Шұбарши орта мектебі «Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар»



бет35/38
Дата16.11.2016
өлшемі5,1 Mb.
#1834
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

28 – тақырып.

Ибн Баттута


Әбу Абдаллаһ Мұхаммед Ибн Баттута (24.2.1304, Танжер қ. — 1377, Фес қ. қазіргі Марокко) – араб саяхатшысы. Оның Қырым мен Алтын Орда иеліктерінде болып, жазған мақалалары,Өзбек ханның сарайы туралы хабарламалары түрік халықтарының тарихы үшін өте құнды деректер. Ол 30 жыл бойы саяхат жасаған (1323—53).



Арабияда (Сауд Арабиясы түбегінде),ЕгипеттеИрандаКіші Азия түбегінде, Орталық Азия мен АуғанстандаҮндістандаИндонезиядаҚытайдаСудандаИспаниядаҚырым мен Ресейде болған. Оның Қырым мен Алтын Ордаиеліктерінде болғаны туралы мақалалары, Өзбек ханның сарайы туралы хабарламалары түрік халықтарының тарихы үшін өте құнды деректер. Деректердің бірінде Өзбек ханның әйелі грек ханымына еріп Константинополь қ-на барған сапары жайлы және саяхатшының сол қаланы толық баяндағаны жазылады. Батуттаның Иранға жасаған саяхаты жөніндегі әңгімесі Хулагу әулеті билеген Иранның жағдайын көрсетеді. Үндістанда болғанын түгел суреттеп жазған еңбегі (ол Дели сұлтаны Мұхаммед Тұғлақтың сарайы жанында сот болып қызмет істеген) ерекше назар аударарлық. Одан кейін ол мұсылман Испаниясында (1349 — 52) болды. Оның 1352 — 53 ж. Батыс және Орталық Суданға жасаған саяхаты туралы есебі өте бағалы. Батутта Малимемлекетін және Батыс Африканың оған жапсарлас жатқан өлкелерін тұңғыш рет (Еуропа саяхатшыларына дейін) түбегейлі баяндап берді. Өмірінің аяғына дейін ол Мароккода тұрған.

Жасаған саяхаты туралы... «Ибн Баттута саяхаты туралы» кітап XIV ғ. жазылды және көптеген тілдерге тәржімаланды. Онда автордың Еуропаға, Азия мен Африкаға жасаған көптеген сапарлары туралы шынайы мәліметтері жинақталған еді. Шығыс Африкаға жасаған жорығы оны үлкен әсерге бөледі. Персия, Сирия мен Кіші Азияны сайрандағаннан кейін ол Қара теңізді кесіп өтті, және құрлықпен жүріп отырып, Еділ бойына жетті. Ибн Баттута Еділ бойымен Кама өзені сағасына көтерілді, мұндағы Бұлғар қаласында Алтын Орданың маңызды сауда орталығы орналасқан. "Түнек елінде" елтірімен сауда жасау пысық көпес үшін қауіпті әрі табысы аз болып көрінді, сөйтіп ол әрі қарай солтүстікке жүріп кетті. Келесі жылдары Ибн Баттута Орта Азия мен Үндістанға сапар шекті. Үндістанда ол сегіз жылға таяу тұрды. 1342 ж. үнді сұлтаны оны Қытайға жөнелтті, бірақ бұл саяхаттың сәті түспеді. Кейінірек Мальдив аралдарындағы билеушінің қолындағы қызметінен кейін ол Цейлонға жетті және ақырында Қытайдан бір-ақ шықты. 1349 ж. Ибн Баттута Цейлон, Арабия мен Мысыр арқылы Отанына оралды, бірақ оның саяхаты осымен тәмәм болмады. Испанияда аялдағаннан кейін қайтадан Африкаға жолаушылап, құпия Тимбукту қаласына (Мали) келді. Ол 1352 ж. жолға шықты. Бұл қажырлы арабтың өміріндегі ең ірі сапары болатын. Малиге бағыт ала отырып, ол Сахара шөлін кесіп өтті. Жол қиындыққа толы болды, шөл далада қарақшылар торып жүрді, сондықтан саяхатшы керуенге қосылды. Керуен Тагазда алғаш үйлер тұз бен түйенің көн терісінен тұрғызылған. Жолаушылар өздерімен он күнге есептеп, су қорын алып жүрді. Тасаралыға дейінгі жол көп күнге созылды. Содан соң жаңа қормен Валатаға дейін жетті. Баттута Малиге аяқ басқаннан кейін, Нигер өзеніне дейін тағы жүрді. Тәуекелге бас тігуге тура келді, дегенмен Ибн Баттута бай Мали шаһары Тимбуктуды тапты және Сулеймен патшамен дидарласты. Ибн Баттута елуге келгеннен кейін, туған жері Танжерге қайтып оралды және өзінің бастан кешірген таңғажайып саяхаты мен сапарларын кітапқа түсіртті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет