Шұбарши орта мектебі «Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар»


Виллем Баренцтің үшінші сапары картасы



бет28/38
Дата16.11.2016
өлшемі5,1 Mb.
#1834
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38

Виллем Баренцтің үшінші сапары картасы



Баренц кемесі Арктика мұздары ішінде

25 – тақырып.

Томас Уитлам Аткинсон

Томас Уитлам Аткинсон (06.03.1799, Йоркшир — 13.08.1861, Кент қаласы) — ағылшын саяхатшысы, суретші.

1848 — 52 ж. Қазақстанның бірқатар жерлерінде болып, тарихи-этнографиялық, географиялық зерттеулер жүргізген. Томастың 1858 ж. Лондонда жарық көрген “Шығыс және Батыс Сібірдегі зерттеулер” атты екі томдық еңбегінде СемейАягөз, Қапал, Алматы қалалары мен бекіністеріндегі тұрғындардың шаруашылығы, қазақтардың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, билеуші топтары арасындағы талас-тартыс, Шыңғыстау күміс кені, балыққа бай Зайсан көлі жөнінде көптеген деректер бар.

1860 ж. “Амудария бойымен саяхат” атты кітабы жарыққа шықты. Онда қазақ қоғамын іштей жегідей жеп жатқан “барымта” дегеннің куәсі болдым дей келіп, “Түнгі ауылға шабуыл”, “Аттылы қырғыздардың ұрысы” атты суреттер жариялады. Соңғы суретінде қазақтардың сол кездегі қару-жарағы (айбалта, найза) бейнеленген. Қазақтардың киімін, тамағын, қысқы киіз үйін суреттеп, бұл жөнінде бірнеше этногр. гравюралар, көп мағлұматтар қалдырды. Алатаудың солтүстік беткейінде, Зайсан мен Балқаш аралығында кездескен түрлі обалар мен көне зираттардың құрылысын сипаттап жазды.



1848 ж. маусымда “көкжал” атанған Барақ сұлтан Шүрекұлымен (1813 ж.т.) кездеседі. Томас Аягөз өңірінде қазақ ақынымен жүздесуі туралы мынадай жолдар жазған: “Өткен өмірдегі батырлық туралы мына ақынның жырын бақташылардың ықылас қоя тыңдағаны соншалық, тіпті кезінде Гомер де мұндай ілтипатқа бөленбеген шығар. Қазақ ақынының өз халқына ықпалы Гомердің гректерге ықпалынан мысқалдай кем емес. Бастапқыда таулар мен далалардың сұлулығы, қазақтың сәйгүліктері туралы жырланғанда тыңдаушылар үнсіз-ақ отырған-ды, ал даңқты айқастар туралы жырлай бастағанында олардың жүздері өзгеріп сала берді. Тіпті кейбіреулері орындарынан атып тұрып айбалталарына жармасты... Міне, сауаты жоқ дала жырауларының өз бауырластарының жан-дүниесін баурап алар күші осындай. Оның шабытты өлеңдерін мен ұзақ тыңдадым”. Томас дала тұрғындарының ақындық рухына, моральдық түсінігінің жоғарылығына, түрлі жер аттарына (ҚаракөлҚалмақтауАқтасЕртіс т. б.) байланысты аңыз-әңгімелерді баяндайды. Сүйік пен Айғаным арасындағы сүйіспеншілік, Сүйіктің Айғанымды алып қашуы, Айғанымның қамысты көл жағасында жолбарыстан опат


болуы туралы халық арасында ертеден келе жатқан аңыз желісін баяндауы да ағылшын авторының қазақтардың рухани мәдениетіне жіті назар аударғанын көрсетеді.[1][2]



26 – тақырып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет