Апат
RMS Titanic лайнерінің апаты, Вилли Штёвер
Ол кезде радиотелеграф халық арасына түгелдей тарай қойған жоқ, оған туыстары мен достарына жіберіліп жатқан телеграммаларға жолаушылардың таңқалуы дәлел. Саутгемптоннаншықаннан кейін, радистерді жеке мәліметті бар хабарламалармен үйіп тастады. Нәтижесінде, хабарламалардың шамадан тыс жұмсалуынан, радиохабарлағыш бұзылып, Филлипске оны қайтадан жұмысқа қосу үшін, шамамен алты сағат қажет болды.
Брайдың есептеуі бойынша, жексенбілік кеште жіберілген және келген хабарлар саны шамамен 250-ге дейін жетті. Күніне 12-14 сағат жұмыс істеген және айына 30 доллар жалақы алғаноператорлар, байланысты орнату және әрбір хабарды бірнеше рет қайталаудан қатты шаршайтын болды. Осындай жағыдайда олар қырағылықты жоғалтып, басқа кемелерден келген ескертулерге жеткілікті назар аудармай қалғаны да болуы мүмкін. 21:40-та "Титаниктің" курсы бойымен тікелей жақындап келе жатқан мұздар туралы "Месаба" параходынан қабылданған хабарлар, лайнер капитаны Эдвард Джон Смиттің қолына түскен жоқ. Сондай-ақ, "Нордам" және "Америка" кемелерінен жіберілген ескертулер де назарсыз қалды. Кеме үшін аса маңызды болған телеграммалар жолаушылардың жеке хабарлары арасында қалды және қалжыраған оператор ұмытып кеткен еді. Соқтығысуға дейін бір сағат алдында «Калифорниэн» радисті С.Эванс, олардың мұз құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлауды талпынды, бірақ Джек Филлипс оны бөліп: «Аузын жап, аузын жап! Мен Рейс мүйіспен жұмыс істеп жатырмын!» деген. Өкінішке орай, "Калифорниэн" операторы хабарлама кезінде аса маңызды хабарламаларды белгілеу үшін қабылданған MSG белгісін қойған жоқ және жұмыспен үйілген Джек Филлипс, мүмкін оған үлкен зейін қойған жоқ.
Джек Филлипстің досы Гарольд Брайд
"Титаниктің" радистері үшін осы күннің қиын болғаны соншалықты, Гарольд Брайд өз жолдасын әдеттегіден 2 сағатқа ертерек босатуды келісті. Бірақ, радиотрубкада капитан Смиттің дауысы естіліп, лайнердің мұзтауға соғылғанын хабарлады және құтқару туралы сигналды жіберуге дайын болуға бұйрық берді. Капитан сыртқа шығып біраз уақытта қайта оралды, сонан соң радистерге «Титаниктің» координаттарымен қағазды беріп, Филлипске ережелермен қарасырылған апат сигналын жіберуге бұйрық берді.
Сол уақытқа дейін халықаралық апат сигналы ретінде қабылданған SOS коды баяғыдай негізінде Telefunken операторларымен қолданылған болатын, ал Marconi станциясымен жұмыс істеген ағылшын кемелердің радистері, CQD /Come Quickly Disaster/ сигналын жақтаған.
Сағат 00.15-те суға батып бара жатқан кемеден «CQD MGY/Titanic/ 41.46 норд 50.24 вест» сигналы жіберілген. «Ла Прованс» француз кемесі және ағылшындық «Маунтин Темпль» көмекке шақыру сигналын бірінші болып естіген. «Франкфурт» кемесі «О’кей. Күтіңіз» деп жауап берді — бірақ, ол тым алыс болған. Сонымен қатар, «Титаниктің» сигналдарын Рейс мүйісінің радиостанциясы, «Вирджиниэн» лайнері, «Бирма» орыс трампалық кемесі, тіпті Нью-Йорктегі Уонамайкер әмбебап дүкенінің шатырында. өзінің радиостанциясымен отырған жас радиоәуесқой Дэвид Сарновте естіді. Сол түні Рейс мүйісінде кезекшілікте болған радистің сөзі бойынша: "Титаниктің" жоғарғы дәрежелі операторы Джек Филлипс, кәсіби емес телеграфшылар батып бара жатқан кемеден келген барлық хабарламаларды жазып алу үшін, хабарламаларды жіберу жылдамдығын 30 сөзден 15 сөзге дейін азайтты. Ол хабар таратуды бір минутқа да тоқтатпады. Түнгі сағат 2-де "Титаник" тоқтан ажыратылса да, оның радио хабаршысы жұмысын жалғастыра берді.
RMS Carpathia кемесі
Сағат 00.25-те «Титаниктің» жолаушыларына телеграммаларды жіберу үшін байланысқа шыққан «Карпатияның» радисті, Филлипстің «Тез арада құтқаруға келеңіздер. Біз мұзтаумен соғылыдық. Бұл апат сигналы, досым. Біздің координаттарымыз 41,46 норд, 50,14 вест» деген хабарламаны естіді. «Карпатияның» операторы батып жатқан лайнерден 58 теңіздік миль қашықтықта орналасқанын және «бар күшімен» құтқаруға асығып бара жатқандығын хабарлады.
Кейін Филлипс «MGY CQD, 41.46 норд 50.14 вест, бұл дұрыс координаттар. Дереу көмек талап етеміз. Біз мұзтаумен соғылдық. Батып жатырмыз. Бу құбырының гүрсілінен ештеңе де естілмейді». Бұл хабарлама келесі 15 немесе 20 минут бойы қайталанды. Кейін, Гарольд Брайд жолдасына «SOS-ты жібер, бұл жаңа сигнал, әйтпесе сен оны ешқашан да жібере алмауын мүмкін!». Джек Филлипс әзілге күлді де, сағат 00.45-те «Титаник» бортынан тарихта ең алғашқы SOS сигналы жіберілді.
Сол уақытта «Впиранга» кемесі, әлсіз «…MGY CQD SOS SOS CQD CQD DE MGY, тез батып жатырмыз, жолаушылар…» сигналдарын ұстаған. Көмек шақыру туралы сигналдар жарты сағаттай қайталанды, бірақ оларды естіген кемелердің көбісі өте алыс болған: «Вирджиниэн» 170 миль қашықтықта, ал «Титаниктің» егізі, «Олимпик» — 500 миль қашықтықта. Сағат 01.25 «Олимпик» "Бізге, оңтүстікке қарай келе жатырсыңдар ма?" деген телеграмма жіберген, «Біз шлюпкадағы әйелдерді көшіріп жатырмыз» — деп, Филлипс жауап берді. «Франкфурт» радисті оқиғаның егжей-тегжейлігін сұрағаннан кейін, жылағанға дейін ашуланған Джек оған: «Ақымақ, тыңда және жұмыс істеуге кедергі жасама» деп жауап берген.
«Титаниктен» соңғы сигнал шамамен 02.17-де тіркелген еді. Капитан Смит радиооператорларды босатқаннан кейін, Филлипс кеменің шетіне қарай жүгірді, ал Брайд А және В шлюпкаларын босатып жатқандардың қатарына қосылды. Оларға бір-бірімен қайтадан кездесу бұйырмады — үш минуттан кейін «Титаник» толығымен суға батып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |