Шұбарши орта мектебі «Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар»



бет26/38
Дата16.11.2016
өлшемі5,1 Mb.
#1834
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38

Виллем Баренц


Баренц Виллем (1550, Амстердам — 20.6. 1597, Жаңа Жер аралы) — голландиялық теңіз саяхатшысы. 1594—1597 жылдары Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа (Қытай мен Үндістанға) шығатын солтүстік-шығыс теңіз өткелін іздеп табу мақсатымен Солтүстік Мұзды мұхитқа 3 рет саяхат жасаған. 1596—1597 жылдары Аюлы және Шпицберген аралын (орыстардан кейін) екінші рет ашқан. Қалың мұздан өте алмаған экспедиция Жаңа Жер аралының солтүстік-шығыс жағалауына қыстауға мәжбүр болып, сонда жыл бойы алғашқы ғыл. бақылаулар жүргізген, судың тереңдігін, температурасын, желдің бағытын, күшін, жер қыртысының беткі қабатының құрамын, т.б. анықтады. Астрономиялық өлшеулер жасап, шығанақтардың, мүйістердің және аралдардың орнын белгіледі. Жаңа Жердің батыс және шығыс жағалауының картасын сызды. Баренцтен кейін 3 ғасыр бойы бұл жерлерде ешбір саяхатшы болмаған. Ғылымға қосқан зор үлесі үшін оның өзі зерттеген Жаңа Жер мен Шпицберген аралдарының аралығында орналасқан теңізге, Шпицберген топаралындағы аралға, Батыс Шпицберген аралындағы кентке жәнеБаренцбург портына Баренцтің есімі берілген. [1]



Баренц теңізі жағасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет