Шардара ауданы


Шардара су қоймасындағы суды қорғау мәселелері



бет7/8
Дата24.04.2023
өлшемі356 Kb.
#175297
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дип.-Шардара-су-қоймасында-балық-шаруашылығын-дамытудың-облыс-экономикасындағы-орны
13.05 қмж апай, Титулы
2.4. Шардара су қоймасындағы суды қорғау мәселелері

Суды қорғау жөніндегі негізгі концепцияларға сәйкес мына бағыттар көрсетіледі: су объектілері, заттары, энергиясы мен алмасатын суқойманың ішіндегі және басқа экологиялық жүйенің шегінде реттеу процестері, бұл жұмыстың мақсаты-уақытпен шектелмеген қоғам өміріне қолайлы сапалы қоршаған ортаны сумен қамтамасыз етуді сақтау және қайта құру,халық шаруашылық мұқтажын қанағаттандыратын, сонымен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуші қоғамдық өндіріс объектісі ретінде судың қолайлы күйін қамтамасыз ету.


Мемлекеттің мүддесіне сәйкес елдің әлеуметтік-саяси мақсатын сақтауды қудалайтын қоғамның су объектілеріне әсер ету тәртібін белгілеу./19/
Суды қорғау жолдары 3 - ке бөлінеді: экономикалық, экологиялық, әлеуметтік. Су қорғау шараларының экономикалық тиімділігі 2 класқа жатады. Су қорғау ісінде күрт көрсетілген экономикалық бағыттанушылықтың болуы, оны жалпы жүйеге қосуға себепші болды, солай болғандықтан өндіріс барысының нәтижелілігі судың сапасын қамтамасыз етеді. Бұл топ су пайдалану проблемасын шешуде келіспеушілік жағдай болғанда екі жақ арасында экономикалық, экологиялық пландағы су қорғау мәселесінде делдал ретінде араласады.
Бүкілодақтық су қорғау ғылыми зерттеу институтының (ВНИИВЛ) қызметкерлерімен су қорғау жүйесінің критерийлері жасалды.
Су қорғау критерийлері.



Критерийлер класы

Подкласс

Критерийлер

І. Экологиялық

1.1.Экожүйе ретіндегі су объектісінің қолайлылық критерийлері

      1. Су объектісі экожүйесінің тұрақтылығын ұзарту (пролонготұрақтылығы).

      2. Су объектісі жүйесінің шыдамдылығы (толеранттылығы)




1.2. Табиғат ресурсы ретіндегі су сапасының критерийі

1.2.1. Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыздандыру үшін судың жарамдылығы.
1.2.2. Су объектісінің балық шаруашылығына қолайлылығы.
1.2.3. Су объектілерінің рекрационды қолайлылығы.
1.2.4. Өндіріс үшін судың жарамдылығы
1.2.5. Көлік мұқтажы үшін судың жарамдылығы.
1.2.6. Ауыл шаруашылығы үшін (суару, мал шаруашылығы) судың жарамдылығы.

ІІ. Экономикалық.




2.1.1. Су қорғаудың экономикалық нәтижелілігі.

ІІІ. Арнайы

3.1. Мемлекет ішілік су қатынастарына тәртіп белгілеу критерийлері

3.2. Мемлекет аралық су қатынастарына тәртіп белгілеу критерийлері.



3.1.1. Су пайдаланудың оптимизациясы.

      1. Мемлекет мүддесінің қорғалуы.

      2. Халықаралық құқықтың сақталуы.

3.2.3. Аналогиялық даму жолындағы мемлекеттерге ең көп жеңілдіктер жасау.

Қазіргі уақытта су қорғау саласында кестеге сәйкес су объектілерінің төмендегі бағыттарын көрсетуге болады:

  1. Тұрақтылықты ұзарту (прологотұрақтылық) мен шыдамдылықты (толеранттылық) құратын критерий белгісімен сәйкес анықталатын су объектісінің экологиялық қолайлылық дәрежесін классификациялау.

  2. Су тұтынушылардың талабын қанағаттандыру классификациясы. Су объектісін бір мақсатта пайдалануда, оның класы су объектісіне қойылған су тұтынудың жалпы түрі талапқа сәйкес болу керек.

Су объектісінің көп мақсатта пайдалану, оны белгілі бөлімге жатқызуды қиындатады. Мұнда су пайдаланудың басым түріне, белгілі максимум шартынан пайданың комплекстік формулаларына, «су объектісі-су тұтынушы» жүйесіне экологиялық, экономикалық, әлеуметтік талаптарды ескеретін сапалық норматив қою дұрыс деп қаралауда. /20/

  1. Су объектісіне географиялық-әкмшілік бірлестігінің қойған жоғары дәрежесіне сәйкес (елді мекен, аудан, облыс, республикалар, мемлекеттер) қойылатын, сол су объектісі гидроэнергия көзі және тұрғындар, ауыл шаруашылық, өндіріс, көлік жолы үшін су қоры ретінде үлкен маңызы бар су объектісінің қажеттілігімен классификацияланады.

  2. Табиғи жағдайындағы белгісі бойынша су объектілерін классификациялау. Бұл жағдайда су объектісінің табиғи жағдайындағы морфологиялық, морфометриялық, гидрологиялық, гидрохимиялық және т.б. көрсеткіштерді ескереді.

Жоғарыда баяндалған жағдай негізгі проблема шеңберін шектейді және су объектілеріне қойылатын классификациясының су қорғаудағы негізгі критерийлік даму жолын көрсетеді.
Антропогендік өзгерісті табиғи өзгерістен бөліп алу, биосфераның адам іс-әрекетінен өзгеруін тексеру үшін арнайы бақылаулар ұйымдастырылған. Бұл жұмыстың мақсаты-қоршаған орта күйін бақылау және бағалау, осы күйдің өзгеру тенденциясын шығару және болжау.
Алынған мәліметтер кезексіз зардаптардың алдын алу және адамның қоршаған табиғи ортаға деген көзқарасын жақсарту сияқты проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Жалпы мемлекеттік қызметтің негізгі мақсаттары мынандай:
- ластаушы заттардың кеңістік пен уақыт аралығында таралуын анықтау үшін су, топырақ, атмосфера, өзен, көл, суқойма мен теңіздің түптік шөгінділерінің физикалық, химиялық гидробиологиялық көрсеткіштердің ластану деңгейін бақылау мен басқару және қоршаған ортаның күйі мен сапасын бағалау, ластанған су көздерін табу, қоршаған ортаны қорғау шараларының нәтижесін анықтау;

  • мүдделі ұйымдарлы шаруашылық іс әрекет немесе гидрометеорологиялық жағдай нәтижесінде ауаның, топырақтың, су объектілерінің ластану деңгейінің өзгерісінің жүйелі және шұғыл мәліметтермен, сондай-ақ осы ластану деңгейінің мүмкін болатын өзгерістерін ескерту және болжаумен қамтамасыз ету.

Компонентті ұйымдарды табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын орынды түрде пайдалану аумағында ұсыныс, жылда және болашақта халық шаруашылығын дамытуда мемлекеттік жоспарлар құру, сондай-ақ өндіріс орындарын, су шаруашылық құрылғыларды жобалау, ірі өндірістік-энергетикалық, ауыл шаруашылық комплекстердің, қалалардың және т.б. орнын ауыстыруды жоспарлау үшін мәліметтермен қамтамасыз ету.
Суқоймалар мен ағын сулардың күйіне, ең алдымен өте қажетті бекеттерде орналасқан су объектілеріне гидробиологиялық бақылаулар ұйымдастырады.
Стационарлы бекеттер жүйесі бақылау бағдарламаларына байланысты келесі категориялар бойынша ажыратылады:
Бірінші категориялы бекеттер- аса қажетті ауыл шаруашылық маңызы бар су объектілері, негізгі ірі өзен бассейніндегі саға аумағы және тұйықтаушы тұстама; балық өндіргіш және қыста бағалы балықтары бар жерлер.
Екінші категориялы бекеттер- тұрғындары суды ішу және шаруашылық-тұрмыстық мұқтажға қолданатын өндірістік қалалар мен жұмысшы поселкелеріндегі тұрғындардың жалпы демалу аумағында үлкен балық шаруашылығына маңызы бар су объектілері; ауыл-шаруашылық пайдаланатын жерлерден алынатын коллекторлы-дренажды су түсіру орындары Қазақстан республикасы территориясына шет елдерден келетін немесе ағын шығатын шекаралық өзен тұстамасында, үлкен халық шаруашылықтық маңызы бар суқоймалар мен көлдерге құятын үлкен және орташа өзендердің тұйықтаушы тұстамасында, су қорларының сапасын сипаттайтын, су шаруашылық балансты құрайтын өзендердің тұйықтаушы тұстамасында; үлкен өзен, көл мен суқоймалар саласы аумағындағы сағасында;
Үшінші категориялы бекеттер – су сапасына әсері орташа немесе әлсіз, бұлай айтқанда онша үлкен емес қалалар, елді мекендер, өндіріс орындары, тұрғындардың демалу орындары, ауыл шаруашылық пайдаланатын жерлерден келетін ағындысы бар су объектілері.
Төртінші категориялы бекеттер - тікелей әсерге ұшырайтын су объектілері./21/
Стационарлық бекеттер жүйесінде судың ингидриенттік және көрсеткіш сапасы негізінен химиялық құрамы мен ағынды суының көлемі, оның ұлылығы және тұтынушылар жағынан талаптар бойынша бақылау тізімі анықталады. Осының бәрі әр түрлі стационарлық бекеттер жүйесіне арналған кейбір бақылау программаларының өзгешелігін ескертеді. Сонымен бірге санитарлы-тұрмыстық және балық шаруашылығына су пайдалану үшін, жалпы талапқа сай судың сапасының көрсеткіш қатарын анықтау барлық бекеттер жүйесіне міндетті болады және жалпы бағдарламаларға кіреді. Бұған кіретіндер: су температурасы, жүзінді заттар, минералдану, судың түсі, лайлылығы, ІІ көмірқышқылы, сутегі көрсеткіші, қышқылдық-орнына келу потенциалы, негізгі иондар, кең көлемде тараған ластаушы заттар және мұнай өнімі, детергенттер, ұшқыш фенолдар, пестицидтер, ауыр металлдар қосылысы, сияқты биогенді қосылыстар.
Қазіргі кезде су қорларының ұдайы өндірісі табиғат процесіне ғана жатпайды. Өзен ағындысын реттеу, суды бір бассейннен басқа бассейнге ауыстыру, су объектісі күйін бақылау, олардың сапалық көрсеткіштерін сақтауға және қалпына келтіруге өте үлкен қоғамдық жұмыс жұмсалады. Су қорлары өндіріс күштерін дамытуда және орналастыруда маңызды факторлардың бірі болды. Сондықтан қайнардағы су материалдық құнын елеулі қолданушысына айналды. Оны табиғат ресурсы ретінде пайдалану, материалдық өндіріс барысында еңбек шартын және қоғамға қажетті өнім өндіруге кеткен шығынды анықтайды. Сол уақытта еңбектің өнімділігіне су көзі ретінде мына ерекшеліктер: аймақ бойынша су қорларының біркелкі таралмауы және өзен ағындысын қайта бөлу мүмкіндіктің шектелуі, тұтынушыларды су көзіне аймақтық «байлау» және сапасы төмен, қиындықпен қол жететін, алыста орналасқан су объектілерін қолданудың керек болуы, су пайдаланудың мүмкін бағыттары мен тәсілдерінің көптігі әсер етеді. Қайнардағы судың жоғарғы сапалылығы және қолайлы шарты, сонымен қатар оны үнемді пайдалану еңбек өнімділігін артуын қамтамасыз етеді.
Осының барлығы су қорларына экономикалық баға беру керектігіне алып келеді. Берілген көрсеткішті халық шаруашылық салалары арасында қорларды қайта бөлудегі пайдалылықты анықтау, өндіріс күштерін дамытуды және орналастыруды негіздеу, халық шаруашылығын дамытудың бағыттарын белгілеу, елдің жеке аудандарында халық шаруашылығын дамытудың бағыттарын көрсету және шаруашылық құрылыстың кезектілігі; елдің ұлттық байлық қорларын есептеу; су ортасының негізгі сапасына жетудегі этапты негіздеу; жоспарлық және жобалық шешімнің экономикалық тиімділігін анықтау үшін қолданады.
Экономикалық су қорларының бағасын анықтау қажетінше қиын, және осы күнде аяғына дейін шешілмеген есеп. Біраз ірі мамандар табиғат қорларының экономикалық бағасын, анықтауда келесілерді негізге алып ұсыныс жасады:

  • осы қормен әкелінетін оны пайдалану ортасында, қай түрдің болсын критерийлік бағасы, халық шаруашылық нәтижесінің жинағы болып есептеледі.

  • ауыл, орман, су шаруашылығы және өндірістің өндіру салаларының өніміне кеткен шығынды тұйықтау арқылы табиғат қорларын бағалау іске асырылады.

Халық шаруашылығы көзімен қарағанда келтірілген шығын анық кесілген уақытта, қарастырылған ауданда, берілген өнімге қорды үлкейту, тұйықтаушы шығынмен түсіндіріледі. Халық шаруашылығының оптималды жоспарын қолдану және үлкен аумақтық - құрылыс комплекстері үшін табиғат қорларын қайта құру арқылы оның көлемін анықтайды./13/
Солай болғандықтан пайдалануға арналған су шаруашылығының өнімі ретінде су қорларының өзі шығады, жаңағы тұйықтаушы шығында оның экономикалық бағасы ретінде қарастыруға болады. Суға экономикалық баға беру кезінде, оның сала аралық және сала ішілік шығындардан тұратынын ескеру керек. Бірінші жағдайда су қорларының көбеюін қамтамасыз ету, екінші жағдайда тұтынушыларға су беру туралы айтылып отыр.
Салааралық бағалауда барлық су пайдаланушылар мен су тұтынушылар табиғи өзен ағындысы арқасында қамтамасыз етілсе, ол көлдік жағдай болып саналады.
Табиғи өзен ағындысымен қажеттілікті қамтамасыз ете алмаған жағдайда, суды бағалауда қолдағы ағындының өсуіне байланысты қосымша шығын ескеріледі, оны реттеу және тұтыну аймағына тасымалдау құрылғысын пайдалану арқылы аймақтық қайта бөлу, су қорларын қайта құру және қолдауды қамтамасыз ететін шаралар жүргізу.
Жоғарыда көрсетілген шығындар өте жиі көпсалалықты көрсетеді және тек анда - санда бір салаға жатады. Көпсалалық шығында су тұтыну жағдайын жақсартуды есепке алатын су шаруашылық комплексте бөліктік қатысуды анықтау керек. Әр саланың мұқтажы үшін су қорларының өсу шығынын жеке анықтап және әрі қарай пропорционалды алынған алтернативті шығынға су шаруашылық комплекстік шығынды бөлу арқылы мұны іске асыруға болады. Альтернативті жолды таңдаған кезде, ол неғұрлым үнемді әрі қарастырған аудан үшін нақты болуын ескеру керек. Еске алатын жай, бұл алыстағы келешекке есептелген тұйықталған су шығыны, мұнда ағынды бір жерден екінші жерге апаруда мүмкін болатын шығын шартты түрде ескеріледі.
Шардара су қоймасының сур ресурсының экологиялық жағдайын Қазақстан республикасы балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары қадағалайды. Жыл сайын мамандардыңң мәліметтері бойынша Шардара су қоймасына ондаған тонна пестицидтердің қалдығы түсіп, ондағы былқтардың улануына әкеліп соғады.

Қорытынды


Қорыта келгенде, Шардара су қоймасында балық өндірудің облыс экономикасында алатын орнының ерекше екендігін көруге болады.
2002 жылы Шардара су қоймасында Қазақстан республикасының ең ірі өзендерінің бірі Сырдарья өзенінде балық аулау 129 тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 1992 жылмен салыстырғанда 16 есе аз. Бұл туралы мәліметті Қазақстан республикасы балық шаруашылығы ғылыми- зерттеу орталығы ғалымдары орындаған арнайы есептен көруге болады. Бұл есепте Шардара су қоймасы салынған уақыттан бастап қазіргі кезеңге дейінгі балық шаруашылығының дамуына талдау жасалынған.
Шардара су қоймасы республикадағы балыққа ең бай су қоймасына жатады. Оның тек облыста ғана емес, сонымен қатар республиканың балық шаруашылығында алатын орны ерекше. Бұл су қоймасы Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында жатқандықтан, аймақта ауыл шаруашылығы интенсивті түрде жүргізілетіндіктен оны балық шаруашылығында пайдаоану мен ирригациялық-энергетикалық пайлану арасындағы шиеленіс өте үлкен. Бір жағынан биоөнімдеудің жоғары қарқында болуы, екінші жэағынан бұқл су қоймасын ауыл шаруашылығында жерді суару үшін және энергетика ресурсы ретінде интенсивті пайдалану су қоймасының экожүйесін өте қиын жағдайда қалдыруда. Соған байланысты Шардара су қоймасының балықтары көп өлуде. Бұл су қоймасында үнемі балық аулау 1968 жылдан басталған және 1974 жылы оны өндіру көлемі 400 ден 1652 тоннаға дейін өсті. 80-жылдардан бастап, балық аулау көлемі күрт төмендей бастады. Су қоймасының пайда болуынан бастап мұнда мекен еткен балықтың 33 түрінен 2001 жылы тек 19 түрі ғана қалды. Шардара су қоймасында балық аулау көрсеткіші төмендегідей, егер 1998 жылы- 868 тонна болса, 2002 жылы – 129 тонна болды. Балық аулау көлемін көбейту үшін ең алдымен Шардара су қоймасының экологиялық жағдайын жақсартып, ауыл шаруашылығына кететін су шығынын азайту қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет