Шаушекова Б.Қ п.ғ. к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет22/34
Дата24.10.2022
өлшемі1,42 Mb.
#154712
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34
Байланысты:
Шаушекова Б. п. . к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды

Сұлбамен, картамен, глобуспен жұмыс істеу 
Картографиядан сауатты болу-картаның шартты белгілерін ұғыну деген 
сөз. Ол үшін оқушыларға жергілікті жердің қарапайым схемасының, 
сұлбасының, ал одан соң картасының шарты түрін жүйелі түрде таныстыру 
керек. 2-сыныптан бастап оқушылар Сурет және сұлбамен танысады, сұлбаны 
оқып үйрену басталады. Бастауыш сыныптағы оқушылар сұлбаның немесе 
картаның шартты түрдегі белгілерін, масштабын, сұлба мен картадағы 
бағыттар кескінінің мәні мен маңызын ұғына білу керек. 
Бағдарламада мынандай жұмыстар көрсетілген: Текшенің, үстелдің 
сұлбасын сызу, масштаб туралы ұғым, жергілікті жердің сұлбасын,оның 
масштабын, 
бағыттарын 
кескіндеу, 
сұлбаның 
суреттен 
айырмашылығы,шартты белгілермен географиялық сұлбаны оқу: Карта, оның 
масштабы және шартты белгілері бойынша айырмашылығы, картаны оқу, өз 
өлкесін, ауданды табу.Оқушылар «Табиғат» тақырыбынан бастап көкжиек 
туралы ұғым алады, көкжиек тұстарын анықтайды, жергілікті жердің
қашықтығын өлшеуді үйренеді, әр нәрсенің шартты белгілерімен танысады. 
Бұдан соң жергілікті жердің сұлбасын талдаауға, оқуға, картамен оның 
масштабымен, бағыттарын бейнелеуімен танысуға көшеді. 
Сұлба 
мен 
картаны оқып үйренгенде кейбір қиыншылықтар кездеседі. Сұлбада жердің
барлығы үстіңгі жағынан қарағандағы көрінісі беріледі. Онда заттың өз түсі, 
көрінісі болмайды, тек оның тұрған жері ғана белгіленеді. Заттардың барлығы 
шартты белгілермен көрсетіледі. Бастауыш сыныпта карта тек көрнекі құрал 
ғана емес,ең алдымен табиғаттанудан алатын білімнің қайнар көзі болып 
табылады. Мұғалімнің міндеті картаны ұғынуға көмектесу. Картаны әрбір 
сауатты адам білуге, оқи білуге тиісті. Картасыз тұтас республиканың, ондағы 
жеке облыстарының халық шаруашылығын жоспарлау мүмкін емес. 
Мұғалім балаларға салыстыра келіп, сұлба мен картаның айырмашылығын 
көрсетеді: сұлбада шағын аумақ кескінделеді (шекара), масштабы ірі болады; 
картада үлкен аумақ қамтылады да масштабы кіші болады. Шартты 
белгілердің айырмашылығын көрсетеді. Мұғалімнің картаның шартты 
белгілерін талдап( теңіздер көгілдір түспен, құрлық жасыл, сары және қоңыр 
түспен белгіленеді, жасыл-ойпат жер, сары қырат) түсіндіре отырып олардың 
кейбіреулерінің масштабтан берілгенін көрсетеді. Мысалы, темір жолдардың, 
өзендердің көлемдері. Қабырғадағы картамен танысқанда 1 : 5000000 1 см 
жерде 50 км жерді алып жатқандығын анықтайды. Машықтық жұмыста жеке 
пунктер арасындағы шағын қашықтықты өлшейді. 
Картада түстері бағытталғанымен, «параллель» және «меридиан» аттары 
берілмейді. Оқушылар картада көкжиектің аралық тұстарын да анықтау керек. 
Мысалы, Қазақстанның үлкен қалалары Астанадан қандай бағытта 
орналасқандығын анықтайды.


Оқушылар картадан обьектіні көрсете отырып, оны сипаттай білуі тиіс. 
Бір сабақта көп атауды бірден беруге болмайды, оқушылар олардың бәрін 
бірден есте сақтай алмайды.
Мұғалім обьектіні көрсетуден бұрын ол туралы әңгімелеп, суреттен 
картинадан көрсетеді. Оны картадан көрсеткенде оқушылар өздерінің 
үстеліндегі картинадан табады. Мұғалім тек атауын айтады,ал оқушылар 
өздері табады. 
Кескін картамен жұмыс істегенде, физикалық картамен салыстырады, оны
кескін картадан тауып, атауларды баспа әріптермен жазады. 
Түрлі түсті бояумен бояудың қажеті жоқ, пайдалы қазбалардың шартты 
белгілерін түрлі түсті етіп бояға болады.
Оқушылар картадағы шартты белгілерді жақсы талдап түсінуі үшін оны
көрнекі құралдардың басқа түрлерімен қабырғаға ілетін картинамен, 
диапозитивтермен, кинофильмдермен, гербарийлермен, фотосуреттермен 
үйлестіре жұмыс істеуі керек. Мысалы, даланың орналасқан жерлерін көрсете 
отырып, мұғалім дала бейнеленген картинаны көрсетеді, өсімдіктердің
гербарийлерін, жануарлардың суреттерін көрсетеді. 
Бастауыш мектепке арналған карталар неғұрлым ашық түспен боялған, 
атаулар көп берілмейді. Бастауыш мектепте қолданатын карталар: физикалық 
жарты шарлар, Қазақстанның табиғи аймақтарының картасы. 
Мұғалім картадан көрсету кезінде картаны жауып қалмай, обьектілерді 
тек жіңішке көрсеткіштермен көрсетулері керек. Көрсеткіштің ұзындығы 50 
см-ден кем, 75 см-дан ұзын болмауы қажет. Картадан обьектінің аты емес, 
қайда орналасқаны көрсетіледі.
Мұғалім жер пішінін сипаттай келе, глобус арқылы жердің моделімен 
таныстырады. Оқушылар глобустың әрбір жартысын анықтап, оларды жарты 
шарлар картасымен салыстырады. 
Экрандық құрылғымен жұмыс 
Экрандық көрнекі құралдар оқушылардың танымдық әрекеттерін 
дағдыландыруға себебін тигізеді. 
Экрандық құралдарды сабақтың барлық кезеңдерінде пайдалануға 
болады. Экрандық құралды пайдалану алдында проблемалық сұрақтар қоюы 
тиіс. Қорытынды сабақта экрандық құралдарды пайдалану білімді есте 
сақтауға мүмкіндік береді, оны кеңейтуге мүмкіндік жасайды. 
Дүниетану сабақтарында тәжірибиелер. 
Дүниетану сабақтарында өткізілетін тәжірибиелер кейбір табиғи 
құбылыстарды сынып жағдайларында қолдан, қайта жасауға мүмкіндік береді. 
Тәжірибиелер көрсету арқылы немесе жаппай өткізіледі. Мұғалім сабақта 
балаларға тәжірибие кезінде өздерін қалай ұстауды, нені бақылау қажеттігін 
хабарлауды, тәжірибеден соң тақтаға жауап беруге тиісті сұрақтар жазып 
қояды. 
Егер тәжірибе қышқылмен өткізілсе немесе балалардың орындауы қиын 
болса, мұғалім көрсету арқылы тәжірибе өткізеді. 


Жаппай тәжірибе
 
өткізген кезде кезекші оқушыларға өткізуге қажетті 
жабдықтар мен заттар таратылып беріледі. Оқушылардың өзіне жасату 
арқылы ауаның қасиетін тапқызу. 
Үш жарық жағайық. Оларды стақанмен, банкамен, төбесі ашық банкамен 
жабамыз. Қайсысы алдымен сөнеді? Неге? 
1.Стаканмен жабылған сөнеді. 
2. Банкамен жабылған ұзақ жанып барып сөнеді, себебі ауа көптеу. 
3. Төбесі ашық жана береді, оны ауа толық қоршап тұр. Олай болса ауа 
жанғыш. 
Дүниетану сабақтарында сурет салу 
Дүниетануды оқытудың басты мақсаттардың бірі- балаларды мақаладағы 
немесе суреттегі негізгі мәселені анықтауға үйрету. Дүниетану сабақтарында 
сурет салу қажет.
Тақтаға салынған сурет дегеніміз - ол балаларға оқулықтағы мақаланың 
мазмұнын, мұғалімнің әңгімесін, орындалған тәжірибені ашып көрсететін 
қарапайым схема.
Суреттер мен схемалар себеп-салдарлық байланыстардың бастамаларын 
белгілеуге көмектеседі. Педагогикалық схемалы суретті, әсіресе түрлі түсті 
борлармен жүйелі мен белгілі мақсатқа пайдаланса, балалар тек картинаға 
немесе суретке қарауды ғана үйреніп қоймай, олардың мазмұнын да көре 
білетін, анықтай алатын болады.
Дүниетану сабақтарында сурет салу сабақты жандандырады, сабақтың 
тақырыбын жақсы қабылдауға көмектеседі. 
Мұғалім дүниетану сабақтарында суретті үнемі қолдана отырып, 
балаларға обьектілер мен табиғат құбылыстарын дұрыс салуды үйретеді. 
Дүниетану 
сабақтарында 
ойын 
тәсілдерін 
және 
танымдық 
материялдарды пайдалану. 
Мектеп жасында ойын және оның рөлі біртіндеп екінші кезекке 
ығыстырылады да білім жетекшілік қызмет атқарады. Алайда ойын балаларды 
жетілдіруге әсер етпейді деп ойламау керек.
Ойын балаларды оқу процесін жұмылдырып, оларды байқампаздыққа, 
зеректілікке, есте сақтай білуіне, ойлау әрекеттерін дамытуға баулиды. 
Қызықты материялдарды сабақтың кезеңдерінде: сұрау кезінде,жаңа 
материялдарды оқып үйренгенде, бекіту кезеңінде қолдануға болады. 
Сабақтағы материялдарды бекіту үшін географиялық, топографиялық немесе 
биологиялық лотоны пайдалануға болады. Бұл үшін мұғалім бір топ оқушыға 
карточка таратып береді, обьектілердің біреуін атайды, оқушылар оны тауып, 
дұрыс атаса, сол оқушы жеңіп шығады. 
Картаны білуіне байланысты ойындар өткізуге болады. Бұл-картина 
бойынша саяхат жасау, фотосуреттері және сипаттамалары, открыткалары 
бойынша Қазақстанның табиғи аймақтарын анықтау ойындары.
Бастауыш сынып тапқырлығын дамыту үшін жұмбақтар пайдаланылады. 
Жұмбақ нәрселердің немесе табиғат құбылыстарының біреуін толық болмаса 
да өте дәл сипаттап береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет