Шебер-сынып жоспары



бет1/2
Дата11.01.2017
өлшемі303,56 Kb.
#6583
  1   2


«Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз де үйренеміз» 
Сенека Луций

Мұғалімнің аты-жөні:Сагиева Айгүл Қадырқызы

Өскемен қаласы әкімдігінің «№6 орта мектебі»

КММ- нің III деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Санаты: бірінші

ШЕБЕР-СЫНЫП ЖОСПАРЫ:



  • ТАҚЫРЫП: Нәтижелі білімге жетудің тиімді жолдары.

  • ШЕБЕРЛІК-СЫНЫПТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ: Қазақ тілі мен әдебиет пәні сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылықтарын дамыту бойынша өз тәжірибеммен бөлісу. Оқытудың жетістігін бағалауда Блум таксономиясын қолдану әдістерін ортаға салу.

  • Мұғалімдердің сабақтың әдіс- тәсілдері жайлы білімдерін жетілдіріп, сабақты тұжырымдау үлгісі бойынша өзіндік талдау жасату, жеке және топтық жұмысқа ықпалдастыру

  • КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Оқытудың жетістігін бағалауда Блум таксономиясын қолдану әдістерін меңгереді, оқу сауаттылықтарын арттыру мақсатында сұрақ түрлерімен танысады. Ұстаздар сабақты құру мен сабақ құрылымына талдау жасау жолдарын игеруді жетілдіреді.

  • МАҚСАТЫ БАҒЫТТАЛҒАН АУДИТОРИЯ: Пән мұғалімдері

  • ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП БАРЫСЫ: Блум таксономиясы,қызығушылықты ояту, Ой қозғау, Мағынаны ашу, рефлексия.

  • ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ:қалпына келтіру стратегиясы,жеке жұмыс, «Ой толғаныс шеңбері» топтық жұмыс(бірлесіп талқылау); бағалы зат стратегиясы, «Рондель» әдісі, ізгілік ережесі.

  • ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: компьютер, интерактивті тақта, ватмандар, маркерлер.

  • ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: үлестірме материалдар




Қазақ әдебиеті

Сабақ өтілген күн: 20 сәуір.2016ж.

Барлық қатысқандар саны: 14


Мақсаттар жүйесі

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының когнитивтік іс-әрекеті

Модуль

Білу
Қызығушылықты ояту.

- ұйымдастыру;

-топқа бөлу;
«Қалпына келтіру» стратегиясы


5 минут

Заттар бойынша оқушыларды топқа бөледі. «Қалпына келтіру» стратегиясын қолданады. Сұрақ қояды. Қазақтың көрнекті жазушысы Дулат Исабековтың қай уақытта да күн тәртібінен түспейтін адамгершілік мәселесін көтерген «Дермене» хикаятынан үзінді «Ата үміті» деп аталған. Өткен сабақта шығарма мәтінімен таныстыңыздар. Біз осы шығарма бойынша өтетін екінші сабағымызды өзіндік таным, талдау сабағы түрінде өткізбекпіз.

Әңгіме өзегі – Д.Исабеков «Ата үміті» («Дермене» хикаятынан үзінді)

- Қалай ойлайсыздар, үзінді неге «Ата үміті» деп аталған? Ғұмырының көбінен азы қалған, артындағы бес тұяғының төртеуінен соғыста, соңғысынан қарадай айырылған Тоқсанбай қарт неден үміттенеді, атаның үміті неде?


Заттар бойынша топқа бөлінеді.

«Қалпына келтіру» стратегиясы бойынша мұғалімнің сұрағына жауап береді.



Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру және оқыту.

Түсіну

Мағынаны тану.

Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.

Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:

Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;

Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.


7 минут

Образдар жүйесіне талдау

Кейіпкерлерге мінездеме


Тоқсанбай – ақылды, момын, мейірімді, тәртіпті.

Ергешбай – момын, ақылды, әдепті.

Омаш – ұры, өтірікші, өзімшіл, әдепсіз.
Сұрақтарға жауап беру.

1 топ.

А)Шығарманың басты кейіпкерлері аталы-немерелі кейіпкерлерімізбен алғаш қалай, қайда жүздестік?

Ә) Дермене дегеніміз не?

Б) Тоқсанбай мен Ергешбайға Омаш неге қосылды?


2 топ.

А)Омаштың қандай қылықтары оларға ұнамады?

Ә) Тоқсанбай неден секем алды?

Б)Тоқсанбай қарт кім үшін Омашқа кіріптар болды?


3 топ.

а) Бала Омашты неге қабылдамады?

ә) Ергешбайдың ол мінезін кім қалай түсінді?

б) Торғайдың ұясын бұзып,жұмыртқасын пісіріп жеп, балапанын отқа тастаған Омаштан не күтуге болады?





Топта жұмыс жасайды

1-топ Тоқсанбайға

2-топ Ергешбайға

3-топ Омашқа мінездеме береді.


Топта ақылдасып, жауап береді.



Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер

Қолдану

Мәтіннен түсінгендері бойынша дебат дайындайды, көрініс қояды. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.

Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу


7 минут

Балалар, ауырдың үсті, жеңілдің асты дегенді қалай түсінесіңдер?

Дебат үлгісі бойынша ой-талқы




Р/с

Жақтаушы топ

Даттаушы топ

1

Резолюция: Еңбек

Контрезолюция: Еңбек емес

2

Критерий: Өзгенің еңбегін пайдалануға болмайды.

Критерий: Ебін тауып тірлік жасау керек.

3.

Аргументі

Еңбекпен тапқан нан тәтті.

Ұрлық адамға пайда әкелмейді.


Аргументі

Заманың түлкі болса,тазы боп шал.

Адам заманның ағымында.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет