«Шеңбер бойынша әңгімелесу» әдісі арқылы оқушылар «Мен- қазақпын» тақырыбында өз ұлты туралы ақпарат бөліседі



Дата10.11.2022
өлшемі270,54 Kb.
#157638
Байланысты:
2-бөлім Киіну,сән,талғам. 3-сабақ (1)

«Шеңбер бойынша әңгімелесу» әдісі арқылы оқушылар «Мен- қазақпын» тақырыбында өз ұлты туралы ақпарат бөліседі.

  • «Шеңбер бойынша әңгімелесу» әдісі арқылы оқушылар «Мен- қазақпын» тақырыбында өз ұлты туралы ақпарат бөліседі.

Үй тапсырмасын сұрау
Ықпал түрлерін қолдана отырып, «Қысқы киім түрлері» тақырыбында мәтін құрастыру. Сөз саны – 40 сөз.
Кемінде 4 кейінді, 2 тоғыспалы ықпал түрін қатыстыру керек.
Әр топ көшбасшысы өз тобындағы мүшелердің үй тапсырмасын қалай жазғандығын сараптап, жақсы жазған бір үміткерден ұсынады.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау.
Сурет бойынша 4 топқа бөлінеді

2-бөлім: Киіну. Сән. Талғам. Сабақ тақырыбы: Киім. Сән. Талғам. Ұлттық киімдер

Оқу мақсаты:

Т/А4 Негізгі ойды анықтау

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

Қыстырма сөздер, орфоэпиялық норма, «тарихтың қайталанбас көрінісі», «ұлттық нақыштар», «басталуымен пара-пар», «қадір-қасиетін жоймаған», «көшпелі тіршілік», «отандық дизайнерлер», «атам заманда», «ұлттың, мәдениеттің бет-бейнесі»

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің пікірімше,...Достарым айтқандай,... Киім киіну... «Киіміне қарап, қарсы алады; Ақылына қарап, шығарып салады» дегендей... Қорытындылай келе...

Бағалау критерийі:

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтау үшін пікірлесуге қатыса алады;
  • Тақырыптық жоба ұсынады;
  • Құрылымдалған айтылым жасай алады (кіріспе, негізгі бөлім, қорытындысы бар);
  • Кемінде 1 мақал-мәтел, 1 теңеу, 1 тұрақты тіркес қолданады.

Құндылықтар

  • Тіл және мәдениет құндылығы

Тыңдалым алды тапсырма

Тыңдалым алды тапсырма


- Қандай ұлттық киім түрлерін білесіздер?
- «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», - деген екен ұлы адамдар. Сіз қалай ойлайсыз, жас дос! Неліктен олай дегеніне ой жүгіртіп көріңізші! Оқушы пікірін тыңдау.
Оқушыларға топқа бөліну үшін берілген ұлттық киім түрлерінің суретіне байланысты сұрақтар:
  • Суреттен қандай киім үлгілерін көріп тұрсыңдар?
  • Ұлттық киімдердің ерекшеліктері туралы не білесіз?
  • Бұл киім түрін қандай сын есімдер арқылы сипаттауға болады?

Жаңа сөздер


Тарихтың қайталанбас көрінісі
Ұлттық нақыштар
Басталуымен пара-пар
Қадір-қасиетін жоймаған
Көшпелі тіршілік
Отандық дизайнерлер
Атам заманда
Ұлттың,мәдениеттің бет-бейнесі

Жаңа сөздер

Жаңа сөздер

  • Тарихтың қайталанбас көрінісі – елдің өткеніндегі ерекше оқиғалар
  • Ұлттық нақыштар – ұлттық өрнектер
  • Басталуымен пара-пар басталуымен бірдей
  • Қадір-қасиетін жоймаған – маңыздылығы жойылмаған
  • Көшпелі тіршілік – көшпелі шаруашылықпен айналысқан елдің өмірі
  • Отандық дизайнерлер – еліміздің сән әлемінің мамандары
  • Атам заманда – бұрынғы кезде
  • Ұлттың, мәдениеттің бет-бейнесі – ұлттың, мәдениеттің басты ерекшелігі

ЖЖ. Тыңдалым тапсырмасы

  • ЖЖ. Тыңдалым тапсырмасы
  • https://www.youtube.com/watch?v=c6ALUGG2flg
  • Сұрақтар:
  • Тарихымыздың қайталанбас көрінісін қайдан көре аламыз?
  • Ұлттық киім неге негізделіп жасалған? Қалыптасуында қандай ерекшелік байқалады?
  • Кейіпкердің айтуынша, үстіндегі ұлттық киімдер қай ғасыр туындысына сәйкес келеді? Ол туралы не айта аласыз?
  • Соңғы кезде сән үлгілерінде қандай өзгеріс байқалады?
  • Қостанай облысының «Жаным» сән театры қазақ хандығының 550 жылдық мерекесіне қалай үлестерін қосуда?
  • Журналист неліктен ұлттық киімдерді күнделікті тұрмысқа енгізуді маңызды деп санайды? Сіз қалай ойлайсыз?
  • Бағалау критерийі:
  • Пікірлесуге қатыса алады;
  • Кемінде 1 сұраққа ойын білдіреді.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма


ТЖ. Жоба әзірлеу тапсырмасы беріледі.
Оқушылар берілген тақырып бойынша ақпараттарын әр түрлі композициямен плакатқа түсіреді, шешу жолдарын көрсетеді, топ алдында қорғайды.
1-топ. «Қазақ халқының ұлттық киімдерін қазіргі кезде қалай сәнге айналдыруға болады?» тақырыбында шағын жоба әзірлеңіздер.
2-топ. «Қазақ халқының ер адамдарға арналған ұлттық киімдері» атты шағын жоба әзірлеу.
3-топ. «Әйел адамдар киетін қазақ ұлттық киімдеріне және ондағы жас ерекшелігіне байланысты детальдер» тақырыбында шағын жоба әзірлеңіз.
ҚБ. Өзара топтық бағалау. Топтар сағат тілімен қорғайды, бірін-бірі бағалайды.
Бағалау критерийі:
1. Тақырыптық жоба ұсынады;
2. Құрылымдалған айтылым жасай алады (кіріспе, негізгі бөлім, қорытындысы бар);
3. Кемінде 1 мақал-мәтел, 1 теңеу,1 тұрақты тіркес қолданады.

Бүгінгі тақырыпты қорытындылау

  • Бүгінгі тақырыпты қорытындылау

«Раунд- робин» стратегиясы ойынша оқушыларға 1 сөйлеммен рефлексия жасату.

  • «Раунд- робин» стратегиясы ойынша оқушыларға 1 сөйлеммен рефлексия жасату.

Бүгінгі сабақтан
сіз қандай әсер алдыңыз?

Үйге тапсырма

  • «Ұлттық киімдер дүкенінде» тақырыбында диалог құру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет