4 - тақырып.
Васко до Гама
Васко де Гама (порт. Vasco da Gama; 1469—1524) — португал жиһанкезі, Үндістанға теңіз арқылы саяхат жасаған тұңғыш еуропалық ретінде тарихта қалды.
Васко да Гама 1469 жылы Синеш қаласында орденның магистрі Сантьяго Эштеван де Гаманың (1430—-1497) отбасында дүниеге келген. Анасы — Изабела Содре.
Португал патшасы Мануэл I Эштеван де Гамаға Үндістанға экспедициясын жасау тапсырды, бірақ ол қайтыс болғандықтан, оның ісін баласы — Васко де Гама жалғастырды.
1497 жылы шілденің 8-інде Лиссабоннан шығып, Васко де Гама басқарған экспедиция Африканы оңтүстік жағынан айналып, Мейірімді үміт мүйісіне жетті. 1498 жылы мамырдың 20-сында Васко де Гаманың экспедициясы Үндістанның оңтүстік - батыс жағасына жетті.
1499 жылы қыркүйек айында Португалияға қайтқанда, Васко да Гаманы құрметпен кездесіп, үлкен ақшамен марапаттап, оған «Үнді Мұхитының Адмиралы» деген атағын, Дон лауазымын беріп, Синеш және Вила-Нова-де-Милфонтеш қалаларын өз меншігі ретінде сыйлаған. 1519 жылы Васко де Гама Видигейр графы лауазымына жетті.
Осы саяхаттан кейін тағы екі рет Үндістанға барған. 1524 жылы желтоқсанның 24-інде Кочинде (Үндістан) қайтыс болып, Португалияның Алентежу деген жерде кішкентай Quinta do Carmo деген шіркеуінде жерлеген. 1880 жылы қалғаны Лиссабондағы Иеронимиттер Монастырына жерленген.
Васко да Гама әйелі — Катарина де Атаиде. Балалары: Франсишко, Эштеван (1505—1576, Үндістанның губернаторы), Пауло, Криштован, Педро.
Васко да Гама Васко да Гама 1460 жылы Португалияның Синиш қаласында дүниеге келген. Васко да Гаманың әкесінің есімі Иштеван да Гама, ал анасының есімі Изабелла Содре. Васко да Гама балалығынан теңіз саяхатшысы болуды армандаған. 1492 жылы француз консары португалиялық каравелланы басып алады. Бұл кезде Васко да Гама 23 жаста еді. Осы кездерде Португалияның корольі Мануэль 1 оған француздар алған каравелланы қайтарсын деген бұйрық береді. Ол бұл бұйрықты орындайды: француздар дың жағалауына келіп, олардың бүкіл кемесін тартып алған соң, француз корльі олардың каравелласын қайтарып береді. Содан кейін Васко да Гама еліне қайта оралады. Ол еліне келген кезде әкесінің қайтыс болғанын естиді. Содан кейін ол Катерина да Атаида деген қызға үйленеді. Ал үйленген соң олардың 5 ұлы болады: Франсишку, Эштеван, Паулу, Криштован және Педру. 1946 жылы Мануэль 1 Васко да Гамаға Португалиядан Үндістанға дейін кемемен жүзуді ұсынады. 1947 жылдың 8 шілде күні Васко да Гама және 170 адам, 3 кеме Лиссабонеден жүзуге шығады. 20 мамыр 1498 жылы олар кемемен Каликутқа келеді. Бұл жолы Васко да Гама өз елімен және сол жердің үндістерімен саудагерлік қатынасты жақсартады. Васко да Гама 1524 жылы қайтыс болады.
5 – тақырып.
Америго Веспуччи
Америго Веспуччи (итал. Amerigo Vespucci, лат. Americus Vespucius; 9 наурыз 1454 жыл, Флоренция, Флорентия республикасы — 22 ақпан 1512 жыл, Севилья, Испания) — флорентиялық теңіз саяхатшысы[1].
Достарыңызбен бөлісу: |