Дж.Локк табиғатының ерекшеліктерін негізге алсақ отыра, баланың
айналасын қоршаған өмірден алатын үлгілер мен өнегелерінің мықты
тәрбиелік ықпалы болады.
Ж.Ж. Руссо баланың табиғатпен байланыста жетілетінін жақтады. Оның
пікірінше тәрбие «баланың табиғи ерекшелігіне араласпай, оның өсуіне ерік
беруі қажет». Оның айнала қызығушылығын, еліктеушілігін, дарындылығын
табиғи тұрғыда зерттеуді ұйғарды. Ең бастысы, ол баланың айнала ортаға,
өмірге ерекше білім құмарлығының болуын, оның өсуін, дамуын ұдайы
мұғалім бақылап отыру тәсілдерін ұсынды. Ж.Ж. Руссо дидактикасының негізі
баланың өзіндік әрекетін, зеректігін, зейінділігін, байқампаздығын дамыту
мақсатын көздеді. Барлық оқылатын пәндер мейлінше көрнектілікпен баланың
қабылдауына бейімделуі тиіс.
Руссоның талап етуінде «қөрнектілік» дегентек әдеттегі (сурет, картина,
приборлар т.б. ғана емес, табиғаттың өзі, тікелей өмірдегі деректер.
Сондықтан «Эмиль» атты романындағы кейіпкері Эмильдің сабақтары
сыныпта емес, табиғат аясында жүргізілген. Руссо осылай жүйелі білім мен
ғылымды жеткілікті бағалай алмаса да, Эмильдің шашыранды түрде
меңгерген білімдерден өмірмен, практикамен байланыстыруы, сөз жоқ, оның
педагогикасындағы жаңа бағыт еді.
Достарыңызбен бөлісу: