Шаушекова Б.Қ п.ғ. к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет26/34
Дата24.10.2022
өлшемі1,42 Mb.
#154712
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
Байланысты:
Шаушекова Б. п. . к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды

«ПМОҚБЖ» жобасы 
Қажетті зерттеу жұмысын жүргізу үшін бізге қосымша қызметпен 
айналысып, тәуекелге баруға дайын мұғалімдер тобымен ынтымақтастық 
орнату қажет болды, сондай-ақ бізге олардың аудандары мен мектептерінің 
қолдауы қажет болатын. Nuffield қоры бұл жобаны молынан қаржыландырды, 
соның арқасында біз Англияның оңтүстігіндегі Оксфордшир мен Мэдуэй атты 
екі ауданды таңдап, олардың әкімшілігі мәселені түсініп, бізбен 
ынтымақтастық орнатуға келісімін берді. Әр аудан үш орта мектепті таңдады: 
Оксфордшир үш аралас мектепті таңдаса, Медуэй бір аралас мектепті, бір ер 
балаларға және бір қыз балаларға арналған мектептерді таңдады. Әр мектеп 
екі жаратылыстану ғылымы мұғалімін және екі математика мұғалімін 
таңдады. Біз әр мектептің директорымен жоспарларды талқылап, 24 
мұғаліммен бірінші кездесуді белгіледік. Осылайша, 1999 жылы қаңтар 
айында «Патшалық-Мэдуэй-Оксфордширдегі Қалыптастырушы бағалау 
жобасы» (ПМОҚБЖ) (King’s-Medway-Oxfordshire Formative Assessment 
Project - KMOFAP) пайда болды. 
Жоба туралы барлық ақпаратты біздің «Оқыту үшін бағалау: Тәжірибеде 
қолдану» атты кітаптан табуға болады 3. Біздің алға қойған мақсатымыз 
зерттеу нәтижелеріне қол жеткізу болды. Мұнда ұсынылған қорытындылар 
Патшалық колледждің командасы сабақтарға қатысқаннан кейін алынған 
мәліметтер мен бақылауларға, барлық мұғалімдердің кездесулерінің 
хаттамаларына, мұғалімдерден алынған сұхбаттар мен олардың өздері 
жүргізген сауалнамаларға, оқушылар топтарымен өткізілген бірнеше 
әңгімелерге негізделген. Басында біз жаратылыстану ғылымы және 
математика мұғалімдерімен жұмыс істедік, соңынан зерттеу кеңейтіліп, 
жобаға сол мектептердің ағылшын тілінің мұғалімдері және басқа 
мектептердің басқа пәндерінің мұғалімдері шақырылған болатын. 
Бүкіл әлемге тарату 
Жобаның даму барысында біз осы мәселені басқа кеңесшілермен және 
мұғалімдермен талқылау туралы көптеген ұсыныстарға жауап бердік. Нақты 


айтқанда, 5 жылдың ішінде осындай 400-ден астам әңгіме өткіздік. Олар 
барлық оқу пәндерін және екі оқыту деңгейін: бастауыш және орта мектепті 
қамтыды. Бұдан басқа, кейбір бастауыш мектептермен тұрақты 
ынтымақтастық 
орнатылды. 
Бұның 
барлығы 
біздің 
жалпы 
қорытындыларымыз барлығы үшін өте пайдалы болады деген сенім тудырды, 
алайда түрлі жастағы топтар мен оқу пәндері үшін кейбір маңызды тетіктер 
өзгеріп жатуы мүмкін. Оның үстіне, Стэнфорд Университетінің тобы 
Патшалық Колледжбен бірлесіп Калифорния мектептерінде осындай дамыту 
жобасын құру үшін Ұлттық Ғылым Қорынан ақшалай қаражат алды. Осы 
қаржының арқасында жұмысымызды кеңейтуге мүмкіндік алдық. Біз сондай-
ақ жобаның басшы тобын құрған бірнеше үкіметтік ұйымдардың жеке 
тұлғаларынан материалдық қолдау алдық, кеңес беріп, насихат жүргіздік, сол 
арқылы Англия мен Шотландияның білім беру саясатының басты тақырыбы – 
оқыту үшін бағалау екеніне көз жеткізуге көмектестік. 
Оқыту барысындағы жетістік 
Шетел ғылыми әдебиеттеріне жасаған шолуымызға сүйене отырып, тіпті 
олар мемлекеттік міндетті тестілеудегі балдар сияқты көрсеткіштермен 
өлшенген күннің өзінде де, күшті қалыптастырушы бағалау оқушылардың 
білімді игеру деңгейінің өсуіне жағдай жасайтынына көзіміз жетті. Бізге 
белгілі болғаны, бастапқы кезеңде сыныпта және ұзақ уақыт ішінде алуға 
болатын білімдердің деңгейінің кейбір көрсеткіштері болғаны маңызды. 
Жобаға қатысқан әр мұғалім осы идеяларды жүзеге асыруда сыныпты өз 
қалауы бойынша таңдайтын болғандықтан, біз әрқайсысымен мектепте қандай 
деректер алуға болатынын талқылап, сондай-ақ әр мұғалім үшін «шағын 
эксперимент» жүргізу белгіленді.
Әр мұғалім өзі мен өзінің сыныбы үшін «нәтижелер өлшеуіші» қандай 
болатынын өзі шешті. Оныншы сыныптағылар үшін, бұл – ұлттық мектеп 
бітіру емтиханын тапсыру нәтижесінде алған бағалар (бұл емтихан орта 
мектепті аяқтау жөніндегі аттестат алу үшін 16 жаста тапсырылады). Сегізінші 
сыныптағылар үшін бұл – 14 жаста тапсыратын ұлттық тестілеуде алған 
балдары немесе жеткен деңгейі. Қалған сыныптар үшін модуль бойынша 
қорытынды бақылау жұмыстарының бағасынан бастап жылдық емтихан 
бағаларына дейін түрлі бағалар пайдаланылды. 
Жобаға қатысатын әр сынып үшін мұғалім салыстыратын екінші сынып 
таңдаған. Кейбір жағдайларда бұл өткен жылдары (және кей жағдайда сол 
жылы) сол мұғалім сабақ берген параллель сынып болған. Басқа жағдайларда 
біз басқа мұғалім сабақ беретін параллель сыныпты пайдаландық немесе 
керісінше, онда сол мұғалім немесе басқа мұғалім сабақ беретін параллель 
емес сынып таңдап алынды. Тестілейтін сынып пен салыстыру үшін алынған 
сынып параллельді болмаған жағдайда біз «сапа» өлшеуішінің көмегімен 
алғашқы білім деңгейіндегі болжамды айырмашылықтарды, мәселен, өткен 
жылдардағы емтихан бағалары немесе басқа да қабілет өлшемдерін 
бақыладық. 
Бұл дегеніміз әр мұғалім үшін жақсарту деңгейі әр түрлі тәсілдермен 
өлшенді деген сөз. Мысалы, жобаға қатысатын оныншы сынып 


салыстырылатын сыныптан британ оқушыларына арналған міндетті 
емтихандардың жарты балына озуы, ал басқа мұғалімнің жобаға қатысатын 
сегізінші сыныбы оқу жылының соңындағы қорытынды емтиханда өзі 
салыстырылатын сыныпты 7% озып шығуы мүмкін еді. Барлық нәтижелердің 
басын қосып, тұтас бір қорытынды жасау үшін біз «әсердің стандартты 
мөлшерін» жалпы өлшем бірлігі ретінде алуды ұйғардық. Оны есептеу үшін 
эксперименталды және салыстырмалы топтардың балдары арасындағы 
айырмашылықты есептеп, содан соң ол санды стандартты ауытқу мөлшеріне 
бөлдік (топтардың балдары арасындағы айырмашылықты өлшеу шамасы). 
Толық деректері болған 19 мұғалім бойынша әсердің орташа мөлшері 
шамамен 0,3 стандартты ауытқуды құрады. Барлық мектеп бойынша осындай 
жақсарту орын алса, бұл мектепті ұлттық көрсеткіштер кестесінің төменгі 
деңгейінен орташадан жоғары деңгейіне дейін көтерер еді.
Осылайша, жақсы оқыту мен тестілеуден алынған жақсы нәтижелер 
арасында теңгерімді тапқан мұғалімдер біз ұсынған идеяларды пайдаланып, 
өзінің оқушыларының үлгерімін шын мәнінде жақсарта алатыны түсінікті 
болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет