4. Дүниетануды» оқытудағы практикалық әдістері.
Оқытудың практикалық әдістері, олардың қолдануы кезінде білімді
меңгеру процесіне оқушылардың әртурлі әрекеттері енетіндігімен
сипатталады. «Дүние тануды» оқыту кезіндегі практикалық әдістер кең
қолданылады өйткені бұл табиғаттың қубылыстары мен обьектілерін жоғары
деңгейде оқытуға мумкіндік тудырады. Белгілі бір практикалық
тапсырмаларды орындау кезінде оқытушы оқушылардың алдына осы
тапсырманың қурылысын ашу мәселесін де қояды. Мұнда тапсырма мәселені
ретінде қойылуы өте маңызды. Мұны шешу процесінде оқушылар өздерінің
практикалық және ой әрекеттерін іске қосып, білімдерін қолдануы қажет.
Практикалық кызмет процесінде меңгерілген білімдер өқу процесін
белсенді етіп, оқушылардың дербестігі мен творчествосын дамытады. Жаңа
білімдерді белсенді практикалық және ой әрекеті процесінде меңгеруге қажет
болғанда оқытудың практикалық әдістері қолданылады. Оқыту процесінде
практикалық әдістерді қолдану тек қана жаңа білімдерді меңгеруге ғана емес,
сонымен бірге жаңа білімді меңгеру үшін практикалық іскерліктерді
қалыптасуға мүмкіндік тудырады. Практикалық әдістерге байқау,
лабораториялық жұмыстар жургізу, объектілерді бейнелеп, анықтау бойынша
жұмыс жүргізу, табиғатты тану құралдарымен жұмыс істеу, тірі табиғат
бұрыштарында және оқу-тәжірибелік орындарда практикалық жумыстар
жүргізу жатады.
БАЙҚАУ – дегеніміз табиғат құбылыстары мен объектілерін мақсатқа
сәйкес қабылдау, осының негізінде жалпы және жеке белгілерді көрсетіп,
заңдылықтар орнатылып және белгілі бір тұжырымдамалар жасалынады.
Ұйымдастыру формасы бойынша, байқауды индивидуальдық, топтың және
фронтальды деп бөлеміз. Байқау оқу тәрбиелік міндеттерге сай жүргізіліп,
ұйымдастырылуы керек. Сондықтан оқытушы оқушыларды байқауға алдын -
ала дайындап, олар үшін байқаудын жүйелілігі жайлы тапсырмалар құру
керек. Байқаулар қысқа мерзімді және узақ мерзімді болады. Қысқа мерзімді
байқау көбінесе топсаяхат уақытында, тірі табиғат бұрышында, сабақтарда
жүргізіледі. Ал узақ мерзімді байқаулар сабақтан тыс уақытта жүргізіледі.
Байқаудың барлық түрлері әртүрлі практикалық жұмыстар мен
тәжірибелермен тығыз байланысты.
ТӘЖІРИБЕ – дегеніміз арнай жасанды түрде қалыптасқан жағдайларда
табиғат процесстерін немесе обьектілерді зерттеу тәсілі болып табылады,
сонымен бірге обьектіге немесе процесске тигізілетін сыртқы жерлердің
көптеген жинағынан бір ғана, алдын ала белгіленген факторды айқындау.
«Дүниетану» сабақтарында тәжірибелер оқытушының басшылығымен
жүргізіледі. Оқытушы тәжиребеге қажетті обьектілер мен жабдықтарды
таңдап алып, топтық немесе индивидуальды сипаттағы жұмыстың формасын
анықтап алады. Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақта тәжиребе
жүргізер алдында, оқушыларға белгілі бір тапсырмалар беріп, мәселелі жағдай
тудырады. Оқытушы тақтаға тақырыпты, тәжірибенің мақсатын, жүргізу
жоспарын және нәтижелерді белгілеудің жоспарын жазып қояды. Тәжірибе
жоспарымен танысу барысында жауапты тәжірибенің нәтижесі ғана
беретіндігі жайлы гипотеза көрініс береді. Тәжірибелерді жүргізу және
дайындау сонымен бірге олардың нәтижесін ұйғару дегеніміз оқушылардың
тек практикалық қана емес, және творчествалық қызметі болып табылады.
Тәжірибелік жұмыстар жүргізе отырып, оқушылар әртурлі аспаптар мен
жабдықтармен танысады, бұлармен жұмыс істеу іскерліктері қалыптасады.
Тәжірибенің мазмұны мен мақсаты оқулықтар бойынша немесе басқа да
әдебиеттер бойынша оқытылады, мұны оқытушы дайындайды. Жүргізілеттін
тәжірибенің жүйелілігі анықталады, мұнда оқушыларды құралдармен,
обьектілермен және қауіпсіздік техникаларымен жұмыс істеу ережелерімен
таныстыру өте маңызды. Лабораториялық жұмыстар жүргізу кезінде
оқушылар тікелей аспаптармен, жабдықтармен жұмыс істейді, «Бақылау
күнделіктерін» толтырып, нәтижелерді белгіліп отырады. Мұның бәрі
оқушыны дербес әрекет етуге үйретеді. Тәжірибелерді бақыланатын
объектілермен салыстыра отырып жүргізу керек. Әрбір оқу тәжірибелер
объектілер мен құбылыстар арасындағы себеп салдарлы байланыстарды
орнатуға мүмкіндік береді. Оқу процесінде тәжірибелерді қолдану
оқушыларда ғылыми білімдер мен қажетті жалпы білімдік практикалық
іскерліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«ПРАКТИКАЛЫҚ» және «ДЕРБЕС», «ӨЗІНДІК» жұмыс жүргізу
ұғымдары оқушылардың білімді мегеруі жөніндегі практикалық және дербес,
өзіндік қызметтерін ұйғарады. Балаларға өзіндік жұмыстар көп берілген
сайын, олар білімді меңгеруге деген дағды мен қажет тілікке қол жеткізеді
“сыныптан” сыныққа өтудегі практикалық жұмыстардың ұзақтығы артып,
олар күрделене түспек. Алғашқы практикалық жұмыстар өңделген жоспар
үлгі бойынша жүргізіледі, кейін мұндай жұмыстардың денгейін мұғалім
жоғарылатып, оқұшыларға творчестволық сиппатағы тапсырмалар беріледі.
Форма бойынша практикалық жұмыстар индивидуальды, топтық және
фронтальды болып бөлінеді.
Практикалық жұмыстар көбінесе табиғаттың шынайы, табиғи
объектілерін танып, анықтау бойынша жүргізіледі. Мұндай мақсатта тірі
өсімдіктер мен жануарлар, гербарийлер, ұрықтар мен жемістердің
коллекциялары және пайдалы қазбалардың зиянкестердің, минеральды
тыңайтқыштардың коллекциялары қолданылады. Практикалық жұмыстардың
барлығына жалпы тән белгі оған белгілі бір жұмыстарды орындау кезінде
оқушылардың қатысуы. Осының негізінде білімдер мен практикалық
іскерліктер қалыптасады.
Төменгі сынып оқушыларына «Жаратылстану» курсын оқытуда әдістер
мен әдістемелік тәсілдердің үйлесімді түрде сәйкестіру мен тандау.
“
Жаратылстану” оқыту кезіндегі әдістер мен әдістемелік тәсілдер бір
бірімен тығыз байланысты. Әрбір сабаққа әдістер мен әдістемелік тәсілдер
арнайы таңдалып, бірыңғай тұтастыққа біріктірілуі қажет. Оқу тәрбиелік
міндеттер мен нақты жағдайларды ескере отырып кез келген сабаққа
дайындалар кезде білімді меңгеруде әдістердің қайсысы басты негізгі рольге,
ал қайсысы қосалқы рольге ие екендігін анықтау қажет. Әдісті таңдау сонда
ғана сәтті және үйлесімді өтеді. Үақытты ұнемдеу кезінде ең жоғарғы
нәтижеге қол жеткізудегі әдістің үнемділігі мен тиімділігі-оқытудағы ең басты
мәселелерге жатады.Әдістерді уйлестіре таңдап алу кезінде дидактика мына
бір келесі критерийлерді ескеруде ұсынады. Олар:
- әдістің оқытудың міндеттеріне, принциптері мен мақсаттарына және
тақырыптың мазмұнына сәйкесуі.
- әдістің оқушылардың дайындық деңгейлері мен жас ерекшеліктеріне
сәйкесуі
- әдістің нақты жағдайлар мен жұмсалған уақытқа және оқытушының
мүмкіндіктеріне сәйкесуі.
Әдістер мен әдістемелік тәсілдерді таңдау кезінде оқытудың көрнекі
құралдарын іріктеп алу және сәйкестендіру өте маңызды. Пәндік көрнекі
құралдар нақты образдық түсініктер қалыптастыруға мүмкіндік тудырады, ал
білімнің әрі қарай меңгеріліп, табиғаттану түсініктерін қалыптастыру үшін
обстрактілі ойлауды дамыту қажет. Оқытуда көрнекі құралдарды таңдап алу
кезінде табиғи және көркемдік көрнекі оқу құралдарын үйлестіру қажет және
оларды оқу процесінде комплексті түрде қолдану керек.
“Дүниетану” бойынша сабаққа дайындалу процесінде оқытушы әдістер,
тәсілдер және құралдарды таңдап, үйлестіру кезінде, оқыту, дамыту және
оқушылардың тұлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты үш түрлі негіздегі
мәселені шешу керектігін ескеруі қажет.
ӨЗІН- ӨЗІ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАР.
1. Әдістерді жектеуде қандай тәсілдерді білесіңдер?
2. Әдіс дегеніміз не? Оқыту әдісіне анықтама беріңдер.
3. Әдістемелік тәсіл дегеніміз не ? Олардың әдіспен өзара байланысына
мысал келтіріңдер.
4. Оқытудың аузша әдістерін талдандар олардың ерекшелігі неден
көрінеді?
5. Оқытудың көрнекі әдістері немен сипатталады?
6. Практикалыққа қандай әдістер жатады?
7. «Дүниетану» курсы бойынша кез келген сабақтағы әдістер мен
әдістемелік тәсілдері таңдап алу мен уйлестірудің мысалын негіздендер.
8. «Дүниетануды» оқытудағы әдістерді таңдау кезінде қандай
критерийлерді қолданған жөн?
9. Сабаққа дайындалу кезінде өздерің оқытудың басты әдісін қалай
аңықтайсыңдар?
Негізгі әдебиеттер:
1. Берулаев Н.Н. Современная лекция в вузе.-Бийск,1993
2. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподавания природоведения
М., 2001
3. Герд А.Я. Избранные педагогические труды (под ред. Б.Е. Райкова). -
М.,1983.
4. Білім туралы заң.-А.,2007.
5. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологические образование школьников
во внекласной работе.-М.,1984.
6. Концепция школьного естественнонаучного образования.-М.,1994.
7. Крупская Н.К. Пед.сочинение:в томах.-м.,1978-80.
8. ЛамашевА.А. Роль педагогического краеведения в профессиональной
подготовке учителя.-Алма-Ата 1986.
9. Окружающая среда и человек (метод. рекомендации).-Алма-Ата,1983.
10. Онищук В.А. Урок в современной школе.-М.,1981.
11. Програмы общеобразовательной школы. Начальные классы (1-4 кл.)-
Алматы,1997.
12. Подзоров В.И. Природоведение с методикой преподования. Практикум.
Учеб. Пос. для педучилищ.-Киев,1990.
13. Пакулева В.М., Кузнецова В.И. Методика преподавания природоведения.-
М.,1990.
14. Сенько Ю.В. Формирование научного стиля мышления учащихся.-М 1986
15. Экологическое образование в школе.-М.,1994.
16. Экология и здороиье детей (отв. ред. З.Х.Мажитова).-Алматы,1996.
Қосымша әдебиеттер:
1. Аймағамбетова К.А. Жунусова К.Ж.и др. Методическое руководство к
учебнику “Познание мира”.-Алматы,1998.
2. Аймағамбетова К., Олейник З.. Раздаточный дидактичный материал к
учебнику ”Познание мира”.-Алматы,1998.
3. Аквилева Г. Н. Наблюдения и опыта на уроках природоведения. Пособия
для учителя нач. кл-в.-М.,1988.
4. Жемчужины Казахстана (сост. А.Т. Макашев).-Алматы,1983.
5. Жунусова К., Аймағамбетова К., Олейник З. Познание мира. Учебник для
1класса общеобразовательной школы.-Алматы,1997.
6. Жунусова К.,Аймағамбетова К.,Олейник З. Познание мира. Учебник для
2класса общеобразовательной школы.-Алматы,1998.
7. Ишмухамедова
Н.Б. Методика проведения занятий по курсу
“Ознакомление с окружающим миром” (Учебное пособие для студентов
факультета ПМНО).-Алматы,1996.
8. Клиновская Н.И., Пасечник В.В. Комнатные растения в школе.-М.,1986.
9. Сорокоумова Е.А. Уроки экологии в начальной школу. Пособие для
учителя. –М.,1994.
10. Хрестоматия к учебнику “Познание мира” (Составители: З. Олейник, К.
Аймағамбетова,К.Жунусова).-Алматы,1998.
11.
http://www.image.websib.ru
12.
http://www.student-site.ru/
13.
http://www.osak9.narod.ru
14.
http://www.zankov.ru/
15.
http://www.ucheba.com
16.
http://www.brgu.ru
17.
http://www.festival.1september.ru
18.
http://www.homeshop.kz
19.
http://www.bookmark.kz
Дәріс № 5
Тақырып: Оқытуды ұйымдастырудың түрлері (Жаратылыстану)
Жоспар:
1. Оқытуды ұйымдастыру түрлері (дәстүрлі)
2. «Жаратылыстану» Сабақ- оқу жұмысын ұйымдастырудың басты түрі.
3. Табиғатты оқып білуге топсаяхат.
4. Сабақтан тыс жұмыс.
5. Сыныптан тыс жұмыс.
1. Оқу жұмыстарын ұйымдастырудың түрлері (дәстүрлі)
Оқыту түрлері-оны өткізудің әртүрлі жағдайына сай келетін (сыныпта,
табиғатта және с.с.) мұғалім тәрбиелік оқыту барысында қолданатын, бұл
оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
“Жаратылыстану” курсының мазмұнының ерекшеліктеріне байланысты,
оқу-тәрбие барысында шешілетін міндеттермен, мектептегі төменгі
сыныптағылардың табиғатты оқып білудегі келесідей ұйымдастыру түрлерін
ажыратады: сабақ, топсаяхат, сабақтан тыс үй тапсырмасы және сыныптан тыс
жұмыс. Әр ұйымдастыру түріне белгілі ұйымдық және оқытуға тән мұғалім
қызметі, өткізу әдісі және ұзақтығы, оқушылардың оқу жұмысын ерекше
ұйымдастыру жекеше, топтасқан немесе ұжымдық.
Сабақ-қазіргі мектептегі оқытуды ұйымдастырудың басты түрі.
Сабақтар белгілі бір жүйелілікпен қойылады, оқушылармен деректерді
қабылдауын жоспарлылығын, жүйелілігің қамтамасыз етеді, “Дүниетану”
курсының мағынасын қурайтын түсінікті таныстыру, қорыту, сонымен бірге
жалпы оқулықтағыдай қалыптасуы мен дамуы сияқты, табиғат объектілерін
байқаудағы арнайы білік пен дағды, олармен жәй тәжірибе орнату бар.
Мұғалім сабақта оқытудың ауызша, көрнекі, тәжірибе әдістемелерін
қолданады, өсімдік пен жануарлар туралы, тірі және өлі табиғат туралы берік,
сезініп білімнің қалыптасуына әртүрлі көрнекі құралдар қолданады.
Сонымен қатар, мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру түрінің
негізі бола тұрып, қазіргі жағдайда оқушының тәжірибелік қызметінің кейбір
түріне, табиғат объектісін олардың жаратылыс жағдайында оқып білуге
байланысты тар болуда. Сондықтан қосымша оқыту түріне көп көңіл
аударылуда топсаяхат, сабақтан тыс, үй жұмысына.
Достарыңызбен бөлісу: |