31 – тақырып.
Антоний Дженкинсон
Антоний Дженкинсон (ағылш. Anthony Jenkinson) (1529—1610) қазақ жерін мекендеген жергілікті тайпалар туралы маңызды жазба деректер қалдырған.
1557 – 1572 жылдары төрт рет Ресейде болып қайтқан. Ресей патшасынан қолдау тапқан Дженкинсон 1558 жылы Мәскеуден шығып Бұхарға келеді. Бірақ дəл сол кезде соғыстың кесірінен Бұхар мен Қытайдың арасындағы қатынас үзіліп, Бұхарда төрт ай тұрған Дженкинсон 1559 жылы наурызда кері қайтады. Сондықтан ол Орта Азия елдерімен байланысын қайта жалғау үшін 1561 жылы Елизаветаның өтінішімен Ресей патшасының рұқсатын алып, 1562 жылыПарсы еліне сапар шегеді. Онан 1563 жылы оралады. Ол осы сапарына арнап Орта Азия мен Қазақстан жайлы үлкен еңбек жазады. Еңбегінде қазақтарды мал жайымен үнемі көшіп жүретін жауынгер халық ретінде суреттеген.
32 – тақырып.
Николай Константинович Рерих
Орыс жиhанкезі, суретші, философ, жазушы, қоғам қайраткері Николай Константинович Рерих (1874 – 1947 ж.ж.) әлемдік мәдениет тарихында өзіндік орны бар ірі тұлға. Әсіресе, оның суретші ретіндегі шығармашылық еңбегін әлемге әйгілі Альберт Эйнштейн, Томас Манн, Ромен Роллан, Рабиндранат Тагор секілді тұлғалар жоғары бағалаған. Ал ғарышқа алғаш ұшқан тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин: «Лучи просвечивали через земную атмосферу, горизонт стал ярко – оранжевым, постепенно перехоящим во все света радуги: к голубому, синему, фиолетовому, черному. Неописуемая цветовая гамма. Как на полотнах художника Николая Рериха», – деп жазыпты. Ол артына аса бай әдеби, көркем және ғылыми мұра: 7000 көркемсурет, 30-дан астам ғылыми-философиялық еңбек қалдырды. Оның өнер мен ғылым саласындағы жанкешті еңбегі, қоғамдық қызметі 1935 жылы 21 мемлекеттің өкілдерін адамзаттың мәдени құндылықтарын қорғау жөніндегі халықаралық шартқа қол қоюға ықпал етіп, ол құжат «Рерих пактісі» деген атпен тарихқа енді және кейін 1954 жылы қабылданған адамзаттың мәдени құндылықтарын сақтау жөніндегі Гаага конвенциясына негіз болып алынды.
Ол атақты суретші А. И. Куинджидің шәкірті болған аса талантты қылқалам шебері ғана емес, сонымен бірге мәдениет саласының, әсіресе, Шығыс өнерінің үлкен білгірі және ержүрек саяхатшы болды. Соның ішінде Рерихтар отбасының 1923-1928 жылдар аралығында 25 мыңнан астам шақырым жерді артқа тастап, Орталық Азияға жасаған экспедициясы ерекше. Оның баласы Юрий Рерихтың жазуына қарағанда экспедицияның басты мақсаты – Орталық Азия елдері мен халықтарының көркемсурет тұрғысындағы шежіресін жасау болыпты. Сонымен қатар, археологиялық ескерткіштерді зерттеу, Орталық Азияны мекендейтін халықтардың этнографиясы мен тіліне байланысты материалдар жинау, болашақ экспедицияларға жол салу сияқты мақсаттарды да көздепті.
Сол жолғы Совет Одағының азиялық Сібір бөлігі мен Үндістан, Қытай, Тибет, Моңғолия секілді елдерге саяхатының барысы туралы Н. Рерих «Алтай – Гималай» атты кітап жазып, баспадан шығарды (1929). Бұл еңбек сол елдердің тарихы мен мәдениеті жөніндегі бағалы деректер көзі ғана емес, мұнда география, этнография, лингвистика, өнерге байланысты материалдар да молынан берілген.
Ал біз үшін, бұл кітаптың құндылығы – онда қазақ жеріне, халқымызға, оның ішінде Шығыс Қазақстанға байланысты қызықты материалдар кездеседі. Өйткені, экспедиция 1926 жылы қазақ жеріне Қытайдың Шыңжаң өлкесінен Зайсан арқылы кіріп, су жолымен бірнеше күн Ертісті бойлап Өскемен, Семей, Керекуді басып Сібірге бет алады. Осы аралықтағы жазбаларын кітаптан (1974 жылғы Мәскеуден шыққан нұсқасы – Ө.С.) оқып отырып, Н.Рерихтың саяхатшы, зерттеуші, суретші ретіндегі байқампаздығына таңданасың. Әсіресе оның бейтаныс жердегі көзге түскен әртүрлі жәйттерді күнделікті түртіп қойып, қысқа ғана өз ойын дәл білдіріп отыруы ғажап. Мысалы, сондай бір көріністі кітаптың соңында берілген түсініктемеде академик А.П.Окладников сипаттап жазыпты. Оның ықшамдалған мағынасы төмендегідей. 1926 жылдың мамыр айының соңында Рерих керуені қазақ жеріне еніп, жергілікті қазақтардың оларды күзетке алған кездегі бір оқиға барысына, яғни біздің қандастарымыз жолда кездескен қасқырларды қуа жөнелгенде: «Те же скифы, те же шапки, и полукафтанья как на кульобской вазе» (1830 жылы археолог И.А.Стемпковский Қырымдағы Керчь түбінен Күлоба қорғанын ашқанда жерленген скифтердің көсемінің қасынан табылған алтын құмырадағы көріністерді айтады – Ө.С.) деп бағзы замандағы скифтердің бейнесімен салыстыра суреттеуі оның ой-өрісінің соншалықты кең екендігіне, шындыққа сай келетініне тәнті боласың. Ат үстіндегі қазақтардың киімдері де олардың сонау Түркі қағанаты кезіндегі алыс аталарынан, дала көшпенділерінен аумайды. Сонымен бірге суретші – жиhанкез қытайдың Жоңғар өлкесімен қазақ Алтайының шекарасында қандастарымыздың аң аулауы біздің эрамыздың бірінші мыңжылдығында бейнеленген аңшылықпен өте ұқсас екенін байқайды. Ал олардың басындағы түлкі терісінен тігілген малақай тура Геродоттың скифтеріне өте ұқсайды дейді.
Рерихтың қазақ жеріндегі ауа райына байланысты жазбасы да қызық. Семейге келе жатып маусым айының басы болса да күндіз салқын, ал түнде суық екенін, ауа райының өзгергеніне үш жыл болып, жазда қатты ыстық, қыста қатты аяз болмай тұрғанын естігенін айтады.
Ал пароходтың үстінде өзі әңгімелескен бір орыс баласының осы өңірде тұратын кержақтардың (ескі дінді ұстанушы ішкі Ресейден қашқан келімсектер, кейбір деректерде Сібірге жер аударылғандар – Ө.С.) «Егер қазақтармен бірге отырып, тамақ ішкеніңді естісе олар дастарқанға мүлдем жібермейді. Қайта-қайта шоқынуға мәжбүрлейді», деген сөзін келтіре отырып: «Степная пословица: Если товарищ твой кривой, старайся поджимать глаз, чтобы быть ему пару», – депті. Бұл енді халқымыздың: «Жолдасың соқыр болса, оған серік болу үшін бір көзіңді қысып жүр», деген төл мақалы екені белгілі. Қазақ жерінде қысқа мерзім ғана болған кезде Н.Рерихтың осы мақалды кімнен естіп, жадына қалай сақтап алғанына таңданасың.
Бұдан басқа Н.Рерихтың барымта туралы пікірі де өзгеше бір қырымен қызығушылық тудырады. Ол «… барантачество – степное воровство – удальство. И команч, и зуни в Аризоне тоже угонит коня. Да своих ли коней стреножили скифы на вазе Куль – оба?» – деп жазады. Оның пікірінше барымта тек ұрлық емес, бір жағынан батылдық, ержүректілік, сабаздықтың да көрінісі. Бұндай жылқыны айдап кететін жағдай Американың үндістерінде де бар дейді. Тіпті Күлоба құмырасындағы скифтердің шідерлеген аттары да өздерінікі ме деп күмәнданады. Ол ары қарай барымта туралы орталыққа хабарланатынын және таяуда бір бай қарақшыны, яғни барымташыны ұстап, Камчаткаға жер аудармақшы болғанда оның туыстары келіп оны шығарып алу үшін бүкіл дүние мүліктерін ұсынғандарын жазыпты. Дегенмен барымта туралы осы кітаптың түсіндірмесінде жаңсақ пікір айтылыпты. Онда «барантачество – разбой, угон бараньих стад – барант», деген анықтама беріліпті. Бұның қаншалықты дұрыс – бұрыстығын зерделі оқырман өзі-ақ бағамдай берер.
Ертіспен жүзіп келе жатып, бүгінгі Ақсу қаласының тұсына келгенде асау өзеннің арнасы сондай кеңейіп, ағысы тіпті долдана буырқанып, ақ толқындар тулаған шақта: «Расында, бұл жерде Ермактың батып кеткеніне сенесің», деп толғанады. Алайда Ермактың кім болғаны жайында жақ ашпайды.
Жолда аялдаған Семей қаласы туралы: «Заходим в книжный склад – удивительно: ни одной пошлой книги. Масса изданий по специальностям. И это все в пограничном захолустье, в уединенном Семипалатинске! Стоят и белокаменные дома, и серые деревяшки – как будто все то же самое, но жизнь иная наполнила эти остовы», – деп жазғанына риза боласың. Ол кездегі мәдени өмірде кітаптың маңызы үлкен болғаны белгілі. Сондықтан қалада оған аса мән беріп, әр түрлі мамандықтар бойынша таңдап кітаптар жинағанын байқаймыз, кітап саудасымен айналысқандар әрбір кітаптың құнын білген ғой, өйткені оқырмандар тарапынан сұраныс тумаса мұндай жағдай болмас та еді. Сол кездегі Семейдегі кітаптың қадір-қасиетіне жету – мәдениеттіліктің белгісі, оған ертеден бейімделудің арқасы, әрі мұны қаланың қазақ жеріндегі мәдени-рухани орталық болғанының бір куәсі деп қабылдаған жөн болар. Сөз болып отырған кезең қазақтың небір зиялы, біртуар ұлдарының Семейде білім алып, қызмет жасаған шақтары екенін еске түсірсек, Н.Рерих байқаған жағдай да олардың келешекте жетіліп, биіктерге құлаш ұруына септігін тигізгеніне сенімдіміз.
Н.Рерихтың Алтайға байланысты айтқан пікірлері де қызықты. Ерекше назар аударатын жағдай, оның ойынша Азияның кіндігі – Алтай. Күнделігінде Шамбала, Белуха (Мұзтау), Беловодье туралы естіген аңыз-әңгімелерді берумен қатар, өз пікірін де білдіреді. Ол ескі аңыздар мен өлең-жырлардан фольклорлық өткір әлеуметтік және саяси себептердің иісі аңқиды. Аңыздардан бақыт туралы мәңгілік және мұңды арман сезіледі: ол қарапайым адамдардан ылғи да қол жетпес құстай ұшып кетеді. Сондықтан да болар, патшалық езгіден қашып, сібірлік ескі дінді ұстанған, бөлектенген шаруалардың Алтай мен алыстағы Жоңғариядан феодалдық қанаушылық жоқ, еркін жер «Беловодьені» (жерұйықты) жатпай-тұрмай іздеуі кездейсоқ емес деген ой айтады. Кітаптың түсіндірмесінде: «Беловодье – у русских староверов, начиная с ХVII – XVIII вв., страна обетованная, с богатыми землями и природой, где живут праведники и нет бояр и «гонителей веры»; в поисках Беловодья староверы уходили в уральские и сибирские леса и горы. По мнению Н. К. Рериха, на Алтае легенда о Беловодье приняла некоторые черты легенды о Шамбале», деп жазыпты. Ал «Советский энциклопедический словарь» (1985) басылымы: «Беловодье, легендарная страна свободы в рус. нар. преданиях 17 – 19 вв. По мнению старо обрядцев она находилась где-то на В.- в Японии, Индии. Реальный прообраз – Бухтарминский край на Алтае», деген анықтама беріліпті. Міне, елге аңыз, дақпырт болған Беловодьенің айналып келгенде түптамыры Алтай екен. Алайда, Н.Рерих оны орыстар өз көршілері қалмақтар мен алтайлықтардан естіген. Сол үшін елден қашып, бақытты жұмақ жерді қанша іздегенмен таба алмаған дейді.
Енді Белуха (Мұзтау) туралы ол: «На Алтае гору Белуху называют Уч – Сюре. Уч – Орион. Сюре – жилище богов, соответствует монгольский Сумер и индийской Сумеру», – деген пікір білдіреді. Ал, кітаптың түсіндірмесінде: «Уч – Сюре, Уч – Орион – уч по – тюркский «три», – следовательно, по толкованию Н. К. Рериха «три жилища богов», или «жилище трех богов»; название Уч – Орион связано с тремя звездами «пояса» Ориона», деген пікір берілген.
Бұл тақырыпты алтайлық қазақ жазушылары да айналып өтпегені белгілі. Атақты жазушы О. Бөкей көркем туындыларында, «Мұзтау» кітабында, қарымды қаламгер Ә. Асқаровтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Көккөл», «Мұзтау» деректі хикаяттарында Алтайды әлемге әйгілеген, өзінің жұмбақ болмысымен талайларды таңырқатқан ғажайып шың, оның тылсым сыр бүккен аймағы шығармашылықтарының шырайын ашқан тақырып болды. Міне, сол «Көккөлден» үзінді келтірейік: «Шамбаланың мағынасы «Беловодье», яғни жер жаннаты деген ұғымды береді екен. Жер үстіндегі Шамбала – көкарай майсалы мамыражай мекен, үйрек ұшып, қаз қонған сулы да нулы жер. Ал жер астындағы Шамбала – хош иісті гүлдермен көмкеріліп, қымбат тастармен әшекейленген, алтын зерлі жарқыраған қала. Бұл таңғажайып қалаға кірер екі есік бар. Оның оңтүстіктегі есігі Гималай тауларының гүлжазиралы бір аңғарында, Брахмапутра өзенінің бастауында. Солтүстік есігі Алтай тауларында, Мұзтаудың маңайында деседі». Автор одан ары бір білгіштің сөзін келтіреді:
– Космостық энергияның бәрі осы Мұзтауда тоғысады. Алғаш бұл құбылысты орыстың әйгілі философ-суретшісі Николай Рерих ашқан болатын, кейін бұл құбылыс ғылым әлемінде нақты дәлелденген…
Мұзтау аймағынан өсіп-өрбіген көне түркілерге де мемлекет құратындай алапат күш-қуат осы қасиетті тау, киелі орыннан берілген деген де тұжырым қалыптасқан екен. Бір ғажабы, ғылыми пайымдауларға қарағанда, Мұзтау тұсында атмосфера қабаты аса жұқа екен. Содан да болар бұл өңірге ғарыш сәулелері үзілмей, шашырамай, сол қалпында таза жетіп таралады. Сөйтіп, жер мен ғарыш арасын байланыстыратын тылсым қуат пайда болады деседі.
Рерихтың күнделігінен оның Алтайдағы түркі жер атауларының қыр-сырына да қызығушылық танытқанын байқауға болады. Ол «Катунь потюркски «женщина» … Елен – Чадар, Карагай, Ак – Кам, Чеган, Урул, Кураган, Жархаш, Еломан, Тургунда, Аргут, Арчат, Жалдур, Чингис – тай, Ак – Ульгун, Хамсар. Эти имена речек, урочищ и городищ – как напевный лад, как созвучный звон», – деп шығармашылық шабытпен суреттейді.
Міне, бұл біздің Н. К. Рерихтың қазақ жерін басып өткендегі сапарынан өреміз жеткенше зерделеп түйгеніміз. Жалпы, оның еңбектері қазақ ғалымдары мен зерттеушілерінің, көзі қарақты оқырмандардың белгілі бір мөлшерде қызығушылық тудырарына сенім мол. Сондықтан да бұл тақырыпты әлі де әр қырынан зерттей бергеннің артығы болмас деген ойдамыз.
33 – тақырып.
Жюль Верн
Жюль Верн – француз жазушысы, ғылыми фантастикалық роман жанрының негізін қалаушылардың бірі. Ол Францияның Нант қаласында 1828 ж. 8 ақпанда туған. Мамандығы заң қызметкері.Театр директорының хатшысы (1851 – 54), қаржы-қаражат агенті (1856 – 64) қызметтерін атқарған. Әдеби қызметін шағын пьесалар (1849) жазудан бастаған. 1863 ж. «Әуе шарында өткен бес апта» атты тұңғыш романы жарық көрді. Верн 65 роман, повесть, әңгіме және география тарихы туралы зерттеулер жазды. Жазушының «Капитан Гранттың балалары» (1867), «Сырлы арал» (1875), «Он бес жасар капитан» (1878), т.б. шығармаларында суреттелетін табиғат пен теңіз асты әлемінде кездесетін әр түрлі жағдайларды дәл бейнелеуі ғылым жетістіктерімен үндесіп жатыр. 1905 ж. 24 наурызда жазушы Жюль Верн Амьенде дүние салды. Оның шығармалары көптеген әлем халықтары тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де аударылды, фильмдер түсірілді. Айдың арғы бетіндегі кратер Верн есімімен аталады.
Оқу және шығармашылы
Заңгер Верн Парижде заң факультетінде оқыған, бірақ әдебиетке деген махаббаты басқа жолды қабылдауға әкелді. 1850 жылы Верн Сындырылған соломинкалар пьесасын Дюма Александрдың тарихи театрында сәтті қойды. 1852-1854 жылдары «лирикалық театрда» хатшы болып жұмыс істеді, содан кейін Либретто, әңгіме лар | [комедия] [комедиясын] жазу жалғастыра отырып, биржа маклері болып қызмет етті.
«Кезектен тыс саяхаттар» циклы
Барлығы Жюль Верн 66 роман жазған және, сондай-ақ оның ішінде аяқталмаған, XX ғасырдың аяғында соңында жарияланған, 20-дан астам романдар мен әңгімелер, 30 пьесалар, бірнеше деректі және ғылыми жұмыстар.
Жюль Верн романс ғылым, ой билік үшін жақсы прогресс қастерлеу сенім толы секілді. Өкінішпен ұлттық азаттық үшін күресті сипаттайды.
Жюль Верн романдарынан оқырмандары технологияның сипаттамасы, саяхаттардан басқа, сонымен қатар асыл кейіпкерлерінің жарқын суреттері (капитан Гаттерас, капитан Грант, капитан Немо), өте қызық ғалымдар (профессор Лиденброк, доктор Клоубонни, кузен Бенедикт, географ Жак Паганель) бар.
Достарыңызбен бөлісу: |