4. Сабақтан тыс жұмыс.
Сабақтан тыс жұмыс – мұғалімнің жекеше және топтасқан тапсырмасы
бойынша тәжірибелік жұмысты оқып үйренуге байланысты, міндетті сабақтан
тыс оқушылық ұйымдастыру түрі.
«Дүниетану» бойынша сабақтан тыс жұмыс тікелей табиғатта, оқу-
тәжірибе саласында, тірі табиғат бұрышында, географиалық аланда, өлкетану
бұрышында өткізіледі.
Сабақтан тыс жұмысты ұймдастыру қажеттілігі табиғаттағы көп
бақылаулар олардың объектілерімен, олармен тәжірибе қойылымдарын,
бағдарлама түсінігін қабылдау үшін керек, оқу кестесі шеңберінде
сыймайтындықтан. Оқушылар сабақта алатын тапсырмамен жұмыс жасайды.
Бұл жұмыс мұғаліммен бақыланады және тексеріледі, ал қорытындылары
сабақта қолданылады.
Сабақтан тыс жұмыс “Дүниетану” бойынша оқу жүйесінде үлкен мағынаға
ие. Ол сабақта алған білімнің кенейуіне септігін тигізеді, оларды нақтылауға,
тәжірибе сипатында білік пен дағдының қалыптасуына, материалды оқып
үйренуге қызығушылық туғызады, төменгі сынып оқушыларның дербестігін
дамытады, өз бетімен білім алу амалдарымен қамтамасыз етеді.
Табиғатта сабақтан тыс жұмысқа “Бақылау күнделігімен” жұмыс жатады
табиғатқа және адамның еңбек қызметіне, табиғат пен жұмыстың сыныпқа
ортақ күнтізбесі, жазғы тапсырманың орындалуы, тірі табиғат бұрышындағы
және географиялық алаңдағы жұмыс, сонымен қатар үй жұмысы.
Үй жұмысы-мұғалімнің оқушыларға өзіндік орындауға берген
тапсырмасы ұйымдастыру түрі: тәжірибелік және оқулық бойынша(сонымен
бірге басқа кітаптар бойынша) сабаққа байланысты.
Сабақтан тыс жұмыстар “Дүниетану” бойынша басқа түрлерінен
айырмашылығы үй жүмысы тапсырма бойынша “Дүниетанудың” әр келесі
сабағына орындалады, сабақтан тыс тапсырманың орындалуының басқа
түрлері уақыта ұзақтау сипатты алады.
Сабақтың ортақ дидактикалық мақсатына байланысты, тақырыптар,
бағдарламаның бөлігі, үй тапсырмалары мынаған бағытталуы мүмкін.
1. Білімді бекітуге.
2. Алынған білімді жүйелеуге және қорытуға.
3. Оқушыны келесі сабақ материаланын түсінуге әзірлеу (озық тапсырма)
Оқушылармен табиғатты оқып білу әдісі бойынша үй тапсырмасын орындау
барысында,
1. Бақылау-тапсырма (кез-келген табиғат пен адам еңбегін бақылау)
2. Тәжірибелік-тапсырма жұмыстары (күннің батып-шығатын уақытын
және жерін анықтау)
3. Тәжірибелік тапсырма (өсімдік тұқымнын отырғызу, шығуын бақылау
және с.с.) ерекшелуге болады.
Бұндай тапсырмалар зерттеу сипаттамасын алып жүреді және жаратылыс
ғылымының түсінігінің басты қөзқарасын игеруге бағытталған.
Зерттеу әдісінен басқа, үй тапсырмасын орындай отырып, оқушылар
оқулықпен жұмысты балаларға арналған ғылыми-танымал және анықтама
әдебиеттерді іскерлікпен игеруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар олар өзінің зерттеулерінің нәтижелерін табиғатты жазып
алуды, жүйелендіруді және қорытуды үйренеді. Басты орынды бұл жерде
жаңа білім ізденісінің тапсырмасы алады және материалдар мен нәтижелер
сабақта ғана қолданылып қоймай, сонымен “Дүниетану” бойынша сыныптан
тыс жұмыстада да қолданылады.
Қорыту деңгейі бойынша,
1. Нақты (бірлі жарымды) білімді қабылдауға бағытталған тапсырма-кез-
келген табиғаттың нақты заттар мен құбылысы туралы тапсырма.
2. Оқушылармен білімді қорытындылап үйренуге бағытталған тапсырма
(түсінік пен заңдылықтарын) айшықталады.
Үй тапсырмасын орындау оқушылардан әртүрлі тәжірибелік және ақыл-ой
қызметін талап етеді. Қызмет түріне қарай сабақтан қабылданған білімді
шығаруға бағытталған, басқа тапсырмалар баланың қайта жасау жұмысының
қызметіне байланысты, басқаша айтқанда сабақта материалды оқып білу
әдеттегідей сипатты алатын, бірақ үй тапсырмасында оның орындалу
объектісі мен шарттары өзгереді.
Тағы бір тапсырманың түрі творчествалық сипат алады, орындау үшін
сабақта алған білім жеткіліксіз. Білімсізден білімге өзіндік “адымдау” керек.
Басқаша айтқанды, оқышу проблемалы тапсырманы өзі шешуі керек. Осыған
ұқсас жоспардағы тапсырма оқушыдан табиғатта көптеген байланыстарды
ашуға, дәйекті материалды тексеру бойынша терең ой жұмысын талап етеді.
Үй тапсырмасы ұйымшылдықпен де ерекшеленеді. Олар оқушыларға
сыныптағы топ немесе дербестік бойынша берілуі мүмкін. Топтық тапсырма
балалардың дайындығына үлгеріміне және бейімдеріне қарай беріледі. Дербес
тапсырманы, әдетте, айқын белгілі бағыттағы балалар алады, немесе керісінше
“Дүниетануға” қандайда бір болмасын себеппен қайшы қарайтын балалар
алады.
Үй тапсырмасы және оларды орындау уақытымен де айырмасы бар:
балалар тапсырманың көбін келесі сабаққа орындайды, немесе, апта бойы.
Кейбір тапсырмалар ұзақ орындалады, мысалға тәжірибе қойылымына
өсімдіктің тұқымының дамуы бойынша, құстардың қайттып оралуының
уақытын және басқаларға байланысты тапсырмалар.
Үйге тапсырма-бұл сабақтың өзіндік элементі, уақытқа қарай бөлінетін,
немесе жекелеген тапсырмаларды мұғалім сабақтың әртүрлі кезеңінде береді.
Бірақ әр кез сабақтың аяғында үйге берілген бүкіл тапсырманы қайталау керек,
міндетті түрде олардың орындалу және нәтижесін жазып алу әдісін ұсына
отыра. (Погорелова Н.А.).
Достарыңызбен бөлісу: |