заттардың сыртқы белгілерін суреттеп жуйелеуге аударылды. Мектеп
жаратылысындағы суреттемелік жуйелі бағыт 19
ғасырдың бірінші
жартысында мына негіздермен сипатталады:
1.
Оқулықтар бірнеше тілде көптеген морфологиялық және жуйелі
атаулармен толықтырылған.
2.
Мұнда белгілі бір көрнекі құралдар болмады.
3.
Оқушылар мұндай мазмұнды тек жаттап алу арқылы ғана меңгерді
4.
Оқулықтың мазмұнын толығымен есте сақтауда оқушыларға қойған
оқытушының талабынан, оқушылар жаратылыс тарихына зейінсіздікпен жек
көрушілікпен қарады.
Ресейдің шаруашылығының құлдырауына себеп болған 1812
жылғы
отандық соғыс революциялық шаруалар қозғалысының көтерілісін тудырып,
бұған самодержавиелер репрессиямен жауап қайтарды. 1825 жылғы
декабристердің қозғалысы үкіметтің наразылығын тудырды. Көптеген
реформалар қабылданды, бұл реформалардың бірі халықтың білімді қайта
құруға бағытталып, сословиялык сипатқа ие болды. Бір ғана мектеп жүйесінің
орнына екі турлі жүйелер
енгізілді, оның бірі төменгі сословиялар үшін
қажетті бастауыш білім, ол екіншісі: дворяндар үшін қажетті орта және
жоғарғы білім. Гимназиялар дворяндардың балалары үшін оқу орны қызметін
атқарды. Мұндағы білімге классикалық бағыт берілді, ал
жаратылыстану
болса қауіпті материалистік идеяларды таратушы пән ретінде көрініп орта
мектептер курсынан ұзақ мерзімге алынып тасталынған болатын.
География болса қосымша пән ретінде көрініп, бұл пән тек бастауыш
сыныптарында ғана оқытылды. Бірақ елдегі
әлеуметтік демократиялық
өзгерістер, және 19 ғасырдың 60 жылдарындағы бас кезіндегі жаратылыстану
ғылымдарының қарқынды дамуы мектепте жаратылыстануды қажетті пән
ретінде қайта қалыптастыруға мүмкіндік тудырды.
Жаратылыстану мен географиядағы әдістемелік бағыттың дамуына сол
уақыттары балаларға табиғат жөнінде дұрыс ғылыми көзқарастар беру
мүмкіндігін негіздеген прогрессивті педагогтар зор әсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: