Шұбарши орта мектебі «Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар»



бет9/38
Дата16.11.2016
өлшемі5,1 Mb.
#1834
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38

11 – тақырып.

Беллинсгаузен мен Лазаревтің саяхаты

Фаддей Фаддеевич Беллинсгаузен – (1778 – 1852) орыс теңіз саяхатшысы, адмирал. Эстонияның Эзель қаласында туған. Михаил Петрович Лазарев (1788 – 1851) орыс флотшысы, адмирал. Ресейдің Владимир қаласында, дворян жанұясында дүниеге келген.

1819 – 1821 жылдары «Восток» кемесінің командирі Беллинсгаузен мен «Мирный» кемесінің командирі Лазарьев басқарған экспедиция саяхаты нәтижесінде 1820 жылы Антарктида материгін, Петр І – нің есімімен аталған аралды, Тынық мұхиттың тропикалық бөлігіндегі бірқатар аралдардың саяхат нәтижесінде ашылғандығын айту.



Оқушыларға Беллинсгаузен мен Лазарев есімімен аталған жерлер туралы айту.



12 – тақырып.

Руаль Амундсен

Руаль Амундсен норв. Roald Engelbregt Gravning Amundsen 

(1872-1928) – норвег саяхатшысы. Кеме капитанының отбасында дүниеге келген. 20 жасында Кристияния қаласындағы университеттің медицина факультетін бітіреді. 



1894 – 99 жылдары аралығында бірде матрос, бірде штурман болып әр түрлі кемеде жүзген. 1903 жылдан бастап көпшілікке әйгілі болған бірнеше экспедицияға қатысқан. 1903-1906 жылдар аралығында “Йоа” кемесімен Гренландиядан Аляскаға жетті. Норвегиядан (1910) “Фрам” кемесімен Антарктикаға аттанады. 1911 жылы 14 желтоқсанда ағылшын саяхатшысы Р. Скоттан бір ай бұрын Оңтүстік полюске жетеді. 1926 жылы Шпицберген – Солтүстік полюс – Аляска бағыты бойынша “Норвегия” дирижаблімен 1-трансарктикалық ұшуды басқарды. Солтүстік мұзды мұхитта апатқа ұшыраған У. Нобиле экспедициясына көмек көрсетпекші болып “Латам” гидроұшағының экипажымен бірге қаза тапты. Солтүстік Мұзды мұхитта Амундсен есімімен аталатын қазан-шұңқырлар, бұғаздар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет