1.2. Су ресурсының шаруашылықтағы маңызы
Қазір республикада ірі су комплекстері көп. Электроэнергияны өндіруге байланысты, осы су торабы зоналарында басқа комплекс мүшелерінің сұраныстары жақсы шешілуде, атап айтқанда: қалаларды, өндіріс орындарын, жылу электростанцияларын, жер суландыруды, су көліктерін және сал ағызуларды сумен қамсыздандыру. Осы құрылған су қоймалардың көпшілігінде қайта балық өндіруге жағдайлар бар.
Су шаруашылық комплекстерді құрғанда әр өзен бассейні бір су шаруашылық жүйе ретінде қарастырылады, барлық элементтері - өзендер, көлдер, жылғалар, әуіттер, суқоймалар, батпақтар және жер асты сулары бір - бірімен байланысты және өзіндік гидрологиялық тепе - теңдігін сақтайды. Сондықтан бір немесе бірнеше элементтерді пайдаланғанда, толық жүйенің нормальді іс-әрекетін бұзбау керек. /4/
Су пайдалану мен қайтымсыз шығындар үздіксіз өсуде, сондықтан суды өте бағалы шикізат түрі деп қарастыру қажет. Оның шығындалуы және су көздерінің ластануы мен құрғауынан сақтау үшін радикалды шаралар қолдану керек.
1.3. Облыста тамақ өнеркәсібін дамыту мәселері
Тамақ өнеркәсібі – аграрлық - өнеркәсіптік кешеннің негізгі өңдеуші саласы. Оны өңдеу үшін қажетті шикізат (астық, ет, сүт, қант қызылшасы, картоп) алып отыратын ауыл шаруашылығымен, шаруашылықтың басқа салаларына қарағанда өте тығыз байланысты. Бұл сала өсімдік және мал шаруашылығына едәуір әсер етеді. Ол ең алдымен, өнімнің қолданылу аясын кеңейтіп, ауыл шаруашылық өндірісінің тауарлығын арттырып, жаңа шикізат базаларының дамуына ықпал жасайды. /5/
Тамақ өнеркәсібінің жеке салаларының орналасуы мен даму ерекшеліктері:
а) қант
б) ет және консерві
в) ұн тарту және жарма
г) балық
д) май шайқау
е) сүт және май өңдеу
ж) жеміс және консервілеу
Шикізат және тұтыну факторларының әсері дәрежесі бойынша тамақ өнеркәсібін үш топқа бөлуге болады.
1. Шикізт көздеріне (шикізат жұмсау мөлшері жоғары) жақын орналасқан - қант, спирт, май шайқау, сүт-консерві, крахмал - сірне жасау сияқты салалары.
2. Дайын өнімді тұтынатын жерлерге жақын орналасқан салалар – наубайхана, сыра қайнату, сүт, макарон, кондитер бұйымдарын дайындау салалары.
3. Шикізат көзіне де, тұтынушыларға да жақын орналасқан – ет, балық консервілеу, ұн тарту, шарап ашыту, темекі өңдеу сияқты салалар.
Пайдаланылатын шикізатының сипатына қарай тамақ өнеркәсібінің құрамына 20 - дан астам шағын сала кіреді. Олардың саны жаңа бағалы тамақ өнімінің пайда болуына және ұзақ мерзімге сақтауға келетін өнімнің (түрлі консервілер, концентраттар, бұқтырылған және тоңазытылған ет, балық, жемістер және т.б.) көбеюіне қарай өсіп отырады. /6/
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары технологиялық процесс сатылары бойынша маманданады. Осы тұрғыдан оларды өзара байланысты екі топқа біріктіруге болады. Бұл топтарға енетіндер:
1. Өңделмеген шикізатты пайдаланатын май шайқау, қант, жарма, шай, консерві, балық өңдеу сияқты салалар.
Бұл жағдайда ауылшаруашылық шикізатын алғаш ұқсататын кәсіпорындар сол шикізат көздеріне жақын орналасдаы.
2. Наубайхана, кеспе, кондитерлік бұйымдар жасау, шай өлшеу сияқты алғашқы өңдеуден өткен шикізатты пайдаланатын салалар. Олар тұтыну аймағының ортасына орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |