Америго Веспуччи 1454 жылы Флоренцияда туған, 1512 жылдың жиырма екінші ақпанында елу сегіз жасында Севильяда дүние салды. Біраз уақыт Медичи банкісінің кіші қызметкері, кейіннен осы фирманың Севильядағы агенті болып жұмыс істеген. Веспуччи алғашқы теңіз саяхатын 1497 – 98 жылы Канар аралдарына жасады. 1499 – 1500 жылы Испанияда, 1501 – 04 жылы [Португалия|Португалияда] теңізші болды, 1499 – 1504 жылы Жаңа Дүние жағалауын зерттеген экспедицияларға қатысты. Бұл саяхаттары туралы жазылған оның еңбектері кезінде әйгілі болды, бірнеше рет (1505 – 10) қайта басылды. Лотарингия картографы Мартин Вальдземюллер Колумбтың ашқан «дүниенің төртінші бөлігін» Веспуччидің табысы деп жариялады; оның құрметіне жаңа құрлықты – Америка деп атауды ұсынды. Оңтүстік Америкаға бұл ат тез сіңді, ал Солтүстік Америка үшін алғашқы рет 1538 жылы Меркатордың картасында қолданылды. Мұхиттың арғы жағындағы қазынасы мол, жаңа жерлер испандарды қызықтырды. Сол жерге барып орнығам дегендерге король 1497 жылдан бастап рұқстат берді. Бұл байлығы мол жерлерге көпестер, кедейленген дворяндар, үкіметке наразылар, айыптылар көшіп кетпекші болды. Король үш эквпедиция ұйымдастырып, көп адам жіберді. Солардың ішінде Колумб ашқан жерді көруге Америго Веспуччи де көруге аттанды.
Америго Веспучии 1501 жылы Португалия королының кемесімен «Жаңа жерге» екінші рет барады. Веспуччи Пинсон, одан кейін Кабрал ашқан Бразилия жағалауын зерттеп қайтады. 1503 жылы Веспуччи үшінші рет «Жаңа жерге» саяхатқа шығады. Ол енді Бразилия жағалауымен Үндістанға өтпек болады да 20 градус оңтүстік ендікке дейін жүзіп барып, Колумб ашқан, одан кейін көптеген Испания саяхатшылары зерттеген «Жаңа жер», «бұл Азия аралдарының тізбегі емес, осы күнге дейін белгісіз материк», — деген дұрыс қорытындыға келеді. 1507 жылы космограф Мартин жер жүзін Европа, Азия, Африка материктеріне бөліп, жаңадан Америго ашқан жерді оның басқа материктерімен ұқсастығына қарай «Америка деп атау керек» дейді. Ол кезде Американы «тоты құстар» жері деп атайтын. Сөйтіп, жаңа құрлықтың аты Америго Веспуччи атымен аталып кетті. Бұл жерді Колумб ащқанымен, ол өмірінің соңына дейін оны білмеді, сондықтан материк Америго атымен аталды.
Бальбаро ну Васко Нуньес корольдан қашып «Жаңа жерді» зерттеуге аттанған экспедициямен келіп, Панама мойнағына жақын жердегі бір отарды билеп тұрады. Үндістердің одан әрі қарай су бар дегеніне сеніп, Испандардың көмегімен Панама мойнағына өтті. Көптеген таулардан өтіп, 1513 жылы 25 қыркүйекте тұңғыш рет Тынық мұхитын ашты.
Осыдан кейін Американы жаңа материк деп мойындады. Енді отаршылдар Америка байлығын именденуге жанталасып, халқын қырғынға ұшыратып, жартысын құлдыққа апарып сатты. Бұдан кейін европалықтар Мексиканы, Перуды, Оңтүстік және Солтүстік Американың басқа да жерлерін өздеріне қаратып, Бейбіт халықтарын тонап, мәдениетін, салт-сана, әдет–ғұрпын аяққа басты. Колумб пен Васконың саяхаты географиялық болса, ендігі европалықтардың саяхаты басқыншылыққа негізделді.
6 – тақырып.
Фернан Магеланның Дүние жүзін айналу саяхаты
Фернан Магеллан (порт. Fernão de Magalhães [fɨɾˈnɐ̃w̃ ðɨ mɐɡɐˈʎɐ̃ȷ̃s], ис. Fernando (Hernando) de Magallanes [(f)eɾ'nando ðe maɣa'ʎanes], лат. Ferdinandus Magellanus (8 қазан 1480 жыл, Саброза, Траз-уж-Монтиш, Португалия — 27 сәуір 1521 жыл, Мактан,Филиппиндер) — Португалияның теңіз саяхатшысы. Магеллан алғаш рет Жердің шар тәрізді екендігін, Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеді.
1519 — 1521 ж. Молукк аралдарына апаратын батыс жолдарын іздеуге шыққан экспедицияны басқарды. Африканың батысымен жүзіп, Атлант мұхиты арқылы Оңтүстік Американың шығыс жағалауына жетті. Құрылықтың оңтүстігін зерттеп, 1520 ж. құрылық пен Отты Жер топаралы арасындағы бұғаз (қазіргі Магеллан бұғазы) арқылы Оңтүстік Американы айналып өтті. Тынық мұхит арқылы батысқа қарай жүзіп, Азиядағы Филиппин аралдарына жетті. М. 1521 ж. Мактан аралында жергілікті тайпалармен қақтығыс кезінде қаза тапты. Қалған экспед. мүшелері “Виктория” кемесімен Үнді мұхиты арқылы Африканың оңтүстігін айналып, Испанияға оралды. Магеллан алғаш рет Жердің шар тәрізді екендігін, Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеді.
Магеллан астрономия және бағдарлау (навигация) бойынша жақсы білім алып шыққан, 20 жасында алғаш рет теңізде жүзген саяхатшы. Оның өмір жолы әдеттегі конкистадор ретінде өрбіді - Шығыс Африка жағалауындағы Индостандағы шайқастар, арабтармен болған теңіз қақтығыстары. Португалия патшасымен сөзге келіп қалып, Магеллан Испанияға қоныс аударды. Ол Испания патшасы I Карлосты Молукк аралдары (Дәмдеуіш аралдары) Португалияға емес, Испанияға тиесілі болуы қажет деп иландырды. Оған жету үшін өзіне жақсы таныс шығыс бұғаз жолын ұсынды.
1519 ж. қыркүйегінде бес кемеден құралған теңіз қосыны жолға шықты. Қосын Оңтүстік Америка жағалауларына дейін жетті, бірақ пайдасыз өткел іздеу әрекеті наурыздың аяғына дейін созылды. Қатты суық пен боран басталғаннан кейін, ержүрек теңізшілер Патагониядағы қыстаққа аялдауға мәжбүр болды.
1520 ж. қазанында кемелер қисапсыз аралдар арасындағы бұралаң және қауіпті жол арқылы көптен күткен бұғазға келіп жетті. Теңізшілер кейіннен мұнда жердің төрт бұрышынан ызғарлы солтүстік желі соғып тұратын дегенді айтты. Айналадағы аралдар құнарсыз және елсіз иен мекен болып көрінді, бірақ түнге қарай теңізшілер мыңдаған алауларды көрді, сондықтан шоғыры Отты жер аталып кетті. Магеллан ашқан бұғаз біраз уақыттан кейін оның есімін иемденді.
Жағдай ушығып кетті - азық-түлік қоры мүлдем қалмады, бірақ Магеллан Молука аралдарынан оларды 3-4 күндік қана жол бөгеп тұр деген сөзінен қайтпады. Және кемелер еуропалықтар үшін мүлдем беймәлім алапат мұхит арқылы жолға шықты. Бұл мұхитты Магеллан барынша тыныш ауа-райы үшін Тынық деп атады, теңізшілер мұнда тымық күні тап болған еді.
Тынық Мұхитпен бойлай жүзу төрт айға созылды және адам айтып жеткісіз тауқыметті бастан кешірді. Ақырында көптен күткен айқай естілді: «Жер!». Және кешікпей саяхатшылардың алдында Филиппин аралы тұрды.
Осы жағалаудың бір аймағында белгісіз бір тұрғындар өмір сүреді екен. Фернандо Магеллан және оның серіктері сол тұрғындарымен қақтығыста Фернандо Магеллан және 247 адам қаза табады. Сөйтіп экспедицияның барлық құрамынан 1 кеме 18 адам еліне қайтады.
Осылайша, Фернандо Магеллан 1521 жылдың 27 сәуірінде 41 жасында қайтыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |