Шұбарши орта мектебі «Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар»



бет37/38
Дата16.11.2016
өлшемі5,1 Mb.
#1834
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

31 – тақырып.

Антоний Дженкинсон 

Антоний Дженкинсон (ағылш. Anthony Jenkinson) (15291610қазақ жерін мекендеген жергілікті тайпалар туралы маңызды жазба деректер қалдырған.



1557 – 1572 жылдары төрт рет Ресейде болып қайтқан. Ресей патшасынан қолдау тапқан Дженкинсон 1558 жылы Мәскеуден шығып Бұхарға келеді. Бірақ дəл сол кезде соғыстың кесірінен Бұхар мен Қытайдың арасындағы қатынас үзіліп, Бұхарда төрт ай тұрған Дженкинсон 1559 жылы наурызда кері қайтады. Сондықтан ол Орта Азия елдерімен байланысын қайта жалғау үшін 1561 жылы Елизаветаның өтінішімен Ресей патшасының рұқсатын алып, 1562 жылыПарсы еліне сапар шегеді. Онан 1563 жылы оралады. Ол осы сапарына арнап Орта Азия мен Қазақстан жайлы үлкен еңбек жазады. Еңбегінде қазақтарды мал жайымен үнемі көшіп жүретін жауынгер халық ретінде суреттеген.



32 – тақырып.

Николай Константинович Рерих

Орыс жиhанкезі, суретші, философ, жа­зушы, қоғам қайраткері Николай Константинович Рерих (1874 – 1947 ж.ж.) әлемдік мә­дениет тарихында өзіндік орны бар ірі тұлға. Әсіресе, оның суретші ретіндегі шығар­ма­шылық еңбегін әлемге әйгілі Альберт Эйн­штейн, Томас Манн, Ромен Роллан, Рабин­­дра­нат Тагор секілді тұлғалар жоғары баға­ла­ған. Ал ғарышқа алғаш ұшқан тұңғыш ға­рыш­кер Юрий Гагарин: «Лучи просвечивали через земную атмосферу, горизонт стал ярко – оранжевым, постепенно перехоящим во все света радуги: к голубому, синему, фиолетовому, черному. Неописуемая цветовая гамма. Как на полотнах художника Николая Рериха», – деп жазыпты. Ол артына аса бай әдеби, көркем және ғылыми мұра: 7000 көркем­сурет, 30-дан астам ғылыми-философиялық еңбек қалдырды. Оның өнер мен ғылым са­ласындағы жанкешті еңбегі, қоғамдық қыз­меті 1935 жылы 21 мемлекеттің өкілдерін адам­заттың мәдени құндылықтарын қорғау жөніндегі халықаралық шартқа қол қоюға ықпал етіп, ол құжат «Рерих пактісі» деген атпен тарихқа енді және кейін 1954 жылы қабылданған адам­­­зат­тың мәдени құндылықтарын сақтау жөнін­де­­­гі Гаага конвенциясына негіз болып алынды.

Ол атақты суретші А. И. Куинджидің шә­­кірті болған аса талантты қылқалам шебері ғана емес, сонымен бірге мәдениет сала­сы­ның, әсіресе, Шығыс өнерінің үлкен білгірі және ержүрек саяхатшы болды. Соның ішінде Рерихтар отбасының 1923-1928 жылдар аралығында 25 мыңнан астам шақырым жерді артқа тастап, Орталық Азияға жасаған экспедициясы ерекше. Оның баласы Юрий Рерихтың жазуына қарағанда экспедицияның басты мақсаты – Орталық Азия елдері мен халықтарының көркемсурет тұрғысындағы шежіресін жасау болыпты. Сонымен қатар, археологиялық ескерткіштерді зерттеу, Орта­лық Азияны мекендейтін халықтардың этно­графиясы мен тіліне байланысты материалдар жинау, болашақ экспедицияларға жол салу сияқты мақсаттарды да көздепті.

Сол жолғы Совет Одағының азиялық Сібір бөлігі мен Үндістан, Қытай, Тибет, Моң­ғолия секілді елдерге саяхатының барысы туралы Н. Рерих «Алтай – Гималай» атты кітап жазып, баспадан шығарды (1929). Бұл ең­бек сол елдердің тарихы мен мәдениеті жө­нін­­­дегі бағалы деректер көзі ғана емес, мұнда география, этнография, лингвистика, өнерге байла­ныс­ты материалдар да молынан берілген.

Ал біз үшін, бұл кітаптың құндылығы – онда қазақ жеріне, халқымызға, оның ішінде Шығыс Қазақстанға байланысты қызықты материалдар кездеседі. Өйткені, экспедиция 1926 жылы қазақ жеріне Қытайдың Шыңжаң өлкесінен Зайсан арқылы кіріп, су жолымен бірнеше күн Ертісті бойлап Өскемен, Семей, Керекуді басып Сібірге бет алады. Осы ара­лықтағы жазбаларын кітаптан (1974 жылғы Мәскеуден шыққан нұсқасы – Ө.С.) оқып оты­рып, Н.Рерихтың саяхатшы, зерттеуші, су­ретші ретіндегі байқампаздығына таңдана­сың. Әсіресе оның бейтаныс жердегі көзге түскен әртүрлі жәйттерді күнделікті түртіп қойып, қысқа ғана өз ойын дәл білдіріп отыруы ғажап. Мысалы, сондай бір көріністі кітаптың соңында берілген түсініктемеде ака­демик А.П.Окладников сипаттап жазып­ты. Оның ықшамдалған мағынасы төмен­де­гідей. 1926 жылдың мамыр айының соңында Рерих керуені қазақ жеріне еніп, жергілікті қазақтардың оларды күзетке алған кездегі бір оқиға барысына, яғни біздің қандастарымыз жолда кездескен қасқырларды қуа жөнел­ген­де: «Те же скифы, те же шапки, и полукафтанья как на кульобской вазе» (1830 жылы археолог И.А.Стемпковский Қырымдағы Керчь түбінен Күлоба қорғанын ашқанда жерленген скиф­тердің көсемінің қасынан табылған алтын құмырадағы көріністерді айтады – Ө.С.) деп бағзы замандағы скифтердің бейнесімен са­­лыстыра суреттеуі оның ой-өрісінің сонша­­лықты кең екендігіне, шындыққа сай келетініне тәнті боласың. Ат үстіндегі қа­зақтардың киімдері де олардың сонау Түркі қағанаты кезіндегі алыс аталарынан, дала көшпен­­­ді­лерінен аумайды. Сонымен бірге суретші – жиhанкез қытайдың Жоңғар өлке­сі­мен қазақ Алтайының шекарасында қандас­та­рымыздың аң аулауы біздің эрамыздың бірінші мың­жыл­дығында бейнеленген аңшы­лықпен өте ұқсас екенін байқайды. Ал олардың басындағы түлкі терісінен тігілген малақай тура Геро­доттың скифтеріне өте ұқсайды дейді.

Рерихтың қазақ жеріндегі ауа райына бай­­­­ланысты жазбасы да қызық. Семейге келе жа­­тып маусым айының басы болса да күндіз сал­­­қын, ал түнде суық екенін, ауа райының өзгер­ге­ніне үш жыл болып, жазда қатты ыстық, қыс­та қатты аяз болмай тұрғанын естігенін айтады.

Ал пароходтың үстінде өзі әңгі­ме­­лескен бір орыс баласының осы өңірде тұ­ра­тын кержақтардың (ескі дінді ұстанушы ішкі Ресейден қашқан келімсектер, кейбір деректерде Сібірге жер аударылғандар – Ө.С.) «Егер қазақтармен бірге отырып, тамақ ішке­­­нің­­­­ді естісе олар дастарқанға мүлдем жібермейді. Қайта-қайта шоқынуға мәжбүр­лей­ді», деген сөзін келтіре отырып: «Степная пословица: Если товарищ твой кривой, старайся поджимать глаз, чтобы быть ему пару», – депті. Бұл енді халқымыздың: «Жолдасың соқыр болса, оған серік болу үшін бір көзіңді қысып жүр», деген төл мақалы екені белгілі. Қазақ жерінде қысқа мерзім ғана болған кезде Н.Рерихтың осы мақалды кімнен естіп, жадына қалай сақтап алғанына таңданасың.

Бұдан басқа Н.Рерихтың барымта туралы пікірі де өзгеше бір қырымен қызығушылық тудырады. Ол «… барантачество – степное во­­­­ровство – удальство. И команч, и зуни в Ари­зоне тоже угонит коня. Да своих ли коней стреножили скифы на вазе Куль – оба?» – деп жазады. Оның пікірінше ба­­­рымта тек ұрлық емес, бір жағынан батылдық, ержүрек­­ті­лік, сабаздықтың да көрінісі. Бұндай жылқыны айдап кететін жағдай Американың үндісте­рін­де де бар дейді. Тіпті Кү­л­­оба құмырасындағы скифтердің шідерлеген аттары да өздерінікі ме деп күмәнданады. Ол ары қарай барымта туралы орта­лық­қа хабарланатынын және та­яуда бір бай қарақшыны, яғ­ни ба­рымташыны ұстап, Кам­чат­каға жер аудармақшы бол­ғанда оның туыстары келіп оны шығарып алу үшін бүкіл дүние мүлік­­­те­рін ұсынғандарын жа­зыпты. Дегенмен барымта ту­ралы осы кітаптың түсіндір­ме­сінде жаң­­сақ пікір айтылыпты. Онда «барантачество – разбой, угон бараньих стад – барант», деген анықтама беріліпті. Бұ­ның қан­шалықты дұрыс – бұ­ры­стығын зерделі оқырман өзі-ақ бағам­дай берер.

Ертіспен жүзіп келе жатып, бүгінгі Ақсу қаласының тұсына келгенде асау өзеннің арнасы сондай кеңейіп, ағысы тіпті дол­дана буырқанып, ақ тол­қын­дар тулаған шақта: «Ра­сында, бұл жер­де Ермактың батып кеткеніне сенесің», деп толғанады. Алай­­да Ермактың кім болғаны жайында жақ ашпайды.

Жолда аялдаған Семей қаласы туралы: «Заходим в книжный склад – удивительно: ни одной пошлой книги. Масса изданий по специальностям. И это все в пограничном захолустье, в уединенном Семипалатинске! Стоят и белокаменные дома, и серые деревяшки – как будто все то же самое, но жизнь иная наполнила эти остовы», – деп жазғанына риза боласың. Ол кездегі мәдени өмірде кітаптың маңызы үлкен болғаны белгілі. Сондықтан қа­лада оған аса мән беріп, әр түрлі мама­н­дықтар бойынша таңдап кітаптар жинағанын байқай­­­­мыз, кітап саудасымен айналысқандар әрбір кітаптың құ­нын білген ғой, өйткені оқырма­н­дар тарапы­нан сұраныс тумаса мұн­дай жағдай болмас та еді. Сол кездегі Семейдегі кітаптың қадір-қасиетіне жету – мә­дениеттіліктің белгісі, оған ертеден бейім­де­лудің арқасы, әрі мұны қала­ның қазақ жеріндегі мәдени-рухани орталық болғанының бір куәсі деп қабылдаған жөн болар. Сөз болып отырған кезең қазақтың небір зиялы, біртуар ұлдарының Семейде білім ал­ып, қызмет жасаған шақтары екенін еске түсір­сек, Н.Рерих байқаған жағдай да олардың келешекте жетіліп, биіктерге құлаш ұруына септігін тигізгеніне сенімдіміз.

Н.Рерихтың Алтайға байланысты айтқан пікірлері де қызықты. Ерекше назар ауда­ра­тын жағдай, оның ойынша Азияның кіндігі – Алтай. Күнделігінде Шамбала, Белуха (Мұз­тау), Беловодье туралы естіген аңыз-әңгіме­лер­ді берумен қатар, өз пікірін де білдіреді. Ол ескі аңыздар мен өлең-жырлардан фольк­лор­лық өткір әлеуметтік және саяси себеп­тердің иісі аңқиды. Аңыздардан бақыт ту­ралы мәңгілік және мұңды арман сезіледі: ол қарапайым адамдардан ылғи да қол жетпес құстай ұшып кетеді. Сондықтан да болар, патшалық езгіден қашып, сібірлік ескі дінді ұстанған, бөлектенген шаруалардың Алтай мен алыстағы Жоңғариядан феодалдық қа­нау­­шылық жоқ, еркін жер «Беловодьені» (жер­ұйықты) жатпай-тұрмай іздеуі кездейсоқ емес деген ой айтады. Кітаптың түсіндір­месінде: «Беловодье – у русских староверов, начиная с ХVII – XVIII вв., страна обетованная, с богатыми землями и природой, где живут праведники и нет бояр и «гонителей веры»; в поисках Беловодья староверы уходили в уральские и сибирские леса и горы. По мнению Н. К. Рериха, на Алтае легенда о Беловодье приняла некоторые черты легенды о Шамбале», деп жазыпты. Ал «Советский энциклопедический словарь» (1985) басылы­мы: «Беловодье, легендарная страна свободы в рус. нар. преданиях 17 – 19 вв. По мнению старо обрядцев она находилась где-то на В.- в Японии, Индии. Реальный прообраз – Бухтарминский край на Алтае», деген анықтама беріліпті. Міне, елге аңыз, дақпырт болған Беловодьенің айналып келгенде түптамыры Алтай екен. Алайда, Н.Рерих оны орыстар өз көршілері қалмақтар мен алтайлықтардан естіген. Сол үшін елден қашып, бақытты жұмақ жерді қанша іздегенмен таба алмаған дейді.

Енді Белуха (Мұзтау) туралы ол: «На Алтае гору Белуху называют Уч – Сюре. Уч – Орион. Сюре – жилище богов, соответствует мон­голь­­ский Сумер и индийской Сумеру», – деген пікір білдіреді. Ал, кітаптың түсін­дір­месінде: «Уч – Сюре, Уч – Орион – уч по – тюркский «три», – следовательно, по толкованию Н. К. Рериха «три жилища богов», или «жилище трех богов»; название Уч – Орион связано с тремя звез­­­дами «пояса» Ориона», деген пікір берілген.

Бұл тақырыпты алтайлық қазақ жазушы­ла­ры да айналып өтпегені белгілі. Атақты жа­зу­шы О. Бөкей көркем туындыларында, «Мұз­тау» кітабында, қарымды қаламгер Ә. Асқаровтың «Егемен Қазақстан» газетінде жа­рия­ланған «Көк­көл», «Мұзтау» деректі хи­ка­ят­­тарында Ал­тайды әлемге әйгілеген, өзінің жұ­мбақ бол­мысымен талайларды таңыр­қат­қан ғажайып шың, оның тылсым сыр бүккен аймағы шы­ғар­машылықтарының шырайын ашқан тақы­рып болды. Міне, сол «Көк­көл­ден» үзінді келтірейік: «Шамбаланың мағы­на­сы «Беловодье», яғни жер жаннаты деген ұғымды береді екен. Жер үстіндегі Шамбала – көкарай майсалы мамыражай мекен, үйрек ұшып, қаз қонған сулы да нулы жер. Ал жер астындағы Шамбала – хош иісті гүлдермен көмкеріліп, қымбат тас­тармен әшекейленген, алтын зерлі жарқы­ра­ған қала. Бұл таңға­жай­ып қалаға кірер екі есік бар. Оның оңтүстік­тегі есігі Гималай тау­ла­рының гүлжазиралы бір аңғарында, Брахмапутра өзе­ні­нің бастау­ын­да. Солтүстік есігі Алтай тау­ла­рында, Мұз­таудың маңайында деседі». Автор одан ары бір білгіштің сөзін келтіреді:

– Космостық энергияның бәрі осы Мұз­тау­да тоғысады. Алғаш бұл құбылысты орыс­тың әйгілі философ-суретшісі Николай Рерих ашқан болатын, кейін бұл құбылыс ғылым әлемінде нақты дәлелденген…

Мұзтау аймағынан өсіп-өрбіген көне түр­кілерге де мемлекет құратындай алапат күш-қуат осы қасиетті тау, киелі орыннан берілген деген де тұжырым қалыптасқан екен. Бір ға­жа­бы, ғылыми пайымдауларға қарағанда, Мұз­тау тұсында атмосфера қабаты аса жұқа екен. Содан да болар бұл өңірге ғарыш сәулелері үзіл­мей, шашырамай, сол қалпында таза жетіп та­ра­лады. Сөйтіп, жер мен ғарыш арасын бай­ла­ныстыратын тылсым қуат пайда болады деседі.

Рерихтың күнделігінен оның Алтайдағы түркі жер атауларының қыр-сырына да қызы­ғу­шылық танытқанын байқауға болады. Ол «Катунь потюркски «женщина» … Елен – Чадар, Карагай, Ак – Кам, Чеган, Урул, Кураган, Жархаш, Еломан, Тургунда, Аргут, Арчат, Жал­дур, Чингис – тай, Ак – Ульгун, Хамсар. Эти имена речек, урочищ и городищ – как напевный лад, как созвучный звон», – деп шығармашылық шабытпен суреттейді.



Міне, бұл біздің Н. К. Рерихтың қазақ жерін басып өткендегі сапарынан өреміз жет­кенше зерделеп түйгеніміз. Жалпы, оның еңбектері қазақ ғалымдары мен зерттеу­ші­лерінің, көзі қарақты оқырмандардың белгілі бір мөлшерде қызығушылық тудырарына сенім мол. Сон­дық­тан да бұл тақырыпты әлі де әр қырынан зерттей бергеннің артығы болмас деген ойдамыз.

33 – тақырып.

Жюль Верн 

Жюль Верн – француз жазушысы, ғылыми фантастикалық роман жанрының негізін қалаушылардың бірі. Ол Францияның Нант қаласында 1828 ж. 8 ақпанда туған. Мамандығы заң қызметкері.Театр директорының хатшысы (1851 – 54), қаржы-қаражат агенті (1856 – 64) қызметтерін атқарған. Әдеби қызметін шағын пьесалар (1849) жазудан бастаған. 1863 ж. «Әуе шарында өткен бес апта» атты тұңғыш романы жарық көрді. Верн 65 роман, повесть, әңгіме және география тарихы туралы зерттеулер жазды. Жазушының «Капитан Гранттың балалары» (1867), «Сырлы арал» (1875), «Он бес жасар капитан» (1878), т.б. шығармаларында суреттелетін табиғат пен теңіз асты әлемінде кездесетін әр түрлі жағдайларды дәл бейнелеуі ғылым жетістіктерімен үндесіп жатыр. 1905 ж. 24 наурызда жазушы Жюль Верн Амьенде дүние салды. Оның шығармалары көптеген әлем халықтары тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де аударылды, фильмдер түсірілді. Айдың арғы бетіндегі кратер Верн есімімен аталады.


Оқу және шығармашылы


Заңгер Верн Парижде заң факультетінде оқыған, бірақ әдебиетке деген махаббаты басқа жолды қабылдауға әкелді. 1850 жылы Верн Сындырылған соломинкалар пьесасын Дюма Александрдың тарихи театрында сәтті қойды. 1852-1854 жылдары «лирикалық театрда» хатшы болып жұмыс істеді, содан кейін Либреттоәңгіме лар | [комедия] [комедиясын] жазу жалғастыра отырып, биржа маклері болып қызмет етті.

«Кезектен тыс саяхаттар» циклы


Барлығы Жюль Верн 66 роман жазған және, сондай-ақ оның ішінде аяқталмаған, XX ғасырдың аяғында соңында жарияланған, 20-дан астам романдар мен әңгімелер, 30 пьесалар, бірнеше деректі және ғылыми жұмыстар.

Жюль Верн романс ғылым, ой билік үшін жақсы прогресс қастерлеу сенім толы секілді. Өкінішпен ұлттық азаттық үшін күресті сипаттайды.

Жюль Верн романдарынан оқырмандары технологияның сипаттамасы, саяхаттардан басқа, сонымен қатар асыл кейіпкерлерінің жарқын суреттері (капитан Гаттерас, капитан Грант, капитан Немо), өте қызық ғалымдар (профессор Лиденброк, доктор Клоубонни, кузен Бенедикт, географ Жак Паганель) бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет