Үшбұрыштар Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі


Үшбұрыштың тамаша нүктелері



бет10/16
Дата18.05.2017
өлшемі1,39 Mb.
#16284
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Үшбұрыштың тамаша нүктелері

  1. Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышының биссектрисасы гипотенузаны 1:3 қатынаста бөледі. Гипотенузаны биіктік қандай қатынаста бөледі.

Жауабы: 9:1

  1. АВС үшбұрышының ВС қабырғасына орта перпендикуляр АС қабырғасын Д нүктесінде қияды. Егер ВД=5 см, АС=8,5 см болса, онда АД мен СД-ны табыңдар.

Жауабы: АД=3,5 см, СД=5 см

  1. АВ=АС=10 см, ВС=16 см болатын АВС тең бүйірлі үшбұрыштың медианаларының қиылысу нүктесінен ВС қабырғасына дейінгі қашықтықты табыңдар.

Жауабы: 2,5 см

  1. Қабырғалары 25, 25, 14 см-ге тең болатын үшбұрыштың медианаларының қиылысу нүктесінен үшбұрыштың төбелеріне дейінгі қашықтықтарды табыңдар.

Жауабы: 16 см,

  1. Тең бүйірлі үшбұрыштың медианаларының қиылысу нүктесіне дейінгі қашықтықтар 25, 14 және 25 см-ге тең. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

Жауабы: 48 см,

  1. Тең бүйірлі үшбұрыштың медианаларының қиылысу нүктесінен қабырғаларына дейінгі қашықтықтар 8 см, 8 см және 5 см-ге тең. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

Жауабы: 25 см, 25 см, 40 см

  1. Үшбұрыштың периметрі 25 см, ал оның бір бұрышының биссектрисасы қарама-қарсы қабырғасын 7,5 және 2,5 см-ге тең кесінділерге бөледі. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

Жауабы: 3,75 см, 10 см, 11,25 см

  1. АВС үшбұрышында В төбесінен ВД биіктігі жүргізілген және Д нүктесі А мен С нүктелерінің арасында жатыр. а=АВ, в=АД, с=ДС деп алып, үшбұрыштың ВС қабырғасын а, в, с арқылы өрнектеңдер.

Жауабы:

  1. С бұрышы тік болатын тік бұрышты АВС үшбұрышында АС катеті 2-ге тең, гипотенузасы АВ=4. В төбесінен жүргізілген үшбұрыштың медианасын табыңдар.

Жауабы:

  1. АВС ұшбұрышының СД биіктігінің табан нүктесі Д-АВ қабырғасына және АД=ВС, АВ=3, СД=. АС-ны табыңдар.

Жауабы:

  1. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасына түсірілген һ биіктікті а мен в арқылы өрнектеңдер.

Жауабы:

  1. Үшбұрыштың бір бұрышы 600 және сырттай сызылған шеңбер радиусы 9 см болса, онда осы бұрышқа қарсы жатқан қабырғаны табыңыз. Жауабы: см

  2. Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусы R және центрі үшбұрыштан тыс жатыр. Үшбұрыштың үлкен қабырғасы R болса, онда үшбұрыштың үлкен бұрышын табыңыз. Жауабы: 1350

  3. Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрі:

Жауабы: үшбұрыштың бұрыштарының биссектрисаларының қиылысу нүктесі

  1. АВС үшбұрышының А төбесіндегі сыртқы бұрышы өзімен іргелес емес бір бұрышынан 2 есе үлкен болса, онда А төбесінің медианасы ...

Жауабы: А төбесінен жүргізілген биіктікпен де, биссектрисамен де беттеседі

  1. Үшбұрыштың бір бұрышы 600 және сырттай сызылған шеңбер радиусы 9 см болса, онда осы бұрышқа қарсы жатқан қабырғаны табыңыз.

Жауабы: см.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет