Экспедициялары
Н.Н.Миклухо-Маклайды Жаңа Гвинея жағалауына әкелген орыс корветі "Витязь".
Н.Н.Миклухо-Маклай экспедициялық киімімен. Фотосурет 1870 жылдардың басында түсірілген.
1866 – 1867 жылдары Канар аралдарына және Мароккоға саяхат жасады.
1867 жылы Қызыл тау жағалауында, теңіз фаунасын зерттейді.[1]
1871-1874 жылдар - Жаңа Гвинея аралының солтүстік-шығыс жағалауы.
Миклухо-Маклай 1871 жылы 20 қыркүйекте "Витязь" (капитаны Назимов) атты орыс корветімен (ерте замандағы үш діңгекті соғыс кемесі) Жаңа Гвинея аралының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Астролябия шығанағына келіп кіреді. Алғаш рет жергілікті тұрғындар папуастармен танысады. 27 қыркүйектекорвет "Витязь" кейін қайтады.
1 қазан күні папуастар деревнясына алғашқы қадамын бастаған Миклухо-Маклай 2,5 жыл олардың арасында тұрып, зерттеулерін жүргізеді, сонымен қатар Бютензоргте (Богор), Явада, Папуа-Ковиайда болады.
1875-1877 жылдар - әртүрлі ендіктегі саяхаттары:
1874 жылдың аяғында Миклухо-Маклай Малакк (Малай) түбегінің түкпіріне саяхат жасап, ғалымдар арасында ежелден пікірталас тудырған түбектегі меланезиялықтарға жатпайтын "оран-утан" ("орман адамдары") деген халықты іздеп, зерттейді.
1976 жылы Океания аралдары -Яп және Палауға барады.
1879-1881 жылдар - Австралия.
1882-1883 жылдар - Ресей мен Еуропа.
Достарыңызбен бөлісу: |