Дәріс 9
Тақырып: Жаратылыстану пәнін оқытуда қолданылатын әдістемелер
1. “Қара жәшік” ішіндегі жұмыс
2. «ПМОҚБЖ» жобасы
3.Оқыту барысындағы жетістік
4. Өзгеріс қалай жүреді
5. Ойлар: Бірнеше негізгі мәселелер
6. Сабақтағы оқыту үшін бағалау
7. Уәждеу және өзіндік қадыр-қасиет
8. Шығармашылық идея: Оқуға ден қою
9. Формативті оқыту әдістері
Пол Блэк пен Дилан Уильям өздерінің «Қара жәшік ішінде»
атты көпке
танымал мақаласында қалыптастырушы бағалауды жақсарту оқушылардың
үлгерімін артыратынын көрсетті. Төменде олар әріптестерімен бірлесіп
мұғалімдерге өздерінің жұмыс әдістерін өзгертуге, ал
оқушыларға өздерінің
мінез-құлықтарын өзгертуге көмектескен, сол арқылы әр тарап оқу үшін өз
жауапкершілігін түсінген жоба туралы әңгімелейді.
Пол Блэк, Кристина Хэррисон, Клэр Ли, Бетан Маршалл және Дилан
Уильям
1998 жылы «Қара жәшік ішінде» атты мақала журнал бетінде пайда болды
[1]. Содан бері «Сыныпта бағалау арқылы оқытудың стандарттарын арттыру»
атты мақалада берілген мақсаттарға қол жеткізу үшін
қажетті практикалық
кезеңдер туралы көп нәрсе білуге болады.
«Қара жәшік ішінденің» бірінші тарауында біз үш сұраққа жауап бермек
болдық. Бірінші, қалыптастырушы бағалауды жақсартудың оқытудың
стандарттарын арттыратындығының қандай да болмасын дәлелдері бар ма?
Жауап нығыз ИӘ болды, қорытынды бірнеше елдердің зерттеушілері
жариялаған 250-ден астам мақалаларға
жасалған шолуға негізделген
болатын[2]. Тек білім берудегі кейбір жобаларда ғана стандарттарды
арттырудың қажеттілігі туралы тұжырымды қолдайтын, күшті дәлелді
базалары болды.
Бұл сұраққа
құптайтын жауап алынғандықтан, екінші сұрақ туындады:
Қай бағытта жылжу керектігінің дәйекті дәлелі бар ма? Бұл жолы да
қолжетімді фактілерге қарап, анық ИӘ деген оң жауап алдық, сонымен қатар
жағдайды толық бейнелейтін бұл жауап басты үш проблеманы анықтап берді:
1) мұғалімдер оқытуда қолданатын бағалау әдістері оқушының оқуға деген
ынтасын арттыруда тиімсіз,
2) белгі қою арқылы бағалау тәжірибесі оқушының жеке тұлға ретінде
жетілуіне емес, бәсекелестікке ерекше мән берілуіне алып келед.
3) бағаға берілетін түсініктемелер әдетте балаларға,
әсіресе нашар
үлгеретін, яғни «қабілетім» жоқ, сондықтан оқи алмаймын деп санайтын
оқушыларға кері әсер етеді.
Қалай болған күнде де, үшінші сұрақ туындайды: Қалыптастырушы
бағалауды қалай жақсартуға болатыны сипатталған материалдар бар ма? Бұл
сұрақтың анық жауабы жоқ еді. Материалдарда жақсартуға арналған көп
идеялар ұсынғанына қарамастан, онда мұғалімдерге осы идеяларды өздерінің
сабақтарында қолдануға мүмкіндік беретін тетіктер болмады. Біз мұғалімдер
«бұл идеяларды іске асыруға арналған өмірден алынған әртүрлі мысалдарға»
мұқтаж деп шештік.
Саяхат: Мұғалімдермен бірге оқу
1998 жылдан бастап біз бірнеше бағдарламаны жоспарлап, іске асырдық,
онда Англиядан келген мұғалімдер
тобы өздерінің сабақтарында
инновациялық тәжірибелерді дамытуға қолдау көрсетті. Ол үшін бірінші
мақаладағы идеялар пайдаланды. Бұл әрекет алғашқы ұсынысты толықтай
растап, сонымен бірге көптеген жаңа практикалық дұрыс жаңалықтарды ашуға
түрткі болды. Сондықтан қазір біз сыныптағы бағалауды жақсарту туралы
дұрыс кеңес бере алатынымызға сенімдіміз.
Достарыңызбен бөлісу: