Жас Джектің хор құрамында ән айтқанФарнкомбтағы шіркеу.
Джек Филлипс 1887жылдың 11сәуірінде Суррей графтығындағы Фарнкомб қаласында, кездеме дүкенінің үстінде орналасқан бөлемеде дүниеге келген. Оның әкесі, Альфред Филлипс, өзінің жұбайы Аннамен бірге осы дүкенді басқарды. Джек дүниеге келген кезде, отбасында 13 жастағы Элси және Этель егіз қыздар болған[1].
Алғашқыда ол шіркеу мектебінде оқып, кейін ұлдарға арналған жекеменшік мектепке ауысады. Джек өз оқуын 1902 жылы (15 жаста) аяқтады және Годалмингтегіпошталық кеңсеге телеграфист болу мақсатында ерікті болып жалданды. Ол 1906 жылдың наурызында Ливерпульден солтүстiкке қарай орналасқан Сифорт Бэрракстегі Marconi компаниясының радиооператорлар мектебiне оқуға жiберiлдi. Сол жылдың тамызында оқуын бітіріп, Джек Филлипс White Star Lineкомпаниясының «Тевтоник» атты кемесінде радист болып, өзінің алғашқы лауазымын алды[2]..
Кейін Джек Филлипс шағын ғана Клифден (Ирландияның батыс жағалауы, Голуэй графтығы) қаласының шетінде орналасқан Marconi станциясы операторыныңорнын алды. Онда ол Нова Скотиядағы Глейс Бейдегі (ағылш. Glace Bay, Nova Scotia) Marconi станциясына келген хабарламаларды алған және жіберген. Бірақ, Джектің сөзі бойынша оған яхталардағы радиооператоршының жұмысы онша жылдам емес, сондықтан, ол 1911 жылдың аяғына қарай теңізге оралды. Жаңа жылға дейін «Адриатикте» теңізді шарлап, ал кейін трансатлантикалық сапарларға ауысты. Жас болғанына қарамастан, минутына шамамен 39 сөз жылдамдықпен (радисттер үшін орташа жылдамдық, минутына 18 сөз) жіберген Филлипс тәжірибелі оператор деп танылған.
Джек Филлипстің жеке өмірі қызығарлықтай емес. Ата-анасының айтуымен, ол отбасылық достарының қызы Кэйтлин Бекске құдаласуына мәжбүр болды, бірақ екеуінің бір-біріне ешқандай сезімі болған жоқ. Джек өз досының балдызы Беатрис Феллонды көп жылдар бойы жақсы көрген және олар уақыт болғанда ғана, жасырынып кездескен.
1912 жылдың наурыз айында Джек «Титаникте» қызмет етуге тағайындалды және Англиядан ирландиялық Белфаст қаласына қоныс аударды. Сол кезде ол өзінің болашақ серігі Гарольд Брайдпен кездесті. Алып лайнердің радиостанциясы әрдайым операторлардың болуын талап етті. Сондықтан, олар Филлипстің 8.00-ден 14.00-ге және 20.00-ден 02.00-ге дейін кезекте болуына келісті. Тиісінше, оның жолдасы кезекшілікте 14.00-ден 20.00-ге және 02.00-ден таңғы сағат 08.00-ге дейін болған.
Достарыңызбен бөлісу: |