысымен, шығысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектеседі. Территорияның жер бедері жазықты, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына өте қолайлы. Территориясының солтүстік және қиыр оңтүстік бөліктерінен өзгесі шөл зонасында орналасқан. Облыс жерінен Сырдария, Арыс, Келес секілді ірі өзендер ағады. Өзен жағалары егін шаруашылығына өте қолайлы. Осыған орай мұнда мақта, күріш өсіріледі және мал шаруашылығының кейбір салалары жақсы дамыған./1/
Оңтүстік Қазақстан облысының көп ғасырлық тарихы бар. Мұнда Ұлы Жібек жолы өткен. Бұл өлке ертедегі мәдениет пен цивилизацияның орталығы. Ертедегі Оңтүстік Қазақстан облысында көне түрік қағанаты заманында көне мәдениет ошақтары - Исфиджаб (Сайрам), Отырар, Сығанақ, Яссы, Әулие-Ата қалалары дамыған. Мұнде әлемдік маңызы бар ғылыми және білім орталықтары болған.
Оңтүстік Қазақстан облысы ауқымды өндірістік-экономикалық әлеуетімен, еңбек ресурстарының көптігімен ерекшеленетін аумақ.
Оңтүстік Қазақстан облысы әруақытта өнеркәсіп ошақтары мен аграрлық секторы қатар дамыған аймақ ретінде көзге түседі. Облыстың динамикалық және комплексті дамуында қажетті шикізаттар жеткілікті мөлшерде кездеседі. Мұнда силикатты шикізаттар, түсті металдардың кен орындары және уранның республика бойынша 50 % бар. Қолайлы ауа райы мен ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің молдығы ауыл шаруашылығының барлық салаларын дамытуға жағдай жасайды. Соңғы 15 жылда ірі өнеркәсіп орындарының тоқырауына қарамастан облыс индустриалды - аграрлы өлке болып табылады. Бүгінгі күнде Оңтүстік Қазақстан облысы республика бойынша трансформатордың 98 % , дәрі-дәрмектің 70 %, республикада өндірілетін минералды сулардың жартысына жуығын, мотор майлары мен бензиннің 40 % , республика бойынша мақта және оның өнімдерінің барлығын береді.
Оңтүстік Қазақстан облысы экономикалық дамуы жөнінен 2006 жылғы мәлімет бойынша тұрақты дамыған, дағдарыстан шыққан облыс болып табылады. 2005 жылмен салыстырғанда өнім 110,8 пайызға артқанын байқауға болады. Яғни, облыс экономикасы жыл сайын өркендеп келе жатыр.
Оңтүстік Қазақстан ежелден өнеркәсібі ерекше дамыған өңір саналады. Химфарм, қорғасын, фосфор, цемент, шина, полиметалл, уран, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын өндірумен танылған. Еліміз егемендік алып, экономикамыз ілгерілеген сайын облыстың экономикасының өркендеп келе жатқанын байқауға болады.
Облыстың өнеркәсібі өз өнімдерін әлемнің 37 еліне экспортқа шығарады, 66 елінен өнімдер алады. Экспортталатын өнімдер ішінде мақта өнімдері - 43,3 % , металлургия өнеркәсібі - 14,5 % , минералдық өнімдер - 17,2 % , мал және өсімдік өнімдері - 17,3 % , химия өнімдері - 4,3 %. Ал импорт құрылымында машиналар, машина жабдықтары, көлік құралдары, түрлі приборлар мен аппараттар 42,8 % , химия өнімдері - 18,8 % құрайды. Облыста қазіргі таңды «Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалды - инновациялық дамуының 2004-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары» жасалған. Өнім сапасын халықаралық стандартқа сай ету жұмыстары жан-жақты жандандырылуда. /2/
Адам өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін көп суды қолданады. Ол тұрғындарды сумен қамсыздандыру, түрлі өндірістерді, жерді суғару, көлікті және балық шаруашылығын дамыту, денсаулық сақтау мен туризм үшін қажетті. Сусыз өмір сүретін қандай да бір шаруашылық саласын көру мүмкін емес.
ХХ ғасыр өндірістің күрт өсуімен, әсіресе, суқоймалық салалар мен энергетиканың ұдайы дамуы мен сипатталады. Бұл өспелі көлемде интенсивті суды тұтынуға алып келе жатыр, сондықтан қазір су қорларының таусылып қалмауының алдын алу үшін тез арада шаралар қолдану керек.
Қазіргі жағдайда, әсіресе халық шаруашылығының болашақта дамуын қарастырғанда, су шаруашылық комплекстерінің маңызы зор, олар ауыл шаруашылығының қажеттілігін ескере тұра су қорларының пландық дамуына арналған әлеуметтік-экономикалық және техникалық жұмыстар жүргізуі қажет. /3/
Су шаруашылық комплексінің мүшелері: сумен қамту, су тарту, гидротехникалық мелиорация, гидроэнергетика, су көлігі, сал ағызу, балық шаруашылығы, денсаулық сақтау, су туризмі. Сонымен гидротехникалық мелиорацияға тек жер суаратын және құрғататын жұмыстары емес, тағы судың кері әсерін тигізбеу шараларын іске асырады су тасқынынан сақтау, су эрозиясымен, селмен, сырғымамен, жағалаулардың бұзылуымен, батпақтылықпен және сортаңданумен күрес.
Қазіргі кезеңде әр су шаруашылық комплексі келесі негізгі шарттарды қанағаттандыруы керек:
судың мөлшері мен сапасына байланысты мүшелердің сұранысын орынды түрде қамтамасыз ету;
табиғи жағдайдың күйреуіне және ағынды су мен су қоймаларды сақтауға кепілдік беріп, олардың ластануы мен құрғауына жол бермеу керек;
барлық мүшелердің пайдалануына өте үлкен нәтижелікті қамтамасыз ету;
су шаруашылық құрылғыларлың (бөгендер, гидростанциялар, насос құрылғылар, каналдар, құбырлар және т.б.) тиімді пайдалану жүйесіне кепілдік беру және олардың беріктігін қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |