Шұбарши орта мектебі «Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар»



бет36/38
Дата16.11.2016
өлшемі5,1 Mb.
#1834
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

29 – тақырып.

Крузенштерн Иван Федорович

Крузенштерн Иван Федорович (19.11.1770, Хагуди, Эстония – 24.8.1846, Таллинн) – саяхатшы, адмирал, Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі (1806 жылдан). Кедейленген дворян отбасында дүниеге келген.Шіркеу-приход мектебін, одан кейін Кронштадтағы Теңіз кадет корпусын бітірген. 1789 ж. “Мстислав” кемесінің мичманы ретінде шведтермен соғыста көрсеткен ерлігі үшін лейтенант атағын алды. 1793 ж. теңізде жүзу ісін жетілдіру үшін Англияға жіберілді. Америка жағалауына, Бермуда және Кіші Антиль аралдарына, Қытайға және Үндістанға жүзу сапарларына қатынасты. 1799 ж. Санкт-Петербургке қайтып оралғаннан кейін Теңіз дүние жүзін айналу экспедициясын ұйымдастыру жөнінен жоспар ұсынды. 1803 – 06 ж. К. басшылығымен орыстардың тұңғыш дүние жүзін айналып шығу экспедициясы жүзеге асырылды. “Надежда” және “Нева” (командирі Ю.Ф.Лисянский) кемелері Кронштадтан шығып,Атлант мұхиты, Горн мүйісі арқылы Тынық мұхиттағы Гавайи аралдарына барды. Онан әрі “Нева” орыс Аляскасына беттеп, “Надежда” Камчаткаға және Жапонияға жетті. Екі кеме де Қытайды және Индонезия аралдарын басып, Үндіжәне Атлант мұхиттары арқылы Кронштадқа қайтып оралды. Экспедиция кезінде жүргізілген океаногр. бақылаулар дүниежүз. мұхит бойынша судың терең қабаттарын зерттеуге бастама берді. Экспедиция Камчатка мен Аляскадағы орыс иеліктеріне арзан теңіз жолын ашты. 1824 – 26 ж. К. Тынық мұхиттың тұңғыш атласын жасап, басып шығарды. 1826 ж. контрадмирал атағын алды. 16 жыл бойы Теңіз корпусын басқарды.

30 – тақырып.

Врангель Фердинанд

Врангель Фердинанд Петрович - орыс теңіз саяхатшысы, адмирал, Петербург ҒА- ның құрметті мүшесі (1855). Орыс геогр. қоғамын ұйымдастырушылардың бірі. 



1817- 19 ж. В. М. Головиннің «Камчатка» шлюпкасымен дүние жүзін айналып шыққан экспедициясына қатысты. 1820- 24 ж. Сібірдің жағалауын зерттеп, Индигиркадан Колючин кірмесіне дейінгі жағаны картаға түсірген экспедицияны басқарды. Жергілікті халықтан сұрау арқылы және теориялық болжамның көмегімен В. Солтүстік Мұзды мұхиттағы бұрын белгісіз аралдың алып жатқан орнын анықтады. Кейін оған В- дің есімі берілді. 1825- 27 ж. «Кроткий» кемесімен дүние жүзін айналып шыққан орыс экспедициясын басқарды. 1829- 35 ж.Аляскадағы орыс қоңыстанушыларының бас әкімі болды. Аляскадағы тауларға, мүйіске және басқа геогр. объектілерге В-дің есімі берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет